Франция мемлекеті және құқығы.

Франция мемлекеті және құқығы  

а)Франциядағы феодалдық мемлекеттің құрылуы

б)Сословиялық монархияның құрылуы  

3. (X ғ.).Оттан -1 ежелгі феодалдық мемлекет
4.  
5. Франция мемлекеті мен құқық тарихының кезеңдері

1 — кезең – феодалдың бөліну кезеңі (ІХ-ХІІ ғ.ғ.)

2 – кезең – сословиялық өкілетті монархия кезеңі (ХІV- ХV ғ.ғ.)

3 — кезең – абсолютті монархия кезеңі (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ.).

Француз мемлекеті Каролинг империясы құлағаннан кейін пайда болды. Негізгі антогонистік  феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды. Өздерінің топтық маңыздылығына қарай мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылады.

Қоғамдық құрылыс. өндірістің негізгі құралы – жер — үстем топтың монополиялық меншігі болды. Шаруалар иелігінде күнделікті пайдаланатын иесінің кішкентай жері – парцелла болды. Көптеген шаруалар сервтар мен вилландарға айналды.

Сервтар – иесінің жеке және мұрагерлік тәуелділігінде, оның барлық айтқандарын істеп, бірталай ақы алды.

Вилландар – жеке басы тәуелді емес, өз парцелласын (жерін) басқа тұлғаларға сата алды, ал бұл оны сеньорлық борышынан босатты.

Мемлекеттік құрылыс

Мемлекет басында король тұрды. Оның билігі сайланбалы болды (корольді оның вассалары мен шіркеу иерархиясының жоғарғысы сайлады). Жалғыз жалпы мемлекеттік орган – корольдың курше (¦лы Кеңес) болды. ¦лы Кеңес съезд түрінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде басқарудың арнай органдары болмады.

Министериалдар — лауазымды тұлғалар сарай шаруашылығын жүргізіп, сарайлық басшы болды. Король иелігі домен деп аталады. Барлық домен округтерге – превотаждарға бөлінді, Олардың басында прево тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі превотаждарды король тағайындады.

Сот

Әрбір ерікті адам «тең сотпен» соттасулары қажет болды. әрбір тұлғаның жауапқа тартылуы қай иерархиялық сатыға жататынына байланысты болды. Жоғарғы сот – корольдық курия еді. Жергілікті жерлердегі сот- сеньорлық юстициядеп аталады. Жоғарғы дәрежелі сеньорлар жо,ғарғы сот билігіне «жоғарғы юстицияға» ие болды. Олар өлім жазасымен жазаланатын қылмыстарды қарады. Төменде тұрған сеньорлар «төменгі юстицияға» ие болды, қалған қылмыстарды қарастырды.

Екінші кезеңнің басында король билігі күшейе түседі. Ол мынадан көрініс табады : Король билігінің сайланбалылығы алынады; «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген принцип жоққашығарылады: вассаның адалдық жөніндегі анты тікелей корольге берілді:

Людовик ІХ реформалары өткізіледі : оның мәні мынада : сот реформасы – корольдық доменде жеке соғыстарға тыйым салынады, егер даутуған жағдайда корольдық сотқа жүгінулері керек; жергілікті жерлерде «корольдің 40 күні» енгізілді, бұл мерзім ішінде феодалдар жеке соғысты бастай алмады ; Корольдың куриядан ерекше сот палатасы Перит парламенті ығыстырылып шығарылды. Бұл жоғарғы апелляциялық инстанция болды. Қаржы реформасы – басты есептік бірлік ретінде – корольдық алтын монета енгізілді. Корольдық куриядан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде – Есеп палатасы ығыстырылып шығарылды.

Сословиелік — өкілетті монархия кезеңі

Қоғамдық құрылыс. Сервтардың орнына цензитарий пайда болды. Цензитарий – тәуелсіз шаруалар, мұралық жер үлесі цензив иесі. 3 Негізгі сословиенің ресімделуі аяқталды: духовенство, дворяндықжәне «үшінші сословие». Оларға барлық алым-салықтар төлеу жүктелді.

Мемлекеттік құрылыс:

Саяси бөліну жойылып, мемлекет сословиелік -өкілетті монархия формасына ие болды : қуатты король билігі жоғарғы кеңесші орган – Бас Штат өкілмен бірігеді. Барлық мәселелер палаталар бойынша жеке қарастырылды. Шешім дауыстың көпшілігімен қабылданды, шешімнің соңғы бекітілуі барлық палаталардың бірлескен жиналысында шешілді.

Мемлекеттік басқару органдарына жататындар:

Мемлекеттік кеңес – жапы басқаруды жүзеге асырды және басқарудың өзге де саласын бақылады.

Есеп палатасы – қаржы басқармасының жоғарғы органы және Парламент жоғарғы сот.

Лауазымды тұлғалар:

канцлер – ағымдағы басқаруды жүзеге асырды және өзге лауазымды тұлғаларды бақылады;
коннетабль —  король әскербасшысы;
камерарий – король қазынасын басқарды;
палатиндер – корольдің ерекше тапсырмасын орындайтын король кеңесшісі;
легистер –    рим   құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Жергілікті басқару:

Король доменің территориясы бірдей әкімшілік бірліктерге – бальяждарға бөлінді. Олардың басында король тағайындайтын шененік – бальи тұрды. Бальяждар превотаждарға бөлінді. Олардың басында өз қолына әскери, әкімшілік, қаржы және сот биліктерін шоғырландырған – прево тұрды. Қалаларда қалалық өзін-өзі басқару органы – коммуна пайда болды.

Сот.

Жоғарғы апелляциялық сот – Парламент еді. Ол бірнеше палатадан тұрды: үлкен сотпалатасы, тергеу палатасы және кешірім палатасы. Жоғарғы шіркеу соты – алдымен рим куриясы соты, одан кейін кардионом соты, сосын архиепископ соты, аяғында официан соты болды.

Абсолюттік монархия кезеңі:

Қоғамдық құрылыс.

Негізігі ерекшелігі – феодализм қойнауында капиталистік өндіріс қатынастық пайда болды. Осыдан барып негізгі қанаушы тап – феодализммен бірге буржуазия пайда болы. Ол қала патрициаты – бай саудагерлерден тұрды. Бұрынғы сияқты ел тұрғындары 3 сословиеге бөлінді : мұнда духовенство мен дворяндық өз артықшылықтарын сақтап қалды, ал үшінші сословиеге шаруалар да кірді.

Мемлекеттік құрылыс.

Абсолбтизм барлық заң шығарушы, атқарушы және сот биліктілігі мен мемлекет басшысы – корольдің қолында шоғырланумен сипаттайды. Бұл Бас штат, Парламент, шіркеуінің қызметі шектелгендігінен көрініс табады.

Мемлекет басқарудың орталық органы әр кезеңде туындаған әртүрлі мекемелердің қоспасы еді. Оларға жататындар : Мемлекеттік кеңсе – король жанындағы кеңесуші орган ; Қаржы кеңесі ; Жасырын Кеңес – бірқатар істерді қайта қарастырды; канцлер аппараты және тағы басқалар. Осы органның барлығын Бас қаржы бақылаушысы және 4 мемлекеттік хатшы басқарды: әскери, шетел, теңіз ісі және сарай ісі.

Жергілікті басқару.

Корольдік территориясы генералитет, губернаторлық, дионез, бальяж және интенданттықтарға бөлінді. Бұлар қаржы, әскер, шіркеу, сот және әкімшілік ведомствоға сәйкес келеді. Жергілікті жерлердегі басқаруды интенданттың (король үкіметінің ерекше өкілеттілігі) жүзеге асырды.  

Сот.

Бірқатар сот жүйесі қызмет етті: корольдық сот, сеньорлық сот, қалалық және шіркеулік соттар.

Құқықтың негізгі белгілері:

Феодализм ыдырағанға дейін Франция бірде бір құқық жүйесін білмеді. Құқықтың территориялық әрекет ету принципі болды, яғни тұрғындар сол территорияда қалыптасқан құқық нормаларына бағынды. Құқықтың негізгі қайнар көзі әдет ғұрыптар – кутюмдер болды. Сословиелік өкілетті монархия кезінде кутюмның алғашқы жинағы — өзіне Париж, Ориеан, Тур, Анжа және Мэп кутюмдерін қосатын «Қасиетті Людовиг Жинағы» пайда болды.

Абсолюттік монархия кезеңінде әдетғұрып жинақтарымен қатар құқықтың қайнар көздеріне корольдың жарлық, бұйрық, эдинт, ордонанстары қосылады. Францияның оңтүстігінде құқықтың қайнар көзі – рим құқығы болды.

Франция феодалдық құқығының негізгі институты – жерге меншік құқығы еді. Ірі жер иелену аллад, бенефицит түрінде болды. Ал ХІ ғасырда бенефицит мұраға қалтырылатын болды. Міндеттемелік құқықтағы шарт түрі : сату-сатып алу, заем, сыйға тарту, жерді жалдау. Неке отбасылық қатынастар негізінен канондық құқық нормаларымен реттелініп отырды, сонымен бірге кутюм және король ордонанстарымен де. Неке құру үшін : белгілі бір жасқа толу, тараптардың келісімі, ата-ана келісімі қажет болды. Мұрагерлік 2 формада болды: заң бойынша және өсиет бойынша. Қылмыстық құқықта барлық қылмыстың жиынтығын 3 топқа бөліп қарастыруға болады :

1) дінге қарсы қылмыстар ;
2) мемлекетке қарсы қылмыстар ;
3) жеке тұлғаға қарсы қылмыстар.

Жаза түрлері :

а) ауыр жазалар ;

б) мүшеге зиян келтіру туралы ;

в) түрмеге отырғызу және каторгалық жұмыстар ;

г) масқара жазалар және айыппұл.

Қылмыстық процесс 2 сатыдан тұрды :

1) қылмыскерді жасырын іздестіру және протокол толтыру арқылы жүргізілетін қажетті тергеу әрекеттері ;
2) ашық және көпшілік алдындағы соттау.

Кезеңге бөлінуі:

1-кезең – ертефеодалдық англосаксондық монархия (ХІІ-ХІ ғ.ғ.).

2-кезең – ағылшын феодализмінің қалыптасу кезеңі (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.ғ).

3-кезең – сословиелік — өкілетті монархия.

4-кезең – абсолюттік монархия (ХV-ХVІІ ғ.І жартысы).

Ертефеодалдық англосаксондық монархия.

VІІ ғ. басында герман тайпалары. Британияны толық жаулап алады да, ал Британияны мекендеген кельт тайпалары құлдар мен тәуелді адамдарға айналады.

Қоғамдық құрылыс.

Тұрғындардың негізгі массасын ерікті қауым шаруалары керл-р құрады. Оның ішінен ру-тайпалық қауым ақсүйектердің  өкілдері – эрл-р бөлінді. Жартылай еріктілер лэт деп аталады. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгісінде құлдар тұрды.

Феодалдық қоғамның қалыптасуына байланысты англосаксониялық ірі жер иелері – глафорд немесе лорд деп аталады. Шаруалардың негізгі массасын басыбайлы шаруа- виллаир құрады. Ерікті шаруалар – сокмен деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Франция мемлекеті мен құқықығының қалыптасу кезеңдері
2. Феодалдық Франция мемлекетіндегі басқару органдары
3. Феодалдық  Францияның әкімшілік –территориялық бірлігі

4.Франция құқығының қайнар көздері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *