Мамыраева Бекзат Пірмағанбетқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушысы
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көзделген басты мақсат –ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасымыз өз сөзінде ұлттық сананы жаңғыртудың алты басым бағыттарын атап көрсетті. Болашақ ұлттың табысты
болуының басты шарттарының бірі- бәсекеге қабілеттілік екендігі, үштілділікті меңгерудің маңыздылығы баяндалды. Осы мақсаттар мен шарттарды басшылыққа ала отырып ,көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастау керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.Үштілділікті балабақшаға енгізу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, баланың тез
әрі жеңіл қабылдауына тиімді жолдар қарастырылды. Сол әдіс-тәсілдердің бірі –ойын әрекеті.
Мектепке дейінгі балалардың үштілділікті меңгеруі үшін, жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, күлдіріп, шат шадыман күйге бөлейді.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу қызметтерінде жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын.Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін-, деп атап кеткен.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым — қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден — бір тәсілі ойын болып табылады. Ойын — баланың білім — білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерде көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу қызметтерінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Балалармен жұмыс тәжірибесінде ағылшын тілін оқытуға бағытталған әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындары, лингвистикалық ойындардың әр түрлі нұсқалары. Ойынды оқу қызметінің әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың оқу қызметіне қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, оқу қызметі арасында ойын элементтерін қолдану баланың қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа тақырыпты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге ықпал жасайды. Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ұйымдастырылған оқу қызметінде көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймын. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады. Жаңа сөздер енгізгенде 4 — 5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі — түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс — әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Бала бір суретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез — тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде 5 — 7 жастағы балаларға саусақ ойындарын кіріктіріп өтуде оң нәтиже береді. Себебі саусақ ойындары арқылы баланың ұсақ қол моторикасы және ой — өрісі дамиды.
Мысалы: Балалар өз саусақтарының әр қайсысына өз отбасы мүшелерінің атауын беріп, бөліп ойнайды. Бұл жерде отбасы мүшелерінің ағылшын тілінде атауын біліп қана қоймай, отбасы деген ұғымның ажырамас бөлік екенін ұғынады.
The Family (саусақтармен ойын)
This is our mother,
This is our feather,
This is our brother tall,
This is our sister,
This is our body,
Oh, how we love then all!
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды ағылшын тілінде атауын қайталату. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата — аналармен байланыста ашық ұйымдастырылған оқу қызметтеріне, ертеңгіліктерге, пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл — кеңестер және үйге жеке тапсырмалар беріледі. Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады.
Шығармашыл тәрбиешінің бала көңілі мен зейінін өзіне аударуға қолданатын ойын түрі-ол дидактикалық ойын. Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен,қимыл қозғалыспен оқу үстіндегі оқытумен әсіресе бала тілін дамытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ағылшын тілін меңгертуде ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалардың ақыл-ойын дамытудың көп тараған формалары дидактикалық ойындар олар: әртүрлі лото, доппен ойналатын ойындар, кеспе қағаздарын пайдаланатын ойындар, шаршы ойындары, сенсорлық ойындар т.б. Доптың ритмикалық соғылуымен бірге санау бір-бірімен тығыз байланысты көру, ұстау және қозғалу анализаторларының дамуына көмектеседі. Ойынның осы түрлері ойын материалын түрлендіруге зор мүмкіншілік береді және лексикалық материалдарды жақсы меңгеруге көмектеседі.
Ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ғана емес, тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.
Іс-тәжірибеде балаларға ағылшын тілін үйретуде мазмұны күрделі емес, шағын драмалық ойындарды пайдаланған дұрыс болады. Драмалық ойындарда балалар ертегілердегі рольдерді жаттайды және ерекше күндерге арналған ертеңгіліктерде осы рольдерді орындайды. Сонымен қатар көрнекілік принципіне үлкен мән беремін. Алғашқы әсер өте айрықша болу үшін ойыншықтар, суреттер, фотосуреттер, схемалар мен басқа да көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.Мектепке дейінгі балаларды шетел тілінде сөйлеуге үйрету процесінде көрнекіліктерді пайдалану – өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде нақты жағдайларына байланысты болуы тиіс. Мысалы, «Жануарлар» тақырыбын оқытқанда суреттерге қарағанда, ойыншықтарды, техникалық құралдарды пайдаланып, баланың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Драмалық ойындарды мектепке дейінгі балалардың оқу қызметтерінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына,ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне,ойын сипатына,дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
Ойын – саяхаттар. Олар ертегіге ұқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі. Ойын –тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді…?», «Мен не істер едім, егер…?» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Жоғарыда атап көрсетілген ойын түрлерін балалардың таным белсендігін жандандыруға, үштілділікті жетік меңгеруге, өздігінен ойлау қабілетін дамыту тәсілі ретінде қолдануға болады. Ойын кез — келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл — күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу қызметтерінде оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Ағылшын тілі мұғалімінің ұйымдастырылған оқу қызметіне қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді. Дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар — ертеңгі Қазақстанның болашағы.
Қолданылған әдебиеттер:
ҚP Пpезиденті Н.Ә. Назаpбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өpлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеpі» қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтаp // http://adilet.zan.kz.
Энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 2002
Каpаулов Ю. Н. Русский язык и языковая личность. — М.: Издательство ЛКИ, 2010. — б.
Оқушылаpдың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыpу әдістемесі. Әдістемелік құpал – Астана:. Алтынсаpин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 64 б.
Гальскова, Н.Д. Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. – 7-е изд., стер. М.: Издательский центр «Академия»,–2013. – 336 c.