«ҮШТІЛДІЛІК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСУ ЖОЛДАРЫ

 

Тапауова Адеме Аязбаевна,

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы

МКҚК № 18 «Балдырган» бөбекжайы директор

Үштілділік — көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы. Еліміздің ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында.

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

 

Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы — тіл. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік.

Сондықтан, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында. Елімізде білім саласы айрықша даму үстінде. Кеңестік одақ кезінде аты естілмеген өзгерістер 20 жылда өмірімізге енді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» — мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан халқы бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» екенін ерекше атады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылып отыр.

Мектепке дейінгі мекеме яғни «Балдырған» бөбекжай балабақшасының басты міндеті Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу. Балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеуде басты бағыттарды айқындап алуда.

-Жоба балалардың жас ерекшеліктер талаптарына сәйкес болуына, әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеруде.

  • Мектепке дейінгі балаға қатысты үш тілде оқыту әдістері «Баланы оқыта отырып табиғатына сәйкес жұмыс жаса, зиян келтірме» оқыту қағидасы басшылықта.
  • Мектепке дейінгі білім берудегі тұтастай концептуалды жаңа моделін құру кезіндегі әлеуметтік-мәдени талаптарына жауапты. Барлық балалардың мүмкіншілігінше шет тілдерін меңгеру, білім алу, даму, тәрбиесіндегі бастапқы мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Оқыту жоспарында мектепке дейінгі кіші топтарда қызығушылығы бойынша үйірме қызметі арқылы еңгізудегі басты мәселерді ескеруде. Атап айтқанда: Бірінші – алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында қазіргі заманғы оқыту әдістерін ендірудегі инновациялық, технологиялық білім беру.

Екінші – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудегі жүйелі ұсынысты нақты түрде өңдеу. Үшінші – мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру деңгейінде үш тілді енгізуді қамтамасыз ету. Осылай ғана тілдерді меңгерудің нағыз жүйесін құра аламыз –деген мәселелермен жұмыс жүргізілуде. Тәрбиеленушінің меңгеруіне түсінікті, әртүрлі тіл материалдарын қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың тілдерді үйрену жоспарында жоғары деңгейін қалыптастыруға жағдай құру (қазақша, орысша, ағылшынша). Шет тілін оңтайлы үйреніп, түйсінуге және сөйлеу аппараты дамуы мен қалыптасуы кезінде, мектепке дейінгі кіші жаста, яғни 3 жастан бастап балаларды тіл үйренуге тарту. Баланы тіл құралымен басқа тіл мәдениетіне және өз мәдениетін сезінуін қалыптастыру, өз тіліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Үш тілде оқыту – заман талабы. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұратты іс.

«Балдырған» балабақшасында қазақ тілі мектепке дейінгі ересек, ортаңғы және кіші топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу қызметіне қызығушылықпен қатысады. Қазақ тілін оқу қызметі ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған бес кітаптан тұратын

«Үш тілдің патшалығы» сериясы («Шикула и К» 2006Ж.) «Кids box» Pupils book Caroline Nixon & Michael Tomlinson Cambridge University Press 2008ж. сериясы әдебиеттері және аудио –видео таспалары қолданылады.

Ағылшын тіліне үйретудің негізгі мақсаттары:

— Балалардың оқып жатқан шет тілінің, елінің мәдениет әлеміне енгізу, оны туған мәдениетімен байланыстырып салыстыру;

— Шет тіліне деген қызығушылық, ол тілде сөйлеуге ынта таныту;

— Ойлауды, зейінді қабылдауды, ойды, сезімді, бейнелеуді және танымдық, тілдік қабілеттіліктерді дамыту.

Қазақ тіліне үйретудің практикалық міндеттеріне, қатынас құралдары жатады (сөйлеу, лексика, грамматика), және бірнеше тілдік іс-әрекет (аудио тыңдау және қайталау, монологтік және диалог түріндегі сөйлеу). Қазақ тілінде сөйлеудің мотивациясын тудыру үшін, жақсы сезімдерді және осы тілде сөйлеуге ынта тудыратын барлық тәсілдер қолданамын:

— Ашық түстегі заттық және бейнелік көрнекілік; — Ойындық жағдайлар; — Танымдық қызығушылық;

— Музыкалық және ритмикалық қимыл –қозғалыстар; — Жаңашылдық;

Қазақ тілін үйретуде ең басты тәсіл — ойын болып табылады.

Балабақшаның барлық мерекелерінде балалар өздері алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, қазақ тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді. Осы балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында қазақ тілін үйрену мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Қазақ тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасын қазақ және орыс тілдерінде дайындадым.

Менің дайындаған сөздік және әдістемелік құралдарым қазіргі заман талабына сай, яғни мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін жоғарылатуға арналған. Ертегі-тренингтерім балабақшаларда жұмыс жасайтын тіл мамандарына балалармен жұмыста пайдалануға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы Отан сүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыруға, ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл қазіргі кезеңнің талабы болып отыр. Үштілділік мемлекетімізге тиімді жұмыс істеуде, болашақты дамытуда басымдылық мемлекеттік тіл болып отыр. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен қатар әрі қарай дамуына қызмет етудегі құрал.

Балабақшада тәрбиеленіп жатқан өзге ұлт бүлдіршіндері мемлекеттік тілді жетік меңгеруге, еркін сөйлей алатынына қосымша білім беру жұмыс ретінде «Ертегі әлемінде» атты үйірме жұмыстарын ұйымдастырамын.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен жылда ұйымдастырылатын «Кел, балалар оқылық» фестивальдерге, қалалық «Қуыр, қуыр, қуырмаш» байқауларына «Балдырған» балабақшасынан қатысып жүлдері орындарға ие болды.

Біздің балабақша бүлдіршіндері мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып-білуге деген құлшыныстары артуда. Бұл, әрине, ең алдымен педагогтардың орасан еңбектерінің жемісі. Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында балабақшада әртүрлі жұмыстар атқарылды. Бұл үйірме жұмыстары, ойын –сауықтар «Қазақша сөйлесейік» және «Алтын қақпа», «Көңілді қазақ тілі» атты ашық оқу қызметерінің ұйымдастырылуы. Барлық іс-шараларда үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) міндетті түрде айқындап көрсете алды. Сонымен қатар ата-аналар үшін де топ қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасын тереңдету мақсатында сөздіктер үнемі қолданылу басшылыққа алынды. Топтың не бөлмелердің әр зоналарында, мысалы жатын бөлмесінде «Тәтті ұйқы», «Сладких снов», «Sweet dreams», ас мәзірінде «Ас болсын!», «Приятного аппетита!», «Enjoy your meal!» т.б. сияқты карточкалар көрсетілген.

Қорыта айтқанда, балаларға көп тілді қатар меңгерудің маңызы зор. Осы жобаның құрылымымен ұйымдастырылған сабақтардың барысында әрбір баланың жүйелі ойлауына және шығармашылықпен еңбектенуіне асыл қасиеттерді игеруіне жол ашады. Баланың жалпы азаматтық, жан-жақты дамыған тұлға және ішкі жан — дүниесі қалыптасып, өзін — өзі танып, оның негізінде айнала қоршаган ортаға деген өз көзқарасын дамытатын білім беру өте қажет деп есептеймін.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  • Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ Көп Тілді Болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-б.
  1. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.
  • Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, 2-е изд. — М.: Просвещение, 1991. — 116 б.
  • Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/ Slovo, 2008. С– 264-270

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *