Социалистік мемлекет және құқық.

Социалистік мемлекет және құқық

а) 1917 — жылғы қазан революциясы

б) КССР- дың конституциялық құрылысы

в) Социализм- әлемдік жүйе

1930ж. ортасында бұрынғы КСРО –да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі кезең аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру,  мәдени революцияның  шешуші жеңістерімен байланыстырылды.   Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақтық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР ҚКСР айналды.  Бұл қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен  мәнді құқықтық  акті және саты болды. Осыған байланысты 1937ж. бүкіл қазақстандық кеңестердің төтенше Хсъезі  ҚКСР Конституциясын бекітті.

Ол 11 тараудан 125 баптан тұрды. І тарауда: ҚКСР жұмысшылар мен шаруалардың  социалистік мемлекеті деп көрсетілді. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды.  Социалистік шаруашылықтың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратындығы анықталды. ІІ тарауда “Мемлекеттік құрылыс” бекітілді. 13 бапта экономика,  саясат, отан қорғау, өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен  ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отыратындығы көрсетілді.  Осыған сүйеніп ҚазКСРО КСРО конституциясының 40 бабында көрсетілген құқықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын  жоғарғы өкімет органдары мен мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп берді.  КСР заңдары міндетті түрде орындалуға жатты. Қазақстанның азаматы КСРО азаматы болып есептелді.  Ш тарау мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы  органдарына арналды.  ҚазКСР –да өкімет билігінің жоғарғы органы –ҚазКСР –ның жоғарғы кеңесі болды. Заң шығарушы орган –Жоғарғы Кеңес болды.  Атқарушы және бұйырушы жоғарғы органы ҚазКСР-ының Халық Комиссарлар Кеңесі болды.  Бұл орган респібликаның  үкіметі болып табылды. УІІ тарау сот және прокуратураға арналды. Негізгі заң мемлекеттің ел таңбасын,  туын және астанасын белгіледі. 1937ж. Конституция 40 ж. қызмет етті. Елдің экономикасы, мәдениеті мен саяси – құқықтық дамуына зор әсер етті. Бірақ тотаритарлық қоғамда оның адам құқықтарына қатысты нормалары аяқ асты етіліп, миллиондаған адамдар қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы мемлекет пен құқыққа үлкен ықпал жасады. Мемлекеттік құрылыс, оның қызметі, құқықтық қатынастар соғыстың талабына сай қайта қаралды. Бәрі де майданға, жеңіске қызмет етті.1941ж. 30 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БК(б)П ОК-нің және Халкомкеңесінің шешімімен төтенше орган Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылып, мемлекеттегі барлық билік түгелдей оның қолына берілді.  Қазақстанда және басқа да республикаларда МҚК-нің тұрақты өкілі қызмет етті. Соғыс жағдайында  орталықтанған директивалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкілді органдардың қызметі шегерілді.  Жаңа мемлекеттік  органдар құрылды. 1941ж. ұлттық құрамалар жөнінде  республикалық комиссия, халкомкеңес жанында  еңбекке жарамды адамдарды  ауыл шаруашылығы жұмыстарына мобилизациялау туралы бөлім, эвакуацияланғандарды  орналастыру бөлімі  т.б. органдар құрылды.  Соғыс барысында  әскери қызметкерлердің  отбасын орналастыру  және қамтамасыз ету  басқармасы қызмет етті. 1944ж. Кокшетау және талдықорған облыстары құрылды. Азаматтық құқық социалистік меншікті  нығайтуға бағытталды. Мүлікті ұрлау, жоғалту, малды нашар  қарағаны үшін жоғарғы жауапкершілік ендірілді. Кәсіпорындардың  жоспарды орындауына, келісімдерді дер кезінде  жүзеге асыруына ерекше көңіл бөлінді. Еңбек заңдарына  өзгерістер  енгізіліп, өкімет органдарына 16 мен 55 жасқа дейінгі  азаматтарды міндетті еңбекке тартуға  құқық берілді. Колхоздарда 12 жастан асқан  жасөспірімдер еңбекке тартылды.  Себепсіз  еңбеккүн  толтырмағаны үшін  қылмыстық  жауапқа тартуға дейін шаралар қолданды.  Әскери оқудан  бас тартқан  азаматтар да жазаға тартылды.  Қылмыстық істер одақтық заңдар бойынша  қаралды.  Әскери сот органдарының рөлі артты. 1942ж. әскери трибунал туралы ереже бекітілді. Қазақстанда соғыс  жағдайы  енгілімегендіктен мұндай жағдай  әскерилендірілген мекемелерде қолданылды.

1) Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттікбасқару
2) Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер
3) Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы

Соғыстан кейінгі мемлекеттік құрылыс пен басқару  бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі  ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері  болып өзгерді. Жаңадан  өнеркәсіп және құрылыс  материалдары министрлігі  құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты.  1946ж. ҚазКСР Ғылым  Академиясы құрылды.  50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері  кеңейтілді. Олардың тұрғын үй  салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс  саласындағы  жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты. 1956жылғы КОКП ХХ съезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Сталиннің жеке басына табыну , социалистік  заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50 жылдары  жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың  бір тобы  қайта ақталды.  Одақтас республикалардың  құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта  құру, жою, жер бөлу,  ауыл шаруашылығына қатысты  құқықтары  кеңейді.  Одақтас  республикалардың  заң шығару құқығы кеңейтілді.  Республикалар Одақтық  мәселелерді шешуге  көбірек  қатысатын болды.  КСРО Жоғарғы Кеңесінің  Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың  өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды.  1958ж. ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды.  Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.  60 жылдардың ортасында  халық шаруашылығын  басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар  Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С. Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И. Брежневтің келуімен байланысты. 1977ж.  республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық  кеңестер  жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы  жүйелене түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың  маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды.

1924ж. Түркістан республикасы  тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы  да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының  біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша  қазақстанның  шекарасы  тек оның  Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды.  1955ж. 13 желтоқсанда  Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан  облысының  Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га  РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж.  КСР –на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық  ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы  жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді.  Голодностеп (Мырзашөл)  каналының сол жағалауындағы 75 мың га жер ҚазКСР үкіметінің 1936-37жж. Өзбек КСР-не уақытша берілген 329 мың га жерлер Өзбек КСР-не берілді. Осылай барлығы 5 млн. Га астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971ж. майда Өзбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай , Киров және Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына қайта қосылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның  территориясында осындай  өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді  тәртіпбойынша алдымен ҚазқКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер құқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мұндай “өз еркімен” жасалған  өзгерістердің  негізінде Мәскеудегі орталық билік  органдарының қысымы жатқаны белгілі.

Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70 жж. Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде  алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты  тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.  1959ж. қылмыстық  және қылмыстық- процессуалдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында  тұңғыш рет қабылданды. 1971ж. ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,  оларға  еңбекпен түзеу  әдістерін қолдану,  т.б.  мәселелер шешімін тапты. 1963ж. республиканың  азаматтық және  азаматтық –процессуалдық  кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистікзаңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталды. Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура және нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды. Заңдылық  пен қоғамдық тәртіпті нығайтуда көпшілік бұқараның роліне көңіл бөлінді. Осы тұрғыдағы жұмыстарды жандандыруда жолдастық соттардың, жергілікті кеңестердің жанындағы бақылау  комиссияларының, жасөспірімдер жөніндегі комиссиялардың,  жасөспірімдерді  тәрбиелеу  жөніндегі  қоғамдық тәрбиелеушілердің  маскүнемдікке қарсы комиссиялардың  ролі артты.  Жоғарғы Кеңес 1983ж. тұрғын үй кодексін қабылдады. Оның қабылдануы тұрғындардың үй-жай алу құқығын тереңдетті. 1976ж. ҚазКСР-нің жер  қойнауы туралы кодексі қабылданды. Кодексте  жер байлығы, тау-кенг өндірісі, оларды тиімді пайдаланудағы мемлекет, кәсіпорын мен мекемелердің міндеттері  белгіленді. Жер қойнауының  байлығы түгелдей мемлекет меншігі болды. Осыларға қарамастан социалистік құқықтың өзі компартияның заңдастырылған еркі болды. Мұның бәрі де халық бұқарасының іштей наразылығын тудырды.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.
2. ҚазКСР-інің автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы
3. 1950-1990 жылдардағы КСРО-дағымемлекеттік-құқықтық даму

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *