ШҚО-да талапкерлер онлайн емтихан тапсырып жатыр.

Елімізде биыл біршама талапкер алғаш рет онлайн емтихан тапсырып, бақтарын сынауда, деп хабарлайды «Хабар 24». Шығыс Қазақстан обласында болашағын сәулет және дизайн саласына арнағысы келген шығармашыл жастардан онлайн емтихан қабылданып жатыр. Жалпы ел бойынша архитектураға 300 грант бөлінсе, дизайнге 190 грант бөлінген екен. Ал онлайн емтиханға бастапқыда 75 жас қатысса, екінші кезеңге соның алтауы өтпей қалды.Себебі өз үйінде сурет салып, сызба сызу ыңғайлы болғанмен, бір жағынан қиындығы да бар дейді ұйымдастырушылар. Өйткені кейде ғаламтор байланысы үзіліп,талапкерлер әбігерге түседі. Онлайн емтиханнның талабы да қатаң. Әркімге берілген тапсырма толық бақыланады. Талапкерлер белгіленген уақыт сайын істеген жұмыстары туралы есеп беріп тұруға міндетті. Назым Қадыкенова, ШҚТУ қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары: — Бір жарым сағаттан кейін ортасында аралық фото есеп жіберуі керек, одан кейін емтихан аяқталғаннан кейін, эскиздің суретін, жаңағы аралық фото есепті, қорытынды фото есепті ұйымдастырушыға электронды поштаға жіберулері тиіс. Егер бұл талаптардың біреуі орындалмайтын болса, талапкердің жұмысы жоққа шығарылады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/408693-sh-o-da-talapkerler-onlajn-emtikhan-tapsyryp-zhatyr

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *