Франк мемлекеті. Англия феодалдық мемлекеті және құқығы
А)Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығы
Б) Карл империясы.
В)Англосаксондық мемлекеттердің құрылуы
Г) Генрих -2 реформалары
Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығының кезеңдерге бөлінуі:
1-кезең – Меровингтер ионархиясы (VІ – VІІ ғ.ғ.)
2-кезең – Каролингтер монархиясы (VІІІ – ХІ ғ. 1 жартысы). Франктер мекендеген жерлер 2-округқа – пагқа бөлінді. Паг ұсақ бірліктер – жүздіктерден тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.
Негізгі топтар – фоедалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды.
Меровингтер монархиясына тән белгілер:
1. Хлодвиг өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.
2. корольдік билікті ұстау үшін жерге жеке меншік – аллад енгізілді.
Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:
1. жерді толық меншікке сыйға беру тәртібі жойылады ;
2. мұның орнына өмірлік иелену – бенефиций пайда болды.
3. бенефиций ұстаушысы – авссол деп аталады, ао берушісі – сеньор деп аталады;
4. бенефиций ұстаушысы сол жерді берген тұлғаның мүддесі үшін әскери қызметті өтеуі тиіс болатын;
5. мемлекет басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;
6. сот, полиция, қарды облысындағы барлық өкілеттіктер жер иесіне берілді;
7. иммунитеттік гролиотар енгізілді. Ол бойынша сол жерге мемлекет шенеуніктерінің қызметі таратылмады.
Мемлекеттік құрылыс
Басқару формасы бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде бір маңызды шешім қабылданбады.
Мемлекетті басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф – алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий – қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал – атты әскербасшысы ; және архикаппелан – король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.
Жергілікті басқару
Округті (паг) басқаруды – король тағайындайтын лауазымды тұлға – граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.
Сот
Жоғарғы сот билігі монархта болды. Корольдік кеңес аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.
Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия).
Құқығының негізгі белгілері
Ертедегі құқықтың қайнар көзі – тайпалық сипаттағы әдет ғұрыптар.
V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды.Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.
Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.
Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мәмілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бірформада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)Ортағасырлық мемлекет пен құқық тарихындағы “қамқоршы” институтының пайда болу себебі?
2)Феодализмнің пайда болуына байланысты аллод кімге айналды?
3)Саликалық шындық бойынша сот процесіндегі сопряжниктердің саны?