Б.з.д. 1 мың жылдықтын басында мал шаруашылығы мен егіншіліктін едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кең өндірісінің жолға қойылуын сол қоғамдағы өндіргіш күштін дамуын басып озды.
Жеке меншік – мүліктік теңсіздік — әлеуметтік теңсіздік – таптардың пайда болуы – мемлекеттік қалыптасуы.
Сақ тайпалар өмір сүрген уақыт – б.з.д. 7-4 ғғ. Сақтар туралы жазба деректері мәлімдейді: антика дәуірінің авторлары, парсы патшаларының жазбалары, «Авеста» кітабы. Сақтардың үш тайпасы: тиграхауда сақтары, парадарайя сақтары, хаомаварга сақтары. Сақ мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымында адамдардың үш тобы ерекшелінді. Олар: жауынгерлер, абыздар, басқа қауым адамдар.
Қазақстан территориясындағы алғашқы бірлестіктердің бірі үйсіндер. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле, Шу және Талас өзендерінің бойы болды. Археологиялық материалдар үйсін қоғамының мемлекеттік дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Үйсіндердің билеушісі гуньмо титулын иеленген. Астанасы – Чигучен (Қызыл анғар) қаласы Ыстық көл жағасында болған.
Үйсіндерден батысқа ақрай Талас Сырдария өзендерімен Қаратау маңында және орталық Қазақстанда б.з.д. 3 ғ. бастап қаңлы тайпалары мекендеді. Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Қаңлылар өздерін саяси әскери және сауда қызметінде Шығысқа қарай ұмтылыс танытпаған. Оның бір себебі шығыстағы Қытай, үйсін, ғұндар сияқты кішті мемлекеттердің өмір сүруі болса, екіншіден олардың көрші мемлекеттермен көршілік достық қарым-қатынаста тұруға деген ниетінен болса керек.
Б.з.д 1 мыңжылдықтын 2-ші жартысынан бастап Евразия этникалық- саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі өсті. Солардың бірі — ғұндар еді. Ғұндардың аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының екі толқыны болды (б.з.д 1 ғ. және б.з. 1 ғ.) ғұндардың билеушісінің титулы шаньюй. Ғұн қоғамы 24 руға болінген.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Әдебиет: