Ауызша аудармашылар өз кезегінде дәйекті және ілеспелі аудармашылар болып бөлінеді.
- 1) Аудармадағы сөз сөйлеу жылдамдығы, мөлшері;
- 2) аударма тұтастылығы (ақпарат санының қаншалықты кеміп қалғаны);
- 3) айтылған сөздердің бұрмаланып кетуінен сақтану, мұнда мәтіннің толығымен жеткізілуіне зер салынады;
- 4) сөйлеу реттілігі (түсініктілігі), сөйлемді анық, ұғымды тиянақты аяқтау, сөзді жиі қайталауға жол бермеу;
- 5) сөйлеу дұрыстығы (әдеби тіл нормасын сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қалыптасуы, дикцияның дұрыстығы, дауыс әуезділігі, айқындылығы);
- 6) аудармашылық мінез-құлық (емеурін ишара, ұстамдылық, дауыс көтеріңкілігі (қаттылығы) сөз сөйлеу сенімділігі,еркіндік, сабырлылық).