Қазақстан аумағындағы мелекет және құқықтың пайда болу және даму тарихы
1. Сақ тайпасы
2. Үйсін және қаңлы
3.Ғұндар мемлекеті
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
1. Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.
2. Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке — ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.
3. Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.
4. Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.
5. Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.
6. Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы — халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.
7. Патриархалдық отбасы — ер адамның — әке билігінің үстем етуі.
8. Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.
9. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі — әскери демократия кезең. Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып, әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.
10. Б.э.д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ — алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы — әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.
11. Б.э.д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі – жазу пайда болған.
12. Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.
13. Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі – ғұндардың мемлекеті.
14. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.э.д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі..
15. Б.э.д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.
16. Б.э.д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.
17. Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.
18. Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.
19. Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып негізін салды.
20. 3) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.
21. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б.э.д. ІІғ. шамамен 160ж.көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.
22. Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.
23. Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.
24. Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Б.Э.Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.
25. Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.
26. Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген
27. Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтайтайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек.
Өзін –өзі бақылау сұрақтары:
1. Сак тайпа одағы
2. Үйсін және қаңғылы
3. Ғұндар мемлекеті
Просмотр: 143