Түркілік ортағасырлық мемлекеттікті құрудағы тарихи тұлғалар саясаты


1.Сатұқ Боғра ханның Қарахан мемлекетіндегі ролі
2.Қыпшақ қағандарының тарихи тұлғалары
3.Монғол ханы-Шыңғыс хан туралы
Тараз қаласының қақ ортасындағы Әулиеата Қарахан атымен белгілі билеушінің мазары осы кесене ішінде кім жатқандығы
туралы талай зерттеушілерді толғандырғандығы сөзсіз. Тіпті сонау қытай еліндегі небір сен тұр — мен атайын деген ғалымдар да Қарахан әулетінің шығу тегі және атауы туралы бірнеше ғасырдан бері қалам тербеп келеді. Мәселен, қытай ғалымдары Гын Шымин Қарахандар тарихына қысқаша шолу жасаса Вэй Лянтао Қарахан әулетінің шығу тегі мен оның атауы туралы жазған, ал сол мақалаларды қазақстандық ғұлама Қойшығара Салғараұлы «Таным тармақтары» атты жинақта жариялаған еді (Алматы ,«Санат», 1998). Вэй Ляңтао «Қарахан әулеті біздің жыл санауымыз бойынша 840-1240 жылдар аралығында билік құрды», деп жаза келе әулеттің шығу тегі туралы әлем зерттеушілерінің еңбектеріне тоқталады. Ал, Гың Шымин «Ислам тарихы материалдары (жергілікті тарихи материалдарды қамтиды) бұл әулетті «қаған әулеті» немесе «хан әулеті», яғни «Афрасияб әулеті» деп атайды. Кейінгі атаудың тегі парсының әйгілі дастаны «Шаинаманың» аңызындағы Тұранның батырының аты деп айтылады.
Сөйтіп Афрасияб атын түрік тіліндегі Алып Ер Тоңамен сәйкестендіреді. Осындағы «тоңа» атауы қарахандар әулетінің билігі белгісі ретінде үнемі қолданылатын атауы «табғашпен» қатысты. «Табғаш» деген атау -(күшті, пәрменді мағынасында) Қытайдың Солтүстік Вій патшалығын құрған алтай тіл жүйесінде сөйлейтін «жыба» деген ұлттың аты. Кейін келе бұл атты түріктер мен хуйху адамдары «қытай» деген атты білдіруге қолданған. Қарахандар әулеті билеушілерінің бұл атты қолдануы олардың шығыстағы отанын әсте ұмытпағанын білдіретіндігімен қатысты»,- дейді.
Қарахан әулеті қытайлықтар ғана емес, бүкіл дүние жүзі, оның ішінде Қазақстан ғалымдары да жазып жүргеніндей, IX ғасырдан бастап билік құрған болса, Афрасияб бұл дәуірден әлдеқайда бұрын — қазіргі жыл санауымыздан жеті ғасыр бұрын өмір сүргендігі белгілі. Афрасиябтың ата-тегін ғұлама бабамыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да жазған. Мадай- Алып Ер Тоңаның өз әкесі — Пиш, атасы -Дад Нишин, бабасы -Тұр, ал арғы бабасы — Афридун. Осы төрт ұрпақтың өмір сүру жылдарын қосса, жүз жылдан ары кетеді ғой. Олай болса, Қарахандар әулетінің тарихы да 2800 жылдан асады.
Қарахан әулетінің негізін салушы ұлы бабамыз Мадай — Алып Ер Тоңа біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылы осылай мерт болыпты. Қарахан атауының шығуы жөнінде қытай ғалымы Гын Шымин «Зерттеушілер кейінгі кезде: «қара» деген сөз байырғы түрік тілінде «солтүстік жақ» деген мағнаны білдіретін, кейін «басқыш», «ең жоғарғы» деген ауыспалы мағынаға ие болған деген пікірді көбірек айтып, соған қорыған тәрізді», деп жазады.
Осы орайда «хан» мен «қаған» сөздерінің түп төркіні туралы да айта кеткен жөн болар.
Осы орайда Әулие ата атанған қарахан кім деген сауал өзінен өзі туындайды. Қытай ғалымы Гын Шымин Қарахандар әулеті шамамен 1041/42 жылдары бақталастық салдарынан екіге бөлініп, шығыс, батыс тараптардағы түріктерге билік жүргізе бастады дейді. Шығыс Қарахан әулеті Қашқарды Ордакент деп атап, Баласағұнды астана еткен. Қашқарлық Махмұд ғұлама да, атақты «Құтты білік» дастанын жазған баласағұндық Жүсіп хас хажиб те осы шығыс қарахан әулетінен шыққандығы белгілі. Ал, батыс қарахандар әулетінің орталығы Самарқанд болды. Біздің Тараз қаласы шығыс қарахандар әулетінің билігінде еді. Сатук бураханның ұрпағы Махмұд бен Жүсіп қытай деректеріне қарағанда 1059 жылдан 1075 жылдар аралығында бипік жүргізген. Ол Тоғрул қарахан деп аталынған. Оның бір лақап аты — мемлекеттің заң түзілімі. Дәл осы Махмұдтың Ша-Махмұд деген есіммен 1059 жылдан бастап күміс теңге шығарғандығын австриялық ғалым Отто Прицак жазса, ресейлік ғұлама В. В. Бартольд оның отқа табынушы қара қытайларға қарсы соғыста үлкен жеңістерге жеткендігін, бірде өзі қырған сол моңғол тұқымдас қара қытайлардың өліктері Талас өзенінде қойша тоғытылғанын көргенде, жүрегі айныған соң тағын тастап, сопылық жолға түскендігін, жер астынан үңгір қазып алып, мінәжет етумен өмірден өткендігін жазған еді. Сондықтан да ол Әулиеата атанған
Міне, ең соңғы қарахан Мұхаммед бен Жүсіп атақты Айша бибінің жұбайы болғандығын басқа деректер арқылы дәлелдеуге болады.
2 Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген.
ҮІІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Бір ескертіп айтатын жәйт кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған.
XI ғасырдың орта кезінен бастап кыпшақтар кәзіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер «Дешті қыпшақ», яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді.
Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжүқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы селжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннаи кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті.
Алайда, осыған қарамастан XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы «Құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
XI ғ. аяғы — XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның билеуші мұсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезмшахы Атсыз (1127-1156 жж) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз кыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің қүрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.
Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мүхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оньң немере інісі Алып — Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172-1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады.
1198 жылы Текештің үлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Алайда, ол Хорезм шахтарына қарсы тәуелсіз саясат жүргізді.
Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысыида Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезм-шахқа тәуелді болып шықты. Хорезм шахтары қаңлы, кыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін әртүрлі қызметке тартты. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: ХШ ғ. бас кезінде хорезмшахы Аладдин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Міне осыған байла-нысты Әмин Мәлік Хорезм-шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.
Хорезм шахы Мүхаммед /1200-1220 жж./ өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде хорезмшахы Мұхаммед Дешті Қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп монғол басқыншылығының дәуірі басталады.

      3 Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есукей баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің кол астына біріктірген.
1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің ішкі тартысын тоқтату мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмен-дер/ болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «он-дықтан» кұрылды.
Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысханға бүлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі /үланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды.
1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның бода-нымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/ бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатьн машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды.
1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шыңғысхан кіші ұлы Төлемен — екеуі әскердің негізгі күштерімен Бұхараға бұрды.
Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корыққан ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырған. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз құртып жіберуге мүмкіндік жасады.
1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан басқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халык бұқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады. Қаланың құлауына опасыздық себеп болған еді. Монғол шапқыншылығынан кейін 1220-1224 жж. қазақ даласында Шыңғысханның ұлыстары құрылды. Кейіннен монғол ұлыстары өз алдына тәуелсіз иеліктерге айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *