КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ КАЗАХСТАН

1.1 Тарих және тарихи сана
Посткеңестік кеңістікте республикалардың тәуелсіз дамуы біздің қоға- мымыздың бұрын болған көптеген ауруларын айқындады және диагноз қойды. Өтпелі кезеңде қоғамды біріктіру міндеттерін жүзеге асыруда этникааралық қатынастарды гуманизациялау басты қадам болу керек. Осы жолдағы маңызды және анықтаушы міндет шынайы тарихын, оның жоғалтқан мұрасын қалпына келтіру болып табылады, бұл халықтардың өзін- өзі анықтауы туралы мәселе-нің, бірақ оның – анықтауға құқығы ретінде де, сондай-ақ бірге өмір сүруге құқығы ретінде де барынша толық қойылуын жоққа шығармайды. Қазақтарды танудың ғылыми және білім беру пәні ретінде өз тағдырын өзі шешуінің бүгінгі күні қалыптасу процесінде екендігі жайтының өзі жеткілікті түрде жақсы белгілі. Оның құрылымының әзірше нақты шекаралары жоқ, оның шеңберін-дегі зерттеулер қарама-қайшы. Оның себебі дәуірлерді, оның батырларын және олардың жасаған барлық жақсылықтарын теріске шығару болды. Бұл құбылыс ұрпақтар арасындағы байланыстың үзілуіне әкелді. Ал алдыңғы ұрпақтардың еңбегімен жиналған мұрадан айырылған қоғам, мәңгүрттік күйінде болды. Өйткені ойлайтын қоғам ретінде оларды шешу тәсілдерін іздеуде тарих басты рольді атқарды. Ежелгі даналықта: «Егер білімді тек бір ғана көзден жинаса, онда ол адамзат жанында – қатыгездікті оятады. Егер бірнеше көзден жинаса, онда білім мен үйлесушілік күшінің кемелденуіне әкеледі» — деп айтылғаны сондықтан шығар. Тарих үнемі адамның өмір жағдайларына бейімделуіне, оның маңызы мен мақсатын табуына көмектескен. Сондықтан мемлекетті шығу тегі және генеалогия (генеалогиялық тарихнама) негізінде құрған адамдар үшін шежіре маңызды рольді атқарды, өйткені ол ұлттық сана-сезімнің маңызды элементі болып табылды.
Қоғам, өзінің қалыпты қызмет етуі үшін ақпараттың үздіксіз ағынын қажет етеді. Алайда «қоғам» жүйесінің өзгеше ерекшелігі мынада: оның жадында «ағымдағымен» қатар нағыздың генезисіне жататын, ұзақ мерзімді, тарихи ақпарат та сақталу керек. Бұл ақпарат шынында да өтпелі мағынада емес, онда мәні бойынша үш уақыт проекциясы бірлескен: оны тектік өткені (генезисі), оның түрлік бүгінгісі (эволюцияның берілген фазасы) және
М.А. Шолохов

оның алдын ала аңғарылатын болашағы. Егер тарих әлемінде танымдық призма ретінде оған «байланыстыру» қызмет еткен жағдайда ғана, қоғамдық сана тарихи санан өлшемін иеленеді. Шындығында, азаматтық- патриоттық ұстанымсыз, динамикалық даму үшін күш беретін, тарих сабақтарын терең сезінусіз нақты егемендік мүмкін емес. «Ой өзінің қозғалысын өткенмен салыстырғанда, ондағы болашаққа деген сенімділікті жинап алады» — деп айтылғаны сондықтан шығар.
Адам өзін кеңістіктік-уақыттық бағдарлау арқылы түсінген, онда бұл жағдайда тарихи сананың космологиялық, натуралистік және өзге түрлерінің ауысуы болды. Қоғамның ерекшеліктерінің бірі оның материалдық та, рухани да игіліктерді мақсатқа бағытталған түрде жинақтау қабілетінен тұратыны белгілі. Бұл мұра тәрбие механизмі арқылы, тарихи түрде беріледі. Қоғамдық процесс бойында ол арқылы мазмұнын және өмір сүру және ойлау тәсілін алатын, оның тарихтың сабақтас жадында ғана тіршілік етуі мүмкін деген жайтты сезіну шешуші мағынаға ие болды.
Тарихи сана — кез келген дәуір мәдениетінің іргелі көзқарастық сипаттамасы ретінде де болады. Істің жайы мынада: ол уақытта өрістейді және онда оны құрайтын элемент әлеуметтік практика болатын және оның негізінде тарихи тәжірибе қалыптасатын, белгілі дәуірмен қақтығысады. Өзінің генезисінде тарихи сана – бұл уақыт айырмашылығы мен байланысының қалыптасуы, ал ол мәдениетті тасушының тарихи тұрақтылығының шарты да болып табылады.
Енді «тарихи сананың» «тарихнамамен» қатынасы және байланысы қандай екен деген мәселеге жүгінейік. Тарихнама «тарихты сипаттау» пайда болған сәтінен бастап ол үшін алғашқы болатын мәселе бойынша гносеологиялық «мақсатты» болжайды. Егер жоғарыда айтылғанға түсініктеме берсек, оған зерделеу тақырыбындағы маңызды және тұрлаусыз туралы; тарихи жадының онда көрсетілген болмысқа қатынасы туралы қасиет тән. Осы көзқарастан тарихты сипаттау процесін: өткеннің тәжірибесін бүгін түсіндіру мақсатында оны қабылдау және реттеу сияқты да, осыған ұқсас бағдарламаны іске асыру әдісі ретінде де түсіну керек.
Сонымен, тұтас алғанда ғылымдағы сияқты, ақиқат деген процесс. Бұл аспектіде тарихи сана теориялық ойлау мен тарихнаманың билік етуші типінің арасында билікте болады. Ақырында тарихнама ол үшін жадында қалып қойған өткеннің нені білдіретінін және сонымен бірге оның бүгінгіге қандай түрде ұсынылатынын анықтайтын болады. Тарихи сана (егер жады әлі әрекетте болса) өткенді өзінің сана-сезімінің сыңарына айналдыра алады, яғни өткен оның меншікті өткені ретінде болады. Бір сөзбен айтқанда, тарихи сана – бұл адамды өткеннен болашаққа апаратын, рухани көпір.

1.2 Қазақстан тарихы пәні немесе проблеманың қойылуы
Бүгінгі күнге дейін адамзат тарихы әлі бірқалыпты зерделенбеген, мәдениеттердің өзара әрекеттесуі сыртқы саясаттың айқындалуы ретінде қарастырылды. Негізінде әрбір мәдениеттің жергілікті, автономдық даму тұжырымдамасы бекітілді. Тарихнамада қалыптасып қалған біреуінің басқа- лардан «үстемдігі» идеясы, көптеген халықтардың бейнесін жалғанға шығарды. Ақырында Бүкіләлемдік тарих тек Батыстың тарихы ғана болды. Тарихи аспектіде «өзара әрекеттесу» ұғымының категориялық тұрғыдағы ыңғайын ұғыну тұтас та, қандай да бір қажетті процестің мағыналық проблемаларын шешер еді.
Көшпелі мал шаруашылығының және сәйкес өмір салтының пайда болуы шаруашылық қызметі саласында бұзып өту және ұтымды жауап болды. Көшпелілік шаруашылық айналымына Еуразия кеңістігін жұмылдырды. Номадтар ежелгі өркениеттердің және жеке аймақтардың мәдени-шаруашылық тұйықтығын бұзды, тайпалардың ішінде, жеке халықтардың арасында эконо-микалық және мәдени байланыстарды кеңінен қамтамасыз етті. Осыдан, номадтықтың дұрыс мағынасы осыдан тұрады деген ой келеді. Екі орта (көшпелілер әлемі мен егіншілер әлемі) арасындағы интеграл таңбасы сияқты, өз қызметінің және тіршілігінің прогрессивті және драмалы сипатын анықтады. Табиғаты бойынша көшпелілік — бағытталған өзара әрекеттесу қабаты. Өзара әрекететсуде дамуы — бұл адамзаттың тіршілік етуінің шарты. Гүлденуші мәдениет – бұл басқалармен үздіксіз байланысу өнімі.
Әлемдік мәдениет аясында, қазақ халқының тарихы субъект мағынасында көшпелі өркениет ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы көшпелі дәстүрлер әлемін білдіреді. Б.э. дейінгі ІІ-І мыңж. шебінің өзінде-ақ Қазақстан территориясында мал шаруашылығы — шаруашылықтың негізгі, сонан кейін билік етуші түрі болған. Біздің олжаларыздың тарихи мағынасына жүгініп, (Ботай энеолитикалық қонысы. Сүйектер мүрделерінің 99%-і жылқыларға тиесілі болған. Көкшетау аймағы; Тамғалының «портреттік галереялары». Жауынгерлердің бейнелері. Алматы аймағы), «тас» адамның өзінде-ақ мекендеу ортасымен ерекше қатынастар қалыптасқан деп сенімділік-пен болжауға болады. Ол бастапқы, «жылқы шаруашылығы мәдениетінің үйірлі түрін» қалыптастырды. Үлкен жетістіктер қатарына көшпелі шаруашылықтың шығу тегінде орасан зор роль атқарған, жылқыларды қолға үйрету процесін, атап айтқанда, тұтас алғанда өркениеттің дамуын жатқызуға болады. Қазақстан көшпелілерінің шаруашылық-мәдени жүйесін қалыптастыруда жылқы ролінің маңыздылығы сөзсіз болып табылады. Бірнеше мыңжылдықтар бойында жылқы, көшпелілер қатынасының басты құралдарының бірі болып табылған. Тамақтану, тасымалдау көзі болды, әскери істе алғашқы рольді атқарды. Жылқы құрал ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дифференциация негізі де, байлық көрсеткіші де, дала тұрғыны игілігінің өлшемі де болды. Көшпелі мәдениетте бірінші кезекте барлығы атқа бағдар алғандықтан, ол «алаш» ұғымында көрініс тапты. Бұл оқиғалартуралы естеліктің ұзақ

сақталғаны соншалықты, тарихи ата-бабалар жайында сөз болғанда, әдетте қазақ: «Алаш Алаш болғанда, Алаша Хан болғанда» — деген. Ал бастамасы мифологияның өзінде-ақ — қанатты ат — «алаш» бейнесінде салынған. Қазақстан далаларында «ең жақсы аттарды құрбандыққа шалған. Аттың басы мен тұяқтары қорға-ныш… болған, тұлпардың тұяқтарының жартастағы бейнелеріне табынған, олар Орталық Қазақстанда, Қаратау және Маңғышлақ тауларында көп ашылған. Бұл суреттерді қазақтар тұлпар тас деп атайды. Тұлпар тұяғының бейнесі Орталық Қазақстан мазарларының, мысалы Кеңгір өзенінде Келін там мазарының күйдірілген кірпіштерінде де кездеседі (13 ғ.)».
Ұсынылған жұмыста «қазақ» сөзінің этимологиясын айқындау немесе талдау мәселесі тұрған жоқ (көбісі «халық» және оның «аты» ұғымдарын өз араларында теңестіреді, яғни қазақтардың шығу тегін зерделеу олардың этникалық атауын ауыстырады, «қазақ» сөзін «қазақ туралы» ұғыммен тәуелділікке қояды). Керісінше, қазақ халқының тарихын «қазақ» терминінің пайда болуының өзінің өзгешелегі болуы мүмкін және ерекше кезеңді білдіреді деген сұраққа жауап беру тұрғысынан қарастыру керек. Қазақ хандығының (және халқының) пайда болуына қатысты, көшпелілер әлемінің бөлінуі салдарынан (себептер мен факторлар жеткілікті дәлелденген) тұтас алғанда тарихи процесс тізбегіндегі жеке буын (түркі әлемінде) сияқты болатынын қарастыру қажет. Шындығында, Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі қазақ ұлысының қалыптасуының басы да, аяғы да болған жоқ. Бірақ ол әр түрлі аспектілі процестің басты сәттерінің бірі болды: Жетісудың байтақ далала-рында ұлыстың өзінің болашақ атымен тарихи кездесуі болды. Қазақ термині-нің бастапқы мәні — саяси. Қазақ терминін қолдану олардың қандай ұлысқа тиесілі болғанына қарамастан, әрі қарай да этникалық ортақтығын белгілеу үшін қызмет атқарады деп болжау керек. Халықтар мәдениетінің тарихы көп қырлы, ал оның құбылыстары шексіз екендігін, сондықтан ол оны ұғынуға жасалған көптеген ұмтылыстарда өзінің көрінісін табатынын ұмытпайық. Ойшылдардың оны анықтауға алуан түрлі амалдар ұсынғаны сондықтан емес пе? Бұл жағдайда О. Сүлейменовтің адамзаттың борышын тереңнен ұғынып түсіндірген постулатына жүгінеміз: «Өткен — оны білетінге, болашақ оны жасайтынға тиесілі» (О. Сүлейменов Аз и Я. Алматы, 1990, 63 б.).
Қазақстанның тарихы, ең алдымен — Еуразиның ауқымды территориясын алып жатқан, «Көшпелі өркениет» тарихы. Ол өркениеттің өзіндік ошағын құрды. Жетекші шаруашылықты (оның салдарында өндірісте меңгеру және мамандандыру, яғни бұзып өту болған, өндіруші технология түрлерінің бірі ретінде), қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси өмірінде бұзып өтуге себепші болған, мал шаруашылығы құраған. Онда болмыстың сапалы жаңа түрлері, жаңа коммуникациялық құралдар – көшіп жүру және отырықшылық, қалалар салу (кенттену) және сауда жасау, әскери өнер және дипломатиялық қызмет, пошта байланыстары және т.б. пайда болды. Қол жеткізген жетістіктердің шыңы меншікті жазуын құру болып табылды, ол саз дөңгелектерден (оларда қола

дәуірінде таңба-символдарды бейнелеген. Ғалым-дар бұл олардың жазуға айналуының басы деп санаған), таста жазылған стелалардан қағаз бетіндегі қолжазбаларға дейін жол жүріп өтті. Руно жазуы-ның ерекшелігі – бұл ғылымды зерттеушілердің жеке әңгімесі. Қысқаша айтқанда: руно таңбалары, руно жазуы, ою-өрнек өнері — бұл сана мекенін тарату, адам санасының ішкі импульсі, графикалық символ деп түсіндіруге болады. Руно «ақпаратты тасушы» ретінде түсіндіріледі, ол ұғымдар мен мағы-налар кешені. Барлық руно таңбалары дүниенің кірпіштері болып табылады.
Номадтар қоғамын ұйымдастыру жүйесі өте тұрақты әлеуметтік-саяси организмді білдірген, ру-тайпа және әскери-әкімшілік қатынастарында база- ланды, яғни ол ру-тайпа құрылымдарының дамыған жүйесін тудырды. Мысалы, ру деңгейлері қазақтарда әр түрлі ұғымдармен белгіленеді, бірақ олардың біреуінің семантикасын талдайық – «Арыс». «Арыс» сөзінің бастапқыда адам-дар руында бірігетін, «неке» мағынасын болжайтын теологиялық сипатты өзгешелігі болды (Тәңірдің адамға бастапқыда берген батасы мынадай: «Арлы бол, Арлы іс жаса», яғни адамның жаралуын салтанаттап, Ол оны «құдайдың күш-қуатын иеленуші» ретінде күшпен анықтады). Салдарында, ол өзінің өзгеше, кеңейтілген түсіндірмесін иеленді. Бұл белгі ол арқылы мемлекеттегі рулар арасындағы қатынастар байланысқан, әлеуметтің берік негізін, оның әлеуметтік ортақтығын көздеді.
Бұл жағдайлар көшпелі өркениет феноменінің және атап айтқанда көшпелі тәсілдің принциптік ерекшеліктері туралы айтуға мүмкіндік береді. Номадтық мәселелері екінші бөлімде аса толық айтылатын болады.
1.3 Кезеңге бөлу проблемалары
Кез келген өмір сияқты, адамның тіршілік етуінің өзі де уақытта өтеді. Бұдан басқа, уақыт сол немесе өзге объектінің дамуында кезеңдерді белгілеуге мүмкіндік береді, мысалы: балалық-ересектік-жас өспірімдік- кәмелеттік-қарт-тық — өлім – осы фазалардың барлығының өзінің уақыттық рамкалары бар. Уақыт — барлық тіршілік ету, өзгеру және даму процестері сипаттамаларының құрама бөлігі, бірақ онымен сәйкес келмейді. Уақыт ештеңе өндірмесе де, барлық қатынастар – уақытта. Тарихи уақыт байланыстырылмайды. Ол баяу-лауы және керісінше болуы мүмкін. Қарқынмен дамитын адамзат шығарма-шылығы процесіне қатысты болса да, қоғам уақыттан меншікті ауытқиды. Өйткені уақыт болмыс түрі сияқты, тіршіліктің ұзақтығын және кез келген жүйелерде күйлердің ауысу тізбектелігін білдіреді. Сондықтан бір күні бастала-тын және бір күні аяқталатын сияқты, сол немесе өзге тарихи құбылыстың уақыттық қасиеттерін анықтау үшін, тарихи ғылым кезеңге бөлу мәселесіне жүгінеді. Оның сипаттамасында оның тарихи процестің тек бір бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда тарих барысының ірі жалпылануын сипаттайтынын байқауға болады.

Ежелгі халықта ғасырларға бөлу алыстап кеткен алғашқы қауымдық өткенді дәріптеу нәтижесінде, ал бір жағынан гректер мен римдіктер үшін жақындағы уақыттардың материалдық мәдениеті туралы мүлдем нақты түсініктерден пайда болды. Осының арқасында төрт ғасыр туралы түсінік қалыптасты: алтын, күміс, қола және темір. Осы уақытқа дейін негізгі болып қалған, үш ғасырға (тас, қола, темір) даниялық археолог Х. Томсон (1788-1865) бөлді. 19 ғасырдың аяғында француз ғалымдары Габриель және Адриан де Мартилье жаңадан жіктеді: барлық хронологиялық кезеңдер үш геологиялық эраға сәйкес келеді – үшінші, төртінші және қазіргі замандағы. Қазіргі заман-дағы эра тарихқа дейінгі және тарихи уақытқа ыдырайды. Орыс археологтары бірнеше өзіндік жіктеу жасады. Д.Я. Самоквасов тарихшы бола тұрып, археологиялық кезеңдерге берілген халық немесе берілген территория тарихының белгілі бір кесіндісіне сияқты қарады. Ол тас және қола дәуірлерін Ресейдің қазіргі территориясында еске алынатын ежелгі халық бойынша киммерий дәуірі деп атады. Ерте темір ғасыры скиф-сармат дәуіріне жатады және б.э. дейінгі 6 ғасырдан басталады. Әрі қарай тарихи-археологиялық: славян-орыс және қыпшақ-татар кезеңдері келеді. Кеңес ғалымдарының архео-логиялық жіктеуі мынанықабылдады: палеолит, мезолит, неолит, энеолитке бөлінген, тас ғасыр; сонан соң қола және темір. Осы жіктеудің негізгі қасиеті мынада: заттың материалдың ерекшеліктері бойынша арнайы хронология археологиялық кезеңдерді адамзат қоғамының жалпы тарихынан бөлуге мүмкіндік бермейді. Қорытындысында, археологиялық кезеңге бөлу тарихи түсініктер саласын едәуір дәрежеде кеңейтті.
Отандық ғылымда Қазақстан тарихын кезеңге бөлу ылғи да маңызды проблемалардың бірі болған, ол сол сәтте болған ғылыми жетістіктер базасында рұқсат алған. Тарихи ой өзінің пайда болған уақытынан бастап болып жатқан процесті реттеуге, жүйелендіруге ұмтылды. Оның шешіміне: қоғамның қаңқа-сын салу; тұтас тұжырымдама құру; тұтас алғанда тарихтың барысын жалпы-лап қорыту; тарихи процестің ерекше критерийлерін айқындау байланысты болады. Өйткені Қазақстанның тарихын жақында өткен заманда ежелгі ғасыр мен орта ғасырдағы Еуразия ұлыстарының тарихынан жасанды түрде үзіп алды, және де оны жеткіліксіз байланыссыз зерделеді ғой. Тарихи ғылым дамуының қазіргі замандағы деңгейі Қазақстанның жалпы тарихын кезеңге бөлуді анықтауды ғана емес, сонымен бірге амалды таңдауды, кезеңге бөлу туралы зерттелетін мәселені әзірлеуге бастама салуды талап етеді. Қойылған міндетті шешу үшін зерттеу әдістемесінің өзін зерттеу қажет. Ғылымдардың өз араларында тақырыбы бойынша емес, әдісі бойынша ажыратылатыны барлығы-на белгілі, өйткені сол және басқаларды зерттеу тақырыбы эмпирикалық әлем-нің шексіз алуан түрі болып табылады. Осы шексіздікті жеңу «ұғымдардың» көмегімен игеріледі. Ғылымның негізін олардың көмегімен эмпирикалық әлем-нің алуан түрі ықшамдалатын ұғымдар құрайтындықтан, өзінің тақырыбына қайтуға ұмтылу құралы әдістеме болып табылады. Өзінің толық бағалы шешімінің және Қазақстан тарихын кезеңге бөлу проблемасын зерттеудің

қата-рына марксизммен ұсынылған нұсқаны жатқызу керек – «Өндірістің азиялық тәсілі» немесе атап айтқанда «Көшпелі тәсіл» феноменінің принциптік ерек-шелігі туралы. Бұл амал кеңестік кезеңнің тарихнамасында берілген, бірқатар мәселелерді жоққа шығарар еді, мысалы, олар: автохтонизм; түпқазақтар; тарихи ұғымды талқылау проблемалары: патриархты-феодалдық қатынас; оқу басылымдарындағы мәселелер тақырыптамасы жеке бөліммен ерекшеленбес еді: білім беру мен қазақ ұлысын қалыптастырудың тарихи алғышарттары, қазақ ұлысының қалыптасу процесінің аяқталуы және т.б. Ол жаңылуға әкеледі, және «қазақ туралы» «қазақ» терминін тәуелділікке қояды, көп ғасырлы мәдениетте шыңырау пайда болады, онда «сабақтастық» ұғымы жалғау қаруы ретінде пайдаланылады.
Отандық тарих, мал шаруашылығы «технологиясының» барлық кертарпа-лығы кезінде, ең алдымен, Еуразия көшпелілігінің тарихы болады. Мұнда құрылған өндірістің типі ешқашан да алдыңғы дәуірлердің дәстүрінен толық ажырасуды білмеген. Ерекше Дала өркениеті пайда болған сәттен бастап өз элементтерінің этномәдени жылжымалылығымен, бірақ сонымен бірге бастап-қы өркениеттік константаның тұрақтылығымен ерекшеленді. «Құбылысты» талдауға кезеңге бөлу аспектінде белгілі бір тұтастықты құрған, бірыңғай процесс ретінде Хуанхэден Дунайға дейін (қола дәуірінен бастап 20 ғ. басына дейін) мекендеген халықтардың тарихын ұғыну шығарылады.
Мұндай іздеудің екі мүмкін нұсқасынан екеуін қарастырамыз: І. Ежелгі
1. Қазақ даласы адамзаттың пайда болу кезеңінде.
2. Көшпелі архаика әлемі немесе кеңістікті игеру дәуірі.
3. Қазақ мәдениетіндегі ежелгі мемлекеттер.
ІІ. Орта ғасырлар
4. Әлемдік үстемдік немесе Түркі кезеңінің империялық билігінің геосаясаты.
5. Әлемдік үстемдіктің соңғы бұзылуы немесе Алтын Орда дәуірі.
6. Мәскеу геосаясаты және Түркі әлемінің бөлінуі.
ІІІ. Жаңа дәуір
7. Көшпелі өркениетті құрылымсыздандыру дәуірі.
8. Ортадан сыртқа тебуші мақсаттар және түркі әлемінде княздіктердің құрылуы.
9. Қазақстан 18 ғ. халықаралық қатынастар жүйесінде.
10. Қазақстан және 18 ғ.-20 ғ. басындағы Ресей мемлекетінің «Ресей- Шығыс» проблемасының геостратегиялық мазмұны.
11. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі.
ІV. Қазіргі заман уақыты
12. Көшпелі тәсілдің құлдырауы және 19-20 ғ. басындағы жаңа құрылысты жаңғырту.
13. Кеңестік-большевиктік жаңғырту.
14. 19-20 ғғ. ел халқы және демографиялық процестер.

15. Қазақстан қазіргі кезеңде.
Келесі нұсқа:
І. Кіріспе бөлім
Тарих және тарихи сана. Қазақтан тарихының тақырыбы немесе проблема-ның қойылуы. Кезеңге бөлу проблемалары. Дерекнама кешенінің жалпы сипаттамасы, жіктелуі және типологиясы. Археологиялық, этнографиялық, жазу деректері. Фольклор Отандық тарихты зерделеу кезіндегі өзгеше дерек ретінде. Тарихи ғылымның әдіснамалық проблемалары және қазақтанудың теориялық-әдіснамалық бағдарлары.
ІІ. Көшпелі тәсіл немесе көшпелі қоғам эволюциясы
Көшпелі тәсіл — Қазақстан тарихын зерделеудегі зерттеу объектісі ретінде. Номадтар проблемалары бойынша әр түрлі тұжырымдамаларды талдау. Көшпелі қоғамдағы экономика, әлеуметтік құрылым, әскери ұйым, саяси билік және билік жүргізу жүйесі. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі көшпелі қоғам. Көп құрылыстылық немесе көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік және қалалық типті симбиоз. Зороастризм, тәңіршілдік, буддизм, несториандық мағыналы христиандық, иудаизм және ислам сияқты діндердің пайда болуы және таралуы. Көшпелілердің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
ІІІ. Этногенез проблемасы
Қазақтар этногенезі проблемасы бойынша тұжырымдамалар: түрікшілдік және автохтонизм. Түркі тілдес этностың бастаулары, О. Сүлейменовтің «Аз и Я» жұмысындағы «Шумер және Түркі мәдениетінің туыстығы туралы» болжамы. Түркі тілдес отбасы — Қазақстан территориясындағы бастапқы лингвистикалық жағдай. Этногенез процесінің күйі, тұрғындардың этникалық бірігуінің негізгі түйіндері. Еуразия территориясында қыпшақ-оғыз және қарлұқ негізінде ұлыстардың құрылу шарттарының қалыптасуы. Қазақ хандығы — қазақ этносаяси альянсының теорриториялық анықтамасы.
ІV. Мемлекеттер түрлерінің эволюциясы
Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және дамуы және оның құрылымы. Көшбасшылықты айқындау түрі ретінде мемлекеттік құрылудың ерте типі: Арий, Киммерий және Сақтар дәуірі. Көшпелі қоғамның ежелгі фазасындағы мемлекеттердің әскери-демократиялық типі: Қаңлылар, Сармат-тар, Үйсіндер, Құшандар және Ғұндар. Орта ғасырлардың көшпелі империя-лары: Түркі дәуірі және Ұлық Ұлыс дәуірі. 14-15 ғғ. екінші жартысындағы геосаяси жағдай — түркі әлемінің дағдарыс эволюциясын және оның негізінде хандықтардың құрылуын жанамалаған факторлар ретінде. Түркі-монғол империясының этноәлеуметтік және саяси жүйесі дағдарысының басталуы. Жәнібек пен Керей партиясының гегемониясы. Қазақ хандықтарының саясаты және 16-17 ғғ. саяси билік жүйесі. Әлеуметтік

құрылым. «Ақ сүйек» және «Қара сүйек» институттары. Жеті Жарғы. Кеме құрылғысы.
V. Көшпелі өркениеттің рухани мәдениеті
Рухани мәдениеттің даму ерекшеліктері. Кезеңге бөлу. Еуразиядағы әлеуметтік-мәдени процестер. Зороастризм және Тәңіршілдік бір Құдайға сенімнің бірінші айқындалуы ретінде. Сақтардың «Алып ер Тоңға» және «Шу» батырлық дастандары. Ғұндардың «Оғыз-Қаған», «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенекөк» эпостары. Түркінің руно жазбалары: Белгі Қаған, Тоныкөк, Күлтегін. «Менің Қорқыт атамның кітабы» эпикалық ескерткіші. Ғалымдар мен ойшылдар: Әл-Фараби (870-950), Жүсіп Баласағұн (1021-?), Махмұд Қашқари (1029-1101), Қожа Ахмет Яссауи (1101-1166), Әбу Райхан Бируни, Сүлеймен Бақырғани. Тәңіршілдік және Ислам. Сопылық. Ұлық Ұлыс дәуірінің әдебиеті: Сайф Сараи «Гүлістан бит-түркілер», Хорезми «Махаббат наме», «Құсрау-Шырын» эпосы, «Жүсіп пен Зылиха». Шежірелер: Әбілғазы Бахадүрхан «Шежіре және Түркілер», Қадырғали Жалайыр «Жәмиғат таварих», Мұхаммед Бабыр «Бабыр наме», Қайдар Дулати «Тарих және Рашиди», Жыраулар шығармашылығы: Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Бұхар жырау, Үмбетай, Тәттіқара. Билер шығармашылығы. Шешен-дік өнер: Майқы би, Жиренше, Аяз би.
VІ. Зар Заман дәуірі немесе Жаңа уақыт (18-19 ғғ.)
Қазақстан 18 ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесінде. «Ресей- Шығыс» проблемасының жалпы контексінде Ресей мемлекетінің Қазақстанға қатысты мүдделерінің геостратегиялық және экономикалық мазмұны. «Қазак-шылдық» туралы тарихи анықтама және Қазақстанның казактарды отарлауын біртіндеп үдетуі. Әбілқайыр, оның қазақ қоғамындағы саяси күштерді орналас-тырудағы орны. 1731 жылдың 19 ақпанындағы Орыс-Қазақ келісімі. Қазақ халқының санасындағы және Ресей мемлекетінің саясаты контексіндегі «протекторат» және «бодандық» ұғымы. 18 ғасырда Қазақстанда Ресей өкіметі қызметінің түрлері, әдістері және мазмұны. Абылай ханның сыртқы және ішкі саясаты. Қазақ қоғамының 19 ғасырдағы мәртебесін анықтау үшін Ресей өкіметінің шаралар кешені. Азияда Ресей және Британ империясының әсер ету салаларын бөлу. 1881 жылғы Петербург келісімі. Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуға қоныс аударуы. Аймақты ресейлік капитализм жүйесіне тарту. Ресей шаруаларының жаппай қоныс аударуының басталуы және Қазақстандағы жер мәселесі. 19 ғ. соңғы ширегіндегі Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси процестер. VІІ. Қазақ халқының «Тәуелсіздік» үшін ұлт-азаттық күресі (18-ғ. екінші жартысы – 20 ғ. басы)
Ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері және сипаты. Кезеңге бөлу. Қазақтардың Е. Пугачевтің басшылығымен шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775). Сырым Датұлының көшбасшылығымен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797). Қаратай Нұралыұлы сұлтанның қозғалысы (1806- 1816). Арынғазы ханның қозғалысы (1816-1821). Жоламан Тіленшіұлы батырдың көтерілісі (19 ғ. 20-30ж.). Бөкей Ордасында И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы-ның басшылығымен болған қазақтардың көтерілісі 1836-1838).

Кенесары Қасымұлы ханның ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847). Жанқожа Нұрмұхамед-ұлы батырдың көтерілісі (1856-1857). Есет Көтібарұлы батырдың көтерілуі (1855-1858). Орал және Торғай облыстарындағы 1867- 1868 жж. реформаларға қарсы көтеріліс. Маңғыстаудағы Адай көтерілісі (1870-1873). Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи маңызы. Қозғалыс көшбасшылары: А. Иманов, Т. Бокин және т.б. Ұлт-азаттық қозғалыстың даму кезеңдерінің сипаттамасы және оның тарихи маңызы.
VІІІ. 19-ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Халыққа білім берудің жағдайы. Орыстардың білім беруінің ену процес- тері. Қазақ әдебиеті. «Зар Заман» дәуіріндегі қоғамдық ойдың бағыты. Шоқан Уәлиханов, оның ғылыми қызметі. Педагог Ыбырай Алтынсарин. Философ және Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев. Өнер және музыка мәдениеті. Кескіндеме және қолданбалы өнер. Аспаптық музыка классигі Құрманғазының шығарма-шылығы (1818-1889). Сазгерлер Дәулеткерей, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б.
ІХ. ХІХ-ХХ ғасырлар шебіндегі қоғамдық-саяси өмір
Исламшылдық және түрікшілдік. Қазақ зиялыларының саяси көзқараста- рының қалыптасу ерекшеліктері. А. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Сералиннің, М. Дулатовтың, Б. Қаратаевтың, М. Тынышпаевтың, М. Шоқаев-тың қызметі. Жалпы қазақтар съездерін шақыру, митингтер ұйымдастыру, петициялар қабылдау. Қазақстандағы кадеттер партиясының филиалы. Мемле-кеттік Думадағы Қазақстан депутаттары. Саяси баспасөздің дамуы.
Оралдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Верныйдағы, Павлодардағы социал-демократиялық үйірмелер мен топтар. Қазақстанның өнеркәсіптік орталықта-рындағы шаруалар қозғалыстары және жұмысшылардың көтерілуі.
Патша самодержавиесі құлағаннан кейінгі Қазақстан. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңындағы және кезеңіндегі саяси партиялар мен ағымдар, олардың бағдарламалық нұсқаулары. Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері. Алаш Орда және Кеңес билігі. Түркістан автономиясы және Кеңес өкіметі. Қазақстанды азаматтық соғысқа қатыстыру. ҚАКСР құрылуы. ҰЭС. Қазақстан мен Түркістанды ұлттық-мемлекеттік межелеп бөлу.
Х. Кеңестік жаңғырту
Елді кеңестік жаңғыртуға бағыт алу. Индустрияландыру. Индустрияланды-руды жүргізу жолдары мен әдістері туралы қайшылықтар. Қазақстанның кеңестік экономиканың шикізаттық қосымшасына айналуы.
1920-жылдардың екінші жартысының аграрлық реформалары және ұжым-дастыру. Тұтас ұжымдастыру әдістері, қарқындары, түрлері. 1929- 1931 жж. көтерілістер. 1931-1933 жж. аштық.
20-ж. аяғындағы – 30-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай. ҚазАКСР одақтық республика болып қайта құрылуы. 20 ғ. 30-шы ж. жаппай саяси қуғын-сүргіндер.

Білім беру. КАКСР халық ағарту ісі комитеті. Жалпы білім беру, бастапқы, орта, арнайы оқу орындары жүйесінің дамуы. Мәдени-ағарту мекемелері желісінің өсуі, олардың қызметінің түрлері мен мазмұны. Араб алфавитінен латын алфавитіне (1929) және кириллицаға (1940) көшу.
Алғашқы ЖОО. Ғылымның және ғылыми мекемелердің қалыптасуы. Тарихи ғылымның жағдайы. Әдебиет. Ж. Аймауытовтың, А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Дулатовтың, М. Жұмабаевтың, Б. Майлиннің, І. Жан-сүгіровтің, С. Сейфуллиннің, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтің және т.б. шығармашылығы. Өнер, театр, кино.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс-тің тарихи маңызы.
Қазақстанның фашистік басып алудан зардап шеккен республикаларға көрсеткен көмегі. Әскери өндірістің кең инфрақұрылымының дамуы. Семей ядролық полигоны, оның салдары. Балқаш ракета полигоны. Аралдағы биоло-гиялық қару. «Байқоңыр» космодромы және т.б.
Аграрлық саясаттағы «жаңа бағдар». «Тың жерлер эпопеясы». Экономика-лық салдарлар. Сталинсіздендіру. «Хрущевтің оттепелі». ХХ ғ. 60-70 жылдардың шаруашылық реформалары. Ірі құрылыстар. «Тоқырау кезеңіндегі» әлеуметтік-саяси процестердің ерекшеліктері. Ұлттық саясаттағы деформация. 1979 ж. Целиноградтағы оқиғалар.
«Қайта құру» идеологиясы. Қоғамды демократияландыру. 1986 ж. желтоқ-сан оқиғалары. Қазақстан түрлену және тәуелсіздік жолында. Қоғамдық-саяси қозғалыстар. Экономикалық дағдарыс.
ХІ. Ел халқы және демографиялық процестер (19-20 ғғ.)
Қазақстанның көп ұлттық тұрғындарының қалыптасуы. Демографиялық жағдай. Ресейдің Қазақстанды отарлауының тұрғындардың даму процесіне әсері. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты. Әскери әрекеттер — этнодемо- графиялық құрылымдағы өзгерістер факторы ретінде. Экономикалық өзгеріс- тердің көші-қонға әсері, оның құрамы және табиғи дамуы. Кеңес үкіметінің қоныс аудару саясаты. Саяси қуғын-сүргіндер және халықтардың Қазақстанға қуылуы. 50-80-ші жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгеріс-тер және олардың тұрғындардың дамуына әсер етуі.
Егеменді мемлекеттің демографиялық даму саласындағы саясаты. Қазақ- стан халықтарының ассамблеясы. Ұлттық келісім саясатын нығайту. «Тілдер туралы» Заң. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Шетелдегі қазақ диаспора-сы, оның саны және жер-жерге орналасуының негізгі орталықтары.
ХІІ. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылуы. Қазақстан қоғамының саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруы. Мемлекеттік билік-тің негізгі тармақтары. 1995 ж. Конституция. Қоғамдық-саяси жүйені демокра-тияландыру. Мүмкіндіктер теңдігі принципін қамтамасыз ету негізінде әлеу-меттік-бағдарланған рынокты құру. Құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғам институттарын құру. Қазақстан халықаралық

ынтымақтастық контекс-тінде. Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа ықпалдастығы. «Мәдени мұра» бағдарламасы.
1.4 Деректану материалының кешені
Отандық тарихтың көптеген өте маңызды проблемаларын табысты зерттеу деректану базасының жағдайына тікелей байланысты болады: археологиялық, этнографиялық, антропология, лингвистика деректері, ауызша (фольклор) және жазбаша деректер. Сонымен бірге берілген шектес пәндер деректерінің жиынтығын жұмылдыруды болжайтын, сол немесе өзге мәселені түсіндіруге кешенді амал бөлу қажет.
Бүгінгі күні Отандық тарих кез келген күрделілікті конструкциясы бар мәліметтердің орасан көп мөлшерін иеленген. Проблема онда тұтас алғанда тарихи процестің «объективтілігінің» жеткіліксіз сипатталуында ғана. Соған қармастан, олар қазақ тарихы эволюциясының күрделі калейдоскоптық проце-сін қайта құру мүмкіндігін береді. Бұдан өткен тарихтың объективті бағалау-дың құндылығын айқындау үшін, барлық жинақталған деректану материалын жалпылап қорыту қажеттілігі жетіледі.
Ерте кезеңдегі Қазақстан тарихын (тас дәуірі) зерделеуде, жазба ескерт- кіштердің жоқтығынан, жалғыз және басты дерек археология және антрополо-гия деректері болып табылады. Және де, бірінші мыңжылдықтан бастап біздің эрамызға дейін ғана. Отандық тарих тек археологиялық қазбалар бойынша ғана емес, сонымен бірге сол уақыт үшін жазбаша құжаты бар сипаты бойынша да қалпына келтіріледі.
Мал шаруашылығы тайпалары туралы аса ерте еске түсірулер Авестада» — зороастрий дінінің кітаптар жинағында кездеседі. Ондағы мәліметтерде мекендеушілердің өз атаулары (Еуразия территориясының әр түрлі аймақтары) және оның шектес елдермен байланыстары туралы мәліметтер бар. Бұл мәлі-меттер арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер, исседондар, аримаспалар және т.б. туралы. Ежелгі дәуірде (б.э. дейінгі мыңжылдықтар) көшпелі халықтар мен мемлекеттердің өмірі бірінші кезекте көршілес өзен аралығы, Антика және Қытай халықтарының жазбаша ескерткіштерінде сипатталды. Осы ежелгі халықтардың Қазақстан тұрғындары туралы әдеби ескерткіштері мыналар болып табылады: құдайлар ежелгі Ұрық қаласының патшасы жартылай құдай Гильгамешпен бәсекелесу үшін жаратқан, «далада туған» батыр бейнесін сомдаған, б.э. дейінгі 24 ғ. шыққан, «Гилгамеш туралы жыр»; Парсылық сына жазу мәтіндерінде, атап айтқанда Дария І (б.э. дейінгі 552-486 жж.) Бехустин жазбасында; антикалық ойшылдар: Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің еңбектерінде, олар сондай-ақ скиф философы Анахарсис туралы, сақ патшайымы Томирис пен Зарина, Скунх пен Спитамен көсемдері және т.б. туралы; Қытай деректерінде құнды мәліметтер бар: б.э. дейінгі 2-ғасырда Жетісуға барған, Чжань Цянь, «Ши Цзиде» қытай тарихының «әкесі» Сым Цянь (б.э. дейінгі 145-86 ж.), «Цянь Ханьшуда» Бань Гу (б.э. 1-ғ.) туралы.

Меншікті алфавиттік хаттың бар болуы туралы куәландыратын, ежелгі мәтінге «Күміс тостаған» Ыстық қорғанынан табылған олжа жатады. Онда 26 таңбадан тұратын жазу бар. Бір ғалымдардың пікірі бойынша, жазу түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары «белгісіз» хат пікірін ұстанады.
Тәңіршілдік дәуірінің әдеби ескерткіштеріне (немесе Көшпенділер жетіс-тігі): Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» немесе Фирдоуси нұсқасы бойынша оны «Афрасиаб» деп атайды және «Шу» дастаны жатады; Ғұндар кезінде «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» және «Ергенекөн» пайда болды; Түрік Қағанаты дәуірінде «Күлтегін», «Тоныкөк» және «Белгі қаған» сияқты туындылар жарық көрді.
Скандинавия және Оңтүстік Германия әдебиеттерінің ескерткіштерінен де: Исландия әндерінен, Норвегия аңыз дастандарынан, «Нибелунгтар туралы әннен» маңызды нақтылы мәліметтер жинауға болады, онда басты кейіпкер ғұндардың көшбасшысы Аттила (Еділ, Атли, Этцель) болып табылады. Аттила бейнесіне 18 ғ. француз драматургы Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила», 18-19 ғғ. неміс драматургы Вернер Цахарияс «Аттила», 19 ғ. ағылшын ақыны Герберт «Аттила және оның ұрпақтары», итальяндық сазгер Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа бір аттас картина салған.
Орта ғасыр кезеңінің Отандық тарихы бойынша маңызды нақтылы дерек-тер араб, парсы және еуропалық жазушы-географтардың, саяхатшылар мен тарихшылардың: Ибн әл Факихтің (10 ғ. басы), Ибн Батуттың (14 ғ.), Ибн Хордадбектің (820-912), Тамин Ибн Бахтың (9 ғ.), Қазақстанға 13 ғ. келген, Плано Карпинидің, Гильома Рубруктың, Марко Полоның еңбектерінде келті-рілген.
VI ғасырдан бастап тіпті ХІV ғасырға дейін Ұлы Даланың орасан кеңістік-терін мекендеген халықпен жасалған жазбаша ескерткіштер жалпы түркілік сипатта болады. Оларғамыналар жатады: шіркеулер қабырғаларындағы, стела-лардағы, кірпіш-тердегі, алтын және күміс ыдыстардағы, теңгелердегі, тері мен қағаздағы мәтіндер жатады. Олар стилі бойынша әр түрлі: эпитафия-жазбалар, тарихи-көркем, шаруашылық- тұрмыстық, діни және заңды мәтіндер. «Бітік», «Кодекс», «Диван», «Күлтегін» сөздері түріктерде қолжазбаны білдірді. Оларға: «Күлтегін» құрметіне жазылған руно ескерткіші, Х ғ. қолжазбасы «Ырқ бітік»; 8 ғ. екі кітабы — әскери және азаматтық шендердің қатаң иерархиясы, олардың тарихы туралы айтатын, «Екі негізді қасиетті кітап» және «Миран әскери бекінісінен алынған жазбалар»; екі жазбамен белгілі «Менің атам Қорқыттың кітабы» эпостық жазба ескерткіші, біреуі — Дрезденде, екіншісі Ватиканда сақталуда; генеалогиялық аңыздар негізінде құрылған, «Оғыз- наме» эпостық жазба ескерткіші, түріктердің шежіресі туралы айтыла-ды; 13 ғ. жазылған, «Куманикус кодексі» (Қыпшақтардың құт ісі) сөздігі, оғыз- қыпшақ үстеуінде латын алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың күнтізбелік және фольклорлық материалдары, латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздіктері бар.

Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің гүлдену уақыты, оның «Алтын ғасыры» болып табылады. Тура осы кезеңде (авторлары араб, парсы және түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Әл-Фарабидің, Әбу Райхан Бирунидің, Авиценнаның, Омар Хайямның, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Яссауидің өлмес шығармалары жазылды. Бірінші түркітанушы- ғалым, филолог Махмұд Қашқари (1029-1101) жазған «Түркі үстеулерінің сөздігінде» 11 ғ. жиналған түркі халықтарының жүйелендірілген лингвистикалық, тарихи эәне этнографиялық материалы бар. Ол: «Мен түріктердің, түрікмендердің, оғыз-дардың, чигилдердің, ягмалардың, қырғыздардың тілдерінің сөздерін жинаумен, сөйленістерінің әр түрлі айтылуын зерделеумен айналысып, олардың қалаларын, қышлақтары мен жайлауларын аралап шығу үшін, көптеген жылдарды өткіздім… Мен бұл іспен тілдерді білмегендіктен емес, олардың ерекшеліктерін, әр түрлі тайпалар сөздерінің мәні мен түріне қатысты, шебер реңктерін анықтау үшін айналыстым» — деп жазған.
Маңызды нақтылы мәліметтерді ауызша хикаялардан алуға болады. Бұл жырларда халықтың өз тарихы туралы поэтикалық көзқарасы үздіксіз ұштасып жатты. Оларға: мифтер, эпостар, дастандар, жыраулар, шежірелер, шешендік өнер және т.б. жатады.
Отандық тарихтың маңызды кезеңі туралы аса толық нақтылы материал- дар: Мұхаммед Қайдар Дулатидің (1500-1551) «Тарих және Рашиди», Ибн Рузбиханның (6 ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың жазбалары», Өтеміс Қажының (16 ғ. бірінші жартысы) «Шыңғыс наме», 16 ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме», Әбілғазы ханның «Түріктердің шежіре бұтағы» (17 ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (17 ғ. басы) «Жылнамалар жинағы» жұмыстарында, Қазақстанған 16 ғ. келген, ағылшын саяхатшысы Дженкинсонның жазба-ларында берілген.
Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н.Я. Бичурин (1777- 1853) «Ежелгі уақытта Орта Азияда мекендеген халықтар туралы мәліметтер жинағы», Левшин А.И. (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары», Вельяминов- Зернов В.З. (1830-1904) «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер», Бартольд В.В. (1869-1930) «Жетісу тарихының очерктері», «Түркістан тарихы», сондай-ақ бүгінгі күні де өздерінің маңыздылығын жоғалтпаған, В.Н. Татищев, Г.Ф. Миллер, П.И. Рычков, Т.Ю. Клапрот, В.В. Радлов, Ф.Э. Фишер, К. Риттер, Н.А. Аристов және А.Н. Харузин үлес қосты.
Отандық тарихтың мұрасына: Ш. Уәлиханов «1835-1865) «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Алтышар жағдайы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» және көптеген басқалар туралы; А. Бөкейханов (1866-1937) «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері», «Кенесары Қасымов сұлтанның тарихқа арналған материалдары» және т.б.; Ш. Құдайбердиевтің (1858-1931) «Шежіре» (Түріктердің, қырғыздардың, қазақтар мен хан әулеттерінің шежіре-сі); М. Тынышпаев «1879-1937) «Қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған материалдар» бай ғылыми мұра енгізді.

Қазіргі замандағы әлемдік тарихнаманы да Ұлы Дала халықтарын зерттеу-лер қызықтырады. Олар негізінде номадтық феноменін, саяси, шаруашы-лықтық, мәдени және қоғамдық өмірді ұйымдастыру өзгешеліктерін зерделеді. Осы проблема бойынша зерттеулер нәтижелеріне үнемі жариялайтын, номад-тықты зерделеу орталықтары Францияда, Германияда, АҚШ-та, Англияда, Түркияда, Финляндияда және көптеген басқа шетелдерде бар.
Әлемдік тарихнаманың шағын калейдоскопы жеткілікті түрде салмақты маңыздылығын көрсетеді, онда мұқият өңдеген соң қазақтану үшін қазақ халқының шынайы тарихының баға жетпейтін дереегі болды.
1.5 Теориялық-әдіснамалық бағдарлар
Адамзаттың ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін өткен жолы күрделі және қарама-қайшы. Оларды шешу тәсілдерін іздеу ғылыми әлемде ылғи да басты рольді атқарған. Классиктер: «Өмірге арналған тікелей материалдық құралдарды өндіру және сонымен бірге халықтың немесе дәуірдің экономика-лық дамуының әрбір берілген сатысы одан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқрастар, өнер және тіпті берілген адамдардың діни түсініктері дамитын және одан олар түсіндірілуі керек болатын негізді құрайды», — деп адамзат тарихы-ның даму заңын ашудың барлық маңыздылығын атап көрсетеді. Осы жағдайда, әлемдік мәдениет аясында, қазақ халқының тарихын көшпелі өркениет цикліндегі белгілі тұтастық ретінде шешуге ұмтылу келесі міндетті қоюды талап етеді: зерттеу әдісінің өзін зерттеу қажет. Әрі қарай, қарама-қайшы деректердің молдығына қарамастан, практикалық тұжырым жасау керек. Нұсқаны айқындап, түркі масштабындағы қазақтар тарихының (мал шаруашы-лығының өркениетті даму негізін құрағанын) әлемдік мәдениет аясында қалай дербес дамығаны туралы даусыз жағдайдан шығару қажет.
Бүгінгі күнге дейін ғылыми ой қазақтарға отырықшы тұрғындардың көзімен қарады, олар классикалық типті егіншілер эволюциясының экономика-лық категорияларын басшылыққа ала отырып, теориялар, тұжырымдамалар, сұлбалар құрды. Оны зерделеуде қазақтардың (және басқа түркі тілдес этностардың) шығу тегінің этникалық жоспарында «жергіліктендіру» тактика-сы қолданылған, келесі сәтті, тарихи аспектіде жалғандық элементтерін тудырған, «жойылған халықтар» ретінде мемлекеттердің (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, киммерийліктер, хазарлар және т.б.) пайда болу кезеңдерін сеніміді көрсетті. Кеңес идеологиясында «ұлттық мәселені» қолдау арқасында, «автохтонизм» тұжырымдамасы ұсынылды. Осындай идеяның нәтижесінде жасандылық үшін ыңғайлы тұжырымдама (бірақ түркі тілдес әлем үшін емес және картада Қазақстан мен Орта Азия деген белгілер пайда болады) және Ұлы Тұранды «ұлттық межеге бөлу» саясатында этникалық белгісі бойынша бөлу шешімі «қолайлы» шешілді. Көшпелі қоғамдарда шығу тегі

институты дамуының жалпы заңдылықтарын елемей, мұндай шешім онда елеулі-құрылымдық қайта құрусыз генерлогиялық ассимиляция болған, түркі тілдес халықтардың шығу тегінің ортақтығы туралы түсінікке сәйкес келетін, этно-генетикалық жоспарға практикалық шығын әкелді. Және бұл тұжырымдама идеологиялық негіз болды және түрікшілдік идеяларын әшкерелеген мәселенің пікір таласында саяси қолдау тапты (ХХ ғ. 20-30 жж.). Бірақ ол кезде онда этногенетикалық және генеалогиялық деректер мүлдем басқа түсініктерді көрсеткен, өте мазмұнды еңбектер болды. Біз барлық жазба деректер мен ғылыми жұмыстардың өзінше құнды және пайдалы екендігін атап өткіміз келеді. Бірақ, анықтаушы ретінде, халық ауыз шығармашылығы ерекше орын да алу керек. Өйткені олар онда тарихи сәттерден басқа, генеалогиялық және этногенетикалық хикаялар сипатталған, көшпелі қоғамдарға ғана тән. Осы аталған деректерді жұмылдыру үшін ол ғылыми өңдеу жүйесінен өту керектігін жоққа шығармаймын.
«Тілде» де көп пайдалы ақпарат бар. Лингвистің көмегіне сүйеніп, түркі тілдес халықтардың шығу тамырларын және «Арианам Вайджа» дәуірінің тұрғындарымен туыстығын байқауға болады деп санаймын. Мысалы, Ар, Арлы, Ару немесе географиялық – Арғын, Амур, Арагон және т.б. О. Сүлейменов айтқандай: «Тіл — көшіріп жазушылардың жөнсіздігінен құтылған тарихи ақпараттың аса бай резервуары … Ол тарихшылардың рақымсыз нобайына қайшы келетін мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің толық картина-сын береді» (О. Сүлейменов. Аз и Я. Алматы, 1990, 39 б.).
Тақырыптық талдау проблемасын қойғанда ұзақ уақыт бойы қазақтардың және басқа құрылулардың (Хандықтар құрылуының) тарихын жергілікті, жүйесіз және байланыссыз зерделеген көзқарастар пайдаланылды, яғни оның даму процесінде дағдарыс кезеңінің пайда болу кезеңі ретінде Еуразия номад-тығының пайда болу, даму, гүлдену, дағдарысқа ұшырау, құлдырау ағынында оның эволюциясының құрылудан (14-15 ғғ.) ареалы мүшеленді. Нәтижесінде, Нәтижесінде, қазақтардың тарихын берудің өзі өмірдің барлық ғажабынан айырылған, өгей бала сияқты көрінді. Және сондықтан да, жалпы контекстіде номадтардың өркениетін өзін тарихи процесс масштабында әрекетті мәдениет ретінде көрсетуі табысты болмады. Ал Еуразия континентінде өшпес із қалдырған (б.э. дейінгі 3-2 мыңжылдықтан б.э. 13 ғ. дейін) халықтар, «жойыл-ған халықтар» ретінде ғана түсіндірілді. Сөйтіп, егер номадтық тұтас және қажетті процесс ретінде тарихи түсінікте пайда болу, даму, көтерілу, дағдарыс-қа ұшырау және құлдырау кезеңдерін басынан өткізген, бір күні басталатын және бір күні аяқталатын құбылыс ұстанымынан қарастырылмағанын назарға алсақ, тағы бір міндет шығады.
Сонымен, өте ертеден орта ғасырға дейін «жойылған халықтарды» ұйым-дастырудың сол және бір «сұлбасы» «технологияның» белгілі типі бойынша дамыды. Атап айтқанда, технологияның онда егіншілік пен қала өмірінің динамикасында мал шаруашылығы (оның әр түрлерінде) «түйінді» және «жетекші» шаруашылық болып табылған типімен дамыды. Орталық

Азияның ежелгі және орта ғасырлық тарихында оның табиғи-климаттық жағдайлары маңызды роль атқарды. Географиялық жағдайлардың өзінділігі аймақ тұрғын-дарының өмірінде шаруашылық қызметінің екі негізгі типі — мал шаруашы-лығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) және егіншіліктің (жасанды суарудың әр түрлеріне негізделген, ирригациялық) үйлесімін ежелде анықтады. Соңғы онжылдықтың зерттеулері Еуразия туралы онда ежелгі өркениеттер қалыптасқан, маңызды аймақтардың бірі ретінде атуға мүмкіндік береді. Мысалы, археологиялық деректер біздің эрамызға дейін шамамен 3-2 мыңжыл-дықтардың өзінде-ақ едәуір қоныстанулар (қалаға дейінгі мәдениеттер) құрыл-ғаны туралы куәландырады. Б.э. дейінгі 1 мыңжылдықтың басында — б.э. дейінгі 2 мыңжылдықтың ортасында шаруашылық құрылымдарының дамуы нәтиже- сінде ирригациялық егіншілік едәуір жетілді, қала орталықтары пайда болды, аймақ өмірінде оның алуан түрлерінде мал шаруашылығы үнемі үлкен роль атқарды. Номадтықтың дамуы көбінесе саяси үстемшілдік немесе «алым» түрінде көршілес елдермен байланыстың бар болғанын болжады. Вебер былай деп жазады: «Қытайға, Үндістанға және Батыс елдеріне қол жеткізген, Орталық Азияның көшпелі халықтарының басып кіруі олардан ежелгі ұлы мәдениеттер жылқыны пайдалануды алды». Карл Ясперс былай деді: «Жылқы-ны пайдалану… адамның үйреншікті топырақтан қол үзуіне әкелді, оған қиыр шеттер мен қозғалыс бостандығы ашылды». Каутскийдің ескертулері де қызықты: «Егер біз шаруалар мен номадтардың психологиясындағы үлкен айырмашылықты назарға алсақ, онда бізде шаруалар мен номадтар тұлғасында екі фактор болады, олардың белгілі даму сатысында өзара әрекеттесулері номадтардың шаруаларды өздеріне бағындыруына және оларды өздерінің алымшылары етуіне әкеліп соғу керек. Көшпелі тайпалар көптеген қауымдар мен шаруалар облыстарын бір тұтасқа қосты, осы қоғамның басында тұрды, оны пайдалана бастады. Бірінші мемлекеттер осылай құрылды». Бұдан басқа, экономикалық және саяси дамуда сауда, әсіресе осы аймақты Азия және Еуропа елдерімен байланыстырған, «Ұлы Жібек жолы» сияқты белгілі, халықаралық сауда елеулі роль атқарды.
Халықтарды құру процесі күрделі, динамикалы болды. Орталық Азияның тарихында прогрессивті роль атқарған халықтардың шығу тегімен, тілімен және этникалық тиесілігімен байланысты мәселелерде бірыңғай пікір жоқ. Автор О. Сүлейменовтің түркі тілдес нұсқау туралы ұстанымын қолдаса да, соған қарамастан, көне дәуірде пайда болған халықтар және т.б. өзінің ортақ тілмен, ортақ мәдениетпен бірлігін сезінді. Бұл ақырында, мемлекеттік инсти-туттардың қалыптасуына әкелді, онда өзіндік діни синкретизм рухани күйі болып табылды, оның шеңберінде әр түрлі құдайлар мен ғұрыптар (жалпы мифология, зороастризм немесе тәңіршілдік, христиандық және ислам) жанас-ты. Осы (шаруашылық-саяси) қатынастар қоғамдық өмірде рулық-тайпалық сипатта базаланған, әлеуметтік және биліктік құрылымдардың өте тұрақты институтын тудырды. Барлық жағдайға қатысты өзара қатынаста реттеу құра-лына параллель келесі күш —

әскери ұйым (әскери индустрия) және оның соғыс жүргізу өнері дамыды. Қорытындысында кеңістіктік-территориялық организм немесе географиялық орта белгілі шаруашылық-саяси укладтың төселуіне мүмкіндік туғызды деп белгілеуге болады: әскери-билік құрылымының эволю-циясы әлем құрушы (мироустроитель) импульсінің проекциясын құрады, оның айқындалуы еуразиялық континенттің алып территориясын бірыңғай конструкцияға бірігуін сезіну болып табылады. Ерекше өркениеттік еріктің айқындалуы ретінде – көшпелі империялар осылай құрылды.
ІІ-бөлім. Көшпелі тәсіл немесе көшпелі қоғам эволюциясы
Қазақ мәдениеті қалыптасуының бастапқы кезеңі біздің эрамызға дейінгі 3-2 мыңжылдықтың шебіне шығады. Тарихи ғылымдағы ежелгі фазаны архео-логиялық ескерткіштердің орны бойынша ажыратады: Днепр мен Волга ара-сында қалыптасқан Срубная мәдениет; Енисей пен батыс Монғолияда — Афанасьев мәдениеті; Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның оңтүстігінде — Андронов мәдениеті ресімделді, оларда мал шаруашылығын экономикалық бағдарланған мамандандыру болады. Шаруашылықтың мал шаруашылығы жүйесінің айқын болатыны соншалықты, оның өзгеше типі қарастырылатын аймақта б.э. ХХ ғ. дейін болды. Көшпелі тәсілдің немесе номадтық феноменінің оның бірегейлігінен, арнайыландырылғандығынан ғана емес, сонымен бірге оның әлемнің барлық бөліктерінен кеңінен таралғандығынан тұрады. Біздің бағытымыз еуразия далаларының номадтық типінің эволюциясы мәселелерін көтереді.
Тарихи әдебиетте «номадтар» терминіне байланысты ғалымдар әр түрлі мағынаны береді. Бағалар әр түрлі себептермен тудырылатын болатындықтан (ғалымдар еуразия далаларының аймақтарын ғана емес, сонымен бірге әлемнің басқа континенттерін), сипаттамаларды берудің өзі алуан түрлі сипатта болады. Термин мағынасының молдығына қарамастан, бізді түркі әлемінің масшта-бында қазақ халқының тарихына қатысты болған аймақ аса қызықтырады.
Еуразия даласында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы бір мезгіл-де болды және уақытта бірнеше мыңжылдықты алды. Оның басталуы б.э. дейінгі 6-5 мыңға тіреледі. Алайда, зерттеушілердің пайымдауы бойынша б.э. дейінгі ІІІ және тіпті ІІ мыңжылдықтағы мал өсірушілер нағыз көшпенділер болған жоқ деген басқа пікір де бар. «Дала қоласы» мәдениетінде (б.э. дейінгі 3-1 мыңж.) — олардың барлығының шаруашылығы кешенді, мал шаруашылық-тык-егіншіліктік немесе егіншіліктік-мал шаруашылықтық болып табылды. Ғылыми әлемде көшпелі мал

шаруашылығының пайда болуына байланысты теориялар немесе тұжырымдамалар жеткілікті түрде әр түрлі. Біреулері мал шаруашылығының пайда болуын аң аулаудан шығарады. Екіншілері мал шаруашылығы мен егіншіліктің бір-біріне тәуелсіз пайда болуы мүмкін деп айтады, бірақ олар да мал шаруашылығын аң аулаудан шығарған. Кейбір ғалымдар аридизациямен байланысты, климаттық өзгерістерге үлкен мән береді. Кеңес әдебиетінде көшпелі мал шаруашылығына өтуді мал басының өсуімен және оларды асырау қиындығымен байланыстырды, яғни бірінші кезекте мал шаруашылығында мүдделі адамдар топтары, егіншілікті қолдануды тоқтатты да, номадтарға айналды. Осы кезге дейін ұсынылған, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуын түсіндіруге ұмтылған теориялар жоққа шығармайды, керісінше бір-бірін толықтырады.
Ескерту: Номадтардың ұлы жетістіктерінің санына көшпенді өркениет-тің шығу тегінде орасан роль атқарған, жылқының домистикациясын жатқызу керек. Жылқы көшпенділердің шаруашылықтық-мәдени жүйесін қалыптастыруда баға жетпес маңыздылықты иеленді. Ол коммуникацияның, соның ішінде әскери істе басты құралдардың бірі болып табылды. Ботай энеолитикалық қонысында археологтар жылқылардың 99%-тен астам мүрде-лерін тапты. Ғалымдар мұқият талдаған соң оның үй жағдайларына бейім-делгендігін көрсетті. Бұл олжа «жылқы өсіру мәдениеті» деп аталатын мәдениетті қалыптастыруда көрініс тапты (неолит-энеолит дәуірінде). Өндірістің экономикалық стратегиясы ретінде мал шаруашылығының аридтік аймақтарда дамуында жылқы аса қолайлы болды. Сондықтан, жылқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде түйінді айқындамалардың бірін иелене отырып, көшпелі тәсілді қалыптастыруда кенеттен револю-циялық өзгеруге себеп болу фактісінің даусыз болып табылуы мүмкін.
Сөйтіп, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының күрделі және көп қырлы құбылыс болғаны соншалықты, оны қандай да бір оқшауланған фактормен түсіндіру мүмкін емес. Көшпелі мал шаруашылығының бастаулары аса айқын орнымен (мұнымен ғалымдардың көпшілігі келіседі) неолиттік революцияға — бірден кешенді егіншілік-мал шаруашылығы түрінде болған, өндіруші шаруашылықтың қалыптасуына кетеді. Өндіруші шаруашылық әр түрлі жолдармен таралды, олардың маңыздысы көші-қон және алмасу болды. Ол өзге қоршаған табиғи ортаға бейімделуге, жануарлардың жаңа түрлерін үй жағдайларына бейімделуге және белгілі шаруашылық қалыпқа арнайыланды-руға әкелді. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының технологиялық алғы шарттары келесі себептердің өзгеруімен байланысты: табынның түрлік құрамы, мал шаруашылығының жылжымалы және экстенсивті түрлерінің ұзақ практикасы, доңғалақты-жеккіш көлік, салт аттылық және мүмкін экологиялық қондырғылар. Аймақта климаттың, экономикалық және саяси жағдайдың өзгеруі б.э. дейінгі ІІ-І мыңж. шебінде көшпелі мал шаруашылығына өтуіне әкелді. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы аридтік аймақтарда өндіруші шаруашылықтың таралуында маңызды кезең

болды. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы бірінші кезекте егіншілікке аса тиімді шаруашылықтық балама ретінде дамыды. Егер қымбат тұратын салымдар, яғни жер суландыру жұмыстары жүргізілген және арнайы ауыл шаруашылығы дақылдары ендіріл-ген жағдайда ғана, территорияның номадтар алып жатқан бөлігінде егіншілік мүмкін болады. Дәстүрлі өндіруші шаруашылықтың барлық түрлерінен, атап айтқанда көшпелі мал шаруашылығы ауқымды экологиялық аймақтардың әлеуетті рестарын меңгере және пайдалана алды. Алайда (берілген аймақтың өзгеше ерекшелігі ретінде), номадтықты көшпелі мал шаруашылығымен толығымен теңдестіруге болмайды, бірақ соңғысы оның шаруашылықтық негізі болып табылады (арнайыландыру басым орынды алады). Географиялық қатынаста Еуразия далалары (Дунайдан бастап солтүстік Қытайға дейін) ланшафттармен алуан түрлі. Осы жағдайлардың арқасында бір облыстарда егін шаруашылығы дамиды, басқаларда мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы жағдай жасайды, ал өзге облыстарда екі түр де параллель дамыды.
Қазіргі уақытта мал шаруашылығының негізгі түрлері немесе мал шаруашылығының әр түрлерінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Қарастыры-латын құбылысты және оның генезисін талдау үшін ғалымдар әр түрлі сайлау категорияларын қолданды: географиялық бөлінуі, табынның құрамы, мерзім-ділігі, отырықшылық дәрежесі, егіншіліктің салмағы және т.б. Негізгілер ретінде: көшпелі, жартылай көшпелі, бақташылық, жайлаулық, отырықшы және үй маңындағы отырықшы мал шаруашылығы атап көрсетіледі. Мал шаруашы-лығының қарастырылған түрлері сондай-ақ шаруашылық бейімделудің әр түрлі тәсілдері болып табылады, ол ақырында ең алуан түрлі факторлардың әрекетімен анықталды.
Ежелгі уақыттан бастап көшпенділерге қатысты отырықшы әлем мифтік бейне (жасырын күш пен үрей бейнесін) жасаған. Олардың өмір салтының сипаттамалары оның отырықшы тұрғындар үшін үйреншікті емес екендігіне назар аудартады. Осылай жазбаша әдебиетте әсер мен сезім бейнелеріне толы олардың тұрмысы мен ғұрыптарының стандарттық сипаттамалары пайда болды. Антиктік және Орта ғасыр дәуірінде тура сол сипаттамаларды (мұраға қалған сияқты) көреміз, бірақ ерекше көшпелі өмір туралы түсінік қалыптас-қан. Көшпенді белгілі этносқа тиесілілігін ғана емес, сонымен бірге оны зерделеуде экологиялық бағыт пайда болатын, шаруашылықтың ерекше көшпелі типінің бар болуын да білдіреді. Сонымен бірге номадтардың адамзат дамуының жалпы сұлбасына енуі болып жатады және әлеуметтік-саяси зерделеу бағыты әзірленеді. Арабтардың әдебиет көздерінде (номадтық проблемасы) экологиялық орта байланысы маңызды негіздеме алады. Әлеуметтік сипаттамада туыстық және генеалогиялық байланыстардың маңы-зына назар аударылады. Рашид ад-Диннің және Ибн Халдун мен оның ізбасарларының еңбектерінде көшпенділер алғаш рет өркениетке қарама-қарсы емес, ал оның шоғырланған, құрама және тіпті қажетті бейімдеуші бөлігі болады. Көшпелі басып кірулер тарихи өткен іс

болғанда, батыс Еуропада (жаңа уақыт) тұтас тарихи процесте номадтардың орнын қайтадан анықтау талпыныстары жаңартылды. Олардың көбісі (Монтескье, Фергюссон, Адам Смит, Гегель және т.б.) адамзаттың жалпы дамуында, мемлекет пен өркениет-тің пайда болуында номадтардың алатын орнын анықтады және атқаратын ролін бағалады. Расында, көшпенділерді егіншілік қоғамының классикалық технологиясы әдісінің амалдары тұрғысынан қарастырды. ХХ ғасырда жаңа теориялар мен ғылыми амалдар: әлеуметтік-мәдени және табиғи-географиялық бейімделу тұжырымдамалары, функционалды-құрылымдық, бихевиористік, неоэволюционистік және әр түрлі айқындалған, экологиялық бағыттар пайда болды. Кеңестік ғылымда номадтықты зерттеу марксистік бағыт шеңберінде жүргізілді, сондықтан номадтық проблемасын қоюда өрескел қателер жіберіл-ді. Қазіргі кезеңде көшпелі қоғамдардың отырықшы қоғамдардан ерекшелік-теріне, олардың әлеуметтік-саяси ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне, қызмет етуі мен дамуының өзгеше жолдарына көп назар аударыла бастады. Осы проблемалар бойынша пікірталастар әр түрде бүгінгі күні де жалғасып келеді. Соңғы жылдары экологиялық зерттеулер де ала бастады.
Онымен көшпенділер дүниежүзілік тарихтың майданына шыққан маңыз- ды мамандық металл өндіру (алдымен қоланы, сонан соң темірді өндіру) болды. Қола (б.э. дейінгі 3-2 мыңж.) мен темірдің (кейбір аудандарда б.э. дейінгі 2 мыңж. ортасында, ол б.э. дейінгі 1 мыңж. басында жалпыға таралды) қару мен құралдарды жасау үшін негізгі материал ретінде игерілуі және таратылуы, қызметтің көптеген салаларына қуатты ынта берді. Өндіріс мүмкін-діктері едәуір кеңейді, жаңа қола-темір құрал-саймандарымен жабдықталған, қолөнердің меншікті салмағы күрт өсті; көшпелі қоғамның маңызды құрылымы ретінде, әскери іс техникасы кеңінен дамыды. Сонымен бірге қолөнерші-металлургтер рудадан металл (қола мен темір) алуды және одан қажетті нәрселерді соғып шығаруды біліп қана білмей, сонымен бірге металды көміртектендіру, цементтеу жолымен, шынықтырудың әр түрлі тәсілдерімен және т.б. бұйымдарға белгілі қасиеттер бере алды. Мысалы, ең ірі қолөнер орталықтары: Днепрдің сол жағалауындағы Каменск қаласы – б.э. дейінгі 5 ғ. (Сақтар дәуірі); Забайкалье, Монғолия және Ордос, олардың ішіндегі аса айқыны — Иволга кешені — б.э. дейінгі 8 ғ. — б.э. дейінгі 1 ғ. (Ғұндар дәуірі); Сібірдің, Алтай мен Орталық Қазақстанның Оңтүстігі және т.б. Иволга ескерткішінде әр түрлі темір бұйымдары: еңбек қарулары, ат әбзелінің бөлшек-тері, белдіктерге арналған тоғалар ұсынылған және ерекше атап кететіні, шабуылдық та (жебелердің ұштықтары, қылыштар мен қанжарлар), қорғаныс-тық та (темір қабыршақты пластиналар) темір қару. Қоныстарда темірді балқытатын көріктер де, көптеген қалдықтар да табылған. Осы өндірістің дербестілігі заттардың өзіндік пішінімен көрсетіледі, олардың көбінің ұқсасты-ғы жоқ. Қолөнердің қоладан құйылған, сүйектен кесілген және зергерлік сияқты басқа түрлері де дамудың жоғары дәрежесіне жетті. «Еуразиялық аңдар стилі» деп аталған стильде безендірілген қола бұйымдар, көшпенділердің ежелгі өнері бойынша

каталогтарға енгізілген. Және металдарды өңдеу бойынша осындай бұйымдар түркі кезеңіндегі (б.э. 3-9 ғғ.) археологиялық барлаулармен табылған. Темірді алу тәсілі ылғал соғылған тәсіл болды. Темір тотығын көміртек тотығымен химиялық қосу жолымен темірді қалпына келтіру криц деп аталатын, губкалы металл массаны берді. Крицті темірдің сапасы қазірдің өзінде домналықтан едәуір жоғары болып саналады. Ылғал соғылған темірдің құрамында 99,45% дейін таза металл болды және сондықтан қақтауға өте төзімді және берік болды. Жоғары сапалы темірден көшпенділер – ұсталар бір жүзді пышақтар, шот балталар мен балталар, үзеңгілер, ауыздықтар, семсерлер, шамалы иілген және массивті жүзді қылыштар, найзалар мен жебелердің ұштықтарын, екі типті: дөңгелек – аспалы және тұратын – конустық аяқта темір қазандықтарды жасады. Металлургияның дамуы түрік қағанат-тарына өз әскерін қайта қаруландыруға және сауыт киген кавалериядан іріктелген, соққылық бөліктерін — бөрілерді құруға мүмкіндік берді. Сөйтіп (археологиялық және жазбаша деректер пайымдағандай), ертеде де, орта ғасыр дәуірінде де көшпенділер Еуразия далаларында темірді өнеркәсіптік өндіруді алғаш рет игерген және осының арқасында сол уақыттың империяларына қатысты өзін тәуелсіз жағдайға қойған халық ретінде әлемдік тарих алаңына шықты.
Номадтардың әлеуметтік даму сатысы туралы мәселе өте күрделі және егер тайпалық құрылымдар арасында – шаруашылықтық-саяси бірлік анық бөлінбеген болса, шешіле алмайды. Яғни, модельдің құрылымдық қаңқасы (әлеуметтік-саяси ұйым) – жылжымалы (қызмет ету шамасы бойынша), және нақты шындықтың өзгешелігіне сәйкес олардың өзгеруіне бейімделген. Көшпелі модельдің басты ерекшеліктері өсіп-өнген отбасы ретінде қоғам немесе шығу тегінің принципі және генеалогиясы туралы түсінік болып табылады. Көшпелі модельдің кейбір жалпыланған ерекшеліктері осындай. Еуразия далаларының көшпелі қоғамдарының әлеуметтік-саяси құрылымы келесі сұлба түрін қабылдайды: отбасы – ауыл – аталар (аймақ) – ру – арыс – ұлыс – жүздер — Ел (Қаған, яғни билеуші). Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымының көп сатылығы және сатылы бағыныштылығы, ғылыми термино-логия үшін тым саралап жіктелмеген болып көрінеді. Өзінің «арысы» және т.б. туралы айтатын көшпенді және осы терминдерді ғылыми тілге аударатын ғалым, әр тілде сөйлеп қана қоймай, сонымен бірге әр түрлі категориялармен ойлайды. Көшпенді үшін өзі тиесілі болатын ру немесе арыс, және констексе байланысты бұл терминдер әр түрлі таксономиялық деңгейлі бірліктерді білдіруі мүмкін. Модель мынадай: әлеуметтік ұйымның күрделі және көп сатылы түрі болады және туысқандық және шығу тегі ұғымдарында тұжырым-далады. Бірақ тіпті осыдан кейін де келесі процедуралар: өндірістік қауымдар, территориялық түзілімдер, туыстық топтар, келісім-шарттық қауцмдастықтар және т.б. қалады. Ақырында, көшпелі қоғамның әлеуметтік ұйымының құры-лымдық- функционалдық моделін құру үшін, типологияларды және таксоно-миялық жоспарларды атап көрсету қажет: шаруашылықтық немесе өндірістік;

генеалогиялық; және оған территориялық аспект жататын, әлеуметтік-саяси жоспар.
Ақырында, ішкі ғана емес, сонымен бірге сыртқы факторлармен де, атап айтқанда сыртқы әлеммен өзара қатынастар сипатымен, даму деңгейімен және оның өзгешелігімен, яғни оның сыртқы әлеммен өзара қатынастарының ерекшеліктерімен және қажеттіліктерімен анықталатын тағы бір жағдай. Бұл жағдай кез келген типті номадтықтың тәсілдері мен құралдарында айырма-шылықтар болғанша, ол оқшау жұмыс істей алмайтынын растайды. Әлеумет-тендірілген көшпелі қоғам екі себеп: экономикалық және әлеуметтік-саяси талпынушылық бойынша сыртқы әлеммен байланыстарға және өзара әрекет-тесуге белсенді түрде ұмтылады. Сыртқы әлеммен байланыс түрлерінің бірі ретінде экономикалық тәсілге сауда жатады. Мал шаруашылығына негізделетін экономика сауда үшін қажетті артықтар тудырды, яғни салыстырмалы түрде жоғарлы тауарлы экономика болып табылды. Ол бойынша номадтар сыртқы әлеммен байланысқа белсенді ұмтылған және экономикалық себептерге ерекше қызығушылық білдірген келесі сәт — тұтас алғанда қоғамның мүдделерінен сөзсіз ерекшеленген, көшпелі аристократия ұстанымы болды. Номадтардың сыртқы әлеммен саудасының келесі өзгешелігі саяси мақсаттарды іске асыру үшін геостратегиялық пайдамен анықталды. Керуен саудасы (Ұлы Жібек жолы) және оған қызмет көрсету көшпенділерге үлкен пайда әкелді. Көшпенділердің керуен саудасындағы ролі ең алуан түрлі болды, өйткені керуен саудасы бірінші кезекте саяси және экономикалық жағдаймен үнемі байланысты болған. Сондықтан, сауда ғана емес, сонымен бірге тіпті оның маршруттары да саясаттың құралы болды. Номадтар керуен саудасына бақылау жасай отырып, оны монополияландырды және сондықтан оны өз мүдделерінде пайдаланды және аса үлкен пайда алды. Сөйтіп, сыртқы әлеммен сауданы тудырып, көшпенділер әлемдік кеңістікке қосылды, оның дүниежүзілік мәдениет масштабындағы нәтижесі ретінде – Ұлы Жібек жолы жұмыс істеді.
Әлеуметтік қатынастарды айқындау үшін, мемлекеттің ішінде территория-лық байланыстардың дамуы ретінде (номадтардың жылжымалылығына байла-нысты) балама ретінде туысқандық принципін алға қояды. Аса елеулі принцип шығу тегінің институты болып табылады, онда туысқандық қатынастарының құрылым құраушы ролі тұжырымдалады. Бұл туысқандық пен шығу тегі әр түрлі сфералар мен әр түрлі деңгейлерде ғана әрекет жасап қоймай, сонымен бірге олардың әр түрлі функционалдық бағытталғандығы болады. Әр түрлі типологиялық жоспарлардың (әлеуметтік, экономикалық және өндірістік қажеттіліктермен байланысты) төменгі бөлімшелері (будун, халық) туысқан-дық және келісім-шарттық қатынастарда анықталады. Басым көпшілігінде әлеуметтік- саяси функциялары бар жоғарғы бөлімшелер (мемлекетті ұстаушы-лар және оларға жататындар), шығу тегі принципіне негізделген. Туысқандық индивидтің қоғамдағы ұстанымдарын әлеуметтендіреді, олардың шығу тегін заңды деп таниды. Шығу тегінің ортақтығы туралы түсінік

қоғамдық ықпалдастықты идеологиялық негіздеу болады. Сонымен бірге генеалогиялар жеңіл инкорпорацияны және елеулі құрылымдық қайта құрусыз, бөтен топтардың олардың меншікті топтарына бейімделуін идеологиялық қамтамасыз етеді. Генеалогиялардың тағы бір функциясы — біртексіз модельдің әлеуметтік теңсіздігін заңды деп тану. Ұйымның жоғарғы деңгейлері (билік құрылымы) өндірістік процестерден шықпайды, сондықтан олар бірінші кезекте әлеуметтік-саяси жоспарды білдірмейді. Бұл мағына көшпелі қоғамды саяси ынтымақтастықтың: түйінді ресурстарды ұтымды үлестірудің; қайта көшу маршруттарын үлестірудің, белгілеудің және реттеудің; өндірістік процестер үшін ішкі тәртіпті анықтаудың; қорғаныс, өңделетін жер, көші-қон, соғыс қажеттілігінің даму бағыттарымен анықталады; егіншілік-қалалық әлем-мен өзара қатынастардың және өзара әрекеттесудің ерекшеліктері және т.б. Әлеуметтік институттар мен байланыстарды айқындау үшін, көшпелі ортада жасалған ескерткіштердің (руно жазулары бар тас стелалар) ерекше маңызы бар. Патшалық хрониконы және маңызды декларациясы бар бұл ескерткіштер монументтік насихаттау құралы болды. Олар әлемнің көрінуін және картина- сын сипаттады, құрастырды және қалыптастырды, өмірлік және өнегелі идеалдарды, ниеттер мен мақсаттарды қорғады және байлады. Көшпелі қоғамның құрылымы ғасырлар бойы қалыптасты және әскери тұрмыстың мақсаттары мен міндеттеріне бейімделді. Ру-тайпа ұйымы (халық) және әскери-әкімшілік ұйым (шырша) әлеуметтік байланыстардың тығыздығы мен беріктігін анықтай отырып, бір-бірін өзара толықтырды. Хан «шыршаны ұстап тұрып, халықты басқарды». Ол генеалогиялық иерархия құқығы бойынша «азаматтық» басқарма басшысының қызметтерін жүзеге асырды және көсем, жоғарғы сот және жоғарғы абыз ролін атқарды. Сонымен бірге, саяси ұйымды басқарды және басқа халықтарды өзіне бағындарған және оларды алымдар мен салықтар төлеуге мәжбүр еткен, әскери басшының қызметтерін орындады. Оның арасында басқа халықтарды (егіншілер көзделіп отыр) бағынуы және оларды жаулап алу көшпелі қоғамды әлеуметтік-саяси ұйымның ауысуына әкелді. Тайпалық аристократияға сүйенген, «шыршаның», яғни әскери-әкімшілік басшылықтың және жеке ортаның қызметтері осындай. Бұл қасиет-тер мемлекет құрушы рольді орындады, яғни номадтар халық және ұлт ретінде атап айтқанда Империяда, оны салу қаһармандығында, оны қорғау ерлік- терінде, оны кеңейту үшін жорықтарда қалыптасты, дамыды және пісіп- жетілді және өркениеттік универсализм типі ретінде, Еуразия қамалы стратегиялық мақсатты орындады.
Кез келген әлемдік наным сияқты, қазақтың нанымдары мифологиялық философиядан басталады, оның басы түп-тамырымен ғасырлар тереңіне, б.э. дейінгі ІІ-І мыңж. кетеді. Миф дәуірі – бұл адам болмысының ерекше руының — трансценденцияның, рефлексияның пайда болу дәуірі. Ясперс өзінің «осьтік уақыт» тұжырымдамасында дәл осы уақытта (б.э. дейінгі 500 жыл) адамзат рухы бұзылды деп пайымдайды: «Сол кезде жасалғанмен, сол уақытта құрыл-ғанмен және ойланғанмен, адамзат

бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді. Өзінің әрбір бұзылуында адамдар, еске түсіре отырып, осьтік уақытқа қарайды, сол дәуірдің идеяларымен тұтанады». Номадтың табиғатқа осы көзқарасы тәңір-шілдіктің пайда болуына әкелді. Ол, монотеистік мағыналы дін ретінде болып, оның дамыған космогониясы, этикалық аспектісі болды, оның мәні шынайы құдірет пен таза заңды ұғынудан, Тәңірдің «мөрлеріне»: махаббатқа, сенімге, үрейге, жігерге және кемеңгер білімге ілесуден тұрды. Тәңір — жігерлі, құдірет-ті, білгіш, дана. Ол – Универсумдағы үйлесімнің, тәртіптің бейнесі. Тәңірге бата бергенде баршылықтың барлығы, және адам пайда болды. Бірақ адам үшін басқа функция дайындалған — Ол бастапқыдан бірыңғай бөлінбейтін Универ-сумның орталығы, қозғаушы күші, онда Универсумды әрі қарай жетілдіру үшін Тәңірдің құдайшыл энергиясын шоғырлау және ауыстыру болу керек. Жоғарғы дүниенің басқа құдайы Ұмай — онда міндетті атрибут «алтын садақ пен жебе» болған, жасампаз жанды күшті бейнелейтін, отбасын жебеуші болды. Пантеонда жер әлемінің құдайы Ыдық Жер-Су да маңызды роль атқарды. Осы құдайлардан басқа мәңгі зырылдайтын уақытты символмен көрсететін, Ала атты жол тәңірі – бұл бақыт құдайы, және Қара атты жол тәңірі – ұлы тағдыр құдайы. Кляшторный атап өткендей: «Жол тәңірі кіші құдайлар, Тәңірдің кішкентай туыстары болып табылады, олар оның еркін орындап, үнемі жол үстінде болады және қағандар сияқты, аспанға сұрақтарымен және өтініш-терімен қарай отырып, … Ортаңғы әлемнің Жоғарғымен кері байланысын жүзеге асырып, Жоғарғы мен Ортаңғы әлемді байланыстырады». Төменгі әлемнің кейіпкері – оның әміршісі адамдарды айыратын және оларға өлім хабаршыларын жіберетін, Ерлік болып табылады.
Қазақтардың (көшпенділердің) түсініктері бойынша Ғарыш құрылымдан-дырылған, онда иерархиялық деңгейлер көрсетілген. Олардың жоғарғысы Аспан — Тәңірдің мекені, Ортағысы – адам әлемі, оның болмысының кеңістігі және Төменгі – тартар, өлілер патшалығы, қараңғылық патшалығы. Осы деңгейлердің әрқайсысы жануардың нақты түрін анықтаған. Ат — жоғарғы әлемнің символы. Қой – материалдық, жердегі әлемнің символы. Сиыр — о дүниенің, өлілер әлемінің, ретсіздік әлемінің, бастапқының символы. Түйе — барлығын біріктіретін бірлік — Ғарыш символы, төртінші шама. Ең жоғарғы тотем, бостандық символын көрсеткен, қасиетті жануар Қасқыр болған. Жануарларды құдай деп тану поэзияда да, жартастағы суреттерде де, қолданбалы, ою-өрнек өнері туындыларында қалдырылған, далада құралған «аң стилі» өнерінің негізіне жатты.
Сонымен, Тәңіршілдік көшпелі өмір салтымен үйлесімде қазақ руханилы-ғының басқа түрлерден өзгешелігін қалыптастырды, ол ең алдымен, табиғат пен өмірдің алдындағы тұтастықтан, әмбебаптылықтан, ғарыштықтан және теңесуден тұрды. Ол адамды микрокосм ретінде ғана қарастырмай, сонымен бірге адам мен Универсум мәнін көп мағыналы, көп деңгейлі түсіну негіздерін салды. Және адамды жетілдіруге, ең алдымен ол Біртұтасқа, Абсолютке, Ғарышқа сәйкес келу үшін, оны адамгершіліктік өзгертуге бағытталған.

Комсоцентризм көшпенділердің маңызды ерекшелігі ретінде сапа, өлшем, кеңістік пен уақыт, оның тіршілік ету мағынасы, оның адамгершілігі ұғымдары арқылы әлем бейнесін құрастырды. Атап айтқанда әлемді осылай қабылдаудан қазақ (түрік) менталитетінің ерекшелігі шығады, ол өз кезінде несториандық мағыналы иудаизмге, буддизмге, христиандыққа (оқиғасы, халықаралық жағдайы, объективті жағдайлары және т.б. бойынша) және содан кейін сопылық идеологияға ауысқан ислам. Бұл кездейсоқ емес, өйткені дәлелдер (аталған діндер) бастапқыда осы білімге тән болды. Г. Гачев атап айтқандай: «біз ұлттық сипатқа емес, әлемге деген ұлттық көзқарасқа назар аудаармыз, психологяи емес, гносеология, ұлттық көркем логика, ойлау қоймасы: берілген халық қандай «координаталар торымен» әлемді байқайды және, сәйкес түрде, оның көзінің алдында қандай ғарыш тұрады. Бұл ерекше «бетбұрыс», онда берілген халықтың алдында болмыс тұрады және әлемнің ұлттық бейнесін құрастырады» (Гачев Г. Әлемнің ұлттық бейнелері. Мәскеу, 1988, 23-б.).
ІІІ-бөлім. Этногенез проблемасы
Қазіргі уақытта әлемде бірнеше мыңдаған халықтар (этностар) тұрады. Әрбір этностың оның санына, сапалы күйіне және қазіргі әлемдегі роліне байланыссыз өзінің, кәдімгі күрделі тарихы бар. Нақты этникалық тарихты зерделеу — өте қиын нәрсе, әсіресе ең ерте кезеңдерді зерттеу күрделі. Оның сол немесе өзге элементтерден қалыптасуынан тұратын, халықтың этникалық тарихының бастапқы кезеңін, әдетте этногенез (халықтың шығу тегі, пайда болуы) деп атайды. Оларды әзірлеуге және шешуге білімнің көптеген салала- рының мамандары — тарихшылар, археологтар, этнографтар, тіл мамандары, демографтар, фольклоршылар, антропологтар және генетиктер қатысады. Кейбір этногенетикалық проблемаларды айқындауда лингвистикаға, және ең алдымен ностратикаға (яғни алыс туыстық ностраттық тілдердің үлкен тобы- ның бар болуымен байланысты мәселелерді зерттейтін, лингвистикалық пән) маңызды роль бөлінеді. Еуропаның және Азия мен Африканың солтүстік аудандарының туыстық тілдерінің ауқымды тобының бар болуы туралы ғылыми болжамды алғаш рет 1903 ж. дат ғалымы Хольгер Педерсон ұсынды. Ол жиынтығында ностраттық (латын тілінен «noster» — «біздің») деп аталған, үнді-еуропалық, семит-хамиттік және орал-алтайлық тілдердің арасындағы алыс туыстықтың бар болу пайдасына кейбір аргументтер келтірді.
Шетелдік зерттеушілердің әр түрлі таксономиялық рагнты генетикалық тілдік бірлестіктерді белгілеу үшін біршама өзге терминологияны пайдалана- тынын атап кету керек. Аса жоғары рангты бірліктерді филдер деп атайды (үш деңгейді ерекшелейді: микрофилдер — 10 мыңнан астам жыл бұрынғы, мезофилдер – 7,5-10 мың жыл бұрынғы. Микрофилдер — 5-7,5 мың жыл бұрынғы тілдерді алшақтату кезінде). Филдерден кейін діңдер (stock) және

әрі қарай отбасылар келеді. Әр түрлі тілдік топтардың туыстық дәрежесі екі жақтан анықталады: ішкі және сыртқы. Ішкі жақтан: берілген тілдік топтың қандай рангты туыстықты сипаттайтыны анықталады. Ал сыртқы жағынан онымен аса жақын топтармен туыстық дәрежесі белгіленеді.
Ностраттық макроотбасына алтай тілдері жатады, олар түркі, монғол, тунгус-маньчжур, кәріс және жапон тілдерін біріктіреді. Зерттеушілер алтай тілдері генетикалық байланысты және алшақтатылуы б.э. дейінгі 10- 8 мыңжылдықтан кешікпей болған, бір ата тілден құрылды деп болжайды. Бұл тілдік бірлестік аса жоғары рангке жатады, бұл мезоотбасының ішіндегі ерекше тармақты кәріс және жапон тілдері құрайды.
Алтай тілді халықтар, басқа да ностраттық бірліктер сияқты европеоидты болды. Өзінің шығысқа біртіндеп жылжуы барысында олардың екеуі (монғолдар және тунгус-маньчжурлар) барлық европеоидты морфоло- гиялық белгілерін түпкілікті жоғалтпағанша, «алтайлықтар» антропологиялық қатынаста жергілікті монғолоидты тұрғындармен (сонымен бірге өз тілдерін сақтап) одан сайын жақындасты. Түркілерге қатысты айтсақ, олардың арасында дерлік европеоидтар, монғолоидтар да және нәсілдік қатынаста араласқан халықтар да (көпшілігі түркі халықтары) кездесетіні белгілі.
Әдетте алтайлық этнотіл бірлігінің ата жұртын Орта Азиядан және Солтүстік Иранға жанасқан аудандардан іздейді. Қазір түркі, монғол, тунгус- маньчжур тілдерінің қайда ыдырағанын айту қиын, ең дұрысы, бұл алтайлық ата тілдің ыдырау орнынан шығысқа қарай болды. Жұмбаққа (немесе құпияға) түсінік беру үшін, бәлкім, толықтық үшін О. Сүлейменовтің дәйек сөзін келтіремін, онда біз оны керек қылатын маңыздылық бар: «… Бүгінгі күнге дейін баяндалатын тарих мынадай: біздің эраның басында олар Саян- Алтай аймағында туды; екі-үш ғасыр бойында ақыл-парасаттың нәзік поэтикалық реңктерін де, монументтік эпикалық картиналарды да беруге қабілетті, тамаша, грамматикалық жетілген тілді жасады; теңдессіз жазуды тудырды, империя (қағанат) құрды және Балқан мен Жерорта теңізіне дейінгі кеңістіктерді жаулап алу үшін, әлдеқайдан пайда болған монғолдар басып алған, Гоби шөлейтіне ешқашан қайтып бармау үшін, осы байтақ жазықтарға қоныстану үшін, батысқа ұмтылды. Шын мәнінде, түркілердің тарихына уақыттың жоғарғы қабаты, олардың өмірбаянының соңғы кезеңі кіріседі, олар Шығыстан Батысқа қашан қозғалды, ал Шығысқа қалай, қашан және қайдан келді?» — мұндай сұрақ ғылымда әлі көтерілмеген. Бірақ егер оны Еуразияның басқа тілдерінің лексикасымен салыстырып зерделесе, түркі лексикалық материалы мынаны айтады: түркілер мемлекеттілік тәжірибесін де қосқанда, көп ғасырлық тарихы бола тұрып, Саян-Алтай аймағына, монғол даласына келді. Монғол даласына дейін негізінде оғыз және қарлұқ руларының бір бөлігі жетті. Ата түркі бірлігі б.э. ІІІ ғасырында емес, бәлкім, бірнеше мыңжылдықтар бұрын ыдырады: шумер тілінде енді оғыз және қыпшақ тілдік ортасында құрылған, түркішілдік кездеседі» (Тюрки в доистории. О происхождении древнетюркских языков и письменностей. Алматы, 2002. с. 83-84). Сондай-ақ

ностраттық этнотілдік бірліктен кейіннен кәрістер мен жапондардың қалыптасуына қатысқан тармақтарының бөліну орны мен уақытын анықтау қиын.
Оқырманның назарына ұсынылып отырған кітапта алтай, ал дәлірек айтқанда, түркі халықтары тым кең түрде берілген. Бұл аварлар, половецтер, хазарлар, печенегтер, ғұндар, үйсіндер және т.б. сияқты тайпалар топтары. Аталған халықтардың этногенезінде, олардың ыдырауы кезінде құрылған топтардың кейінгі тағдырларында, тарихшылар түсініксіз себептер бойынша жойылған халықтарға шығарды. Әрине, макроотбасылардың пайда болуына негіз болған тілдердің бұрын алшақтағаны соншалықты, кейбір жағдайларда олардың туыстығы ешқашан дәлелденбеуі мүмкін. Алайда, егер біз барлық адамдар бір түрден шықты және тіл адаммен бірге пайда болды десек (ғалым- дар адамның жалғыз ата-бабасын бірауыздан қабылдайды), онда тым болмаса барлық тірі және өлі тілдердің алыс туыстығы туралы тұжырымға келуге тура келеді. Сөйтіп, нақты тілдерді сипаттаған кезде олардың басқа тілдермен туыстығының үлкен немесе кіші дәрежесін ғана атап көрсету мақсатқа сәйкес болады. Осы туыстықты анықтауда, нақты генетикалық байланыстарды айқын-дауда «жойылған» халықпен бірге қазіргі уақытта бар халықтарды (қазақтарды) зерделеу орасан роль атқарады.
Сондай-ақ этногенез және этникалық даму мәселесін шешуде антрополо- гия және генетика деректеріне жүгіну қажет. Олардың міндеті морфофизиоло-гиялық ерекшеліктер генезисін, нәсілдік типтерді қалыптастыру мәселелерін баяндайтын, жеке этникалық топтары мен олардың ата-бабалары арасындағы генетикалық байланыстарды анықтау болып табылады. Қазіргі замандағы антропологиялық зерттеулерде басқа деректермен қатар сондай-ақ нәсілдік және этногенетикалық аспектілердегі адамның тіс морфологиясының ерекше-ліктері қарастырылады. Тіс коронкасы бедерінің өзіндік морфологиялық құрылымы бар және қауымдастық құрылымның әр түрлі деңгейлерінде анық айқындалған нәсілдік-саралаушы өзгешелікті иеленеді. Тұтас алғанда тіс коронкаларының морфологиялық құрылымы биологиялық және тарихи ақпараттың маңызды көздерінің бірі болып табылады, өйткені тіс бедерінің сызықтары, генетикалық себептелген бола тұрып, жоғары таксономиялық құндылықты иеленеді, олар жеке адамдардың барлық өмірі бойында өзгермейді және табиғи орта факторларына тәуелді болмайды.
Қазақ халқының одонтологиялық (тістер құрылысы) бейнесін зерделеу тарихы ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында басталды, оның негізін А.А. Зубов салды. Ол қазақ қауымдасына тән, бірқатар нәсілдік-диагностикалық фен-белгілерді сәтті айқындады. Оның зерттеу нәтижелері «одонтологиялық материалдың аралас қанды монғолоид-европеоидтық сипатты байқағанын» көрсетті (Зубов А.А. Материалы по одонтологии казахов. 1972, с. 62). О. Исмағұлов және К.Б. Сиқымбаева көп жылдық зерттеулерден кейін (Қазақстан-ның одонтологиясын зерттеді) мынадай тұжырымға келді: «осы нұсқаға аса тән ерекшеліктер «шығыс» белгісі шоғырлануының вариабельділігі және «батыс» бағдар белгісі шоғырлануының тұрақтылығы

болып табылады. Әрі қарай «айқындалған «батыстық» тұрақты компоненттер қазақстандық одонтологиялық нұсқада өзінің тамырларымен ежелгі жергілікті европеоидты топқа барып тіреледі» деп атап өтеді және «ежелгі еуропалық турлардың кеңінен қоныстануын назарға ала отырып, бұл метистік топты тураноидты нәсіл деп атаған жақсы болар еді» деп қосады (О. Исмағұлоы, К.Б. Сиқымбаева. Этническая одонтология Казахстана. Алматы, 1989, с. 191).
Енді бастапқы жағдайға қайтып ораламыз, ХХ ғасырдың басынан бастап этногенездің осы сұрағына қарама-қарсы екі жауап — түрікшілдік және автохтонизм бар және бір-біріне қарсы тұрады. Түрікшілдік тұжырымдамасы түркі халықтары біртұтас ұлтты құрайды және оның жалпы ата жұрты – Тұран бар, ал сансыз көп тілдер біртұтас түркі тілінің небары диалектілері ғана деп пайымдайды. Автохтонизм тұжырымдамасы түркі этносының бірлігі -сағым, ал түркі терминінің өзі бастапқыда тілі бойынша туыстас барлық тайпаларды білдірмеген, және олардың бір тобын ғана құраған деген мүлдем өзге ұстанымды ұсынады.
Жоғарыда түркі этногенезінің проблемалары айқындалғандай лингвистика, генетика және одонтология негізінде автохтонизм ұстанымы себепті болып көрінеді. О. Сүлейменов ХХ жүзжылдықтың 70-ші жылдары сол кезеңнің ойлаушыларын мазалаған, өзіндік еңбек шығарды. Қазақстандық лингвистика әлі өзінің зерттеушісін тосып жүргендіктен, бүгінгі күні ол одан да маңыздырақ болып отыр. Үнді-европалық және түркі тілдерін салыстыру негізінде мынадай тұжырымға келдім: «түркі сөзі агглютинативті, яғни түбір мен жұрнақтар жоғалып кетпей, жылжымалы құрамды білдіреді. Түбір ылғи да сөздің басында болады, өзгермейді, және ол жұрнақтарға әсер етеді. Үнді-европалық тілдер түркі тілдерінен ерекшелігінде аса фузивті, яғни түбір өз орнын өзгерткен. Үнді-европалық сөзде префикстер түбірге әсер еткен. Сөйтіп, морфологиялық сұлбаның өзгермеушілігі түркі сөзінің аса тұрақтылығын анықтады. Үнді-европалық тілдер аса күрделі тарихты бастан кешірді. Бұл морфологияда байқалды. Бір жарым мың жыл еретедегі скандинавиялық руно ескерткіштерінің тілі қазір түсініксіз. Ал сол кезеңнің түркі эпитафиялық эпостарының мәтіні бүгінгі күнгі сөз сияқты естіледі. Сөздің ескіруі туралы тұжырымдарды лингвистер үнді-европалық лексиканың дамуын бақылаудан жасады және олардың өзіндік тарихтарын есепке алмай, бұл ережені барлық тілдерге таратты» (О. Сүлейменов. АЗ и Я, Алматы, 1990, с. 528-530).
Үнді-европеистиканың дамуында (18 ғасырда лингвистика саласында) онда Вильям Джонс тілі білімінде салыстырмалы әдісті ресми мәлімдеген бағыт қызмет атқарды. Бұл тұжырымның мәні мынада: «тек түбірлерінде ғана емес, сонымен бірге грамматиканың кейбір түрлеріндегі ұқсастық, кездейсоқтық нәтижесі бола алмайды, бұл — ортақ бір дереккөзге көтерілетін тілдердің туыстығы». Мұндай ресми мәлімдеменің себебі санскриттік қолжазбалармен танысу болды, онда етістіктердің түбірлерінде және грамматиканың түрлерінде үнді-европалық тілдермен ұқсастықты көрді. Осылай әлемдік масштабта тілдердің үнді-еуропалық тобы атап көрсетілді.

О. Сүлейменов айтқандай: «грамматиканың кейбір латын және грек элементтері санскрит элементтеріне ұқсас, кельт және гот элементтері — латынға, латын – славян элементтері және т.с.с. ұқсас». Әрі қарай мынаны қосады (өйткені күдік пайда болды): «Неліктен алғашқы лингвистер тілдердің туыстығын анықтау үшін лексиканың сәйкес келуі – жеткіліксіз дәлел деген ойға көндірді?». Бірақ бір проблема бар, тілдерді мұндай салыстыру лексикадағы айырмашылықты көрсетті. Онда, О. Сүлейменов айтқандай: Түсінігі табылды: тілде ядро — негізгі сөздік қор, және қабықша – сөздік құрам бар екен, ол мыңжылдықтар бойы тіпті жақын туыстық тілдерде де толығымен ауыстырыла алады. Өзгермейтін негізгі қорға «үнді- европалық» тілдердің көпшілігіне ортақ терминдер, математикалық лингвис- тика деректері бойынша әдетте барлық сөздіктің 1-2%-інен артық емес құрау- шылар жатқызылған». Яғни, тіл құрып бітуде, және қазіргі тілмен туыстығын анықтау мүмкін емес. Осы сұлба бойынша алтайлық тілдер отбласы да құрылды. Бірақ, «Көптеген түркі тілдері бір-біріне: сөздіктерімен және грамматикамен толығымен сәйкес келеді. Осы феноменді түсіндіру талап етілді. Бұл мәселені басында Н.Я. Марр қойды: түркі тілдері генетикалық түсіндірілмей ғана қоймай, сонымен бірге ешқандай шамада баяндалмаған… Әдеби белсенділікпен түркілер ҮІ ғасырдан бастап белгілі, және егер қытайлар оларды оған дейін мыңжылдық дерлік ішінде білсе, онда мамандар бізді түркі тілдері кертартпалықпен ерекшеленеді, өйткені ескерткіштер ҮІ ғасырдан бастап қазіргі уақытта бар диалектикалық топтар туралы айтады деп үйретеді» (О. Сүлейменов. АЗ и Я, Алматы, 1990, с. 534). Сендіруші дәлелдерден кейін Марр Н.Я. мынадай тұжырымға келеді: «Осыдан, түркі тілдерін ерекшелен-діретін, статикалық күйге, кертартпалыққа қол жеткізу үшін, түркі тілдерінің қандай орасан қоғамдық жұмыс жасағанын, оның динамикалық тіл-шығармашылығын сипаттайтын, қандай орасан процестен өткен». (Марр Н.Я. Избранные работы, т. 4. Москва, 1937, с. 184-186 в кн.: О. Сулейменов. АЗ и Я, Алматы, 1990, с. 535).
Бұл аспект О. Сүлейменовтің шумер-түркі байланыстары туралы зерттеу проблемасын қоюда қызмет атқарды. Түркі тілінің көнелігін, кертартпалығын және теңдессіздігін көрсетіп, өзге тілдердің ықпалына және қабаттасуына қарамастан, оның жойылмаушылығы қасиетін сипаттайды. Шумер және түркі тілдерін бұрын да салыстырған (Хоммель), бірақ Хоммельдің ұсынған мысалдары қабылданбады, өйткені лексемалардың негізіне «праформалар» алынбады. Хоммельдің жіберген қателерін есепке алып, О. Сүлейменов өзінің «тілдерді салыстыру» іздену жұмысында семантика әдістемесін қолданады, яғни сөздерді кластары бойынша топтайды. Шумер және түркі тілдерінің ең көп сәйкестігі екі класқа түседі: Құдай және Адам. Сөздердің ұқсастығы (кездейсоқ сәйкестік емес) осы екі кластан шумер сөздерінің түркі сөздеріне тәуелділігін дәлелдеді. Және де, онда ескірген де, сонымен бірге түрі өзгеріп үлгермеген, тым «жаңасы» да болады. Мұндай жағдай түркі сөзінің шумер сөзімен мәдени туыстығы

және түркі тілінің шығу тегінің көнелігін белгілейді. (О. Сүлейменов. АЗ и Я, Алматы, 1990, с. 541-561).
Генетика ғылымының қайраткерлері «Ғылыми Адамды» табудың ғылыми тестілік қойылымдарының негізінде сұрақтарға берілді. Олардың бұл ісі 600 мың жыл сәтті болды, ал мекендеу орны деп солтүстік-шығыс Африканы санайды. Егер бұл солай болса, онда адамзат тууының және оның таралуының моноорталығы солтүстік-шығыс Африка болып табылады. Содан кейін ол Жер шарының барлық климаттық бөліктері бойынша қоныстанды. Жоғарыда көрсетілген осы сәттерге сүйеніп, ерте кезеңдердің түркі этногенезінің проблемаларын айқындау үшін оның бастапқы қоныстанған орнын сенімділік-пен анықтауға болады. Азияның оңтүстік- батыс бөлігі – түркі тілдері мен халықтарының қалыптасуының бастапқы орны. Сонан кейін ол заңды қоныста-нады және онда еуразия далалары (Корея түбегі мен Дунай арасындағы) ол тілде бір-біріне туысқан түркі халықтары сқйлеген, сол тайпалардың отаны болатын, көші-қон процестері болды. Тұжырым: «Түркі тілдері, менің ойымша, шумер тілімен, көне тілдің монғол тілімен көне мәдени туыстық және араб тілімен кеш мәдени туыстық күйінде болды. Және де кейінірек мәдени ықпал көненің нәтижелерін түпкілікті ығыстырып шығармай, боямалап, пассивке ғыстырып, бірақ, тағы қайталаймыз, жоймай, оған қабаттасты. Тілдің осы таңқаларлық қасиеті (көп қабаттылығы) «Алла-Тәңір» деген қазақ терминінде айқындалды, онымен соңғы түркі көшпенділері Біртұтас, Бөлінбей-тін құдайды атайды (құдайдың аты бұрмаланбайды, дін терминдері — кез келген сөздіктегі лексиканың ең төзімді класы)» (О. Сүлейменов. АЗ и Я, с. 541).
Сөйтіп, қазақ халқының құрылуын анықтаған, этногенетикалық процестер-дің бастаулары, ғылыми тілде айтсақ — алғашқы қауымдық қоғамды жіктеу дәуірінде, өте көне заманға барып тіреледі. Шаруашылықтық, мәдени дәстүр, этникалық даму және лингвистикалық жақындық негізінде түркі этносының масштабында қазақ ұлтының ата- бабалық базасы пайда болды. Еуразияның басқа түркі халықтарының сияқты, қазақ ұлтының этникалық негізін әлемдік мәдениетте белгілі болған және жасампаз роль атқарған, бірлестіктер құрады (әр уақытта жүйелі мекендеген), олар: арийліктер, турлар, киммерийліктер, савроматтар, кимактар, қыпшақтар, наймандар, керейіттер, жалайырлар және т.б. Мұның ерекшелігі (тұрақтылығы), рулардың көптеген атаулары бүгін де қазақтарда сақталып қалды.
Этнос — бұл жеке қасиеттері, мәдениеті, тілі мен ділі ортақ адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты жиынтығы. Этностың қалыптасуы мен сақталуы үшін оның территориялық-әлеуметтік бірлігі маңызды болып табылады. Қазіргі қазақтарға тән фенобейне нәсілдердің — базистік европеоидты және монғолоидты нәсілдің өзара әрекеттесуі негізінде, сөздердің түркі тілдік семантикасының сақталуымен қалыптасты. Осының барлығы енді қазақ халқының антропологиялық құрамының бірыңғай тұтас қорытпасын құрайды.

Русьтің Түркі әлемімен тарихи өзара әрекеттесуі еуразия кеңістігі ықпал-дастығының екі түрін тудырды: түркі-славян және орыс-түрік. Ұлық Ұлыстың бірқатар күйзелістерінен кейін Ұлы Дала көптеген объективті себептер бойынша (экономикалық дағдарыс — Жібек жолы ролінің төмендеуінің, еуропа елдерінің теңіз саудасы жолына өтуінің және т.б. айқындамаларының бірі ретінде; саяси дағдарыс — билік жүйесіндегі деструктруация және т.б.) біртұтас конструкцияға айнала алмады. Саяси келеңсіздіктерден барысында Жолы Ұлысының территориясында (Алтын Орда) бірқатар тәуелсіз қожалықтар құрыла бастады, олардың басшылығында жергілікті билеушілер тұрды. Ұлық Ұлысты біріктіруді Орыс хан бастады (1377 жылы қайтыс болды), бірақ бұл мақсаттарды Тоқтамыс жүзеге асырды, бірақ өзінің бұрынғы қамқорлығын-дағы Әмір Темірмен абайсызда болған соғыс 1395 жылы жеңіліспне аяқталды. 15 ғасырдың басы Ұлық Ұлысты бірлестірушілердің бірнешеуін шығарды. Алайда Тоқтамыстан кейін ешкім де билікке қол жеткізе алмады, ол барлық Ұлыс Жошыда танылды. 15 ғасырдың 20-30 жылдарынан кейін Ұлық Ұлыс ыдырады. Оның қираған орнында бірнеше жаңа княздіктер пайда болды.
Саяси құрылымдардың (түріктік) тарихи тағдыры Русьтің тағыдырымен тығыз байланысты болды, ол 15 ғасырдың екінші жартысында түріктердің ықпалынан толығымен босатылады және он алтыншы жүз жылдықта Мәскеу-дегі орталығымен мықты мемлекетке айналды. Русьтің Ұлық Ұлыстың саяси мұрагерлерімен өзара әрекеттесуі олардың барлығының Ресей мемлекетінің құрамына енгізілуіне әкеліп соқты. Осы оқиғалар салдарында Қазіргі Қазақстанның теорриториясында Қазақ Хандығының этносаяси альянсы құрылады. Бұл жаңа халықтың құрылуы емес, ал керісінше, кері процесс жүріп жатты, оның себебінен Көшпелі өркениет метрополия ұстанымдарын біртіндеп жоғалта бастады (және сонымен бірге түркі халқының ұсақталуы жүріп жатты). Мұндай жағдайда, еуразиялық державадағы үстемді Мәскеу мемлекеті шешуші күш бола бастады.
ІV-бөлім. Мемлекеттер нысандарының эволюциясы
Әр түрлі халықтарда мемлекеттер нысандарының эволюциясы процесінің өз ерекшеліктері болды, бұл қазақ ұлысына да тән. Еуразия кеңістігінде, атап айтқанда Қазақстан территориясында да ежелгі нысандардан бастап, адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларын қадағалауға болады. «Саяси құрылу» процестерінің тамырлары қола дәуіріне кетеді. Эволюцияның үдемелі сипаты, қазақстандық үшін де, сондай-ақ Еуразияның бірқатар басқа аймақтары үшін де басты – түркі тілді халықтың бір типтілігі туралы куәландырады.

Осы проблематиканың маңыздыландырылуынан, қазіргі тарих сипаттама-сында «көшпелі мемлекет» термині аса анықталған болды. Осы себептерге байланысты, тарихнамада бірнеше бағыт пайда болды. Есептейді: а) басқа мемлекеттерді жаулап алу нәтижесінде құрылған мемлекет; ә) шығу тегі көшпелі әулеттері бар мемлекет; б) жаулап алынбаған, бірақ көшпенділер биік дәрежедегі орынды алатын мемлекет.
Ұлы Дала көшпенділерінің мемлекеттік құрылымдарының сипаты көп жағдайда әлеуметтік-саяси және экономикалық қатынастармен анықталады. Бұл қатынастарды талдауда экологиялық аспектіні де ескеру керек. Көшпенді-лердің әлеуметтік-саяси ұйымдасуы төмендегілерді бейнелейді: ру, арыс, ел. Мұндай белгілеу мазмұнына туыстық және шығу тегі ортақтығының мәні салынады. Яғни, сараланбаған терминология ашып түсіндірілуін қажет етеді. Дәстүрлі түрде таксономикалық деңгейлер қазақтарда (және жалпы номадтарда) келесі түсініктермен белгіленеді: «аталас-ата баласы», «жеті ата» — «ру», «арыс», «ел». Олардың айырмашылықтарын анықтау үшін бірінің семантикасын талдайық – «арыс». Бастапқысында бұл түсінік әйел мен еркек арасындағы одақты, неке одағын бейнелейтін. Кейіннен ол ерекше, кеңейтілген түсіндірмеге ие болады. Мемлекет және көшпенділер өркениетінің шегіндегі мемлекеттер ішінде рулар және т.б. арасында қатынастар байланысқан неке-туыстық байланысқа ерекше назар аударылады. Көшпенділер қоғамында социумды білдіретін – «ру», «ел» түсініктеріне де дәл осы ерекшеліктер тән. Деректемелерде көрсетілгендей, «арыс» түсінігі кеңейтілген түсіндірілуінде бірлік және шығу тегінің ортақтастығы ретінде қолданылған, мысалы: сақтар Тарғытай ұрпақтары болып саналған, бірақ түрлі бөлімшелерінің шығу тектері қаһарман-бірінші ата-бабаның әр түрлі ұлдарымен – Липоксай, Арпоксай және Қолақсаймен байланыстырылады. Осындай мәліметтер барлық номадтарға, олардың ішінде қазақтарға да тән. Шығу тегінің ортақтығы туралы түсінік қоғамдық бірігудің идеологиялық негізделуі болып қызмет етеді. Туыстық жеке адамның қоғамдағы тұрыларын әлеуметтендіреді, шығу тегі оларды заңдан-дырады. Шығу тегінің принципі туыстық қатынастардың құрылым түзеуші ролін тұжырымдайды, яғни аймақтық байланыстарды анықтау ретінде, туыстық, әлеуметтік қатынастарды бейнелеу баламасы болып қызмет етеді. Генеалогиялық принциптің сондай-ақ жартылай функционалдық тағайындалуы, оның құрылым түзеуші принциптерін сақтап, қайта құрылуға икемділік механизмін иелену қабілеті болады. Сонымен қатар, генеалогиялар өзге топтардың өздерінің меншікті генеалогиялық топтарына бірігуін, яғни сіңіп кетун қамтамасыз етеді. Сонымен, көшпенді социумның құрылымдық принциптері, оның қаңқасы – қозғалмалы, және нақты болмыс ерекшелігіне сәйкес олардың ауысуы мен өзгеруіне де бейімделген.
Әлеуметтік ұйымдасудың құрылымдық жоспарларының қызметтері тек туыстық түсініктерімен және шығу тегінің ортақтығымен ғана емес, сондай- ақ түрлі процедуралармен шығарылады: экономикалық, саяси, сыртқы орта және т.б. Меншік туралы мәселені шешуде ғылыми орталарда әлі күнге

дейін бірыңғай пікір шығарылған жоқ. Жалпы жағдайда, көшпелі қоғамда жерге деген жоғарғы меншік мемлекетке тиесілі болады, бірақ олар иелену немесе пайдалану құқығымен оның әр түрлі бөлімшелері арасында бөлінеді. Ұжымдық меншік түрі олардың бөлінуі және пайдаланылуының реттелуімен және бақылануымен байланысқан. Бұл қызметтердің іске асырылуы басқарушы тапқа ұсынылатын. Көшпенділердің малға деген жеке меншігі шартсыз болып табылады, бірақ ол түрлі процедуралармен толықтырылады. Негізгі қорларға деген әр түрлі ұжымдық меншік түрлерінің бар болуы көптеген факторлардың бірігіп әрекет етуімен, сонымен қатар бір-бірімен және сыртқы ортамен әрекет етуімен түсіндіріледі.
Көшпелі қоғамдағы әлеуметтік-саяси жоспар өндірістік процестермен туындатылмайды, өйткені өндірістік цикл әлеуметтік ұйымның ең төменгі таптарында қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік саяси ұйымның жоғарғы буындары түрлі факторлардан туындайды немесе олармен байланысты болады: көшпелі құрылымның өзінің ішінде әрекет ететін; түрлі көшпелі құрылымдар арасында әрекет ететін; сыртқы әлеммен біріктірілген. Аталған факторлар саяси біріктірілу деңгейін, биліктің институционалдандырылған және орталықтан-дырылған дәрежесін анықтайды. Сонымен қатар, шығу тегінің генеалогиялық принципі құрылым түзеуші ретінде және олардың ұйымдарының жоғарғы буындарында әрекет етеді.
Көшпелі қоғамдағы әлеуметтік саралау сондай-ақ қоғамдық ұйымдағы малға деген меншік қатынастармен және басқарушы ұстанымдармен анықта- лады. Әлеуметтік саралауды күшейтетін келесі көз егіншілік өндірісті бақылау және меншікке алу болып табылады. Тұрақтандырғыш ретінде әр қашан сыртқы фактор қызмет ететін. Сыртқы әлеммен экономикалық, саяси және тіпті әлеуметтік себептер бойынша байланыстар орнатуға ұмытылу әлеуметтік саралаудың өсуіне және бекітілуіне мүмкіндік туғызатын. Ол, қажетті жағдайлар жасалғанда, мәртебелік айырмашылықтарды рангтық, сословиелік және тіпті таптық етіп өзгертетін.
Ұлы Дала номадтығы катализатор ролін атқаратын. Бұл құбылыстар этникалық айырмашылықтарды әлеуметтікке түрлендіретін суперстраттар пайда болуына, басқа жағынан – жоғары жоспарлы мемлекет туындауына мүмкіндік туғызатын. Дәл осы әрекеттестік, оның барысында этникалық нығаю жүзеге асырылатын процесс болып табылатын. Осындай тәсілмен түркі тілді этностың қалыптасуына негіз дайындалды. Бүкіл ежелгі және орта ғасырлық тарих бойында түркі халықтарының ортасында, тек түркі тілді халықтарға тән маңызды ерекшеліктерді бірте-бірте қалыптастыратын этникалық мәдени дәстүрлер пайда болып, сабақтасып бекітілді. Қоғамдық құрылыс, этникалық мәдени туыстық бірлігі және бір әулеттің билігіне шоғырлану, сонымен қатар саяси ұйымның ұқсастығы жиі жағдайда Ұлы Далада империялық конфедера-циялар туындатты. Елдің негізін салушылар және олардың мирасқорлары өздерінің басты мақсаттары «барлық жебе тартушы халықтарға» (көшпенді-лерге) үстем болу және «жер үйде тұратын елдерден» (егіншілерден) басым болу деп есептеген. Мұндай мемлекет тек әскери-әкімшілік принциптерде ұйымдастырылған, орталықтандырылған

империя ретінде өмір сүре алатын еді. Күштердің мұндай теңдестігі алым- салықтық тәуелділікті немесе саяси бағыну-дың басқа бір түрлерін талап ететін. Номадтармен құрылған мемлекеттер дәл осы кезеңде империялар болып қайта құрылатын. Аристократия позициялары барған сайын бағындырылғандарға қатысты үстем тапқа және өздеріне ұқсас-тарға қатысты артықшылық сословиеге айналды. Осының нәтижесінде евразия- лық кеңістік (көшпенділер, егіншілер, қала тұрғындары) біртұтас әлеуметтік- саяси және экономикалық жүйеге біріктірілді, яғни симбиоз, синтез орын алады.
Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, көшпелі қоғамның, оның мемлекеттік құрылымдарының эволюциясы байқалады. Еуразия даласы көшпенділерінің төртмыңжылдық тарихы біртұтас үдемелі даму процесі ретінде қарастырылады. Бұл процесс жан-жақты эволюцияның белгілі кезеңі, қызмет етудің және дамудың ішкі заңдылықтары орын алатын жүйе болып табылған. Номадтықтың экономикалық негізін құрайтын көшпелі мал шаруашылығы өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылған (өнеркәсіптік дамуға дейін), көшудің әр түрлі тәсілдері тек өндіріс формасы ғана болып табылған.
Сонымен, номадтық феноменінің мәні неде? Шаруашылық даму деңгейінің және шаруашылық түрінің өзінің өзгеше болғандығында. Мұнда құрылған тип, өндіруші экономиканың аса мамандандырылған түрлерінің бірі ретінде (симбиоз түрі ретінде: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және қала шаруашылығы) алдыңғы дәуірлер дәстүрлерінен толық ажырауды білмеген. Номадтықтың мәнін анықтайтын маңызды ерекшеліктерінің қатарына төмендегілер жатады:
Номадтық адам тарихының маңызды және ажыратылмас факторы ретінде неолитикалық революция кезінен (еуразия аймағында) біздің дәуірдің ХХ ғасырына дейін (атап айтқанда қазіргі Қазақстан аймағында) орын алған;
 Бір Құдайға сену (Зороастрашылдық Тәңіршілдікке тепе-тең немесе
Тәңіршілдік Исламға өзгертілген, Зороастрашылдыққа тепе-тең), үйлесімді діни тұжырымдама номадтар мәдениетіндегі орасан зор өзгерістермен сипатталады. Адам онда біртұтас Универсумның қозғаушы күші болады, мұнда ол құдайдың қуатының көмегімен Универсумды жетілдіру керек;
 «Бұзылмайтын бірлік» дүниетанымда анықтаушы роль атқарды;
 Этикалық категориялар сапа, өлшем, кеңістік және уақыт ұғымдары
ретінде қолданылды;
 Күрделі қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі ру-тайпалық және әскери-
мемлекеттік қатынастар симбиозының әрекет етуінің нәтижесі болып табылды. Ерекше сословиелік ұйым – «аристократияның» бөлініп шығуы осыдан;
 Балама болып саналған және көршілес елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қойыла алған, дүниетанымның меншікті-пайдаланылған жүйесінің бар болуы;
 Алфавиттік жазудың бар болуы;

 Шежіренің алатын орны ерекше, өйткені ол тек көшпелі елдерге ғана тән. Ол дүниетанымдық, идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық феноменнің маңызды элементі болып табылады;
 Жырау поэзиясы – ұтымды құбылыс, дала зиялылығы, бұл өзіндік көшпелі театр.
Кез келген елдегі сияқты, мәдениет тарихының негізі дәстүр және оның сабақтастығы болып табылады. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұлттың этника-лық сипаттамасына кіретін болғандықтан, ұлттық ерекшеліктің маңызды элементі болып табылады. Яғни, ұлттық дәстүрлер – бұл тарихи даму процесінде қалыптасқан және тек осы адамдардың ортақтығына тән дәстүрлер. Номадтық әлемі қоршаған ортаны өзінің ішкі түйсігінен көшірмеленген, ал адам көңіл бөлуге лайықты жалғыз өзіндік құндылық ретінде болған. Ол ұстаздың жеке қасиеттерін шәкіртіне беруі түрінде таралды. Мысалы, қазақ-тарда ақсақалдар құндылықтарды тасушылар болып саналды, оларды ұстаздар деп атады. Басқа маңызды институт ру болып табылды. Өзінің руын, ата-бабасын білу өзінің рулық сәйкестігін сезінудің, ал ол арқылы өз халқының дәстүрлерін таратудың да міндетті шарты болып табылды. Бұл, өз кезегінде олардың ассимиляциялануына және тағдырдың барлық жол айырықтарында өзінің бейнесін жоғалтуға мүмкіндік бермей, этникалық өзгешелік сезімін айқындады және нығайтты. Сонымен, мысалы, қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздеп, О. Сүлейменов пікірін былай білдірді: «Тіл – тарихи білімнің өшпес көзі» және әрі қарай «оны оқы» деп қосады.
Басталған сабақты жалғастыру үшін, өткеннің сол нақтылығына, оның эволюциясының жауабын табуға тырысу үшін, оның тереңдігіне назар аударамыз. Сол «қалпына келтіру» көзі және оның базалық қабаты «Авеста» мәтіндері болып табылады. Өйткені ол эволюцияның ерте дәуірінен патша билігінің саяси институтының пайда болуын жүйелеп тексеруге мүмкіндік береді. Ахур Мазда сенімін (бір құдайға сену) қабылдаған бірінші адамның аты Сұлу Ийма болды. Оған жаратушы Ахур Мазда жаратқан «әлемді қорғаушы және қадағалаушы» қызметтері жүктелді. Иймаға сенім білдірілген биліктің символдары «алтын жебе және алтынмен безендірілген қамшы» болды. Осылай, Құдайдың еркімен және Ийманың еңбегімен «Арианам Вайджа» елі құрылды.
Скифтердің шығу тегі мәселелерімен сондай-ақ Геродот айналысты.
Ол осы халықтың пайда болуы туралы үш аңыз келтірді. Олардың біреуіне сәйкес аңыздың мазмұнын Геродот былай сипаттайды: «Әлі адам тұрмайтын осы елдің бірінші тұрғыны Тарғытай деген адам болды. Оның ата-анасы Зевс және Борисфена (Днепр) өзенінің қызы… Тарғытайдың шығу тегі осындай болды. Оның үш ұлы болды: Липоксай, Арпоксай және ең кенжесі – Қолақсай. Олардың патшалық құруында аспаннан алтын нәрселер: соқа, бұғау, айбалта және тостаған құлады. Тек кенжесінің ғана «құдай берген отпен жалындаған» аспан астындағы рақатты иеленуі сәтті болды. Қолақсай патшадан – «Күн Құдайынан» парадаталар тайпасы пайда болды». Енді «Авестаға» назар аударайық. Парадаталар онда батырлар, жер

патшалығының алғашқы тіршілік иелері ретінде сипатталады. Парадата титулды — «бірінші заңгер», әлеуметтік нормаларды қалыптастырушы, «алға қойылған» дегенді білдіреді. Ийма және Парадата ұғымдары өзгермей (мазмұны бойынша) қазақ тіліне дейңн жетті, яғни оны мәні мынада, мысалы: Хан ием айт бір датыңды. Авестада сондай-ақ Парадата әулетінің негізін қалаушы – Хонгианг Парадата да еске алынады. Құдайды жақтаушыларға бата берген соң Хонгиангтың басты әрекеті «әлеу-меттік әлемде дүниежүзілік тәртіп орнату» болды. Оның кезінде Жарық және шынайы Сенім Заңы жерге түсті. Пашталық билікті беру, оны мұраға қалдыру ерлер тармағы бойынша әкеден балаға беру принципі бойынша болады.
Авесталық мифологияда екі күштің: ирандықтар мен тұрандықтардың тұспа-тұс тұруының сюжеті мен бейнесі бар, бірақ бұл тайпалардың ру басылары бір әулетке – Парадата әулетіне өрледі. Ирандықтардың иеліктерінде — егін шаруашылығы, ал тұрандықтардың иеліктерінде мал шаруашылығы заңы салтанат құрды. Мифологияда турлардың ұрпағы Тұрандық Фрасияг еске алынады. Ол (Афрасиаб, Тунь Алэу, Алып Ер Тоңға) — иран және түркі әдебиеттері ескерткіштерінің кейіпкері. Афрасиаб бейнесіне кейінгі уақыттағы жазушылар мен ақындар да жүгінген: Фирдоуси «Шахнама» дастанында, Абу Райхан Бируни, Махмұд Қашқари, Рашид ад Дин, қазіргі замандағыдан Н.Я. Бачурин және бірқатар басқалар, соның ішінде қазақстандық әдебиетшілер де бар. Екі күштің тұспа-тұс тұруы бітім келісімімен шешілді, ол бойынша жер иеліктері оған арийліктердің үздік мергендерінің біреуінің алтын жебесі түскен сызық бойынша межеленетін болған (Еске салайын, Ахур Мазданың Иймеге сеніп тапсырған билігінің символы «алтын жебе және алтынмен безендірілген қамшы» болған. Сәйкес ұқсастық Түркілер дәуірінде де байқалады). Сонымен, мифологиялық сюжеттерді талдап, бірінші патша Хонгиангтың Парадата әулетінің функционалды міндеттеріне: шынайы дінді жақтаушылық, оны қорғау, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы туралы қамқорлық кірді.
Бірқатар салыстырмалы тіл білімін зерттеушілер бірінші патша Хонгианг-тың аты өзгертіліп, «Қаған» терминінің негізіне кірді деп санайды. Көшпелі тайпалар билеушілерінің титулдарымен өзара байланыс байқалады, онда бізге қытай транскрипциясымен жетті – гуньшуань, шаньюй, хақан. Авесталық талдау және қытайлық, бірқатар басқа деректанушылық деректерді салыстыру негізінде сияқты биліктің саяси институтының пайда болу бастауларын қадағалады. Онда бір әулетке өрлеп бара жатқан иран және тұран ортақтығы-ның шығу тегінің бірлігі сипатталады, уақыт өткен сайын оның патшасының титулы өзгереді де, «Қаған», «Хан» терминіне түрленеді.
Әлемдік тарихта халықтардың дамуының әрбір кезеңі өзінше құнды және қайталанбастай, бұл қазақ халқына да тән. Қазақстан территориясында және Еуразияның ауқымды кеңістігінде (шығыста Корея түбегінен батыста Дунайға дейін, оңтүстікте Солтүстік Үндістаннан

солтүстікте Оңтүстік Сібір мен Байкалға дейін) мәдени ошақ пайда болды (б.э. дейінгі ІІІ-ІІ мыңж. шебінде), оның эволюциясында көшпелі тәсіл немесе Көшпелі өркениет, Көшпелі мәдениет анықталатын болады. Өзінің даму процесінде Номадтық мемлекет-тік нысандар типтерінің өзінің эволюциясында бірнеше кезеңді бастан өткізді, оларды атап кетейік:
І. Ежелгі Патшалық. Б.э. дейінгі 18-19 ғғ. андронов мәдениеті жатады, ол Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының түбіндегі Андронов селосының жанындағы молалардың алғашқы қазбаларының орны бойынша осылай аталған.
ІІ. Жаңа Патшалық. Андронов мәдениеті ерте көшпенділер дәуірімен: Киммерийліктермен, Савроматтармен және Сақтармен ауыстырылады, олар б.э. дейінгі Х-ҮІІІ ғ. – б.э. дейінгі ІІІ-І ғасыр уақытын алған.
ІІІ. Ерте Көшпенділер мемлекеті. Б.э. дейінгі І мыңж. аяғынан – б.э. ІҮ-Ү ғасырларындағы Қазақстан мен Еуразия тарихындағы жаңа кезең — бұл Сарматтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Құшан және Ғұндар дәуірі.
ІҮ. Түркілер империясы. Б.э. І мыңж. ортасынан номадтық классицизм дәуіріне жетеді, оны генерациялау шартының қызметін империялық билік орнатуға ұмтылу атқарды. ҮІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бұл дәуірді Түркі дәуірі деп белгілейміз.
Ү. Алтын Орда империясы. ХІІІ ғасырдың басы – Ұлық Ұлыс дәуірінің ХҮ ғасырының бірінші жартысы. Бұл кезде номадтардың басшылығымен шығыс-еуропа халықтарының геосаяси блоктың бірыңғай конструкциясына бірігуі болады.
ҮІ. Қазақ Хандығы дәуірі. ХҮ ғасырдың екінші жартысы — ХҮІІІ ғасырдың басы тұтас алғанда Көшпелі өркениеттің бетбұрыс (дағдарыс) дәуірі, және оның негізінде дербес иеліктің, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы.
ҮІІ. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы Көшпелі мемлекеттердің құлдырауы. Күштердің қысымымен номадтар отырықшы мемлекеттің құрамына кірді. Көптеген түркі мемлекеттері Ресей мемлекетінің құрамына кіреді.
ҮІІІ. 1917 жылдан бастап 1990 жылға дейін барлығы дерлік түркі мемле- кеттері Кеңестік мемлекеттің құрамында болды, оның өзгерісінде бұрынғы көшпелі мемлекеттерді жаңарту және индустриялық мемлекетке көшіру, яғни кеңестік билік ұстанымдарында индустриялық қоғамның құрылысы болды. Олардың көпшілігі тәуелсіздік алуда
ІХ. 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік пен Егемендік алу жолдарында.
І. Ежелгі Патшалық. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениет зерттеушілерде «Андронов мәдениеті» деп аталды. Срубтық және андронов мәдениетінің тұрғындары ғылымда арья деген жалпы өзіндік атпен белгілі. Бұл мәдениет шамамен б.э. дейінгі ХҮІІІ-ІХ ғ. уақытты алды. Онымен байланысты туыстық мәдениеттер Днепр мен Волга арасындағы территорияда (жерлеу тәсілі бойынша срубтық мәдениет деп аталды) және тіпті Батыс Монғолияда (Афанасьев мәдениеті) байқалады. Андронов

мәдениетінің таралу аймағы Қазақстан аймағын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге оңтүстікте Оңтүстік Тәжікстанға, Ауғанстанға, Солтүстік Пәкістанға, солтүстікте Оралға тиесілі аудандарға және Оңтүстік Сібірдің ауқымды кеңістігіне жетеді. Соған қара-мастан, андроновшылардың түпкілікті территориясы Қазақстан болып қалады. Атап айтқанда осында осы мәдениеттің құнды ескерткіштері табылды.
Ол кезде тым «қуатты» ілгерілеушілік қалыптасты: көшпелі-малшылар эрасының басы ретінде, мал шаруашылығының; егін аруашылығының (иррига-циялық) және металлургияның қалыптасуы. Оған «еңбекті бірінші ірі қоғамдық бөлу», мал шаруашылығын егін шаруашылығынан бөліп алу, яғни номадтық-тың қалыптасуы жатады. Еңбек қаруы мен қару-жарақтың сапасын жақсартқан, қоланы игеру, жеңіл әскери екі аяқты күйме арбаның жасалуына әкелген, ат әбзелінің пайда болуы мәдени кешендерді ауыстырудың алғышарты болды. Әскери екі аяқты күйме арбаны және жаңа қола қаруды жасаушылар орасан қор әскери басымдықты иеленді. Ежелгі металлургия орталығы Қазақстан болды.
Андронов мәдениетінің дамуында үш кезең атап көрсетіледі: ерте кезең – нұра (18-16 ғғ.), дамыған – атасу (15-13 ғғ.), кеш – беғазы-дандыбай (12-9 ғғ.). Бұл елді мекендерді ежелгі қалалар деп санауға болады. Ерте андронов мәдениеті дәуірінде елді мекен сипатының мынадай белгілері болған: фортифи-кацияның дамыған жүйесі (бекіністер — қорғау ғимараттарымен — ағаш шарбақ-тары мен орлары бар қабырғалармен; мұнаралармен және күрделі құрылыс-тармен қоршалған); елді мекен құрылысының қатаң жоспарының бар болуы; территорияны бірнеше аймаққа бөлу — тұрғылықты, өндірістік, қоғамдық. Қала-лардың жанында шіркеу кешендерін тұрғызған. Тас мүсін өнерінің таралуы осы уақытқа жатады. Елді мекендерде оларға таңбалар басылған балшық дөңгелек-тер табылған, бұл олардың жазуға айналуының басы. Бірқатар жерлеген жер-лерде шоқпарлар – билік таңбалары және әскери екі аяқты күйме арбалардың қалдықтары, олардың иелерінің қоғамдағы жоғары орнын көрсететін заттар табылған. Бұл кезеңде уақыт өткен сайын үлкен құлаш жайған, алмасу туын-дайды, сол кездің өзінде Ұлы Жібек жолының өскіндері қалыптаса бастаған.
Рухани сферада да елеулі өзгерістер болды — діншілдік қатаң құрылымды иеленді. Зороастрашылдық — бірінші әлемдік дін ретінде Бір Құдайға Көкке табынуды, о дүниелік өмірге сенуді әкелді, оларда ата- бабаларға — әруаққа табыну болды, құдайы астың ерекше әдет-ғұрпы, құрбандық шалу жорасы пайда болды, құрбандыққа шалатын басты жануар — жылқы болып табылды. Тыйым салу әдет-ғұрпы пайда болды.
Дамыған андронов мәдениеті дәуірінде елді мекендер қабырғалармен және орлармен бекітілмеді. Үй құрылысы топографиясы өзгерді. Ол өзеннің бойын-да екі жолмен орналасқан, жеке тұрған үйлерді білдіреді. Сәулет өнері кешенін салған кезде геоклиматтық фактор құрылыс материалын қолдану шарттарын анықтады: қабырғалар ағаштан немесе плита-тастан конструкцияланды. Кейінгі дәуірде массивті тас блоктардан салынған, көп бөлмелі үйлерді қатаң жоспар бойынша салды, олардың ауданы 500 кв.м

дейін жетті. Кейде екі үй дәліздер-мен қосылып, біртұтас тұрғылықты кешен құрылды. Қыста малды асырау үшін төмен шаруашылық құрылыстары тұрғызылды.
Андроновшылардың әлеуметтік-саяси ұйымы: патша – ел басы; әскери аристократия — үйдің, рудың, тайпаның басы; абыздар – табыну әдет-ғұрып- тарын реттеушілер, салт-дәстүрлер мен білімді сақтаушылар; қолөнершілер; және еркін қауымдастар — бақташылар мен жер жыртушылар. «Патша» титулы мемлекет басшысы, патшалық билік иесі дегенді білдіреді. «Патша» титулы Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) хандарына тиесілі болған. Олардан мәскеулік ұлы князьдарға ауысты. «Патша» және «хан» титулдары тең мағыналы болып табылған, және көбінесе орта ғасырлық жылнамашылар сол және бір патшалық билік иесін патша деп те, хан деп те атаған. Қазақ хандарына қатысты «патша», «патшалық» терминдері тіпті ХҮІІ ғасырдың аяғына дейін орта азия және орыс тарихи құжаттарында кездеседі. Сонан соң, қазақ мемлекетінің әлсіреуіне және орыс мемлекетінің протекторатына кіруіне байланысты, қазақ билеушілерінің мәртебесі тек хандар деп ғана аталды.
Сөйтіп, андронов мәдениетінің тайпалары мәдени біркелкілікті көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларының полиметалға байлығы осы территорияда металлургияның әлемдік ошағының пайда болуының басты себебі болып табылды. Мұнда ол туралы әлеуметтік даму деңгейі, халықтың артық азық-түлікпен қамтамасыз етілгендігі, құрылымның бар болуы куәландыратын, дәуірдің барлық әлеуеті мемлекет проекциясының құрылуына бағытталды. Бұл дәуірде адамның санасы, оның жердегі ұлы миссиясы нақты анықталады. Сөйтіп, андронов тайпалары алғашқы мәдени қабатты құрады, оның негізінде кейінгі көшпенділердің мәдениеттері құрылды.
ІІ. Жаңа Патшалық. Ұлы Даладағы арийліктердің мирасқорлары олардың ұрпақтары — киммерийліктер, савроматтар және сақтар болды. Жаңа эраның пайда болуы осылармен байланысты. Олар адамзат тарихына бірнеше оқиғалар әкелді. Атап айтқанда, темірдің игерілуі және таралуы. Мал шаруашылығының жаңа типі – көшпелі шаруашылықты құру, осыдан – көшпелі өркениеттің орнауы. Егін шаруашылығы саласында ірі жер суландыратын жүйелерді жасаумен байланысты, жерді өңдеу тәсілі түпкілікті қалыптасты.
Киммерийліктер туралы алғашқы мәліметтерді бізге грек жазушылары қалдырды және алдыңғы азиялық сына жазу деректерімен бекітті. «Илиада- ның» мәтіні қалыптасқанға дейін және Геродоттың сақтардың амазонкалармен некесінен савроматтардың қалай құрылғаны туралы әңгімесіне дейін, амазон-калардың Еуропа мен Кіші Азияға, тіпті Афина мен Трояға дейін жорығы тура-лы аңыз қалыптасты. Бұл аңыз тіпті әйгілі паросс мәрмәрінде – б.э. дейінгі 264-263 жж. оқу хронологиялық кестесінде өзінің мектептік көрінісін тапты, кесте бойынша бұл жорық б.э. дейінгі 1256/1255 жж. болды. Грек авторлары оларды алдымен — Қара теңізге, ал сонан кейін

Жерорта теңізіне таратты. Гомердің хабарламалары бойынша киммерийліктер ең күтпеген жерлерде болды.
Геродот оларды Қара теңіздің солтүстік жағалауында, әсіресе Керчен түбегінде шектейді. Онда олардың этнонимінен туындайтын атаулары бар жер-лер болды: Киммерий қабырғалары, Киммерий өткелдері, Киммерий облысы және Киммерийлік Босфор. Алайда Геродоттың киммерийлік патшалардың молаларын Тира қаласының маңында, Днестрдің сағаларында шектеуі, кимме-рийліктердің сол немесе өзге топтарының Қырымның шекарасынан тыс, Еура-зияның далалы аудандарында бар болуын жорамалдайды. Страбон Геродотқа жақын, бірақ басқа нұсқаны пайдаланған қандай да бір әдебиет көзінен алын-ған, тура сол мәліметтерді хабарлайды. Ол сондай-ақ киммерийліктердің Кавказ бен Кіші Азия арқылы жорықтары туралы хабарлайды. Лигдамий патшаның басшылығымен киммерийліктер Эфеске, Калинге жақын келгенде, б.э. дейінгі ҮІІ ғасырдың ортасындағы ақын жастарды отанын қорғауға шақырды. Сол кезде киммерийліктер Сардыларды да жаулап алды.
Сына жазу көздері (ассириялық және вавилондық патшалар деректері және көптеген басқалар) гамирра халқы туралы айтады, олар б.э. дейінгі ҮІІІ ғасырдың соңғы тоқсанынан бастап алдымен Урартудың солтүстік шекара-ларын қобалжыта бастады, ал сонан соң Ассирия мен Кіші Азияға кірді. Осының барлығы киммерийліктер мен гамирраның бірлігін айтады. Б.э. дейінгі ҮІІ ғасырдың 70-50 жылдарында сына жазу құжаттарында ишкуза-ашкуза (скифтер) және гамирра-гимирра (киммерийліктер) іргелес еске алынады. Б.э. дейінгі ҮІІ ғасырда ассириялық хроникалар Солтүстік- Каспий далаларынан Каспий теңізінің батыс жағалауы бойымен өткен, көшпенділердің шапқыншы-лығын атап өтеді. Оларды Испака патша бастады, оның өзіндік аты ишгуз болды. Ассириялық жазбашылар Испака патша жетекшілік еткен, ишгуздардың өзіндік атын аса дәл берген. Ішкі- оғыз ұлы этнонимі «Менің Қорқыт атамның кітабы» атты оғыз эпосының арқасында біздің күнге дейін жетті. Эпосқа сәйкес жиырта төрт ру екі ірі бірлестікке бөлінді – ішкі-оғыз және сыртқы-оғыз. Жазбаша эпикалық ескерткіш, кейінірек түрікмен, әзербайжан, түрік және қазақ халықтарының құрамына енген, оғыз тайпаларының тарихын, тұрмысын, салт-дәстүрін көрсеткен. Ескерткіш екі жазумен белгілі, оның біреуі — Дрезденде, ал екіншісі — Ватиканда сақталған. Дрезден қолжазбасы — он екі, Ватикан қолжаз-басы алты дастаннан тұрады.
Киммерийліктердің, ишгуздардың, соның ішінде басқа көшпелі тайпалар-дың да өзіндік атау мен тілдік жақындықтың бірлігімен айтылған, генеалогия-лық және мәдени ортақтықты сезінгені, жергілікті этнотерриториялық топта-малардың бар болғанын жорамалдайды. Олардың кейбіреуінің атаулары кейбір қазіргі уақытқа дейін сақталған көршілерден алынған жазба мәтіндерде белгі-ленген.
Тарихи әдебиетте сақтар дәуіріне қатысты «темір ғасыр», «ерте көшпенді-лер дәуірі», «скифтер дәуірі» терминдері қолданылады. Сақ тайпалары андронов халқының – арийлердің, турлардың, Авестаның

дахтары мен данда-рының тікелей ұрпақтары болды. Бұл тұжырымды археологтар, сондай-ақ сақ уақытындағы халықтың андроновшылар дәуірінің халқына генетикалық сабақ-тастығын анықтаған, антропологтар да растайды. Саяси ұйым ғылымда «әскери демократия» деп аталды, ол ру-тайпалық және әскери-мемлекеттік қатынастардың симбиозы болып табылды. Археологиялық материалдар сақ қоғамының заттық полярлануын және саралануын көрнекті сендіреді. Бірақ, бұл теңсіздіктер генеалогиялық байланыстардың күшті жамылғысымен байла-нысқан және жасырылған болды. Одан мұрагерлік билеушілер шыққан, «патша тегі» болды. Ал биліктің идеологиялық негізі оның діни шығу тегі туралы түсінік болды. Биліктің және билеудің этногенетикалық жүйесін автор Авеста деректерін талдау мысалында көрсетті. Патша қорғандарының ескерткіштері айтылғаннның дәлелі болады. Мысалы, Алматы облысының Ыссы қаласының жанында барлық әлемде кеңінен белгілі «Алтын адамның» табылуы. Сақ қоғамында әскери-тайпалық аристократия маңызды роль атқарды. Халық жиналысының ролі жоғары болды. Халық жиналысы патша атынан өкілеттілер-ді ұсынды. Бұл сайланған өкілдер көсемдердің билігін шектей алды. Қоғамдық құрылыс тұрғысында: патронимия (отбасы-рулық топ), тайпа (бірнеше патро-нимиялық топтан тұратын, көшпелі қоғам), тайпалар одағы (биліктің протес-танттық функциялары және мемлекеттіліктің бастапқы нысаны бар, бір генеа-логиялық тамыр тайпаларының конфедерациясы). Бұл енді оған әскери-демо-кратиялық құрылыс жұмылдырылған, билік пен басқару ұйымы болды. Тайпалық одақтар әлеуметтік ұйымның жаңа және жоғары типтері болды.
Идеологиялық және әлеуметтік жүйелерге тән құрылымдар: үштік әкімші-лік-саяси бөлу, үш әскер тобы, үш қоғамдық қабатша және бірінші атаның үш батыр ұлы. Мысалы: бірінші аталары – Тарғытай және Қолақсай, көктің қасиетті сыйлары; және Жанарыс, Бекарыс және Ақарыс туралы генеаология-лық аңыз. Қасиетті сыйлар туралы аңыздың бар болуы қоғамдық құрылыстың символы болды. Бұл кезде басты даму бағыты барлық сақтардың шығу тегінің ортақтығын атап көрсетуге, оларға тиесілі әлеуметтік қатынастардың құдайшыл анықталуын негіздеуге ұмтылу болды.
ІІІ. Ерте Көшпенділер мемлекеті. Көшпелі тәсілде мемлекеттік құрылым-дардың көне типін жасаған, және екінші жағынан қазақ тарихында елеулі роль атқарған, түркі тайпаларының санына: сарматтар, үйсіндер, қаңлылар, құшан-дар мен ғұндар жатады.
Энциклопедиялар мен тарихи материалдар Еуропада ғұндардың пайда бо-луы атақты Аттила патшаның тұсында өзінің аса үлкен құдіретіне қол жеткізіп, халықтардың Ұлы қоныс аударуына бастама салды. Ғұндарға Батыс Рим импе-риясының құлауына және Еуропада құл-иеленушілік құрылыстың түпкілікті жойылуына әкелген, тарихи процестердің катализаторы ролін қосып жазады.
Б.э. дейінгі ІV-ІІІ ғ. қазіргі Монғолияның, Солтүстік Қытайдың террито- риясында, және Қазақстанның шығыс бөлігінде ғұндардың басшылығымен қуатты саяси құрылым қалыптасты. Олар Орталық Азияның тарихында

маңыз-ды рольді атқарды. Б.э. дейінгі ІІІ-ІІ ғғ. – б.э. І-ІІ ғғ. шебінде ғұндардың саяси құрылымды құруы номадтардың мемлекеттік билігінің Ежелгі қалпының түркі кезеңіндегі көшпенділер билігінің Империялық қалпына өтуінің байланысты-рушы буыны болды. Ғұндар мемлекетінде империялық үрдіс айқындалады. Бұл әскери-әкімшілік принциптерге негізделген, орталықтандырылған билік құрылымы болды. Мемлекеттің басында Шаньюй тұрды, оның билігі құдай-шыл беделмен түсіндірілді және мұра бойынша қатаң берілді. Оны «Аспанның ұлы», «Аспаннан және Жерден туған. Күнмен және Аймен қойылған» деп атаған. Жоғары иерархияның келесі сатысында кеңесшілер мен әскери бастық-тар тұрды. Мемлекет басшысымен тағайындалатын өкілетті тұлғалар түмен-басылар болып табылды. Оларға халқы бар территорияны бөліп берді. Түменбасы өз иелігінің шегінде мыңбасыларды, жүзбасыларды және онбасы-ларды тағайындады, оларға халықпен бірге жер бөліп берді. Орталық биліктің күшеюіне қарамастан ғұн қоғамында халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі жұмыс істеді.
Біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықтың аяғында оларда мемлекеттік билікті көшпелі тәсілде бекіту процесі байқалады. Бұл үйсіндер, қаңлылар, сарматтар мен құшандар — патшалық етуші сақтардың этномәдени мирасқор- лары болды. Олар шаруашылық және әлеуметтік дамудың ықпалымен батыл өзгерістерді басынан кешірді. Бұл процесс меншік, сауда және ақша айналымы эволюциясымен күшейе түсті. Оның куәсі атаулы мөрлерді табу болып табыл-ды. Әлеуметтік тұрғыда ол күрделі құрылымды білдірді. Атап айтқанда, рулар мен тайпалар иерархиясы олардың қоғамдық құрылымы сияқты соншалықты қатаң болды. Бұл жағдайларда, адамның құқығын іске асыру дәрежесі оның ру-тайпалық иерархиясындағы орнына тұтастай тәуелді болды және алдын ала анықталды.
Ерте көшпенділер мемлекеті көшпелі қоғамның өзінде ішкі процестердің табиғи күшінің нәтижесінде пайда болды, ол мемлекет мемлекеттің тууына әкелді. Осы кезеңнің ерекшелігі оның өтпелі сипаты болды, онда жаңа қатынастар бұрынғы қоғамдық қалыптарды теріске шығаруға әкелмеді.
ІҮ. Түркілер империясы. Әрбір халықтың тарихы өзінің тамырларын ежелгі заманның тереңіне жайса да, барлық дәуірлердің тарихшыларында ха- лықтың пайда болуын анықтайтын күннен бастап сипаттауды бастауға ұмты- лыс бар. Осылай, римдіктердің шартты күні болды – Римнің құрылуы, арабтар-да әбден нақты — Мұхаммедтің Мекеден Мәдинеге қашуы, орыс жылнамашы-лары 862-ші жылды таңдады және оған орыс тарихының басталуын тура кел-тірді, француз хроникашылары Хлодвиг Меровиннен бастау алды. Түркілер үшін тарихи әдебиетте мұндай күн 545-ші жыл болып саналады (әлі негіздел-меген).
Солтүстік Қытайда (қытай патшалығы Вэй 386-534) кенеттен соғыс болды да, екі бөлікке – шығыс және батыс Вэй болып ыдырады. Шығыс Вэй өзінің бақталасын қатты қысты. Сонда, Батыс Вэй императоры Вэнь-Ди жақтаушы-ларын іздеу үстінде шешім қабылдайды және түркілерге елшілікті

әзірлей бастайды. 545-ші жылы елшілік достық қатынастарды орнату үшін Бумын ордасына келеді. Осы сәттен бастап түркілер мемлекеті халықаралық статусты иеленеді. «Бүгін бізге ұлы державадан елші келді, жуырда біздің мемлекеттің де беделі артады деп айтып, Ордада барлығы бір-бірін құттықтай бастады». Бұл факт Бумынның Батыс Вэйдің астанасына жауаптық елшілік жіберіп және онымен өз одақтасының жауымен әскери одақты нығайтып, өзінің сюзереніне — жужан ханына адалдық білдірмегенін көрсетті. Түркілердің бостандығы үшін соғыстың шарасыздығы оларды қорқытпады. Бұл елдіктер Солтүстік-Шығыс Қытайға қарсы бағытталған, батыс Вэйдің одақтастары және оның жужан хандығының одақтастары ретінде түркі державасының шығыс саясатын ширек ғасырға анықтады.
Ол кездері, түркілер территориясы Алтайдың оңтүстік тау бөктерінде орналасты. 534-ші жылы олардың «ұлы жағбуы» Бумын болды. Формалды түрде ол жужан ханының бағыныштысы болып саналды. Ал шындығында Бумын өзінің сюзеренімен санаспаған және түркілердің иеліктерін алыс шығысқа қарай жылжытқан. 542-ші жылы оның иеліктері Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жетті. Оңтүстікте мықты тірек тауып, Бумын солтүстікті өзіне қарата бастады. Бірінші болып оғыздарды өзіне қаратты. Күштерімен біріккен Бумын, жужандармен шайқаста толық жеңіске жетті. Жужандар мемлекеті құлады, Анахуань өзін-өзі өлтірді. 551-ші жылы Бумынды ақ киізге отырғызып көтеріп, Түркі Елінің қағаны етіп жариялады. Ұлы Дала жаңа империясының күндерін санау басталды.
Біздің эрамыздың І мыңжылдығының екінші жартысының басында Ұлы Далада пайда болған саяси бірлестік, номадтықтың ілгерілемелі дамуының бірыңғай процесінің нәтижесі болып табылды. Онда өзіндік және өзгеше мәдениет құрылды. Еуразияның түркі тілдес халықтарының, олардың ізашар-лары сияқты, көптеген ғасырлар бойы олардың ортақ мұрасы болған, ортақ тарихы және шығу тегі бойынша ортақ мәдениеті болды. Еуразияның кең далаларында түркілер ондаған мемлекеттер құрды – Көк Түркілер Қағанаты, Шығыс-Түркі Қағанаты, Батыс-Түркі қағанаты, Түркеш Қағанаты, Ұйғыр Қағанаты, Қарлұқтар, Қарахандықтар, Қидандар, Оғыздар, Қимақтар, Қыпшақ-тар, Наймандар, Керейіттер, Хазар Қағанаты, Ұлы Бұлғар. Тарихи алаңда бір тайпалық бірлестіктің екіншімен ауысуы біріншілердің толығымен жойы-луын еш білдірмейді — ежелгі тайпалар жаңа пайда болған этникалық және саяси құрылымдарда көбінесе басқа аттармен сақталды, және өз түрлерінің өзгеруін басынан кешкен, жаңа халықтар құрады. Түркі дәуірінде (VІ-ХІІІ ғ. аяғы) номадтық классицизм кезеңіне жетеді, оның көрінісі империялық билік ортануға ұмтылу болды.
Түркі кезеңі мемлекеттерінің әлеуметтік табиғатын түркі жазуы ескерткіш-терінің декларацияларынан, және әсіресе Жүсіп Баласағұнның «Құтты білім» еңбегінен алуға болады. Оларда түркі ақсүйектерінің саяси доктринасы, әлемдік үстемдікке ұмтылу, қоғамның сословиелік ерекшеліктері және биліктің «Бодун – Ел – Төре», «Халық – Мемлекет — Заң» парадигмасы көрсетіледі. Ғұндардың дәстүрін жалғастырып, түркі тайпалық одағы Ел-империялық құрылым болып саяси ұйымдастырылды. Түркі Елін

тайпалық аристократияға сүйенген, қаған басқарды, одан «қызмет етуші сословие», яғни әскери-әкімшілік сословиесі жинақталды. Өз қолдарында әскери және азаматтық функцияларды жалғайтын шенеуніктердің орасан зор жүйесі құрылды – жабғу, шадтар, тегін және т.б. Әлеуметтік титулатураның мәні мынада — екі сословие – ақсүйектер және халық атап көрсетіледі.
Ақсүйектер отбасылары қатарына жататындық белгісі мемлекетте жоғары лауазымдарды алу кезінде маңызды рольді атқарды. Әлеуметтік титулатура-ның мәні әскери және тайпалық құрылысты бірлестіруден тұрады. Практикада бұл мынаны білдірді: бейбіт уақытта хан, қаған титулдары – «мемлекет басшысын», ал әскери иерархияда «жоғарғы бас қолбасшыны» білдірді. Жабғу, шад терминдерімен қағаннан кейінгі жоғарғы рангты әскери-әкімшілік шендер белгіленді және тек хан тегінен ғана тағайындалды. Бұйрық терминімен коман-дирлер белгіленді, мемлекетте бұйрық бас уәзірдің постына қызметке орна-ласқан. Бек титулы ханнан төмен иерархиялық сатыда болатын, феодалдық билеушінің білдіреді, әдетте бұл автономдық бірлестікті (тайпаны, руды) билеуші. Тегін титулы «хан отбасының кіші мүшелерінің аттарына қосылатын титул, ханзада» дегенді білдіреді. Атқаратын лауазымына байланыссыз, ол қаған өлген соң таққа жалғыз өзі үміткер болған. Тархан титулы түркі халықтарында өте кең тараған. Шамасы тархандар алымдар жинаумен айналысқан және мемлекетте фискальды қызметті орындаған (Фиск – латын- ның fiscus сөзінен — император қазынасы. Фискальды – қаржылық, салықтық, мемлекеттік табыстарды, қазынаны шоғырлауға қатысы бар). Түркілердің титулдары мен шендері мынадай: қазынашы, кеңесші, басшы, атақ разряды, дәрежесі, шен, елші, бақылаушы, сарай қызметшісі, жүздік, ондық және т.б. Қытайдың әдебиет көздерінде 28 шен разряды келтірілген. Тармақталған әскери-шенеунікті аппараты және осындай әлеуметтік титулатурасы бар мемле-кетте, мұндай мемлекет әскери-адамгершілік принциптерде ұйымдастырылған, орталықтандырылған империя ретінде ғана бар болуы мүмкін.
Түркі тұжырымдамасында жоғарғы билік доктринасы былай сипаттайды: «Біріншіден, «қаған» деген түркі титулы және қағандық титулатураның толық формуласы билеушінің Аспан Тәңірімен киелі байланысты сипаттайды. Толық титул конструкциясы, сондай-ақ қаған харизмінің аспаннан Жер-Ана арқылы жердегі таңдаулыға қозғалысы туралы, еркін орындаушы және құдай берген күштердің рахатын тасушы ретінде монархтың әрекеттері туралы түсініктер. Екіншіден, осы идеологиялық дәстүрлер сарайдың маңызды салт жораларын орындау тәртібімен толықтырылды».
Ү. Алтын Орда империясы. ХІІІ ғасырда бар әлемді орасан ұлы оқиғалар шын мәнінде қатты толқытты. Византия латындықтардан босатылды (1261 ж. латындықтардың Константинопольден аластатылуы) және өз ғасырын 1453 ж. дейін жасарын жасап, асарын асады. Ежелгі Русь оған славян тайпа-ларының күші негізделген, қауымдық-рулық тұрмыстың

қалдықтарын жоғалт-ты. «Русь» этникалық жүйесінің тұтастығын сезіну енші жерлерден вотчи-наға айналған, князьдіктердің ұсақталуымен бірге жоғалды. Кертартпа және кез келген өзгеріске қастықпен қараған көшпелі түркілер бір саяси орталықты мемлекеттік құрады. Дамудың көп салттылығы және элементтердің алуан түрлілігі кез келген жүйенің тұрақтылығының міндетті шарттары болып табылады. Осыдан, полиэтникалылық және көп салттылық түркілік супер-этникалық тұтастықты бұзбай, нығайтты. Бірақ ХІІІ ғасырдың басына қарай бәрі өзгерді. ХІІ-ХІІІ ғасырлардың шебінде Монғолияның өзінде болған, объективті үрдістер түркілердің тағдырына әсер етті: біріншіден, этностың емес, Ұлы Даладағы мемлекеттердің саяси ыдырау жолағы басталады; екінші-ден, Еуразия кеңістігінде ашындардың билеуші әулеті көшпелі мемлекеттің шыңғысшыларымен ауыстырылады.
1196-1205 жж. кампания нәтижесінде Темучин Монғол далаларының барлық басты тайпаларын (керейіттерді, меркейіттерді, наймандарды және т.б.) өз билігіне біріктірді. 1206 ж. көктемде Онон өзенінің бастауларында құрыл-тай өтті – онда Темучин монғолдардың жоғарғы әміршісі болып жарияланды.
Шыңғысхан құрған мемлекеттің негізіне әскери ұйым принципі салынды. Өз билігімен Қиыр Шығыстың, Алдыңғы Азияның және Шығыс Еуропаның көптеген халықтарын, елдері мен мемлекеттерін біріктірген империя, ұзақ тіршілік ете алмады. Монғол империясының бірлігі, Ұлы Мөңке ханның өлімінен кейін оның екі бірдей інісі – Арық Бұға және Құбылай бір мезгілде ұлы хан болып жарияланғанда, 1260 ж. бұзылды. Жошы ұлысындағы Берке және Шағатай ұлысындағы Хайду батыс әміршілері оларды мойындамады, және істің шын мәнінде, тәуелсіз әміршілер болды. ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғына қарай Монғол империясы төрт ұлыс-мемлекетке ыдыра-ды, олардың әрқайсысын хандар – Шыңғысханның ұрпақтары биледі. Олар:
1. Алтын Орда, шығыста – Ертістен бастап батыста – Дунайға дейін және барлық орыс князьдіктері. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы — Жошының (1227 ж. өлген) ұрпақтары биледі, оның әулеті Ұлы Далада және шектес аймақтарда жоғарғы билікті өте ұзақ уақыт бойы – ХІХ ғасырдың ортасына дейін сақтады.
2. Шағатай мемлекеті, ол Мавераннахрдан, Жетісудан, Қашқариядан құралды және Шыңғысханның екінші ұлы – Шағатайдың атымен аталған, оның әулеті ХVІІ ғасырға дейін тіршілік етті.
3. Хулагуидтар мемлекеті, Иранда Шыңғысханның төртінші ұлы, Тулуй- дың ұлы Хулагу ханмен (1265 ж. өлген) құрылған. Хулагу әулеті сондай-ақ «Елхан» титулын иеленді, сондықтан Иранның монғолдық билеушілерін Елхандар деп жиі атайды. Елхандар мемлекеті ХІV ғасырдың ортасында ыдырады.
4. Орталығы Ханбалықта (Пекин) болған Монғолия мен Қытайдың өзіндегі мемлекетті Тулуйдың (1233 ж. өлген) ұрпақтарының басқа тармағы – Құбылай (1294 ж. өлген) биледі. Бұл мемлекет Юань империясы деген қытайдың ресми атын алды. Тулуйдың ұрпақтары Монғолияның өзінде ХVІІ

ғ. дейін билігін сақтады, ал Қытайда олардың орнына Мин әулеті келгенде, олар 1368 ж. дейін ғана биледі.
Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орда мемлекетінің – Ұлық Ұлыс Жошы билеген мемлекеттің түркілердің саяси тарихы үшін ерекше маңызы болды. Осы мемлекетті белгілеу үшін орта ғасырдың мұсылман авторлары келесі атауларды қолданды: Ұлық Жошы, Дешті-Қыпшақ, Берке елі, Солтүстік Патшалық және т.б. – ал зерттеу әдебиетінде ол Алтын Орда ретінде белгілі. Ш. Уәлихановтың сөздері бойынша: «Барлық жапсырмаларда Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталады және түркі тарихшылары мен халық аңыздарында… ешқашан Орда деп аталмаған». Алтын Орданың құрамына Шығыс Дешті-Қыпшақ (Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділдің сағаларына дейін Қазақстанның далалық аймағы), Батыс Сібір, Хорезм және Солтүстік Кавказ, еділдік Бұлғар, Қырым жерлері кіреді. Тәуелділікті мойындаған және оның хандарының қолынан «князьдіктерге жапсырмалар» алған, алым-салық төле-ген, бірақ салыстырмалы түрде дербестілікті сақтаған, орыс князьдіктері Алтын Ордадан вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Орданың орталығы Еділдің төменгі жағалауы болды, онда Бату ханның кезінде астанасы Сарай-Бату қала-сы болды, ХІV ғ. бірінші жартысында оның астанасы Сарай-Беркеге (қазіргі Волгоградтың жанында) ауыстырылды. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыстық жүйе қалыптаса бастады. Ауылғазының (ХVІІ) аңызы бойынша, Бату «солтүс-тік елдерге» — Еуропаға жеті жылдық жорықтан кейін (1236- 1242) — өзінің інісі Орда Едженге былай депті: «Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына қолғабыс тигіздің, сондықтан сенің әкең өмір сүрген жерде, халқың саған беріледі», яғни ол — Шығыс Қазақстан. Әдет-ғұрыптарға бағынып, Бату өзінің басқа інілеріне де енші жерлерін берді. Орда Едженнің ұлысынан батысқа қарай Шайбанның жерлері жатты. Ұлыс шайбанның бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай хабарлайды: «Жошының ұлы… Шайбан хан Бату ағасынан сыйлық ретінде төрт аймақты алды». Орда Едженнің жерлері — Көк Орда, ал Шайбанның жерлері Ақ Орда деп аталды. Шайбан ұлыс Орда Едженнің құрамына кірген соң барлық территория Ақ Орда деп атала бастады. Ақ Орда Орыс ханның кезінде (1361-1380) едәуір нығаяды. Алтын Орданың басты ордасын Батудың ұрпақтары биледі. Алтын Орданы басқарушы хандарға Жошы Үйінің барлық ханзадаларының қожалықтары бағынды.
ХІV ғ. ортасында оларға Орта Азияның солтүстік-шығысы, Жетісу мен Шығыс Түркістан кірген территорияларда, Моғолстан мемлекеті құрылды. Оны билеушілер әулетінің негізін қалаушы шағатайшы Тоғлық Темір (1347-1362) болды. Батыс бөлігінде – Мавераннахрда әмір Темірдің (1370-1405) мемлекеті пайда болды. 1428 жылы Ақ Орданың билігіне Шайбанид Әбіл-қайыр келді. ХV ғ. ортасына қарай Батыс Қазақстан территориясында – Ноғай Ордасы пайда болды. Алтын Орданы билеген, Едіге ханның кезінде (1396-1411) Алтын Орданы оңашалау басталды. Ол Едігенің ұлы Нұраддиннің кезінде (1426-1440) түпкілікті оңашаланды. ХV ғ.

20-60-шы жылдарда Сібір, Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары пайда болды.
«Дешті-Қыпшақтағы» (Ұлыс Жошымен біріктірілген, Ұлы Дала) әлеу- меттік қатынастар белгілі өзгерістерге ұшырады, бірақ түбегейлі өзгерістер енгізген жоқ. Пайдалануда оның ескі нысандары біртіндеп қалпына келтірілді немесе сақталды. Саяси билікті ұйымдастыруда орталықтандыру және тәртіп талап етілді, оның негізгі доминанты Шыңғысханның жасасы болды. Сондық-тан олар ондық жүйе негізінде құрылған, нақты әскери ұйымы бар, әскер-халыққа айналды. Мұндай ұйым Ұлы Дала номадтарында ежелден болды. Шыңғысхан оған тек аса аяқталған нысандарды берді. Дәстүрлі әлеуметтік-саяси ұйымның жоғары буындарын бұзған, сонымен, сепаратизмнің айқын-далу қаупін жойған, Шыңғысханмен құрылған әскери-саяси жүйе жаңаның өзі болды. Бұл қоғамда топтар мен таптар арасындағы басты айырмашылықтар меншіктің түйінді ресурстарға қатынастарынан емес, ал билік пен басқаруға қатынастан құралды. Билеушілердің басқарылушыларға салған, тікелей міндеткерліктері айрықша құқықты топтың пайда болуының себебі емес, салдары болып табылды.
Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ерекше нысанды қабылдады, өйткені жалпы империялық деңгейде монғол аристократиясының және араттар-дың қатынастары негізгі болмады. Ұлық Ұлыста Жошы (және оның ұрпақтары) керексіз бұзылыстарды болдырмауға тырысты. Алтын ордалық хандардың саясаты өз мемлекетінің онда көшпенділер мекендеген территорияларында қалалардың жылдам құрылысына және осы қалаларды саудалық-кәсіптік орталықтарға айналдыруға бағытталды. 100-ден артық болған, алтын ордалық қалалардың ашық және синкреттік мәдениеті тура осындай тәсілдермен құрылды. Олардың 20-на жуығы монета соғу құқығы бар ірі орталықтар болды. Олардың ең ірісі Сарай Бату, Сарай Әл Жедид, Жайықтағы Сарай, Азау, Бақшасарай, Үкек, Солтүстік Кавказдағы Маджар, Еділ атырауындағы Қажы-тархан, Мордовиядағы Мохим, Сібірдегі Чилын Тура болды. Көптеген қалалар шығыста ғана емес, сонымен бірге барлық әлемде ең ірі болып саналды. Сонымен, Сарай Бату халқы 100 мың адамнан асты (ХІV ғ. халқы 5-10 мың адам үлкен болып саналды). Билеушілердің арқасында Ұлық Ұлыстың территориясында Батыс Еуропа елдерінің, әсіресе Генуя мен Венецияның сауда факторияларын аша бастады. Бұл факториялар ірі қала орталықтарына жылдам өсе бастады – Кафа (Феодосия), Солдайя (Судак), Чембала және т.б. 1321 ж. Кебек ақша жүйелерін есепке алып жүргізген реформа, бірдей салмақты және сынамалы күміс монеталарды тұрақты соғуға өтуді құрады және енді барлық Ұлық Ұлыста монеталардың салмағы бірдей болғандықтан, ішкі де, сыртқы да сауданың жандануына мүмкіндік туғызды. Керуен саудасы едәуір кеңейтілді. Батыс қазақстанда және Еділ бассейнінде жаңа қалалық орталықтардың пайда болуы Азия мен Еуропадан керуен жолдары орталығы- ның шоғырлануына әкелді. Керуен жолдары көркейтілді. Ұлық Ұлыс

хандарының бұйрықтары бойынша, сауда жолдарында құдықтар қазылып, керуен-сарайлар салынды.
ХІV ғ. бастап ислам үстемдік етуші дін болды. Бұған Ұлық Ұлыс хандарының, әсіресе Өзбек ханның саясаты мүмкіндік туғызды. Қазақстанда исламды насихаттау үшін діни сопылық ордендер – Яссавия мен Накшбаидия пайда болды. Өзіндік дін ілімін зерттеулер қыпшақ тілінде арнайы трактатпен жазылды. Осылай, 1430 жылы Құранның ережелерін түсіндіретін, «Мұқаддим кітабы» атты еңбегі жазылды. Исламның әдет- ғұрыптық жағы, тәртіп нормалары және діни құқық – шариғат 1421 ж. шыққан, «Ад-Дачва кітабы» атты кітапта толық сипатталды. Бұл кітаптар исламмен танысу үшін, Ұлық Ұыс халқының арасында мұсылмандық идеяларын аса кең ендіру үшін үшін тағайындалған.
Жоғарғы биліктің жоғарғы органы құрылтай болды, онда ірі әскери кісіпорындармен байланысты мәселелер, ішкі саясат мәселелері, шыңғысшылар арасында облыстарды бөлу және т.б. мәселелер шешілді. Шыңғысшылар мен әскери-көшпелі ақсүйектер съездері сондай-ақ ұлыстарда да жиналды. Ибн Баттутаға сәйкес, мұндай жиналыс түрікше «той» деп аталды және жыл сайын шақырылды. Батуттаның сөздері бойынша, тойға Шыңғысханның ұрпақтары, әскери бастықтар, облыстар билеушілері және ақсүйек әйелдер келген.
Жергілікті халыққа салық салудың өзіндік жүйесі анықталды. Көшпелі-малшылар «копчур» — жүз мал басынан бір басты, «тағар» — әскерлерді жабдықтауға арналған салық төлеуге міндетті болды, ол екі бөлікке бөлінді – «азық» — азық-түлік жинау және «алық» — мал азығын жинау. Егіншілер «қаржы-қаражат» салығын төледі. Тура салықтардан басқа, халық «конгла» — тұрған әскерлерді асырау, «жамалғы» — хабаршылар мен әкімшілік тұлғаларды қамтамасыз ету міндеткерлігі, пошта станцияларын ұстау міндеткерлігін атқарды. Көпестер тауарлардан баждар — сауда салығын төледі. Ұлық Ұлыста салықтар жинаудың анық жүйесі болды, арнайы реестрлер – «дафтари» бойынша есеп жүргізілді. Орыс князьдіктері «шығыс» — әрбір шаруашылықтан мүліктің көлемінен проценттер мөлшерінде алым-салық төледі. Салық жинауды — басқақтар, ал ХІV ғ. бастап қотара сатып алушылар мен жергілікті ақсүйектер жүзеге асырды. Мемлекеттік кеңселерде іс жүргізу түркі дәстүрлерінде түркі тілінде жұмыс істеді. Елді тәкелей басқару атқару билігінің арнайы органы – диуан арқылы жүзеге асырылды, оған дамирлер — хатшылар, битакчи – көшірушілер, салықшылар – салық шенеуніктері, қазынашылар — қаржылық ведомство шенеуніктері және олардың көмекшілері — тұтқауылдар, бақауылдар және есауылдар кірді. Тіпті ХVІІ ғ. аяғына дейін олардың мемлекеттері Алтын Орданың үйінділерінде пайда болған, Қазақ хандығының билеушілері және Мәскеудің ұлы князьдары мен патшалары, алтын ордалық хаттамалық дәстүрлерде әр түрлі мемлекеттермен арнайы хат жазысты, бұл олардың бөтен бірдеңе сияқты қабылданбаған, ордалық рәміздерді шектеулі, үйреншікті пайдалануы туралы куәландырды.

ХV ғ. басына қарай Алтын Орда біртіндеп жеке саяси құрылымдарға ыдырайды, олардың әрқайсысына, көшпенділерден басқа, тиесілі отырықшы аудандар енді. Бірақ соңғылары біртіндеп құлдырай бастады (ашық теңіз жолдарынан Жібек жолы өзінің бұрынғы ұстанымдарын жоғалта бастады). Сондықтан көшпелі аристократия тәуелділік пен пайдаланудың жаңа сыртқы көздерін іздеуге жаңа күшпен ұмтылады. Ол оларда үстемдік етуші тап болу үшін, отырықшы аудандарды өзіне бағындыруға қайта ұмтылды. Бірақ, Шығыс Еуропадағы және Алтын Орданың өзіндегі саяси жағдай Алтын Орданың пайдасына шешілмейді. Ақырында, Алтын Орданың сынықтарында құрылған мемлекеттер, әр түрлі өзгертілді.
VІ. Қазақ Хандығының дәуірі. ХV ғасырдың терең дағдарысын (көшпелі өркениет үшін) эволюционизм көзқарасынан түсіндіру аса қиын. Бірақ сонда да жол табылды және оны көбісі қабылдады. Тарихи процестің алшақтығын «этноәлеуметтік ортақтықтың меншікті әлеуметтік- территориялық мемлекеттік ұйым құруға ұмтылуы» ретінде түсіндіру бәрінен де оңай болды. Тарихқа жүйелі ыңғай бұзылды. Жеке факт- элементтер шешуші ұстаным ролін атқарды. Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі «этносаяси процестердің заңды қорытын-дысы», яғни «ұлыстың қалыптасуының ұзақ процесінің аяқталуы» болып табылды. Бұл тезис «қазақ» сөзінің «қазақтар туралы» ұғымына тәуелділікке қойылатынын көздейді. Номадтарда этникалық атаудың екі қосарлы мағынасы бар екенін есте сақтау керек: 1) этникалық топтың (тайпаның немесе халықтың) тікелей атауы; 2) тіпті егер оған кіретін тайпалар әр түрлі текті болса да, белгілі мәдени немесе саяси кешенді құрайтын, тайпалар тобы үшін жинақты атау. Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде осыған байланысты былай дейді: «қазақтар өз руларының аттарын ру басыларының, ата-бабаларының аттары- мен түсіндіреді… ал олардың қазіргі заманда ордалардың ортақ одағына қосы-луы — қосылғандардың әрбір тайпасы бөлінбейтін бірдеме, тұтас деп қабылда-нады және генеалогиялық мағынаны қабылдайды». Қазақтар өздерін ерікті, Тәңірден туған деп санады, бірақ әр түрлі рулардың шығу тегі ата-бабасының әр түрлі кейіпкерлерімен байланысты болды. Мысалы: Алаш, Жанарыс, Бекарыс, Ақарыс және т.б. Мұндай майда-шүйделер барлық номадтарға, соның ішінде қазақтарға да тән. Шығу тегінің ортақтығы туралы түсінік қоғамдық ықпалдасудың идеологиялық негіздемесі болып табылады. Дала дәстүрі осын-дай болды. Сондықтан тарихқа жүйелі амалды қолдану мақсатқа сәйкес болды. Онда жеке фактілер емес, ал оқиғалар арасындағы байланыстар қарастыры-лады және сенімді нәтижені алу үшін және тарихи әділдік үшін де байланыс-тырушы жіптер анықталады.
Егер жүйе салтанат құрса — этногенез қалыпты жұмыс істеуін жалғасты- рады, егер антижүйе жеңсе – этнос құлайды, әлсірейді және көршілердің олжасына айналады. Бірақ мұндай реакция процесі ұзақ болады. Тіпті қарама-қарсы күштердің өткір қақтығулары ғасырлармен есептеледі. Сондықтан антижүйені тарихтың кең төсемдерінен ғана көруге болады.

Бізді қызықты-ратын сұраққа жауап беру үшін Ұлық Ұлыспен (Алтын Орда) біріктірілген, Ұлы Даланың ХІV ғасырда нені білдіргенін түсіндіру қажет.
Қытайда қытайлардың үйлерінде болған, монғол әскерлері (Юань әулеті) бір түннің ішінде бауыздалып өлтірілген, сонан соң тірі қалған монғолдар ханымен бірге 1369 ж. Монғол даласына қайтып келген. Орта Азияда және Иранда Алтын Орда көшпенділеріне реакция пайда болды. Оны түркіленген монғол Темір басқарды. Шығыс Еуропа нені білдірді?
ХІІІ-ХІV ғғ. шебінде орыстар, әлдің саяси бытыраңқылығына қарамастан (сегіз жарты мемлекет), тек гректерге емес, поляктарға, шведтерге, венгрлерге, немістерге қатысты өзінің жүйелі бірлігін сезінді. Католиктік – бір суперэтностың, ал православие екіншінің индикаторы болды. Орыс террито-риясында және орыстардың қолдарымен соғыс жүргізу үшін, католиктерге орыстарды дала адамдарына қарсы көтеру ұтымды болды. Ал сонан соң олардың жазаларын тарттырып, Орыс жерінде екінші Латын империясын құруға болар еді. ХІV ғасырда Батыс Русьте осылай болды да, ал Шығыс Русь күштерін басқаларға ұқсатпай орналастыруының арқасында бұзылмай қалды (тұжырым: Даниил батысшыл болды, Александр Алтын Орда үшін болды). Орыстарда көшпенділермен соғыс іздеуге себеп болмады. Алтын Орданың саясаты Русьте ХІV ғасырда православиелік дінді сақтап қалып, жаңа дәуірді – жерлерді «жинастыруды» кездестіру үшін, бытыраған держава-ның идеяларына сәйкес келді. Александр Невскийдің еңбегі мынада болды: ол Алтын Ордамен тіпті ХV ғасырдың аяғына дейін сақталған, болашақты болжайтын саясатты орнатып, православиелік Ресейді қорғап қалды. Литва-лықтар поляктар жаулап алған, Галициядан басқа, бұрынғы Киев Русінің барлығының билеушілері болды. Енді еуропалық өркениеттік үлесін өзіне жинап алған Польша католиктік болды. Бұл азғырушылыққа Литва да үйренді.
Орыстардың Мамайды жеңгенін барлығы біледі. Бірақ, осы ұлы әрекеттің маңызын сезіну үшін, оған басқа жағынан қарау керек. Бүгінгі күні орыстардың татар-монғол «езгісіне» қарсы соғысы туралы пікірталас жосықсыз. Өйткені Орданың ыдырауын литвалық князь Ольгерд пайдаланды және бұрынғы Киев Русінің барлығы оның қолында болып шықты. Карл ІV Люксембург император-дың елшілеріне: «Барлық Русь Литваға тиесілі болу керек» деп мәлімдеп, Ольгерд өзінің бағдарламасын тұжырымдады және оларға қолайсыз ұсыныстар жасады: орденнің жаулан алған жерлерін Литваға қайтару, Ордамен күресу үшін крест тағушыларды далаға орналастыру және орденнің «орыстарға құқығынан» бас тартуы. Литва Шығыс Еуропада гегемонияны жеңіп алатын-дай мүмкіншілікті алды. Бірақ уақыт Ольгердке қарсы жұмыс істеді. Мәскеу төтеп берді, өйткені «мәскеулік саяси идеология шіркеулік болды… мәскеулік патша соншалықты ұлттық патша ретінде емес, қаншалықты барлық әлемнің православиелік христиандығының патшасы ретінде өзінің қарамағындағылар-мен ойымен бөлісті». Троицк лаврасының игумені Сергий Ражонежскийдің көмегімен Митрополит Алексей (1353-1378) тұрғызған, православиелік теокра-тияның ғимараты нығая түсті. Бұл

жылдары орыс шіркеуінің Мамаймен дауы лап етіп тұтанды. Төменгі Новгородта Дионисий Суздальскийдің бастама-сымен Мамайдың елшілері өлтірілді. Ауыспалы сәттілікпен өткен, Куликов шайқасымен және Ордаға Шыңғысшы Тоқтамыстың қайтып келуімен аяқтал-ған, соғыс пайда болды. Шіркеу зорлап міндеттеген бұл соғысқа екі коалиция қатысты: Мамайдың химерлік державасы, Генуя және Ұлы Литва князьдігі, яғни Батыс, және Мәскеудің Ақ Ордамен құрылған блогы – оның басын Александр Невский құрған, дәстүрлі одақ. Мамай және Тоқтамыс бір-біріне жау болды. Русьтің дәстүрі Ордамен, ал осыдан, Тоқтамыспен құрылған одақ болды, ендеше оппозицияның Мамаймен одақ іздеуі, бірақ егер олай болса, онда Мамайдың одақтасы Литвамен де татуласу жолын іздеуі керек болды. Шіркеу партиясының ұлы князьдік партияны Мамаймен ұрыстыруы керек болды… және ол оны ақылға сыймайтын өнерлілікпен жасады. Мамай Дмитриймен және Митяймен одақ құруға барлық күшімен тырысты. Митяй өлген соң заттар күші Дмитрийді — Куликов даласына, ал Мамайды керексіз досты уландырған, сатқын-генуялықтардың уысына итермеледі. Мамайдың қайғылы өлімі өнеге аларлық болды. Ол сыртқы саяси жағдайда соншалықты сақ болмай, қастық-тың құрбаны болды, оны пайдаланды. Және де ол суперэтникалық деңгейде байланыстың құрбаны болды (Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. М., 2003. С. 602-606).
Алтын Ордада, онда «ұлы бөгеліс» пайда болған соң (ХІV ғ. екінші жартысында), мемлекет дағдарысты ыдырады және қазандық, қырымдық, астрахандық, сібірлік, ноғайлық татарларға және қазақтарға этникалық бөлінді. Алтын Орда ханының вассалдарының конфедерациясы орнында ұлы Ресейдің дәні – Мәскеу мемлекеті пайда болды. Конфедерациялық Русьтің ұрпақтары-ның бір бөлігі — сенімі мен мәдениетін сақтап, полиэтникалық Мәскеуге қызмет етуге, екіншілері — дінін жоғалтып, бірақ өз ұрпақтарына туған жерін қалды-рып, Польшаға, ал үшіншілері ретсіз қақтығыстардан босап қалған, оңтүстік шекараға аттанды. Және онда шоқынған қыпшақтармен араласып, олар жаңа этнос құрды — дәстүрлі славяндық тиістілік «ов» жұрнағын (Иванов) түркілік «енко» жұрнағына (Иваненко) ауыстырып, соңғылардың ұрпақтары запорожье-лік және слободалық казактар (адамдардың түркілік аттары) немесе украин-дықтар болды (оларды поляктар осылай атаған).
ХV ғасырдың ортасында ежелгі орыс этносының орнына үш жаңа этнос: орыстар, белорустар және украиндар пайда болды – олар православиені сақтап қалды, бұл олардың этногенезінің бағытын анықтады. 1439 жылы Ұлы Еуропаның және батыс Еуразияның бытырауын күшейткен «оқиға» болды. Папа тағы қайтадан крест жорығын басқарды. 1438-1439 жылдары Әлемдік ғибадатхана өзінің жұмысын бастады. Онда екі шешім қабылданды: шығыс және батыс шіркеулерінің униясы және түріктерге қарсы жорық. Крест жорығы 1444 жылы Варнадағы жеңіліспен аяқталды. Соған қарамастан уния ресми түрде жойылған жоқ, бұл оның барлық православиелік мемлекеттердің алдындағы беделін түпкілікті түсірді. Сөйтіп Батыс еуропа мен православиелік Ресей арасында нақты шекара құрылды.

Түріктердің Варнадағы жеңісі Мәскеу-ді Литвамен жекпе-жекте құтқарды, және екінші жағынан Мәскеуді Орданың ыдырауы құтқарды. Бір-бірімен пышақтасу Мәскеу князіне мардымсыз жалақы-ға қызмет ету үшін көптеген ордалықтардың Руське лап қоюына әкелді. Мәскеуге қызметке мұндай жаппай қабылдау Орданың қайтымсыз аяқталуын білдірді, ал Мәскеу князьдіктен патшалыққа айналды. ХV ғасырдың өзінде-ақ ордалықтар атты әскер сапы және маневрлік соғыс бойынша әлемдегі ең үздік мамандар болды. Василий ІІ князь өзіне қызмет ететін, және де аса білікті адамдардың жаңа құрамын алды. Мәскеу әскерінің ұрысқа қабілеттілігінің жоғарылағаны соншалықты, Мәскеудің Новгородпен кезекті дауы кезінде (1456) екі жүз салт аттылар 5 мың новгородтық әскерді қаусатты. Новгород тізе бүкті. Бұл ордалықтар орыстар үшін бөтен болса да, бірақ олар орыс әйелде-ріне үйленді де, олардың балалары мен немерелері ресейліктер болды. Ордалықтармен қатар орыс этносына угрофиндік тайпалар енді: олардың біреуі православиені қабылдап славяндармен бірлесті (мерлер, муромдар, голядь); басқалары өз ата-бабалырының аттарын сақтап қалды – чкваштар, черемистер (мари), вотяктар (удмурттар), мордва, ижорлар, вепстар және т.б., бірақ бұл олардың орыстармен қатынасуына кедергі болмады. Бұл қатынасты этникалық жүйені күрделілендіретін және сонымен оны нығайтатын, симбиоз деп атау керек. Енді тұжырым жасауға болады. Мәскеу князьдігі толық жүзжылдық бойы митрополит Алексей мен Сергий Ражонежскийдің принцип-терінің арқасында «қызмет етушілерді» өзіне тартты. Осылай 1380 жылдан бастап 1452 жылға дейін Мәскеу князьдігі – Ресей, ал бұрынғы Русь Польша басшылық еткен, Литваның шеті болды.
Ұлық Ұлыста (Жошы ұлысы) жағдай басқаша болды. Темірдің берген соққыларын емдеп жазу сәтті болмады. Темір Ордаға тойтарыс бере алса да, ол Орданың түпкілікті ыдырауына әкелетін, Едіге мырзаны қалдырды. Ноғай-лықтар Еділ бойындағы және қырымдық ордалықтарға өшпенділікпен қарады. Сондықтан олар Темірдің пікірлесі – Едігені өздерінің билеушісі деп мойын-дады, ол хандарды Сарайдың тағына оңайлықпен отырғызып, тура сондай оңайлықпен оларды орнынан алған. Іс жүзінде Едігенің көзінің тірісінде-ақ ноғайлықтар тұтастықтан шығып, ХV ғасырда Үлкен Орда деп атала бастады, бірақ 1438 жылы Сарай әлі де үлкен қала және ірі сауда орталығы болды. Соған қарамастан Орданың ыдырауы жалғаса берді. Таққа отыруға үміткерлер бірде литвалық Гедиминовичтерге, бірде самарқандық Теміршілерге сүйеніп, бір-бірін өлтіріп жатты, ал этностар оқшаулануын жалғастыра берді. 1428 жылы онда Әбілқайыр хан «өзбектер» атауын қабылдаған, Тюмень бөлініп кетті. 1438 жылы Қырым мен Қазан бөлініп кетті. Мәскеу алымды үнемі төлеуден бұлтартса да, Ордамен бәрінен де ұзақ одақтас болды. 1480 жылы Сарай жойылды — бұл ноғайлықтар мен қырымдықтардың ісі болды. Жошы ұлысының этномәдени жүйесінің бытырауы ұрыс-таластар мен соғыстардың тікелей салдары болды. Дегенмен Жошы ұлысы бәрінен де ұзағырақ шыдап тұрды.
1434 жылы Монғолияда шығыс монғолдар өздерінің батыс көршілері – ойраттардың құрбаны болды. Ойраттар – төрт тайпа одағының аты:

чоростар, дербенттер, хошоуыттар және торғауыттар, оларды Шыңғысхан Батыс Монғо-лияға айдап жіберген. 1259-1301 жылдардағы өзара қырқыс соғыс кезінде батыс монғолдар Құбылайға қарсы Хайду жағында шайқасты. Бұл олардың шығыс монғолдардан алшақтануына әкелді, оларды Мин империясы қолдай бастаған. 1449 жылы ойраттар қытай әскерлерінің әбден быт-шытын шығарды, бірақ Шығыс Монғолияны жаулап алудан бас тартты. Сонымен бірге ойраттар батысқа орасан зор шапқын жасады. 1452 және 1455 жылдар аралығында олардың әскерлері Моғолстан арқылы өтті, Сырдария алқабымен оңтүстікке бұрып, Шығыс Дешті-Қыпшаққа басып кірді, Ташкентке дейін өтіп, үйлеріне бай олжамен оралды. Осы талқандаудан кейін Ақ Орда жоғалды, оның орнында қазақтар ресімделді.
Ұлы Далада болған өзгерістерді кері кету ретінде қарастыру керек. Өйткені әлемдік империяны құрған кезде ХІІІ ғасырдың артығы болмады, жоғалғанды қалпына келтіруге ғана күші жетті. Әлеуметтік-экономикалық аспектіде көшпелі әлем артқа қадам жасады.
Сөйтіп, Алтын Орда химера болды (Л.Н. Гумилевтің айтуынша — бір экологиялық қуыста екі және одан көп бөтен суперэтникалық этностардың бірге бар болуы), ал бұл кезде Ақ Орда жаңа дербес этностың – қазақтардың құрылуының ядросы болды, онда республикалық құрылыс – жүздер қалпына келтірілді. ХVІ жүзжылдықтың басында Шибанидтердің көшбасшысы Мұхаммад Шейбани Шығыс Дешті-Қыпшақтан шығып, Теміршілердің иелік-терін жаулап алды. Мавераннахрда екі тәуелсіз өзбек ханы — Бұхар мен Хивиннің негізделуі — этносаяси тарихта өзбек халқының құрылуы болып табылды. Қырым хандығы өзінің тағдырын Осман империясымен байланыстырды.
ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін Қазақ хандығы бірыңғай саяси құрылым болды. ХІХ ғасырда патша үкіметі хандық билікті жойғанға дейін Қазақ даласында саяси үстемдік Орыс ханның Жошылықтар ұрпақтарынан басқа Шыңғысшылар тармағының өкілдеріне өткен жоқ. Бұл бірлестік Жошылықтардың бір тармағына қатысты жалпы бағыныштылықпен байланыстырылған тек саяси топтама түрінде ғана емес, конгломерат типті субэтникалық ортақтық түрінде ұсынылған.
ХV ғасырдың ортасында «қазақ» сөзінің тарихының жолын ұстаушы адамдардың тарихы ажырамайтын тұтастыққа біріктіріледі. Дәл осы уақытта, Еуразияда жаңа геосаяси жағдай туындағанда, дәстүрлі мәдениет және оның дүниетанымы қайта қалыптастырылып, ауыз әдебиетте бейнеленеді (астыртын діни). Қазақстан Даласында жаңа мектеп – шежіре (генеалогиялық тарихнама) – пайда болуы қазақ халқының ұлттық сана- сезімінің алғашқы идеологиялық рәсімделуі болып табылды. Ол дүниетанымдық, идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық феноменнің мазмұнды элементі болып табылады.
Халық тағдыры туралы толғаулар Асан Қайғы шығармашылығында мазмұндалған. Асан Қайғы – ХV ғасырдағы философ-қиялшыл (утопист). Жәнібек ханның кеңесшісі ретінде ол қазақ мемлекетінің пайда болуының

тікелей куәгері және белсенді қатысушысы болады. Ш.Уәлиханов материалдары бойынша ол Алтайдан Каспийге дейін, Сібір тайгасынан Қызылқұм құмдарына дейін жүріп өткен. Ол Қазақстанның барлық бұрыштарының тек географиялық және климаттық сипаттамасын беріп қана қоймай, қала және ауыл тұрғындарының шаруашылық тұрмыс-салтын да көрсетеді. Асан Қайғы Жер-Ұйық Құдай берген елін мекендейтін идеалды адамдар бірлестігі туралы ілім қалыптастырды. Бұл пікірдің философиялық негізі Жер-Ұйық адамдар өздігінен рухани жетілу және әділетті қоғам құру жолына тұруға шешім қабылдаған өлке түрінде ұсынылатындығында.
Этникалық тарихтың даналы жалпылануы Асан Қайғының Жәнібекпен (Қазақ хандығының негізін салушы) әңгімеснде нақты бейнеленеді. Жәнібек хан өзінің кеңесшісі Асан Қайғыға осы өлке туралы пікірін айтуға ұсынды.
Асан Қайғы былай деп жауап берді:
— Бұл жерде Шу жағаларында барлық арна бойымен қалың қамыстың ішінде жолбарыстар жүреді. Мұнда ерлер пышақтары қынаптарында қалып, өздері жұмыс аттарына ұқсайды. Мұнда әйелдер бөтен болып, балалар аурулардан өртенбейді.
Данышпанды тындап, Жәнібек хан былай деді:
— Сенің алғашқы сөздерің маған түсінікті… Төтеп беру үшін біз бірлікті сақтауымыз керек. Мемлекетті көтеру үшін еңбек етіп, ортақ арбамызды алға тартуымыз керек. Бірақ, данышпан, маған түсіндірші, неге әйелдеріміз бөтен болып, балаларымыз аурулардан өртенбейді?
Асан Қайғы жауап берді:
— Патшам, ізетті хан, әйелдер бөтен болады, өйткені олардың алдында болашақта жаңа біртұтас халық туу міндеті тұр, ал біз әкелері бұрынғы арғын және ноғай, қыпшақ және найман болып қаламыз. Туылған балалар бізді аурулар сияқты өртеп бара жатқан қасірет пен жанжалдардан азап шекпейді.
Түркі-моңғол дәстүрлерінің этникалық тұтастығы өз позицияларын бірте-бірте жоғалта бастады, келесі соққы жаңа процесс басталуын білдірді. Куәгерлер жәнді болмысты байқай алмайтын еді, өйткені олардың зерделеу объектісі – адам қолынан жасалған, олар не сақталады, не бұзылады. Асан Қайғы, дәуір тарихшысы мен философы ретінде, ғасырларға көз тастаған. Жолын анықтай отыра, сана сезім мазмұнының негіні орнатты.
Өзінің этникалық тұтастығының түсінігін халық эпостық шығармаларында бейнелеген. Ш.Уәлиханов тарихнамада этнография және ауыз әдебиет деректерінің мағынасын алғашқылардың бірі болып бағалады: «Қазақтар поэзиясы, өз қоғамының өмірінің, түсініктерінің және қатынастарының сенімді көзі ретінде, аса қызықты және оның көптеген қызық жақтары баршылық… барлық осы дастандар, әдет-ғұрыптармен, мақал-мәтелдермен, халық құқықтары кодексімен бірге, халықтың өткен тарихи және рухани өмірінің толық көрінісін құрап, бізге белгілі тарихи деректерді толықтыру және олардың шығу тегін анықтау мүмкіндігін береді». Өзінің шығу тегінің, тарихының көп кезеңдерін қазақ халқы көптеген апсана, аңыздарда жаңғыртады. Аңыздарды талдау және екінші жағынан — өз халқының ішкі рулық құрылымын өзіндік бақылау негізінде

Ш.Уәлиханов Алаш, қазақтардың аңызға айналған ру басшысы ретінде негіздеу жорамалдарын жоққа шығармайды деп болжаған. Өйткені көшпелі халықтарда адамдардың жердегі патшалығы патша, қаған, хан, яғни өздерінің ру басшысы тұлғасымен ғана шартталады. Осыған сәйкес, қазақтар сәлемдескенде бір-біріне: «Ей, Тәңір астындағы дала қазағы» дегенде, оның шығу тегі туралы мағыналы мәні болған. Орысша аудармада Ш.Уәлиханов былай деп белгіледі: «Поднебесные люди» немесе «Люди Небесного происхождения». Шебани-намэден жорамалдаса, қазақ атының мағынасы ол уақытта құрметті болатын және рухтың көтеріңкілігін білдіретін. Бұл тарихтық сипаттамада байқалмаған бөлшек, шын мәнінде «қазақ сөзінің тарихының жолын ұстаушылар» үшін дүниетанымдық сана сезімнің, әсіресе діни дүниетанымдық сана сезімнің саяси және әлеуметтік-идеологиялық постулаты болып қызмет етті. Бұл дерек шығу тегінің бірлігінің анықтаушысы және тіпті діндер тұрғысынан (Зороастрашылдық, сонымен қатар Тәңіршілік) олардың генетикалық байланыстарының тереңдігін көрсеткен. Шежіре дала мектебі ежелгі түркі дінін осылайша қайта құру үшін негізгі болып табылады. Осы орайда С.М.Соловьевтың ескертулері қызықты: «тарихта ешнәрсе аяқ астынан аяқталып және ешнәрсе аяқ астынан басталмайды; ескі жалғасқан уақытта жаңа басталады». А.И.Левшин пайымдауынша қазақ халқы, — «Азияда баяғыдан белгілі, ол сансыз көп түркі тайпаларының салаларының бірін құрап, ежелгілігі жағынан басқа өзімен тайпалас халықтарға жол бермейді. Шыңғыс әмірлігіне түсіп, бұл шапқыншы қайтыс болғнаннан кейін оның баласы Жошының еншісіне қалып, Алтын Ордаға тиесілі болса да, өз хандары болған, осы себептен кейде өзінің бас әміршісіне бағынышты болып қалып, кейде біресе Шағатай, біресе Алмалық, біресе кейіннен Моғұл-ұлыс деп аталған Ташкент Ордасына қосылған». Ол былай деп есептеген: «қазақ халықтың өзіндік аты ретінде не аудармаға да, не этникалық таласқа да жатпайды». ХVІ ғасыр тарихшысы Фазаллах ибн Рузба хани Исфахани арабтар мен парсылар тарихында татарлар әскерлері деп сипатталған қазақтар туралы даңқ әлдеқашаннан белгілі деп жазған.
Қарастырылып отырған кеңездегі қазақ қоғамы өзара тығыз және бір мағыналы емес байланыста болған сословиелік топтар мен қоғамдық топтардың иерархиялық ұйымдастырылған әлеуметтік құрылымы түрінде ұсынылған. Атап айтқанда, олардың бірі – экономикалық емес, саяси және құқықтық белгілері бойынша көбірек ажыратылатын – «ақ сүйек» және «қара сүйек» — екі негізгі бір-біріне қайшы қойылған әлеуметтік топтарға бөлінуі. Рулар мен тайпалар иерархиясы қоғамдық құрылыстың басқа негіз салушы принципі болып табылады. Осыған сәйкес әр жеке «қара сүйек» өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының артықшылық дәрежесімен анықталған. Үш жүздің – Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздің орын алуы – қазақтар бірлестігін өте қатаң тәртіптелуіне әкелді. Барлық рәсім мен салтанаттарда үлкендік тәртібі қатаң сақталған.
«Ақ сүйектерге» сондай-ақ сайидтер мен ходжылар жатқан. Сайидтер деп Мұхаммед пайғамбардың (570-632) қызы Фатима мен төртінші халиф Әлиден тараған ұрпақтарын атайды. Олар мұсылмандықтың діни

идеяларының басты өкілдері болып саналған. Ходжа – Мұхаммед пайғамбардың серіктерінің, атап айтқанда: төрт тақуа халифтер — Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің ұрпақтары болып саналады (соңғысының Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимамен некесінен туған ұрпақтарынан басқа). Ходжылар рулық және тайпалық қауымдардан тыс тұрған. Олар, сұлтандармен және сайидтермен қатар тұйық аристократтар сословиесін құрап, әлеуметтік пирамида шыңындағы орынды алған.
Аристократтық сословиеге қарағанда, «қара сүйек» өкілдерінде жеке рулар мен тайпаларға бөліну бөліну қатаң сақталған. Осыған сәйкес әр жеке қара сүйек өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының артықшылық дәрежесімен анықталған. Жеке тұлғаның тек ру бөлігі ретінде ғана маңынасы болған және тек ру заңды бірлік болып табылған. Қара сүйек әлеуметтік тобынан тек «билер» — рулар мен тайпалар басшылары ғана ерекше саяси құқықтарға ие болған. Билер ықпалы олар басқаратын рулардың күшімен, сонымен қатар шығу тегінің көнелігімен және үлкендігімен анықталған. Өздері билік ететін рулар шегінде билерге сот, әкімшілік және әскери билік тиесілі болған. Билер, сұлтандармен қатар жалпы мемлекеттік мәселелер шешілетін жыл сайын өткізілетін «құрылтайларға» қатысқан. Ең беделді ру басшылары хан жанындағы «билер кеңесіне» кірген. Билер, Шыңғысшыларға қарама-қарсы қара сүйектер әлеуметтік тобының элитасын құраған. Кей жағдайда хан билігі дала аристократиясының өкілдеріне (билерге), жеке әр ең беделдісіне, сондай-ақ барлығына бірге тәуелді болған.
Қазақ қоғамында сондай-ақ мүліктік жағдайы бойынша да тұлғалар бөлінуі орын алған: байлар және кедейлер. Бай атағына екі белгі енген – экономикалық және саяси. Байдың қоғамдағы экономикалық мағынасы оның байлығымен анықталған, ал байлық оған саяси мағына және салмақ берген.
Батырлардың да алатын орны ерекше болған, олардың ролі әскери өмірдегі кәсіптілігімен анықталған. Мәртебесі бойынша батырлар қазақ қоғамының дәрежесі жоғары тұлғалар тобына жатқан. Ақсақалдардың әлеуметтік құрылымдағы орындары ерекше болған. Олар ауылдық бірлік басында тұрған.
Құқықсыздарға құлдар мен күңдер жатқан. Құлдарды толтырудың негізгі көздері тұтқындау және құл саудасы болған. Барлық құлдардың жалпы сипаты – қожаға жеке тәуелділігі, яғни ие меншігі.
Тарихи-этнографиялық материал жетіспеушілігі билік жүргізу жүйесінің болмысы немесе қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ұйымдастырылу формалары туралы тақырыптарды толық көлемде баяндау мүмкіндігін бермейді. Егер ХV-ХVІ ғасырларда басында сұлтандар тұрған ұлыстық жүйе орын алғандығын, ал жүздер басында – билер тұрғандығын ескерсек (ХУІІ- ХУІІ басы), онда мұнда әлеуметтік-саяси ұйымның екілік формасн аламыз. Осыған сәйкес ұлыстар мен жүздер бір-бірімен бір уақытта орын алған ба, жоқ әлде бұл формалардың бірі екіншісінің тарихи алдында орын алған ба деген сұрақ туындайды. Егер олай болса, онда көшпелі қазақ қоғамында республикалық құрылыстың рәсімделуі туралы сеніммен айтуға болады.

Қазақ хандығының аймақтық шектелуі және Қасым, Есім және Тәуке ханның Жеті Жарғы заңдарымен саяси негізделуі, көшпенді тайпалар бірлестігі бола тұра, өз құрамына қалалық және отырықшылық-егіншілік мәдениеттің көне орталықтары бар аймақтарын енгізген. Қазақ хандығы қоршаған дала халқы үшін шаруашылық және мәдени өзіне тартудың белгілі аймақтарын құрды. Аталған факторлар жаңа жерге орналасу, шаруашылық жасау және тұрмыс жүргізудің ауылдық жүйесін қалыптастырды. Жаңа аймақтық-рулық байланыстар басқа реттеушілерді талап етті, бұл реттеушілер – билер, «ұлттық аристократия», құра сүйек әлеуметтік тобының элитасы болды. Көпғасырлық халық құқығын түсіндіріп бере алатындықтары үшін құрметтелетін билер, далада номадтарға тән әлем құрылғысын сақтап қалуға мүмкіндік беретін. Дәл осы билер төңірегінде оларды шаруашылық және мәдени бірлестікке түрлендіретін генеалогиялық және иерархиялық өзара қатынастар бекітілетін ру аралық және аймақ ішілік байланыстар құрылымы қалыптаса бастады. Жоғарғы әскери-саяси басқарумен байланысты әкімшілік құрылымның генеалогиялық және иерархиялық қарым-қатынастар орнатылуын сәйкес терминмен белгілеу қажет болды. Мұндай термин ретінде басында билер тұрған жүз пайдаланылды. Әкімшілік-құрылымдық қайта құру бұл биліктің саяси түрін республикалық құрылыс етіп қайта құру және ұлыстық негіздерде сұлтандар сепаратизмінің көріністерін жою үшін әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың екілік формасын рәсімдеу болып табылды. Бірақ ХVІІІ ғасыр оқиғалары сұлтандардың бұл әлеуметтік-саяси ұйымда өз орындарын тез табуына әкеліп соқтырды. ХVІІІ ғасырдан бастап сұлтандар үш жүздің толық билеушілері болмаса да, билеуші басшы топ болды. Бұл олардың саяси жекеленуіне әкелді.
Жеті Жарғы. Хандық кезеңдегі (ХV-ХІХ) қазақ құқығының тарихында келесі заң ескерткіштері белгілі: Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Жеті Жарғы. Жеті Жарғының құрылу уақыты ХVІІ ғасырдың 70-ші жылдарына жатады. Ол бүгінгі күнге екі редакцияда жеткізілді. Заңдар жинағының қысқаша мазмұны:
 Жаза заңы: қанға қан, жарымжан еткенді жарымжан ету.
 Ұрлық, тонау, зорлау, зинақорлық үшін өлім жазасы.
 Жаза сот үкімі бойынша немесе талапкер келісімі бойынша
жеңілдетілуі мүмкін, сонда қылмыскер әр қылмыс үшін белгіленген төлеммен жазаланады, яғни қылмыскер құн төлеп өз өмірін қайтарады.
 Өз баласын өлтіргені үшін ата-ана жазаланбайды; бірақ заңсыз туылған нәрестесін ұяттан өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі.
 Өзін-өзі өлтірушілер жеке жерде жерленеді.
 Зорлау өлтірушілікке теңестіріледі, сондықтан кінәлі адам өлім
жазасына немесе күйеуіне әйелі үшін, туыстарына қыз үшін құн
төлеуге кесіледі.
 Жеті куәгермен әшкереленген Аллаға тіл тигізуші таспен ұрып
өлтіріледі.

 Әкесіне немесе анасына тіл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына ескі киіз байлап, қара сиырдың құйрығына қаратып отырғызады: бұл сиырды ауыл төңірегінде алып жүріп, үстінде отырған кісіні қамшымен сабайды; ал қызы байланып анасына өз озбырлығы бойынша жазалау үшін беріледі.
 Егер жауапкер соттан күмәнданса, ол оларды шеттетуге құқылы.
 Қылмысты растау үшін екіден кем емес, ал кей жағдайда үш куәгер талап етіледі. Егер куәгерлер жоқ болса ант беруге болады; бірақ бұл антты талапкер де, жауапкер де өздері бере алмайды:
олар үшін антты өз адалдығымен белгілі адамдар беруі керек. А.Левшиннің жазбасындағы Тәуке ханның «Жинағының» қысқаша мазмұны осындай. Жеті Жарғыда әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормалары, салық туралы ереже, діни көзқарастар, бір сөзбен айтқанда, қазақ
қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылды.
V-бөлім. Көшпелі өркениеттің рухани мәдениеті.
Рухани мәдениетке біз адамның сана саласындағы қызметінің өнімдерін жатқызамыз. Бұл бірінші кезекте тіл, жазба, ауызекі шығармашылығы және әдебиеті, ғылым және өнер, дін. Әр халықтың мәдениеті өзгеше және қайталанбас, рухани мәдениет жетістіктері өлшенуі немесе салыстырылуы мүмкін емес. Ұлы Дала номадтарының рухани мәдениетіне арналған бөлімді баяндауда біз осыны негізге аламыз.
Қазақтың рухани мәдениетінің бастауы өте көне заманға кетеді. Оның дәстүрлері ерте тарихи кезге, атап айтқанда прототүркі және түркі мәдениетіне барып тіреледі.
Бізге белгілі, ежелгі әлемде өркениет ошақтары Египет, Шумер- вавилондық, Индо-буддалық, Қытай өркениеттері болған. Ғалымдар айтуынша, көшпелі халықтардың Ұлы Даласы әлем мәдениетіне қосқан үлесі бойынша маңызды өркениет ошағы болған. Ол Тынық мұхиттан (Мәнжүрия және Солтүстік Қытай, Монғолия және Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан және Орта Азия, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Крым және Балкандар арқылы) Дунайға дейінгі жерді алған. Бұл аймақты бұрыннан бірдей өмір салтымен, діни көзқарастарымен және туыс, сондай-ақ отырықшы халықтармен көптеген байланыстармен байланысқан тайпалар мен халықтар мекендеген.
Ұлы Дала ерте заманда көне мемлекеттік бірлестіктер орталықтары болып табылған. Көне дәуірде номадтар өмірі Қосөзен, Ежелгі Греция, Ежелгі Қытай көрші халықтарының жазба ескерткіштерінде бейнеленген. Негізінен түркі әдебиеті б.д. VІ-VІІІ ғасырларында пайда болған. Бізге

жеткен әдеби ескерткіштер қазақтар ата-бабаларының және басқа да түркі халықтарының өмірін, тұрмысын, дәстүрлерін, мәдениетін, дүниетанымын, дінін, ауыз әдебиетін бейнелейді. Ерте заманнан (б.д. дейін 2 мың жыл) б.д. ХV ғасырына дейін Ұлы Даланың ауқымды кеңістіктерін мекендеген халықтардан қалған әдеби ескерткіштер жалпы түркі сипаттамалы, оларды қазіргі заманғы белгілі бір түркі халқына жатқызу мүмкін емес. Түркі, араб, соғдий, латын, қытай, фарси және басқа да тілдерде жазылған олар түркі және оның мұрагерлерінің бірі – қазақ әдебиетінің ескерткіштері болып табылады. Жалпы барлық түркі рухани мәдениетін тұтас рухани мәдениет ағымы ретінде қарастыру керек.
Қазақ менталитетінде ежелгі батырлардың және қазіргі заманғы қазақтардың психологиясын түсінуге мүмкіндік беретін төмендегі түсініктер орын алған және бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл түсініктердің біріншісі – «ар». «Ар» — намыс, абырой, Адамның жоғарғы категориясы. Екінші түсінік – «ру». «Ру» — отбасы, тұқым, тайпа. Адамның ең маңызды міндеті – «ар — руды» есте сақтап, төмендетіп алмау. Үшінші түсінік – «ар – ру – ақ», бұл ар, ру және әулие. Ұрпақ жер бетінде әруаққа дақ түсірмеуі керек. Келесі түсінік – «ел». Ел – бұл отан, өз болмысының мақсатын түсіну. Елін сезінбесе адам мәңгілік мәңгүрт (мәңгі құрт) болып қалады. Ел қорғаушысы – Ер. Ер намысын оның руы, елі жоғарылатады: «Ер намысы – Ел намысы». Бұл ақпарат ауызекі шығармашылығында, сонымен қатар әдебиетте әдеби формларда бекітіледі.
Қазақтың рухани мәдениетін, оның ішінде түркі тілді тарихтың рухани мәдениетін оны үлкен екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – Тәңіршілдік дәуірі, ол төрт шектен құралады.
1. Андрон мәдениеті дәуіріндегі «Авеста» киелі кітабы және «Гильгамеш туралы аңыз» дастаны.
2. Сақтардың батырлар жырлары: «Алып Ер Тонға» (Афрасиаб) және «Шу»;
3. Ғұндардың эпостық дастандары: «Оғыз-қаған», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенекон»;
4. Түркі қағанаты дәуірінің эпостық шығармалары: «Күлтегін», «Тоныкөк» және «Білге қаған»:
Екінші кезең – Ислам дәуірі, ол үш шектен құралады.
1. Ислам немесе Қайта өркендеу дәуірі, оған төмендегілер еңбектері
жатады: Әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йугинеки, Ходжа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Қорқыт, «Куманикус кодексі» және басқалар;
2. Алтын Орда дәуірі, оған жататындар: «Махаббат нама» Хорезми, «Хусрау Шырын» Куттуб, «Түркі Гүлістаны» Сайф Сараи, «Жүсіп және Зылиха» Дүрбек және т.б.;
3. Қазақтың жазбаша әдебиеті: Әбілғазы Бахадурхан «Түркі шежіресі», Қадырғали Жалаири «Шежірелер жинағы», Бабыр «Бабыр нама», Хайдар Дулати «Рашид тарихы»;

Сондай-ақ Қазақ Хандығының дәуірін екі шектен құралатын үшінші кезеңмен белгілеуге болады.
1. ХІV-ХVІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы немесе «Жер ұйық» дәуірі, оған Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау жатады;
2. «Зарзаман» дәуірі, оның өкілдері Ахтамберді-жырау, Бұхар-жырау, Шал-ақын және Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік өнері.
Отарлық кезеңді төртінші деп белгілейік, ол өз дамуында бірнеше шектен өткен.
1. Абайдың философиялық өсиет әңгімелері;
2. Ыбырай Алтынсариннің білім саласындағы ғылыми бастамалары;
3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми жұмыстары;
4. Қазақтың зиялы қауымының саяси өміріндегі «елеулі» оқиғалар;
5. «Алаш» дәуірі.
Жазудың дамуы. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығының ортасында
халықтар өзіндік жазу жүйесін қолдана бастаған, ол руникалық жазу деп аталған. Соңғы зерттеулерге сәйкес руникалық жазу біздің дәуірге дейін, мүмкін, сақ уақытында туындаған. Б.д. ІІІ-V ғ. руникалық жазудың екі нұсқасы болған – ғұндық және шығыстық, олар Жетісу және Монғолия аймағында орын алған. VІ- VІІ ғғ. шығыстық жазудың негізінде орхон- енисей жазуы деп аталған ежелгі түркі жазу дамыды. Ғұндық руникалық жазу булгар және хазар жазуының, сондай-ақ қыпшақтар жазуының дамуына негіз болды. Түркі тілді халықтарда жазуға арналған негізгі материал ретінде ағаш тақтайшалар қолданылды. Бұл туралы қыпшақ мақалдарында айтылады: «Біті-біті, бітідім, бес агачка бітідім» — «Жаздым, жаздым, бес ағашты жазып бітірдім», «Узун агач басында улу біті бітідім» — «Биік ағаштың басында үлкен жазба жаздым». Бұл мақалдар қыпшақтар және басқа да түркі тілді халықтар арасында жазудың кең тарағандығын білдіреді. Мысалы, «салып козім, сансыз окимын» — «Көзімді көтеріп, тоқтамай оқимын» деген аспан мен жұлдыздарды білдіретін жұмбақты оқу қалыпты құбылыс болған халық қана ойлап таба алатын еді.
Жазудың қолданылу мәселесіне келетін болсақ, қорытындылар мынадай. Номадтар немесе Қазақстанды мекендегендер арамейлік, соғдийлық, турфандық және түркі жазбасын қолданған.
«Арамейлік жазба» — арамейлер ортасында біздің дәуірге дейін бірінші мыңжылдық басында финикийлік жазба негізінде пайда болған. Ол дауыссыз дыбыстардан құралады. Оңнан солға қарай жазылады.
«Соғдийлық жазба» — оны арамейлік жазба түрлерінің бірі десе де болады. Бұл жазба Согдиана немесе Соғды мемлекетінің қолданылуы бойынша аталған. Сақтардың отырықшы және көшпелі тайпалары Согдиананың негізгі тұрғындары болған.
«Турфандық жазба» (ұйғыр жазбасы) – біздің дәірге дейін бірінші ғасырдан біздің дәуірдің тоғызыншы ғасыры аралығында қолданылған. Жоғарыдан төменге қарай жазылған. Әріптер жазылуы сөздің басында, ортасында және соңында әр түрлі болған.

«Түркі жазбасы» (руникалық жазба) — әріптік жазба, 35 әріптен құралады. Оңнан солға қарай жазылады. Бұл жазбада 8 дауысты фонема қолданылады. Олар төрт полифониялық әріптермен белгіленеді. 16 дауыссыз фонема 31 әріппен белгіленеді.
Ыстық тостағанындағы жазба – Алматы қасындағы Ыстық обасынан табылған зат, Мысырдағы Тутанхамон мазарынан табылған затпен салыстырылады. Мұнда «Алтын адам» және «күміс тостаған» табылған, бұл тостағанда 26 белгіден тұратын екі жолға жазылған жазба бар. Бұл тостаған сақтарда жазба бар болғандығын растайды. Ғалымдардың пайымдауынша (бүгінгі күнге) жазба ежелгі «алтай» тілінде руникалық алфавитпен орындалған.
Түркі жазбасының ескерткіштері – бұл ғибадатхана қабырғаларына, стелаларға, кірпіштерге, алтын және күміс ыдыстарға, теңгелерге, қола айналарға, теріге, қағазға жазылған мәтіндер. Олар жанры бойынша әртүрлі: жазу-эпитафиялар, тарихи-әдеби, шаруашылық-тұрмыстық, сиқыршылық, діни және заңдық мәтіндер.
Ежелгі түркілерде жазбаның бар болғанын растайтын алғашқы куәлік қағанның византиялық императорға жіберген жолдауы болып табылады (568 жыл). Ол византиялықтарға белгісіз алфавитпен жазылған және Константинопольде «скифтік жазба» деп аталған. Жазбаның бар болғанын растайтын келесі ескерткіш Таспар қағанның – Шығыс-түркі қағанаттың алғашқы билеушісінің құрметіне 582-583 жылдары орнатылған Бөгет стеласы болып табылады. Жазба соғдий тілінде жазылған.
Түркілердің ең белглі руникалық жазба ескерткіші – VІІІ ғасырға қарайтын Күлтегін құрметіне жасалған жазба. Ежелгі түркі руникалық жазбалар 19 ғасырдың аяғында Орхон және Енисей өзендерінің жағалауларында анықталған. Бұл жазбалар орындалу тәсілі бойынша руникалық деп және анықталған орын бойынша орхон-енисейлік деп аталған.
Ағылшын археологы А.Стейннің экспедициясымен Шығыс Түркістанда Х ғасырдың бірінші жартысымен белгіленетін қолжазба анықталған. Бұл аты жоқ кітап құрамына 65 өсиет әңгіме енген және ол «руникалық жазбамен қағазға түсірілген ең ертедегі қолжазба» болып есептеледі. Оның бірінші зерттеушісі – дат ғалымы Вильгельм Томсен оны «Жорамалдар кітабы» деп, академик С.Е.Малов – «Балгерлік кітап» деп, қазақ ғалымы А.М.Жиренші – «Нақыл сөздер кітабы» деп атаған. Жанр бойынша кітап нақыл сипаттамалы, ол туған жерді қорғаушылар туралы, ер жүректі және әділ әрекеттер, ежелгі түркілер нанымдары, олардың әдет-ғұрыптары туралы әр түрлі өмірлік жағдайларды бейнелейді. Қолжазбаның соңғы беттерінде белгісіз автор оның оқытуға арналғандығын хабарлайды.
Сонымен қатар әскери, шаруашылық-тұрмыстық сипатты ежелгі түркі мәтіндері сақталған. Олардың ішінде ең белгілері – «Екі негіздің киелі кітабы» (VІІІ ғасыр) және «Миран әскери қамалынан шыққан жазулар». Бірінші кітапта Жетісу қалалары түрғындарының тізімі келтірілген. Екіншісі – бұл осы форт-қамал арқылы өткендерді тіркеу кітабы. Осы кітаптан әскери

және азаматтық шендердің қатаң иерархиясы, олардың тарихы және этнографиясы туралы белгілі болған.
Түркілердің ежелгі қолжазбалары бітіг, кодекс, диван терминдерімен белгіленген. Олар алуан түрлігімен ерекшеленген. Бұл кітап-дәптерлер, потхалар («пальма жапырақтарының» кітабы), шиыршық қағаздар, ағаш тақтайшалар мен бамбук таяқшаларынан жасалған кітаптар және т.б. Сол уақыттың басты жетістіктерінің бірі – кітаптарды ксилография тәсілімен шығару (ағашқа жасалған өрнек). Мұндай кітаптарды түркілер VІІ ғасырдың бірінші жартысында шығарған.
Дін. «Авеста» — иран және тұран халықтарының киелі кітаптары. Бұл діннің атауы оның негізін салушы Заратуштра атынан шыққан. Дін, қазіргі Қазақстан аймағындағы Каспий бойында тұрған арийлер тайпаларының арасында пайда болған. Қазіргі кезде «Авестаның» екі редакциясы белгілі. Бірінші кітап «Вендидат» деп аталады. Бұл кітап Заратуштра мен Жарық пен Жақсылық құдайы Ахура Мазданың әңгімелерінен құралған және нақылдар мен ұйғарымдар түрінде ұсынылған. Екінші кітап – «Висперед» оған дұғалық діни әндер кіреді. «Ясна» — үшінші кітапта шығу тегі Заратуштраның ауызекі шығармашылығымен байланыстырылатын құдайға бағышталған дұғалар мен үндеулер жазылған. Төртінші кітап — «Яшты» (Құрметтеу, Мадақтау) құдайларды мадақтайтын өзіндік әнұрандар жинағы түрінде ұсынылған. Заратуштра діні жер тұрғындарына жақсылық пен жамандық туралы білім әкелді, ізгі ой, ізгі сөз, ізгі іс үш ақиқатты уағыздаумен байланысты ғибрат жаршысы.
Адамзат тарихындағы әдеби жазба шығармалардың алғашқыларының бірі «Гильгамеш туралы аңыз» дастаны болып табылады. Бұл шамамен б.д. дейін ХХVІ ғасырда жасалған шумерлер эпосы. Дастанда екі негізгі кейіпкер бар: Гильгамеш және Энкиду. Гильгамеш – Ұрық патшасы, жартылай құдай. Энкиду – Гильгамешпен жарысу үшін құдайлармен жаратылған «далада туған» батыр. Бірінші дала тұрғыны, батыр қаһарманның бейнесі кейіннен де әлем әдебиетінде пайдаланылады. Ал номадтар үшін батыр-қаһарманның бейнесі рухани өнердің кез келген шығармаларында басты тақырып.
Тәңіршілік. Көптеген орта ғасырлық және қазіргі заманғы авторлар түркі тілді халықтарда тәңіршілік – өзіндік монотеистикалық дін болғандығын белгілейді. Бұл діни жүйе Евразияның көшпелі қоғамында біздің дәуірге дейін пайда болып, қазақтардың санасында, олардың сырттай исламға үйір болғандықтарына қарамастан, бүгінгі күні де орын алуда.
Түркілер көрініп тұрған аспанды «Көк» және Аспанды – «Тәңір» құдайды ажыратқан. Тәңір жоғарғы құдіретті барлығын көргіш құдай, әлемді жаратушы және жасаушы, әлемді басқаратын белгілі бір дерексіз күш болып табылған. «Түркілер «бір Тәңір» деп айтады – деп жазады Әл-Макдиси, бұл «Құдай бір» дегенді білдіреді. «Егер олардың бірі әділетсіздікке тап болса немесе өзіне жағымсыз бір оқиға болса, ол басын аспанға көтеріп, «Тәңір бір» деп айтады, — деп пайымдайды Ибн Фадлан. Қағандар тек Тәңір құдіреті бойынша билік етеді деп санаған түркілер, олар туралы руникалық жазбаларда былай делінген: «Тенгри тег, Тенгри йаратмыш» (Тәңірден туған,

Тәңірге ұқсас). Бұдан басқа, түркілер қасиетті Түркі Жері мен суын қастерлеген – «Турк ыдук йерсубу». Түркі қағанаттары өз жазбаларында әр қашан Тәңірден өздеріне игі ниетпен қарауын өтінетін. Тәңір, Жер – Су қиын заманда түркі халқын құтқарған деп сенген олар.
Маңызы бойынша келесі орында әйел құдайы Умай болған – үй ошағының және балалардың қамқоршысы. Бұдан басқа Умай түркілердің жоғары құдайларының үш тағанына еніп, олардың барлық істеріне қамқор болған. Мысалы, Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен көрініп тұрғандай, түркілердің сәтті жорықтарының бірін сипаттауда былай делінген: «Тенгри, Умай, ыдук Иер – Суб васы берді еріни» (Тәңір, Умай, қасиетті Жер – Су, осылар жеңіс әкелді).
Ерте ортағасырлық Түркі тілді тайпалардың нанымдарында киелі тауларға (ыдык баш) табынудың маңызы ерекше болған, ол Оңтүстік Сібірде өткен ғасырдың өзінде орын алған. Ежелгі түркілер «Священную Отюкенскую чернь» (Хантай таулары) ерекше қастерлеген, олардың рухы Қаған руының қорғаушысы болып есептелген. Сол жерде «ата-бабалар үңгірі» болған, түркі аңыздары бойынша осы үңгірде қаншық қасқыр түркілердің ата-бабаларын туған. Жылына бір рет осы жерде құрбан шалынған.
Түркілердің нанымдары бойынша жерді және суды, ормандарды және тауларды көптеген рухтар мекендеген, оларды белгілі бір уақыт аралығында құрбан шалып тыныштандырып тұру керек деп сенген. Түркілердің сенімдері бойынша өлгендердің жандары кететін жер асты патшалығына өлім құдайы және жерасты патшалығының иесі Ерлік билік еткен.
Көптеген араб авторлары суық пен жаңбырды сиқырлық амалдармен шақыра алатын түркі сиқыршылары туралы жазған. Түркілердің сиқырға, бақсы дуаларына сенімдері туралы парсы тарихшылары мен географтары да жазады.
Қайтыс болғандарды түркілер ежелгі тәңіршілдік салт жорал бойынша жерлеген. Деректемелерде жерлеу сипатталуы сақталған: өлік киіз үйдегі көтеріңкі жерге орналастырылған. Киіз үй қасында құрбандыққа шалынатын қойлар мен жылқылар ұсталған. Киіз үйді жеті рет айналып, туыстары кірер алдында беттерін тырнап, өлікті жоқтаған. Белгіленген күні жылқылар, өліктің киімдері мен заттары өліктің денесімен бірге өртенген. Жиналған күлді ыңғайлы уақытта жерлеген: егер көктемде немесе жазда қайтыс болса, шөп және ағаш жапырақтары сарғайғанша күткен, егер де күзде немесе қыста қайтыс болса, жаз келуін күткен. Содан кейін қазылған молаға күлі жерленген. Жерлегеннен кейін тастар салынып, үстіне ескерткіш бағана қойылған. Тас саны қайтыс болған адамның тірі кезінде жақсы көрген адамдарының санына байланысты болған. Бағанаға құрбандыққа шалынған жануарлардың бастары ілінген. Уақыт өте келе жерлеу салты өзгерген, қайтыс болғандар шұңқырға жерленіп, үстіне жерден немесе тастардан төбе үйілген.
Қазақстан халықтарының арасында түрлі діни жүйелердің таралуы.
VІ –ІХ ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның түркі тілді

халықтарының арасында өз нанымдарымен қатар басқа өркениеттермен туындалған діни жүйелер – буддизм, манихейлік, христиандық таралды. ІХ ғасырдың соңында Х ғасырдың басында Қазақстанның түркі тілді этностарының исламдануы басталды.
Буддизм басқа «ұлы діндерден» бұрын Түркі қағанатының аристократиялық ортасында әйгілікке ие бола бастады. Қағанат билеушілері буддизмде құрамы бойынша өте әр текті ірі мемлекетте кейбір идеологиялық бірлікті жасауға қабілетті діннің әмбебап түрін көрген. Қағанаттың шығысы мен батысында буддизм ұзақ уақыт бойы секталар түрінде сақталған, қырғыздар мен қимақтарда кейбір таралуын тапқан. Археологиялық зерттеулер анықтағандай, VII-VIII ғғ. буддизм Орта Азияда және Қазақстанда берік орын алған. Ғибадатханалардан табылған заттар буддалық қауымдарға соғдийлықтар, сонымен қатар түркі тілді халықтардың өкілдері кіргендігін растайды.
Манихейлік және христиандық қауымдар VІ – ІХ ғғ. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан қалаларда орын алған. «Он жебе» елінде, яғни Шығыс- Түркі қағанатында сенімді ояту мақсатымен жазылған «Екі негіздің киелі кітабында» (VІІІ ғ.) Манихей шіркеулері болған Аргу-Тачас (Тараз) алтын қаласы және тағы төрт жетісу қалалары аталған. Тараздың соғдийлық халқының бір бөлігі зороастрийлік дінді сақтаған, мұны Тараздағы зороастрийлік зират куәландіреді. Зороастризмде отты сөндірмеу салтының маңызы ерекше. Бұл үшін арнайы құрбан шалатын орындар – аташдандар қызмет еткен, олардың бейнеленулері сасандық теңгелерден жақсы таныс.
Ерте ортағасыр дәуірінде Қазақстанның отырықшы және көшпелі халқының діни көзқарастары әр алуандығымен және синкретизммен ерекшеленген. Ежелден мұраланған нанымдар мен салттар сырттан әкелінген күрделі діни-мифологиялық жүйелермен қиқыметті үйлескен.
Ауызекі шығармашылық. VІ-VІІІ ғғ. Қазақстанның түркі тілді тайпаларының арасында бұдан да ертерек дәуірге шыңдалатын ауызекі – поэтикалық дәстүр орын алған. Түркілердің ежелгі поэтикалық дәстүрлерінің элементтері қытай тарихи әдебиетінде тіркелген. Қытай жылнамаларында сюжеттері тайпалардың ежелгі тотемдік түсініктерін және олардың географиялық орналасуларын бейнелейтін әпсаналар мен халықтың тарихи аңыздары сақталған. Орхон ескерткіштерінде және Әл Бируни, Марвази, Махмұд Қашғари еңбектерінде бірнеше мәрте аталатын «Отукен» киелі жері туралы тарихи аңыздар және әпсаналы жерлердің жырлануы кеңінен белгілі.
Ергенекон ертегі таулы алқап туралы поэтикалық аңыз қызығушылық туындатады. Алқап жау қол жеткізе алмайтын тайпалардың бейбітшіл мекен орны түрінде бейнеленеді. Ол барлық жағынан қол жетпейтін таулармен қоршалып, алқап тұрғындарының өмірі қауіпсіз. Бұл аңыз халықтың бейбіт өмір туралы арманын бейнелеген. Ежелгі тарихи аңыздар негізінде VІ – VІІІ ғғ. халық ерлігін, оның еркіндікке ынталануын, жат ел шапқыншыларына деген өшпенділігін бейнелейтін ауызекі шығармашылық дамыған.
Фольклор поэтикалық та, прозалық та түрде өз бейнеленуін тапқан. Халық шығармашылығының ертедегі түрі үйлену тойы және жерлеу

салттарымен байланысты тұрмыстық өлеңдер, халықтық күнтізбе, сонымен қатар тарихи аңыздар, әпсаналар, ертегілер, мақалдар, мәтелдер және жұмбақтар түрінде ұсынылады.
Сонымен қатар ауызекі халық шығармашылығында VІ-VІІІ ғғ. өзінде орхон ескерткіштерінде тіркелген ежелгі дастандар мен эпостық поэзия дәстүрлері туындаған. Оның элементтері V – VІІ ғғ. оқиғаларын баяндайтын Күлтегін мен Білге қағанның қабыр басындағы стеллалар мәтіндерінде көрініп тұр. Күлтегін жазбасы эпитеттер мен метафораларға толы, олар кейін де дәстүрлі болып, ұрпақтан ұрпаққа өткен. Ежелгі поэтикалық дәстүрмен, мысалы, Күлтегіннің жауынгер аттарының лақаптары байланысты: «Ак- оксиз», «Ак-адман», «Башгу-Боз», орхон мәтіндеріне тән «көк», «ақ», «күшті» эпитеттері.
Күлтегін жазбасы кейіннен эпосқа өткен салт поэзиясының мотивтерін сақтайды. Батырлардың әр түрлі эпостық аттары болады: Мойыншор Контери (тас қабық терілі), Арслан – юракли (арыстан жүректі), Елтуган – тутык (халық қорғаушысы). Батырлардың жалпы синонимдері – Алып (өте үлкен қаһарман), Ер (батыр).
Сол уақыттағы халық шығармашылығының дамуы туралы түсінікті поэтикалық халықтың даналығы, мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі бейнеленген көптеген мақалдар мен мәтелдер береді. Нақты нақыл сөздерде ғибрат және кеңестер берілген, адам кінәраттары келекеленген. Ауызекі шығармашылығының мысалдарын келтірейік. Еңбек туралы мақалдар: «Еңбек далада қалмайды», «Тас басты жарады, еңбек тасты ұсақтайды», «Соқа жанында бекітілген одақ, егін ору кезінде жоғалмайды», «Күздің келері көктемнен белгілі». Тұрмыстық мақалдар: «Диірменде туған тышқан күн күркіреуінен қорықпайды», «Киізі бар адам су болмайды», «Біреуге ор қазба, өзің түсесің», «Атылған жебе қайтып келмейді», «Түйеге мініп, бір қора қой ішінде жасырына алмайсың» және басқалары.
Махмұд Қашғари сол уақыттың ауызекі поэзиясына үлкен ықпал еткен ақындар мен аңыз-жыр айтушыларға сілтейді. Олардың ішінде ол ежелгі аңыз-жыр айтушы Шөженің атын атайды.
Эпостық өнер. Тікелей Қазақстан аймағында түркі тіліндегі белгілі ең ежелгі эпостар құралған – «Қорқыт ата» және «Оғыз-нама».
«Қорқыт ата» эпосы Сырдария бассейнінің қыпшақ-оғыз ортасында VІІ — Х ғғ. пайда болып ауызша таралған. Тек ХІV – ХVІ ғғ. ол азербайжан және түрік жазушыларымен «Қорқыт ата кітабы» прозалық шығарма түрінде жазылған. Дәл осының арқасында бізге эпостың оғыздық нұсқасы белгілі. Эпос оғыз батырлары мен қаһармандарының батырлық хикаялары туралы 12 дастаннан және әңгімеден құралған, оқиғалар Сырдарияда, Орта Азияда, Кавказда және Сарыарқа даласында (Сардала эпосында) орын алады. Эпоста үйсіндер мен қаңғлы тайпалары туралы, Оғыздардың ішкі және сыртқы деп бөлінуі туралы айтылады. Хикаяны айтып отырған Қорқыттың өзі нақты тұлға, Қият оғыз-қыпшақ тайпасының бекі болған. Қазақтар оны қобызға арналған музыкалық шығармалардың, эпостық жанрдың және емдеу өнерінің негізін салушы деп есептейді.

«Оғыз-нама» эпосы алғашқы рет ХІІІ ғ. Рашид ад Дінмен, содан кейін ХVІІІ ғ. Әбілғазымен жазылған, бірақ өзі бұдан көп ерте пайда болған. Кейбір ғалымдар пікірінше бұл эпос Жетісуда немесе Қашғарияда қарлықтар тайпаларымен шығарылған. Эпостағы басты кейіпкер – Оғыз-қаған, ол табиғаттан тыс күштерге ие болған деп есептелген. Дастан Оғыз-қағанның балалық шағы, оның ерліктері, біркөзді Қият алыпын жеңгені, оның үйленгені және Күн, Ай, Аспан, Тау, Теңіз атты ұлдарының туылғаны туралы жазылған. Ұйғыр халқының билеушісі болғаннан кейін Оғыз-қаған көршілерімен Алты (Қытай) және Урум (Рум – Византия) билеушілерімен соғыс жүргізеді. Эпоста славяндардың (Урусбек – оглы Саклаб), қарлықтардың (Кагырлык – бек), қанғарлардың (Биллик Кангалук), қыпшақтардың (Улыг Орду – бек Кыпчак) шығу тектері туралы айтылады.
Исламның таралуы кезеңінде Жазбаша әдебиет негізінен қалаларда дамыған. Сюань Цзань куәлігі бойынша жазбаша әдебиеттің дәстүрі VІІ ғасырдың басында қалыптасады. Ол былай деп жазады: «Тұрғындардың әр қашан тек бірнеше тарихи жазбалары болады. Олар мәтіндерді жоғарыдан төменге оқиды және бір-біріне саналы кітаптар береді. Сөйтіп, әдеби білім алу үздіксіз жалғасады».
Х-ХІІ ғғ. ірі әдеби шығармалар пайда бола бастайды. Білімді билеуші атағын алу үшін қараханидтер сарайларында мәдениет дамуына ірі үлес қосқан ақындарды, ғалымдарды, сәулетшілерді, құрылысшыларды және астрологтарды ұстаған.
Кутатгу билик. «Кутатгу билик» (Берекелі білім) дастаны осы дәуір шығармашылығының ең ірі әдеби туындысы болып табылады. Бұл дастанды Баласағұнның хаджибы – Юсуф Хас Сатық Қараханид мемлекетінің билеушілерінің бірі Богра хан үшін жазған. Юсуфтың әкесі белгілі музыкант болған және «Дарди Хусани» қобызға арналған шығарманы Баласағұн билеушісіне арнаған. 1015 ж. туған Юсуф сарайда тәрбиеленеді. Ол Қараханид мемлекетінің барлық ірі ғылыми және әдеби орталықтарында болған, көптеген түркі тілдерін, сонымен қатар, парсы, араб, қытай тілдерін меңгерген. Бұдан басқа ол тарих, астрономия, геометрия және басқа да ғылымдарды зерделеген. Шамамен 1069 ж. Юсуф атын мәңгі еткен дастанын жазған, автор материалдарды 30 жыл бойы жинаған, ал жұмыстың өзі бір жарым жыл уақыт алған. Шығарманың жалпы көлемі – 13 мың қос шұмақ. Дастан негізі ретінде Жетісу ауданымен, Ыстық Көл Қашғария көлінің бассейнімен байланысты оқиғалар мен аңыздар алынған, кейіпкерлері – тарихи қайраткерлер. Дастанда Баласағұн, Тараз, Қашғар қалалары, Сырдария өзені, шігіл, қарлық, оғыз тайпалары аталады. Дастан диалогтар, нақыл сөздер, ғибраттар түрінде жазылған. Терең мазмұны мен жарқын поэтикалық тілі оны өте танымал етті. Барлық сауаты бар адамдар үшін ол қолдан түсірмейтін кітап болды. Дастанның негізгі идеялық мазмұны — білім — билеушілер үшін де, халық үшін де амандық саулықтың жалғыз көзі деген түсінік. Юсуфтың пайымдауынша мемлекетті берекелі білімге ие, білімді билеуші басқару керек.

Діни әдебиет. Ислам дінін уағыздаушы, диуана ақындардың шығармалары халықтың мәдени өмірінде маңызды орын алған. Осы жазушылар арасындағы ең ірісі Ходжа Ахмет Яссауи, ХІ – ХІІ ғғ. ислам уағыздаушысы. Оның аты ХІV ғ. соңында – ХV ғ. басында Түркістанда Темір салған мешітпен байланысты. Ол «Дивани Хикмет» (Даналық туралы кітап) өлеңдер жинағын жазған.
Яссауи Іспіджабта (Сайрам) ХІ ғ. соңында туған. Өмірінің көп бөлігін Яссы қаласында (Түркістанда) өткізген. Ахметтің әкесі Ибрагим дала музыканты және ақыны болған, ол ұлына поэтикалық сөзге деген сүйіспеншілігін берген. Іспіджабта Ахмет Арыстан-баба деген имамда оқыды, оқуын Бухарада Орта Азияда белгілі сопылықты уағыздаушы шейх Юсуф Хамаданиде жалғастырды. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін Ахмет оның орнын басып, Яссыға көшкен. Яссауи 1167 ж. қайтыс болған. Қараханидтердің бұйрығы бойынша бейітіне тұрғызылған мазар ХІІІ ғ. бұзылған. Тек жүз жылдан кейін осы жерде Темір бұйрығы бойынша тұтас діни кешен салынған.
«Дивани Хикмет» — ең алдымен діни-мистикалық мазмұнды. Сонымен қатар мұнда мәдени-тарихи, этнографиялық және әлеуметтік-тұрмыстық сипатты деректерді табуға болады. Жинақ сол уақыттағы тайпалардың тілін зерттеу үшін маңызды ежелгі әдеби ескерткіш ретінде қызығушылық туындатады.
Яссауидің кіші замандасы, оқушысы және пікірлесі Сүлеймен Бақырғани болған, ол сонымен қатар Хәкім Ата атымен белгілі. Сүлеймен Яссыда 1104 ж. туған. Ахмет Яссауи кеңесі бойынша ол Самарқандқа, Бухараға, Хорезмге, Дамаскіге және басқа да Шығыстың ірі мәдени орталықтарына оқуға барады. Өзінің ұзақ өмірінің соңында Сүлеймен Хорезмге кетіп, Бақырған қыстағында тұрады. Ол 1186 ж. қайтыс болады. Сүлеймен Бақырғанидің «Заму назир кітабы» (Ақыр заман туралы кітап) «Дивани Хикмет» әсерімен жазылған. Шығарманың негізгі ойы – жер бетінде барлығы жақсысы да, жаманы да Құдай еркімен жасалған. Ақыр заман келгенде барлығы, күнәкарлар мен әулиелер, періштелер мен шайтандар, барлық дүние жоқ болады, тек Құдай қалады, ол әлемді қайта жаратып, барлығы өмірге оралады.
Екі жинақ та ғасырлар бойы Орта Азияның және Қазақстанның барлық медреселерінде оқу құралы ретінде қызмет еткен. Оларды мұсылмандық дін басылары ислам идеяларын насихаттау мақсатымен қолданған.
«Хибат ул – Хакайк» (Ақиқат сыйлығы) – Азиб Ахмет Махмұд-ұлы Югнекидің бізге жеткен жалғыз кітабы. Азиб ХІІ ғ. соңында Жүйнек жерінде, Яссы қаласының маңында дүниеге келген. Бала кезінен дін ілімін, араб, парсы тілдерін зерделеген. Оның кітабы 14 бөлімнен, 235 өлеңнен құралған. Оның негізгі ойлары – білім пайдасы, адамгершілік негіздері.
Қазақстан қалаларында әдебиет пен ауызекі шығармашылығынан басқа ғылыми білімдер кең таралуын табуда. Көшпенділердің астрономия, география және басқа да нақты ғылымдар бойынша білімдері орта ғасырларда ғылыми трактаттар түрінде қайта рәсімделеді, бірақ өкінішке

орай олардың көпшілігі бізге жеткен жоқ. Бізге Қазақстанда туған көптеген ғалымдар аттары белгілі, бірақ олардың арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің алатын орны ерекше.
Әл-Фараби. Әбу Насыр ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби 870 ж. Отырар қаласында, қыпшақ ортасынан шыққан әскери басқарушы отбасында дүниеге келген. Әбу Насыр бала кезінен ғылымдарға қызығушылық танытқан, оның бақытына орай Отырарда өте бай кітапхана болған. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін зерделеген, осы тілдерде жазылған ғылыми еңбектерді оқыған. Кәмелет жасқа жеткеннен кейін ол білімін жалғасытру үшін жетекші мәдени орталықтарға кетеді. Шаш (Ташкент), Самарқанд, Исфахан, Хамадан және басқа да қалаларға барады. Ол сол уақыттың ғылым мен мәдениетінің даму орталығы, Халифат астанасы – Бағдадта көп уақыт өткізеді. Осы жерде ол өз білімін негізді толықтырып, атақты ғалымдармен қатынас жасап, олардың арасында жетекші орынға тез ие болады. Өмірінің соңғы жылдарын ол Дамаскіде Аллепода өткізеді.
Әл-Фараби ғылыми білімнің барлық салаларына маңызды үлес қосқан ғалым-энциклопедист болған. Ол барлық ғылымдарды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлген. Ол философия, логика, математика, медицина, астрономия, әлеуметтану, құқықтану, физика, музыка теориясы бойынша көптеген трактаттар жазған. Аристотельдің ілімін жалғастырып және дамытып, Әл-Фараби тірі кезінде «Екінші ұстаз» деген құрметті атаққа ие болған. Әл-Фараби жұмыстарының негізінде арабтың орта ғасырлық ғылымы қалыптасқан, оның ықпалымен Ибн Рушдтың, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидың және басқа да ойшылдардың дүниетанымдары қалыптасқан.
Әл-Қашғари. Әл-Фарабиден басқа Отырар жері сол уақыттың тағы да екі әлемге әйгілі ғалымын тәрбиелеген. Аббас Жаухари, сондай-ақ Отырарда туып, астрономиямен және математикамен айналысқан, Әл Хорезмимен бірге бүгінгі күні де өзінің дәлдігімен таңғалдыратын астрономиялық кестелер жасалуына қатысқан. Әбу Насырдың басқа жерлесі Ысқақ Әл-Фараби лингвистикамен және географиямен айналысқан. Тағы да белгілі география зерттеушісі Жанақ ибн Хакан-әл-Кимаки, ол Ертіс жағалауларында туған. Дегенмен бұл тізімде ерекше орынды «Диуани лугат ат-тюрк» (түркі тілдерінің сөздігі) авторы, тамаша лингвист және географ Махмұд ибн Мұхаммед Әл-Қашғари алады. Махмұд Ыстық Көл жағалауында Барсхан қаласында дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Қашғарда өткізген. Осы жерде 1072-1074 жж. ол өз еңбегін жазды. Өзінің айтуынша кітапты жазу үшін ол түркілер мекендеген барлық жерлерді шарлап шыққан. Қарлықтардың, қанғарлардың, оғыздардың, қыпшақтардың, қырғыздардың сөздерін, өлеңдерін, мәтелдерін, аңыздары мен әдет-ғұрыптарын жазған. «Диуани лугат ат-тюрк» — өзіндік түркі халықтары өмірінің энциклопедиясы, түркілердің мәдениеті, шаруашылығы туралы, этнонимдер, топонимдер, халық күнтізбесі, географиялық терминология және басқалары туралы мәліметтер алуға болатын жалғыз көз.

Қазақ әдебиеті түркі тайпаларының әдеби дәстүрлерін мұра еткен, өйткені түркі ескерткіштері барлық қазіргі түркі тілді халықтардың жалпы мұрасы болып табылады.
Жыраулар ХІV – ХVІІІ ғасырларда қазақ поэзиясында ежелгі түркі әдебиетінің дәстүрлерін жалғастырушылары болған. Олар өздерінің поэтикалық шығармаларын суырып салып айту жолымен құрастырған. «Жырау» деген сөздің өзі «жыр» — жаса немесе жасаушы, шығарушы деген сөзден шыққан. Жыраудың негізгі жанры – толғау. Толғаудың екі түрі ажыратылған: философиялық және лирикалық. Келесі жанр – бұл арнаулар, мадақтаулар, үндеулер және жоқтаулар. Жыраулар шығармалары нақыл сипатты болады, олардың тілдеріне афористік (қысқаша нақыл сөздер, қысылған, нақты түрде айтылған аяқталған ой) тән. Көптеген жолдары уақыт өте келе мақалдар мен мәтелдерге айналған.
ХІV – ХVІІІ ғасырларда шешендік өнер негіздері жалғасып, дамытылған. Шешендік сөз – қазақтың ауызекі шығармашылығының ерекшелігі анықталатын жанр. Шешендік сөздер ақиқат тақырыптамалы болады және үш негізгі түрге бөлінеді: арнаулар, толғаулар және айтыс.
Арнаулар – бұл нақты адамға арналған, кеңейтілген прозалық және поэтикалық сәлемдесулер, сын, әзіл және тілектер.
Толғаулар – бұл шешеннің философиялық білімдері жалпыланатын, табиғат құбылыстарына және қоғамдық қатынастарға деген көзқарастар ашылатын нақыл сөздер.
Айтыстар – бейбіт жолмен дауларды шешу тәсілі шешендік өнердің сипаты мен дамуын анықтаған. Шешендік өнер адамға күнделікті өмірде көмекке келген, ал даудағы жеңіс практикалық мағынаға ие болған.
Сонымен, біз көріп тұрғандай, орта ғасырлық Қазақстан сол уақыттағы әлемнің ғылыми орталықтарының бірі болған. Және де Баласағұн мен Отырар Дамаск пен Бағдадтан қалып қойса да, олардың ғылыми білімдер дамуындағы маңызы орасан зор болған. Өкінішке орай, сақталып қалғаны көп емес, қазақстандық ғалымдардың еңбектері сақталған әйгілі Отырар кітапханасы жойылып кетті, бірақ бізге жеткендері де Қазақстанның түркі тілді халықтарының арасында ғылымның шынайы өркендегенін куәландіреді.
Қорытып айтқанда, Қазақстанды V – ХІІ ғғ. мекендеген халықтардың мәдениеті сак-ғұн кезеңінің мәдениетінің табиғи жалғасуы болған, және өз кезегінде жалпы әлемдік өркениет контексінде дами отырып, қазақ халқының мәдениеті үшін негіз болып қызмет еткен.
VІ-бөлім. Зар Заман дәуірі немесе Жаңа заман (18-19 ғғ).
Зар Заман дәуірі немесе Қасірет дәуірі уақыты бойынша 18-19 ғғ. сәйкес келеді. Қарастырылып отырған кезеңде Көшпелі өркениет Қазақ хандығы түрінде мертік немесе күйзеліс дәуірін бастан кешіреді. Себебі неде? Қасым, Есім және Тәукенің еркімен және ерлігімен құрылған Қазақ

хандығының тұтастығына ешкім күмән келтірген жоқ. Бірақ өмірде жетекші орын ертеңгі күнді ойлай алмайтын және ойлағысы келмейтін тұтынушылық психологиялы адамдарға тигенде, және екінші жағынан – орталықтың әлсізденуінен саяси ыдырау (ХVІІІ ғ. 20-шы ж. бастап) орын алғанда, осыған сәйкес бір тұтас Қазақ хандығы басында билер емес сұлтандар тұрған жекеленген жүздерге айналуы заңдылық. Келесі себеп – сыртқы фактор: барлық жағынан жаулармен қоршалған, және қазақтардың жоңғарлармен қақтығысуы жергілікті маңызды кездейсоқ соғыс болған жоқ. Ол Отан соғысы деңгейінде өтіп, Қазақстан келбетін өзгерткен. Қазақ Ордасы тұтас қала ма, жоқ әлде ұтыла ма, осы мәселе ғана маңызды болған. Мәскеуде бұл шайқастың нәтижелерін қалай қалтырап күткендерін елестетуге болады. Өйткені Петр І өзінің шығыс саясатында Қазақстанға үлкен мән берген, және серігінің айтуынша былай деген: «барлық азиялық елдер мен жерлерге осы орда кілт және қақпа; және осы себептен осы орда Ресейдің қоластында болу керек, тек сол арқылы азиялық елдермен қатынас жасау үшін және Ресейлік жаққа пайдалы және қабілетті өлшемдер алу үшін». Сібірді отарлау тәжірибесі және азиялық доктрина жасалуы жалпы Ресейдің барлық кейінгі шығыс саясатына әсерін тигізді. Дәл Қазақстанға тиісті ресейдің азиаттық доктринасының мағынасы мынада болды: тек Қазақстан далаларына билікті бекіту ғана емес, орыс иелігінің шектерін Үндістанға дейін кеңейту. Ең ақырында осылай болып шықты. Дегенмен бұл саясаттың жүзеге асырылуы өте көп уақытты талап етті. Сондықтан Қазақстанның Ресейге «қосылуы» Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүзеге асырылды. Енді тағдыр еркімен екі әлемнің – Ресейдің отырықшы-егіншілік мәдениетінің және Қазақстанның көшпелі өркениет әлемінің тарихи кездесуі алда тұрған. Біздің кейінгі баяндауымызда келесі мәселе қойылады: «қосылудың» тарихи- жұмбақ мәселесіне объективтілік тұрғыдан қарау.
Көшпелі қоғам сыртқы әлемге қатысты әр қашан белсенді әрекеттестік күші болған. Тіпті «нефритті жол да» ізсіз өткен жоқ. Сібір археологтары оның да іздерін тіркеген. Яғни, Алтайдан Еуропаға апаратын жол болған (Саян тауларының сілемдерінде осы сирек кездесетін тастың бай кен орындары белгілі. Оның үстіне нефрит минералы түркілерде ерекше құрметке ие болған). Бұл табылғандар өте көне заманның өзінде Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қатынасы мен өзара ықпал етуі бақыланатын маршруттар (нефрит жолы) белгіленгені туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Жоғарыда айтылғандай, ат толығымен номадтың қанына сіңіп, сүйегіне біткен және оны кеңістікке шығарған. Номадтар өздерінің «ат үсті» өмір салтына арнайы киім жасаған – шарвар және етік. Үзеңгілері бар ер тоқым, етіктің өкшесі және көптеген басқа заттар номад «атты ерттеп» әлемді жақсы көре алатындығын бірінші түсінгендіктен дүниеге келген. Географиялық жаңалықтар номад үшін жаңа мүмкіндіктер мен келешек ашты. Отырықшы елдердің көшпелі елдермен өзара әрекеттестікке түсуі әр қашан теріс жағынан көрінген жоқ. Мұндай жағдайлар екі жаққа да әр қашан белгілі пайда ұсынған.

Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда) келесі шараларды да туындатқан, яғни бағыныштылыққа және тәуелділіктің түрлі формаларына. Жаңа заманға дейін бұл келісімдер (отырықшы елдердің көшпенділерге тәуелділігі) негізінен жанама басқару саясатын қолдаған. Отырықшы қоғамдардың көшпенділерге тәуелділігінің әр түрлі формалары ХV ғасырдың соңына дейін орын алды (1480 жылы Сарайдың қайғылы күйреуіне дейін). Көшпелі өркениеттің негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі орын алғанда және (жаңа заман дәуірінде) отырықшы мемлекеттер әскери өнеркәсіпте төңкеріс жасағанда (техникалық жоспарда) және Жібек жолы өз маңыздылығын жоғалта бастағанда ғана (номадтар өмірін қамсыздандыру көзі ретінде) отырықшы мемлекеттер номадтардан қорғалу «мәселесін» таба алар еді. Теңіз жолдарындағы Ұлы географиялық жаңалықтар және сауда жолдарының ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі қорлардың бірінің жойылуы). Сонымен қатар отырықшы елдердің от ататын қарумен қаруландырылған тұрақты әскерлері көшпенділердің атты әскерлерін жеңе бастады. Күтілгендей, ХVІІІ-ХІХ ғ. қарай көшпелі мемлекеттер отырықшы империялардың бірте-бірте құлдау объектілері бола бастады. Біз осы мәселелерді VІ-бөлімде қарастырамыз.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Мәскеу иелігінде Қазақтар мемлекетін Казак Ордасы деп атаған. ХVІІ ғасырға дейін Мәскеу мемлекетінің Қазақстанмен ортақ шекарасы болған жоқ, ол Ноғай Ордасымен Казань және Астрахан хандықтарымен бөлінген болатын. Жошылықтар империясының қирандысында жаңа орталықтар пайда болып, оның мұрасына күрес бастаған. Ең бірінші кезекте бұл Мәскеу мемлекеті және Крым хандығы болған (олар өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған), бұларға ноғай және башқұрт мырзалары, қазақ және сібір хандары әр түрлі дәрежеде құмар болған. ХVІ ғасырда Мәскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе бастады. Казань және Астрахан ақсүйектер ортасындағы Мәскеуді қолдаушы және Крымды қолдаушы партиялар арасындағы көпжылдық күрес Иван Грозныйдың Казанды (1552) және Астраханды (1556) жаулап алуымен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы Мәскеу патшалығының құрамына енеді. Осыған ұқсас жағдай Ноғай Ордасында да пайда болды, мұнда билікке үміттенушілердің – ағайынды Смайыл және Жүсіп — өз-ара тартысында орыс ықпалын қолдаушы Смайыл жеңді. Оның жеңісінің нәтижесінде Жүсіп қаза болып, ноғай руларының бір бөлігі Крым, Қазақ және Сібір хандығының шегіне көшті. ХVІ ғасырдың ортасына қарай Хакк-Назар хан Ноғай Ордасының ыдырауын пайдаланып, өз билігін ноғайлар мен башқұрттарға таратып, «қазақтар, ноғайлар, башқұрттар және қырғыздар» ханы атанған. Бірақ ХVІІ ғасырдың басында Жайық өзенінің құйылысында қазіргі Атырау қаласынан шамамен 60 км жоғары жерде ХІІІ ғасыр басында Жошы ұрпақтары негізін салған Сарайшық қаласы орталығы болған ноғайлықтардың саяси мағынасы жойылды. Қақтығыстармен ойрандалған ноғай жері ноғайлықтар топтарының және княздары жоқ орыс қаңғыбастарының паналайтын жеріне айналды. Осы жерде патшалы Ресейдің ерекше әскери сословиесі ретінде казактар (өз қауымынан бөлініп шыққан

адамдар) ұйымдастырылады. Жоңғар елінен қалмықтар қоныс аударып келгенде, Ресей олармен одақтасып, солардың көмегімен Крымды жаулап алады. Крымда Жошы ұлы Тоқай-Темірдің ұрпақтары Керейлер әулетінің иелігінің аяқталуы 1783 жылға қарайды. Енді ХVІ ғасырдың екінші жартысынан ресейлік көп ұлтты және поликонфессиялық мемлекеттілік дәуірі, Еуразия кеңістігінің алдыңғы түркі-славяндық (6-15ғғ) орнына – орыс- түркі (16-20ғғ) болып бірігу дәуірі басталады.
ХVІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап Ресейдің шығыс саясатында казактар бағаланбас роль атқарды. Еуразия тарихында маңызы зор казактар феноменінің тамырлары ХV- ХVІ ғасырларға кетеді және Ермактың Сібірге жасаған жорығымен байланысты жағдайларға тікелей қатысты болады. Казактардың Ресей, Орталық Азия және Кавказ тарихындағы ролі қарама- қайшы. Тарихнамада казактардың орыс тарихында шығу тегі мен ролі де әр түрлі бағаланады. Орыстар үшін ол оның көмегімен Ресей империясының кеңстіктік заңды деп танылуы жүзеге асырылған күш болып табылған. Бірақ тарихи деректерге сүйене отырып, орыстарда казак институтының шығу тегі туралы түркі нұсқасын қайта құрып көрейік. Бірақ бұл үшін алдымен Азияны көздеп жүрген Мәскеудің саяси бейнесін жаңадан жасау керек және екінші жағынан – казактардың қалыптасуының этникалық әлеуметтік процесінің ұйымдасуы.
Ресейдің ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы шығыс саясаты Осман және Парсы империяларымен экономикалық және саяси байланыстарды қолдау, сонымен қатар Ұлы Моңғолдар империясымен байланыс орнату мақсатымен қалыптасқан. Тағы да бір «таяу» бағыттың объектілері Ноғай Ордасы, Сібір және Қазақ хандығы болған. Ол Ресей мемлекетінің шекаралары ноғайларға, сібір және қазақ хандықтарына тиістіре жақындағанда, Казань және Астрахан хандықтарын жаулап алғаннан кейін өзіндік мәнге ие болды.
Казаньды алуда көптеген ноғай мырзаларының нақты бейтараптығы және олардың Астраханды иеленуде орыстарға көрсеткен көмегі Мәскеудің екі хандықты да қосып алуын алдын ала шешті. Шамасы, Ноғай Ордасы бұл жерде белгілі пайда көрген. Алтын Орданың мұрасы үшін күрестегі өз ролінен бас тартқан жоқ. Бірақ ноғайлықтардың билік үшін өзара соғысы оның ыдырауына әкеледі. Ноғай Ордасы ішінде Үлкен Орда бастысы болған бірнеше дербес ұлыстарға ыдырауына қарамастан олардың билеушілері, Мәскеу патшалары мен қазақ хандарына тәуелді болғандарына қарамастан, Волгадан Ертіске дейінгі аймақта өз мақсаттарын көздеген. Оның үстіне ноғай иелігінің құрамына Батыс Сібірдің де бір бөлігі кірген. 1554 жылы Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Смайыл орыс патшасына берілгендік туралы ант берді, ал келесі жылы дәл осыны Едігер де істеді. Шамасы, Сібірдегі ықпал үшін Орта Азияның және Қазақстанның шибанилық (шейбанилық) билеушілеріне қарсы күресте одақтас табу ынтасы және өздерін Ресей жағынан мүмкін қол сұғушылықтардан қауіпсіздендіру мәселелері басты болған. Ноғай ақсүйектерінің Мәскеуді қолдайтын бағдарын осман адмиралы Сейди Әли Реистің жазулары да растайды. 1554-

1557 жылдары ол Азия елдерін саяхаттап, оның ішінде Хорезмге де барған, мұнда ол ноғайлардың орыстарды қолдайтын саясаты туралы ескертілді. «Манғыттар, — деп жазады ол, — бөтен ел адамын көргенде, оны орыстарға жаулап береді».
Сібір хандығы жергілікті билеушілердің шығу тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының баласы Шейбаниге тірелетін бухара шейбанилықтарының өкілдері болған билеушілерімен тұрақты күресінің алаңы болған. 1563 жылы Сібірге ену әрекеттері сәтті аяқталды: Сібір аймағының бір бөлігінде бухара шейбанилығы Көшім хан таққа отырды. Көшім ұлысының басты қаласы Іскер болды (қазіргі Тобольск ауданында). 1563 жылдан бастап Батыс Сібірде бірнеше тайталасушы ұлыстар пайда болады. Бухара ханының қолдауына сүйеніп, Көшім Едігер мен оның ағасы- бірігіп басқарушы Бекболатты жеңіп, оларды тұтқынға алып, өлтірді. Бірақ жеңіс Көшімге оңайлықпен тиген жоқ. Жеті жыл бойы сібірлік бас имейтін ақ сүйектерімен – ноғай мырзаларымен және самодий тайпаларының князьдарымен күресуге тура келді.
Шейбанилықтармен тайталас болған қазақ даласының хандарының сондай-ақ Сібірде өз мүдделері болған. Ноғайлықтардың қайғылы тағдыры туралы білген Көшім Хакк-Назар жағынан нақты қауіп-қатер сезінді. Оның қауіптенуінің негізі болатын, өйткені қазақ хандарының Сібір оқиғаларына қатысулары тек қазақ-ноғай қатынастарының жалғасуы ғана емес, қазақ- өзбек тайталасының да жалғасуы болып табылған. Бірақ «әскери міндеттерді атқаратын татарлар» деп аталған ресейлік азаматтар болып кеткен казандықтар, астрахандықтар және ноғайлықтар Мәскеуге Сібірді және Қазақстанды иеленуде көмектесті.
1581 жылы орыс құжаттарында Волга жағалауларынан Камаға қашқан атаман Ермактың казак жасағы туралы бірінші хабарлар пайда бола бастайды. Строгановтар жоңғылармен, қарумен, оқ дәрімен және азық- түлікпен қамтыған бұл жасақ Чусовая өзені бойымен және Камень (Орал) арқылы – Сібірге жылжып, өлкені жаулауды бастады. Олардың бірінші әрекеттері «Сібір шежіресінде» бейнеленді, олардың баяндалуы жорықтан соң қырық екі жылдан кейін жазылған кәрі ермактіктердің «аңыздарына» негізделген. «Аңыздар» Ермак тұлғасы туралы сұраққа анық жауап бермейді. Бұл аңыздар оны орыс патшасы үшін оңтүстік және батыс майдандарда соғысқан, содан кейін Сібірге кеткен, құдайды сүйген және ер жүрек Ермолай атты орыс казагы болған деген ойда азды-көпті бір пікірлі болған. Ермактың шағын жасағында православилық мәртебесінен айырылған діни қызметкер болған, сондықтан кейіннен ол құдайдан безгендерге «Христос сөзін» әкелді деп айтуға негіз болды. Қалай болғанда да 1636 жылдан кейін Ермактың Сібірдегі ролі осылайша түсіндірілді. Ермактың Сібірге дейінгі өткен күндері туралы мәлімет жоқтың қасы десе болады. Оның үстіне бұрынғы өмірінен батырдың ноғайлық шығу тегіне, яғни шығу тегі ноғайлық казак екендігіне сілтейтін барлық мәліметтер шығарылып тастаған.
Ескерту. «Казактар» сөзі өздері тиесілі болған мемлекеттен бөлініп шығып, олармен соғыс жағдайында болған номадтар тобын білдірген. Бұл

мағынада, мысалы, Әбілхайыр ханға қарсы шығып, 1459 жылы оның қоластынан Жетісуға кетіп қалған, сол жерде «өзбек-қазақ» атауына ие болған көшпенділер казактар деп саналған. Бұл процестер Алтын Ордадан кейінгі кеңістікте жаппай орын алған. Сол заманда казак болып тумаған, уақыт өте келе казак болған. Казактың өмір салтын белгілеу үшін арнайы термин қолданылған – казактандыру, казактар немесе казактық. Казактар институты қазақ халқының қалыптасуында орасан зор роль атқарды. Орал, Волга, Қара теңіз маңында, Солтүстік Кавказ даласында казактар институты сондай-ақ кеңінен таралған. Бірақ мұнда ол этникалық емес, әлеуметтік процестер негізі болды. Мұнда казактардан қалыптасқан «қоғамдар» ең бірінші кезекте өздерін азаттылар деп қабылдаған және сырттан да осылайша қабылданған. Және де Өрістің бұл бөліктерін алған казак қауымдарының этникалық құрамында «түркілер» басым болған. Уақыт өте келе түркілер орыстармен және басқа ұлттармен аралас болды. Сонымен, казактар – бұл өзіндік түркі-славян-кавказдың этникалық симбиозы. Бұл тұрғыда Ермактың казактар тобыры ерекше болған жоқ. Сонымен, казактар қалыптасуына түрлі этникалық топтар қатысып және онда түркі бастамасы салмақты болғанына қарамастан, дегенмен бірте- бірте ол орыстана бастайды. Мұның себебі Ресейдің казактарды жиі қызметке шақырғандығында. Казактардың орыстануы олардың күнделікті өмірінде түркі мәдениетінің ауқымды қабатының сақталуына кедергі келтірген жоқ. Тұрмыс, киім, қаруландыру және т.б. ең бірінші кезекте осылар казактар тұрмысының негізін анықтайтын әскери тәртіпке жатқан. Көпшілік казактар үшін орыс тілімен қатар «түркі» тілі дағдылы болған. Тіпті ХХ ғасырдың басында казактар орыс халқының бөлінбес бөлігі және Ресей мемлекеттілігінің берік тірегі болғанның өзінде Ресей империясының казак жасақтарындағы казактардың көпшілігі түркі тілдерін білген. Еске сала кететіні, ол кезде қазақ казакка «тамыр» , яғни «дос» деп сөйлеген, басқаша айтқанда «шығу тектері жақын». Сондықтан да шығар олардың көпшілігі өздерінің этникалық сәйкестігін толық жоғалтпағаны, бірақ олар үшін ең бастысы Ресей империясының ерекше сословиесына тиесіліктері маңызды болған.
Ресейдің Сібірді жаулап алуының бастапқы кезеңі туралы барлық хабарлар бізге шіркеулік-ұлтжандық тұрғыдан түсіндірілді, онда орыс емес және православиелік емес еш нәрсе үшін орын қалған жоқ. Сонымен бірге, Ермактың Сібірге жасаған жорығымен байланысты кейбір оқиғаларға жоғарыда ұсынылған «түркі» көзқарас жорықтың өзінің жалпы бағалануын өзгертпейді. Ол «Мәскеуде билік жүргізген Иван Грозныйдың шешімдері мен әрекеттерінің тікелей нәтижесі болды». Ал бір қарағанда тек орысша болып көрінетін тақырыптың ішінде байқалатын түркі себебтеріне көңіл аудару бұл оқиғаға қандай да болмасын қатынасы бар басқа кейіпкерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл патша сарайы және Строгановтар көмегімен Сібірдегі өздерінің жоғалтып алған орындарын қалпына келтіруге үміттенген Үлкен Ноғай Ордасының билеушілері де; Көшіммен және оны қолдап отырған шейбанилықтармен тайталасқа тартылған қазақ хандары да; әр түрлі

халықтардың араласуы барысында қалыптасқан, салыстырмалы түрде дербес роль атқарған казактар да. Осындай көріністе Ермак тұлғасында орын және уақыт жағдайларына көбірек сәйкес келетін жаңа сипаттар, оның ішінде Ресей қызметіндегі еркін казактың ноғайлырмен тығыз байланысының анық белгілері көріне бастайды.
Қалай болғанда да «Сібірдің алынуы» айтарлықтай дәрежеде түркі қолдарымен орындалды және біздің ойымызша Ермак оның көрнекті дәлелі. «Әскери міндеттегі татарлардың» немесе ордалықтар ролі Мәскеу Русінің тарихында бұрында да белгілі болған. Оларды «тақсырлық қызметке» тарту дәстүрі кейін де, Ресейдің орыс емес балалары және олардың ұрпақтары оның байтақ далалары мен даңқын көбейтіп, ресейлік тәж скипетрінің астына «жерлерді жинау» кезінде де сақталды. Бұлардың қатарында мыналарды атауға болады, Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Смайылдың ұрпағы шоқындырылған ноғай князі Петр Урусов; Хивадағы ресейлік әскери миссияны басқарған кабардин князі А.Бекович-Черкасский; башқұрттардың Ресейге қарсы көтерілістерін басуда және 1731 жылы Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қоластына кіруіне көп көмек көрсеткен казандық татар, дипломат А.Тевкелев. Қырғыз елінде, Оңтүстік Қазақстанда, Шығыс Түркістанда ресейлік үкіметтің «ерекше тапсырмаларын» табысты орындаған Шоқан Уәлихановты да осы қатарға жатқызуға болады. Уәлихановпен рулас, бірге оқыған С.Ибрагимов – Хиджазда ресейлік консул міндетін атқарған, түркістандық генерал-губернатор жанындағы «ерекше тапсырмалар» жөніндегі офицерді де осы қатарда атауға болады. Бәлкім Ермак осы Ресейге қызмет еткен атақты түркі және кавказ «бұратаналарының» жарқын саңлақ тобының бастаушысы болған шығар.
Және де Ермактың қосқан үлесі орасан зор болған. Өйткені оның Сібірді жаулап алуы арқылы Ресей Алтын Орда аймағының көпшілік бөлігіне ие болған шынайы Еуразиялық державаға айналды және орыс патшалары өздерін Ұлық Ұлыстың заңды мұрагерлері деп санау мүмкіндігіне ие болды. Дәл осы туралы Иван Грозный өзінің Крым ханына жіберген жолдауында былай деген: «Ал енді құдай қалауымен Узбеков юрт (Алтын Орданың атауларының бірі) кімнің қолында екенін өзіңіз білесіз, сол юртта кімнің өкілдері мен воеводалары отырғаны белгілі».
Дәл осы уақытта «әскери қызметтегі казактардың» еңбектерінің нәтижелерінде Ресей Азия түкпірлерін, яғни Сібірді жемісті бағындырды. Жаңа сібір елдерін әр сәтті бағындырудан кейін мәскеулік приказда істеуші адамдар келіп, жаңа жердің орыс мемлекетіне қосылатындығы туралы хабарлайтын. Осылайша Сібірдегі қалалардың негізі салынған: 1587 жылы Тобол, 1607 жылы Енисейск, 1628 жылы Краснояр, 1632 жылы Якутск, ХVІІ ғасырдың 50-шы жылдары Амур бассейні. 1689 жылы Ресей мен Қытай арасында «Нерчин трактаты» жасалды. Келісім бойынша Солтүстік Азия бойынша жер бөлінуі жүзеге асырылды.
Петр І басқаруы басталысымен-ақ Ресейдің шығыс саясатының жобасында айтарлықтай түзетулер жүзеге асырыла бастайды. Бірақ «Азиаттық доктрина» саясатын жүзеге асыру үшін көп уақыт қажет болды.

Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүргізілді.
ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан кейін Қазақ хандығында тарихындағы ең қиын саяси жағдай орнайды. Тәуке ханның өлімінен кейін оның еріксіз, әрекетсіз баласы Болат сайланды. Әрине, Болат ханның әлсіз еркі мемлекеттің ыдырауына әкеледі. Болат ханның мұндай қылығы нәтижесіз қалмады: солтүстіктен бір уақытта сібір казактары, волга қалмықтары және башқұрттар шабуыл жасады; елдің оңтүстік-батысында, орта азиялық хандықтар шекараларында да тыныштық болған жоқ. Бұл жағдайды Жоңғар хандығы пайдаланып кетеді. Жоңғарлар (қалмықтар, ойраттар) – батыс моңғол тайпалары (чоросстар, дербенттер, хошоуттар, торғауыттар) ХVІ ғасырдың екінші жартысында өз одақтарын құрады, ал 1635 жылы Жоңғар хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер қатынасы Қазақстан пайдасына шешілген жоқ. Өйткені Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғалар осылармен байланысты. Әсіресе билікке Цеван-Рабтан келгеннен кейін жоңғарлар мен қазақтар арасындағы тайталастар үздіксіз жаулап алу соғыстарына айналды. Осы жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» басталуы болып саналады (1723-1727).
Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі келіспеушіліктер – Қазақстанның қоғамдық және саяси өмірінің ережелерінің бұзылуына әкелді. «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» уақытын бастан кешіргеннен кейін, қазақтар басына батырлар қойылған жасақтар ұйымдастырып, шабуылға қарсы соққы береді.
Ескерту. Тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде көшпелі халықтардың этникалық жүйесінің ішкі құрылымы әр қашан маңызды өзгерістерге ұшырайтын. Бірақ осындай бұзылулар кезінде ерекше әлеуметтік-саяси байланыстар түрі ретінде туыстықтың құрылымдық бірлігі өзгеріссіз қалады. Мұндай жағдайда ру басшылары кепілдік ретінде шығатын. Рулық құрылымның қызмет ету механизмінің мағынасы да қиын-қыстау кезеңдерде балама үлгі көрсететіндігінде: көшу, шапшаңдық және тойтарыс. Бұл жоңғарлармен қақтығысу кезінде де көрініп тұр, мұнда рух басшылары және көрсетушілері билер және батырлар болған.
Алғашқы жеңістерге Бұланты өзенінің жағалауында (Торғайдың оңтүстік-шығысы) және қазіргі кезде «Қалмақ-қырылған» атымен белгілі Қара-Сиыр жерінде қол жеткізілді. Шабуылдап келе жатқан үш жүздің лектері «Орда-басы» тауының етегінде бірікті (Шымкенттің батысына қарай). Дәл осы жерде терең күйзелістен кейін ерекше миссия (көшпелі өркениет) иелері ретінде жалпы Ұлы Дала мүдделерін қолдайтын басты саяси субъекті ретінде бірігу қажеттілігін түсінді. Сондықтан осы жерде «Ортақ іс бір-біріне деген адалдық антымен дәріптелді» және бұл жерде «Басты көсем ретінде Әбілхайыр хан таңдалып, және дәстүр бойынша құрбандыққа шалынған ақ боз ат болашақ табыс кепілі ретінде қабылданды». Қазақтардың осыдан кейінгі жеңімпаз шеруін Боролдай және Қошқар-Ата өзендерінің басында «Үлкен Орда қонған» және «Кіші Орда қонған» шатқалдарының атауларынан; Әбілхайыр сайының атауынан (Әбілхайыр

ханның аты бойынша) көруге болады. Ақырында қазіргі кезде «Аңқарай» деген атаумен белгілі Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан жерде орасан зор қанды қақтығыс орын алды. Осы жерде қазақтар ең жарқын жеңістеріне қол жеткізді, бұл жеңіс әлі де ел есінде.
1730 жылға дейін үш Жүз қазақтары іргелесіп ортақ жауға қарсы жұмыла күресті. Әбілхайыр басты басшы болып қала берді. Дәл осы кезде белгілі бір оқиға болып, сұлтандар арасында толық бөліну орын алды. Әбілхайыр басшылық еткен Кіші Жүздің бір бөлігі және Сәмеке басқарған Орта Жүздің бір бөлігі майданды тастап, орыс шекарасына кетіп, сол жақта Ресейдің қоластына кірді. Әлі де болса қаһарлы Қоңтайшы алдында қалып қойған елдің маңызды бөлігіне қазақтың болашақ тағдырын шешуге тура келді. Бұл міндетті абыроймен Абылай хан шешеді. Қайтыс болған Болат ханның орнына Хан сайлануы сұлтандар арасындағы ұрысқа себеп болды. Көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түскендіктен, Әбілхайыр және Сәмеке өздерін еленбеген деп сезінді. Қазақтардың ортақ ісі осылайша бұзылды.
Орыс патшасына жүгінуді Әбілхайыр ықпал ету өрісіне деген күресте мүмкін әскери-саяси одақтас ретінде бағалады. Мәскеу үкіметі мұны өзгеше, жоғары «патша қоластына» қабылдау туралы сұраныс деп түсінді. Келіссөз барысында орыс билеушілері қазақ билеушілерінің (оның ішінде Азияда) Ресей қоластына кіру мәселесіне деген көзқарастары Еуропаға қарағанда басқаша екендігін түсінді. ХVІІІ ғасырда хан жалғыз билік иеленуші болған жоқ. Мұндай тәртіп «Жеті Жарғының» тармақтарының бірінде бекітілген, атап айтқанда былай делінген: «Хан, барлық сұлтандар, ақсақалдар және ру басшыларымен қатар күзде халық жағдайын талқылау үшін жиналады». Оның үстіне билеуші ханның берген анты оның мұрагерлеріне ешқандай міндеттемелер жүктемейді. Патшаға келгенде А.И.Тевкелев «қазақтардың көпшілігі Ресей қоластына кіру туралы естігісе де келмеді» деп баяндады. Осыдан кейін тағы да бірнеше орыс-қазақ кездесулері орын алады. Бірақ бірқатар себептермен Қазақстанның Ресейге «қосылу» процесі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін созылды.
Данышпан мәмілегер және соғысты жүргізу шебері Абылай қазақ мемлекеттілігінің сақталуы, беріктендірілуі саясатын жүргізді. Ол, 1748 жылы Ресей қоластына кіріп, оны сақтай отыра, 1756 жылы Қытайдың да қоластына кірді, осыған қарамастан тәуелсіз болып қала берді десе болады. 1755 жылы Абылай жоңғарларды жеңіп шығады. Сол жылы Амурсан хонтайшының қытайлықтарға қарсы көтерілісі орын алды. Көп ойланбай, Қытай императоры жоңғар халқын жою бұйрығымен өз әскерін жібереді. Шынында, қытайлықтар жасы мен жынысына қарамастан 1 миллионға дейін жоңғарларды өлтірді. Осы кезде батыстан оларға Абылай шабуыл жасады. Амурсан Ресейге қашып, осы жерде шешектен қайтыс болады (1757). Жоңғарларды жойғаннан кейін Абылай өз халқын шығысқа апарып, Алтай тауларына және Құлжа қаласының (қазіргі Синь-Цзянь) аймағына дейінгі ауқымды кеңістікті басып алады.
ХVІІ-ХІХ ғасырлар бойында Ресей мен Қазақстанның өзара қатынастарында эволюцияның келесі түрлері орын алды: көршілес

қатынастар мен әскери-саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей империясына қосылуына дейін. Қысқаша айтқанда, ХІХ ғасырда екі дүниенің бір державаға бірігуі Ресей державасының геосаяси бағыттылығын бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық және саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық плацдарм ретінде көздеді.
Қазақ жүздерінің Ресейдің қоластына кіру уақытын екі негізгі кезеңге бөлуге болады: І – нақтылы қоластына кіру кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); ІІ – нақты қосылу және отаршылық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-шы жылдары). Бірінші кезеңде орыс үкіметі протекторат институтын қолданды, яғни Қазақстан, әскери бекіністер желісімен қоршалғанына қарамастан, Ресей империясының шегінен тыс, тәуелсіз болып қала берді.
ХІХ ғасырдың 30-шы жалдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла бастады. Және де бұл жерде Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі, яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұла Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмысатыры мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келді.
1822-1824 жж. Жарғысымен көшпелі мемлекетті басқарудың саяси институты жойылды, 1867-1868 жж. Уақытша ережемен рулық институттарды жоюдың шарттары жасалды. Логутов былай деп жазады: «Бұл уақытқа қарай (20 ғ. басы) кезінде қаһарлы тайпалар мен рулардың қазақ одағы ыдырап, ал 1822 және 1868 ж. казактар туралы орыс заңдары қазақтардың өзін-өзі басқаруын да толығымен жойды. Хандар билігі қысқартылды, қазақтар енді рулық белгілері бойынша емес, аймақтар бойынша бөлінді, ал олардың басқарылуы «қазақтардан шыққан бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің қол шоқпарлары болды» (Казактардың рулық тұрмысының очеркі және бұрынғы Семей губерниясының аймағындағы қазақ руларының бөлінуі. М., 1929.). Дәл осы қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, сол дәуірдің қазақтары бұл уақытты Зар Заман деп атады. Дегенмен бұл қоғамның ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің рулық принциптері басқарудың түрі мен мазмұны өзгертіліп, бірақ өз мәнін сақтай отыра жойылған жоқ. Бұл феномен туралы Гейнс былай деп жазды: «не алыс туыстық, не ұрпақтар ыдыраңқылығы, не ішкі келіспеушіліктер, еш нәрсе ортақ рулық шығу тегі туралы естеліктерді жоя алмады» (Әдеби еңбектер жинағы. СПб., 1898.).
Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері мойындағандай: «1867 ж. қабылданған Заңда қазақ руларын бөлу мақсатымен көшпелі халықты болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігі мойындалды, өйткені үлкен рудың бір ру басшысының қоластында біріктірілуі саяси тұрғыда зиянды деп

танылды». Ал Қазалы уезінің бастығы хабарлағандай, күшті туыстары бар қазақтар тұрмысы ауқатты болады, өйткені қиын сәттерде байлар өздерінің кедей туыстарына көмектеседі және жиі жағдайда олар үшін салықтарды төлейді, ал кедейлер өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық басқару әлі де өз мәнін жоғалтпағандығымен, және қазақтардың арасындағы басшының ықпалы орыс әкімшілігінен де жоғары болғандығымен түсіндіріледі» (Гродеков Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). «Бұл ру маңында халықтың барлық экономикалық және әлеуметтік өмірі шоғырланған уақыт болды, өйткені қазақ одағында тек ру ғана дербес құқықтық бірлік ретінде танылған және тек соның құрамына кіргендер ғана қажетті ұжымдық қолдауға ие болған» — деп жазады Логутов.
19 ғасыр бойында жүргізілген бірқатар отарлық реформалардан кейін және 20 ғасырдың басында рулық құрылымдарды жоюға бағытталған күшейтіліп өткізілген қоныс аудару саясытынан кейін орыс үкіметі қазақтардың көшпелі өркениетінің дәстүрлі институтының жасытылуына қол жеткізді. Рулар, өздерінің еркін жерді иелену құқықтарын және өз мүшелерінің мүдделерін табысты қорғау құқықтарынан айырылып, бірте- бірте үшмыңжылдық тәжірибенің субъективті психологиялық күйзелу дерегіне айналды. Бұл құбылыс Румянцевті таңғалдырғаны бекер емес, ол былай деп жазған: «Қазіргі бейбіт қырғызды көріп, оны кезінде сондай жауынгер және дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын» (Румянцев. Өткен және қазіргі замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.).
«Жарғы» аймақтық ұйымдар енгізіп, тайпалар мен тұлғаларға белгілі аймақтар бекітті, осы арқылы байланыстың екі әр түрлі және қарама-қайшы түрлерінің орын алуының негізін салды. Патша үкіметінің жерді пайдалану және жерді иелену жүйесін жаңадан енгізіуі дәстүрлі жерді пайдалану жүйесінің бұзылуына әкелді. Ол, өз кезегінде шаруашылық жүйесін де бұза бастады.
Жердің мемлекеттік меншік деп жариялануы үкіметке оны қазақ халқының қоныстау бөліктері ретінде қолдануынан алуға заңды құқық берді. Сұлтандық сословиенің барлық заңды және мұрагерлік құқықтары жойылды, барлық ресми билік орыстың шенеунік аппаратының қолында шоғырланды.
Сословиелік жеңілдіктер алнығаннан кейін қоғамдық қызмет бойынша жоғарлатылу құқығын тек байлық қана кепілдендіретін. Жалпы байлық 19 ғасырдың екінші жартысының үстем болған ақсүйектері өсіп шыққан негіз болды. Сондай-ақ, орташа таптың ыдырау процесі күшейіп, кедейлердің пайда болу процесі орын алады. Көпшілік шаруашылықтардың кедейленуінің тездетілуінде келесі факторлар орын алды: біріншіден, тепе-теңді емес сауда айырбасы, екіншіден, жерлердің минимумге дейін қысқартылуы.
Тауарлық нарықтар таралған сайын барлық халық бірте-бірте тауар-ақша қатынастарына тартылды. Сауда дамуының ерекшелігі оның өсімқорлық сипаты болды. Тауарлық өндіріс дәстүрлі қатынастарды бұзды: қайыршылануға, кедейліктің көбеюіне әкелді. Дамыған капиталдық нарықтың жоқ болуында сауда капиталының пайда болуы, ауыл саудагерінің және өсімқор байдың монополиялық жағдайын жасады, және дәулеттілер

мен кедейлер категориясының пайда болуына әкелді. Сауда қатынастарына қатысу дәрежесі бойынша 19 ғасырда үш категория адамдары ерекшеленеді: делдалдар (маклер), алып-сатарлар (агенттер) және дербес саудагерлер.
Жерлерді алу нәтижесінде кәсіпшілікке кету процестері күшейеді, яғни – балық, тұз, мұнай, тас көмір және мыс қорғасын кеніштеріне кәсіпшілікке кеткен, тасушылықпен айналысқан. Әлеуметтік дамудың нәтижелерінің бірі жатақтар санының өсуі болып табылады.
19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының отарына айналады. Дамудың іргелмелі-табиғи барысы үзілді. Өмір салты өтпелі сипаттармен сипатталады, кешенді шаруашылық қызметі оның негізі болады.
VІІ-бөлім. Қазақ халқының «Тәуелсіздік» үшін ұлт-азаттық күресі (18 ғасырдың екінші жартысы – 20 ғасырдың басы).
Ресей және Қазақстан екі әлем түрінде ұсынылды: отырықшы егіншілік өркениет әлемі және даланың көшпелі дәстүрлерінің әлемі. ХІХ ғасырда Ресей мен Қазақстан бір держава болып бірікті. Бұл екі әлемнің біртұтас мемлекеттілік шегінде ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүруі мүмкін емес еді: бірі екіншісін бағындыруы керек еді. Егер Орталық Азия көшпенділерінің тарихына және олардың өткен ғасырлардың егіншілік қоғамдарымен қатынастарына үңілетін болсақ, жиі жағдайда жаулап алушы ролін дәл осы көшпенділер атқарғандығын байқауға болады. Тағы да бір тарихи заңдылық айқын, атап айтқанда: бағындырылған елге өздерінің ішкі және қоғамдық өміріндегі тәртіптерін қалдырып, көшпенділер, әдетте, өз қолдарына жоғарғы билікті алғандарына қанағаттанып, уақыт өте келе бағындырылғандардың өмір салты мен мәдениетін өз еріктерімен қабылдап алған.
Үш ғасыр бойында (ХVІІ-ХІХ) Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастар күрделі эволюцияға ұшырады — көршілес қатынастар мен әскери- саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей империясына қосылуына дейін. Ресей мен Қазақстан мүдделерінің бірігуі тарихи жағынан позитивті, ал экономикалық жағынан шарасыз геосаяси бағыттылықты бейнелейді. Ресейлік-қазақстандық бірігу – мүлдем тарихи кездейсоқтық емес, сыртқы байланыстардың тарихи қайта бағдарлануы: ХVІІІ ғасырда геосаяси шындық Қазақстанға дәстүрлі шығыс деспотиялығының әсерінен шығып, өзінің тағдырын ұлы солтүстік көрші – Ресей империясымен байланыстыруға мүмкіндік берді. Бірақ империя құрамына кіру процесі ұзақ уақыт алып, негізінде отаршыл саясатқа қарсы тұрудың тұтас дәуіріне айналды. Жалпы қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресін бір-бірінен сапалы түрде ерекшеленетін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады.
Қазақ халқының вассалдық тәуелділік күшейтілуімен күресінің бірінші кезеңі (1773-1820 жж.) Ресей империясының нақты үстемдік ету кезеңінде өтті және оның құрамына Кіші және Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев

бастаған крестьян соғысына қатысуы негіз болған Сырым Датұлы, Қаратай Нұралыұлы және Арынғазы хан жетекшілік еткен көтерілістері енді.
Кенесары Қасымұлы жетекшілік еткен ұлт-азаттық көтеріліс екінші кезеңнің ең жоғарғы нүктесіне (1823-1858) айналды, бұл көтеріліс көптеген мәселелерді біртұтас түйінге байлады: отарлық тәуелділікке қарсы күрес, жоғалтылған мемлекеттілікті қалпына келтіру, қазақ шаруаларын әлеуметтік азат ету.
Үшінші кезең (ХІХ ғ. 60-80-ші жылдары) саяси тәуелсіздігін толығымен жоғалтуына байланысты жарқын бейнеленген отарлыққа қарсы сипатты болды, мұның мысалдары ретінде Орал, Торғай және Манғыстау облыстарындағы көтерілістерді атауға болады.
Төртінші кезең 1916 жылғы көтеріліске қатысушылардың азаматтық санасының жоғарлауымен ерекшеленді. Бірақ қазақ қоғамында пайда болған ұлттық қозғалыс біркелкі болған жоқ, басында халық бұқарасында кең қолдау тапқан ұлттық зиялы қауым тұрған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар, бірлестіктер пайда болған.
Сонымен, ХVІІІ ғасырдың соңында орыс патша әкімшілігі енгізген жерге қойылған шектеулер, қазақтар шаруашылығына ауыр әсер етті. Әскери қамалдар мен казак хуторларының маңында көшуге тыйым салынуы, яицк және орынбор казактарының және әскери қызметтегі башқұрттардың тұрақты шабуылдары қазақтарды отаршылдыққа қарсы көтерілуге итермеледі. Бұл қарсыласу Е.И.Пугачев жетекшілігімен жүргізілген крестьян соғысымен сәйкес келді. Қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдайы да қазақтардың Пугачевтің көтерілісіне қосылуының себебі болды. Нұралы ханның кезінде Кіші жүздегі қайшылықтар шиелінісе түсті. Қазақтардың көпшілігі ханның саясатына риза болмады. Нұралы ханның патша әкімшілігіне Волга өзенінің маңында қамал соғып беру және өзін қорғау үшін казак әскерінен жасақ бөлу туралы жасаған өтініші де кездейсоқтық емес.
Орал казактарының көтерілісі 1773-1775 жылдардағы крестьян соғысының бастауы болды. Шайқастан кейін олар талқандалды. Әскерде тіміскілеу және қатал жазалау басталды. Яицк казактарының көтерілісі басылғаннан кейін далаға орыстың шекаралары бойындағы наразылық туралы сыбыстар келе бастады. «Қырғыздар (қазақтар – ред.) казактардың, башқұрттардың ескі жәбірлерін, орыс әскерлерінің жазалаушы экспедицияларын, малдың айдалып кетуін, ауылдардың талқандалуын және барымтаны еске алды. Жақын арада қырғыздар (қазақтар – ред.) өз батырларының басшылығымен Оралдың оң жағалауына ұмтылды».
1773 жылдың 20 қыркүйегінде Пугачев қазақтарға манифеспен үндеу жасады, оларға еркіндік пен жерлерін қайтарып беруге уәде берді. Пугачевтың қазақтарға жасаған алғашқы үндеулері мен манифесттері қауымдар мен жүздерде жауабын тапты. 1773 жылдың 5 қазанынан бастап Орынбор қоршауға алынды, ол 1774 жылдың наурыз айына дейін бес ай бойы жалғасты. 1773 жылы қазан айының басында Пугачевтың қол жеткізген табыстары халықтың көтерілісшілерге жанашырлығының өсуіне ықпал етті.

Қазақтар жаппай Оралдан өте бастады, бұған 1764 жылдан бастап арнайы жарлықпен тыйым салынған.
Кіші және Орта жүз қазақтары 1773-1775 жж. крестьян соғысының оқиғаларына үн қатты. Қазақтар крестьян соғысының оқиғаларына тез жауап беріп, өздерін белсенді көрсетті.
Орал мен Волга арасында орналасқан жайылымдардың үлкен бөлігін 1771 жылға дейін қалмықтар иеленді. 1771 жылы Нарынқұм маңайында көшіп жүрген қалмықтардың бір тобы Оралдың бекітілген шекарасынан өтіп, Қазақ даласы арқылы шығысқа бет алды. Олардың кетуіне байланысты Орал мен Волга арасындағы аймақтың бір бөлігі бос қалды. Қазақ рубасылары патша өкіметіне қазақтарға «ішкі жаққа» өтуге тыйым салған 1756 жылғы жарлықты жойып, бұл жерлерді қыстық жайылымдар ретінде пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш жасады. Бірақ 1771 жылы Сыртқы істер коллегиясы бұл тыйымды тағы да қолдады.
Е.И.Пугачев басшылығымен өткен крестьян соғысы жылдары қазақтар 1756 және 1771 жж. жарлықтармен санаспай, Волга және Орал арасындағы жайылымдарды пайдаланып жүрген. Крестьян соғысы басылғаннан кейін және оның артынан келген жазалау шаралары күшейтілгеннен кейін бұл жерлерді пайдалану өте қиынға соқты.
1775 жылы патша өкіметі жергілікті басқару органдарының қайта құрылуын өткізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігі Сімбірлік және Уфалық генерал-губернаторлықтар (наместниктік) құрамына енді. Орынбор обер-комендантына Кіші жүзде патша билігінің шараларын тікелей өткізу табысталды. Бұл үшін Шекаралық істер комиссиясы құрылып, Орал бойынша шекаралар қалпына келтіріліп, бекітілді, қамалдар гарнизондары күшейтілді.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Орал арқылы өтуіне тек хан шекаралық үкіметтен рұқсат алғаннан кейін жол берілетін. Әскери старшиналар өту үшін ақы төлемеген ауылдарды тонап, қазақтарды тұтқынға алған. Сонда хан және оның жақындары халықтан тұтқындағыларды сатып алу үшін қаржы жинаған. Бұл қаржыларды Орал әскерінің старшиналарымен бөліскен. Сонымен, «Әскери іздеулер» ханның, шекаралық әкімшіліктің және казак басшыларының тұрақты табыс көзіне айналды. Мұндай саясаттың нәтижесі саяси қатынастардың дағдарыс жағдайына дейін шиеленісуі болып табылды.
Кіші жүзде толқулар басталды. Батыр Сырым Датұлы көтерілісшілер басқарушысы болды. 1783 жылға дейін Сырым туралы деректік өмірбаяндық мәліметтер өте үздік және толық емес. Аңыздарда айтылғандай Сырымның жас кезінде-ақ өз ақылдылығымен және адалдығымен аты шыққан. Жиырма жасында ол Байбақты руының биі болып, ақсақалдардан елді басқару даналығына үйрену мақсатымен даланы шарлаған. Сырым рулық ақсүйектер қатарына кірген, батыр болған.
1783 жылдың желтоқсан айында Сырым старшина Чагановты тұтқындап, оны Хиуаға құлдыққа сатып жібергені үшін Тополинск форбекетінің маңында Орал әскерлерінің казактарымен тұтқынға алынды.

Сірә, Сырымның қазақтарды тонаған, тіпті хан ауылдарына да шабуыл жасаған Орал әскерлерінің жасақтарымен күресінің басталуы 1783 жылдың күзіне қарайды. 1784 жылдың көктемінде Нұралы хан Сырымды тұтқыннан сатып алады. Сырым үшін ол 70 жылқы және 350 рубль ақшалай төлеген. Жүзге Сырым 1784 жылдың мамыр айында оралып, Орал әскерімен қиян- кескі күреске қайта кіріседі.
Қазақтардың жаппай аттанулары бұрынғыша Төменгі Орал бойында және Орск қамалының маңында дамып жатты. Қараша айында Сырым Сағыз өзенінің бойында шекараға шабуыл жасау үшін 1000 қазақтан құралған ірі жасақ жинайды. Сағыз өзенінде Сырым жасағы жиналғанда, хан өз ауылдарымен Оралға қарай көшуге мәжбүр болды. Бұдан 1784 ж. күзіне қарай Сырым мен ханның арасындағы қатынастардың шиеленіскендігін көруге болады. Сырымның жасаған әрекеттеріне тойтарыс беру үшін генерал-майор Смирнов басшылық еткен жасақ бағытталды, бірақ қатты борандар Смирновты қайта оралуға мәжбүр етті.
1785 жылдың көктемінен бастап табан тірескен күрес Төменгі Орал бойында өрістеді. Осы жерде қазақтар қысқы жайылымдардан өте қысылатын. 1785 жылдың көктеміне дейін Сырым қозғалысы қазақ жасақтарының шекараға жаппай шабуылдарының шегінен шыққан жоқ, 1785 жылдың көктемінен бастап Сырым қозғалысы, патша әкімшілігінің зорлық- зомбылығына қарсы күрес бола отырып, жүз ішіндегі күреске айналады. Қозғалыс Нұралы ханға және оған тектес сұлтандарға қарсы бағытталды.
Нұралы ханның билігі анық дағдарысты бастан кешіріп жатты, халық одан бас тартты, ал патша билігінің ханның дәрменсіздігіне көзі жетті. Бұл жағдайда патша әкімшілігі ханды ескермей, генерал-губернатор барон Игельстромды жіберіп, көтерілісшілермен келіссөз бастады. Нәтижесінде басына рубасылар қойылып, жүздерді үш бөлікке бөлу шешімі қабылданды. 1786 жылдың 3 маусымында Екатерина ІІ Нұралы ханның биліктен шеттеілуі туралы рескриптке қол қойды, ол Орынборға шақырылып, сол жақтан Уфаға жіберілді. 1786 жылдың күзінде Кіші жүзде «Игельстром реформасы» деп аталған, хан билігін жоюға талпыныс жасалды. Жүзді басқару үшін Орынборда Шекаралық сот және жергілікті жерде жазалаулар жасау ұсынылды. Бірақ бұл Кіші жүздің рубасыларының көпшілігімен мақұлданған жоқ, дегенмен 1786 жылы Орынборда Шекаралық сот, ал 1787 жылы жазалаулар құрылды, бірақ бұл жүйе барлық жүзге таралған жоқ, билік рубасылар қолында шоғырланды.
Кіші жүзде өткізілген басқару реформалары күтілген нәтижелерді бермегендігін патша өкіметі көріп отырды. Шекаралық сот және жазалаулар әрекет еткен жоқ деуге болады. Сонымен қатар орынборлық әкімшілік отаршылдық саясатын күшейте түсті. ХVІІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап қозғалыс көтеріліс сипатына ие болады. Патша әкімшілігі халықты тыныштандыру үшін Кіші жүзде жаңа ханды сайлау қажет деп шешті. Оның таңдауы Нұралы ағасы Ералыға түсті, оның мүдделері орынборлық әкімшіліктің мүдделерімен сәйкес келді. 1791 жылдың қыркүйек айында күшейтілген әскери қорғаныс астында Ералы Кіші жүз ханы болып

сайланды, бұл көтерілісшілер жасақтарының даланың шекарасында шоғырлануына әкелді. Сырым әкімшілікке Ералының хан болып сайлануына қарсылығын білдірді. Патша режимімен күресу үшін одақтас іздеуі басталды. Сырым бухаралық аталықпен келіссөз жүргізді, ол әскери көмек көрсетуге сөз берді. 1792 жылдың қыркүйегіне қарай Сырым патшалықпен тікелей қарулы күрес жолына тұрды – ол Ресейге соғыс жариялады. Бірақ Бұхарамен уәделескен қолдауға Сырымның қолы жеткен жоқ.
Халық қозғалысының жаңа көтерілісінің кезеңінде Сырымның қобалжуы және аумалылығы пайда болды. Ол хандық билікті жою туралы талабынан бас тартып, көпшілік билер мен рубасылардың «өздерінің еркіне көнетін ханды таңдау» талабына қосылды. Ералы ханға қарсы күрес жүргізе отырып, ол Кіші жүздің ханы атағына үміттенген және хиуалық ханмен тығыз байланысқан Әбілғазы Қайыпұлы ханның қолдауына бағыттала бастады.
Қозғалыстың жаңа өрлеуі 1795/96 жж. қатты жұттан кейін, 1796 жылдың күзіне қарай басталды. Сырым бір уақыттарда Есімді белгілі дәрежеде өз одақтасы деп есептеген. Ал Есімнің оған қолдау жасамайтындығы анықталғаннан кейін, Сырым 1796 жылдың қыркүйек айында өзінің қоластындағы рубасыларды жинап, ханмен, яғни патша билігімен одақтасу не соғысу туралы мәселені қойды.
1797 жылдың тамыз айында хан Кеңесі өз жұмысын бастады, оның төрағасы ретінде Айшуақ сұлтан тағайындалды. Бірақ сұлтандар халық өкілдерін шақыртпай, өз беттерімен Қаратай сұлтанды хан деп сайлады, бұл қайта күрт қайшылықты туындатты, берілген жағдайда Сырым Сырдария маңайына кетіп, рубасылармен келісуге көне бастады, бұл хан Кеңесінің беделінің жоғарлауына ықпал етті. Бірақ ол өзіне қолдау таба алатын қоныстарынан тыс қалды. Оның кейінгі тағдыры туралы еш дерек сақталмаған. Сырым 1802 жылы қайтыс болды деген жорамал бар.
Сырым Датұлы басшылық еткен ең күшті ұлт-азаттық қозғалыстардың бірі болған қозғалыс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің Орал мен Волга арасындағы аймақтағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруі жайылымдар туралы мәселенің шиеленісуін уақытша басып, көтеріліс себептерінің бірін жойды. Жалпы қозғалыс ұлттық сананың өсуіне ықпал етіп, халық-азаттық сипатты болды.
Айшуақ Кіші жүзді 1805 жылға дейін басқарды, осыдан кейін дерттенуі мен кәрілігі себебінен хандық абыройдан бас тартты. Айшуақ мұрагері баласы Жантөре болды, бірақ оның қазақтар арасында беделі болған жоқ және оған қарсыласқандарды Нұралы ханның баласы жігерлі және атақ құмар Қаратай сұлтан басқарды. Жантөре тағайындалмастан бұрын Қаратай орыс қолшоқпарына қарсы позицияға тұрды. 1806 жылы Қобде өзенінде Қаратайды Кіші жүз ханы деп жариялаған ру басшыларының съезі жиналды.
Қаратайға қарсы күрес отарлық аппаратқа қарсы күрес болды, сондықтан қазақтардың көпшілігі Қаратай ханды қолдады. Бірақ Қаратай өз мақсатын көздеді: қандай да болмасын жолмен билікке жету. 1809 жылы қазақтар Жантөре ауылына шабуыл жасап, орыс қолшоқпарын өлтірді. Осыдан кейін Қаратай Ресей өзін мойындайды деп сеніп, белсенді әрекеттерін тоқтатты.

Жантөре өлімінен кейін Кіші жүз екі жылдан астам уақыт бойында хансыз қалды, нақты түрде билік Хан кеңесінің қолында болды, ал 1812 жылы хандыққа оның ағасы Серғазы сайланды. Дәл осы уақытта Ішкі Орда ханы болып Бөкей сұлтан тағайындалды. Серғазы тағайындалуы Қаратайды күресін қайта бастауға мәжбүр етті. Орыс әскері қару-жарақ және саны жағынан басым болғандықтан Қаратай әкімшілікпен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Хан Ресейге қарсы шықпау туралы жазбаша міндеттеме берді, бұл оның қоластындағылардың наразылығын туындатты. Қаратайдың даладағы ықпалы күрт төмендей бастады.
Осыдан кейін қозғалыс басына тұрған Қаратай азаттық идеяларынан бірте-бірте кетіп, орыс қызметіне өтті, осы арқылы ол қазақтардың тәуелсіздік үшін күресіне ауыр соққы жасады.
ХVІІІ ғасырдың соңынан Арал маңындағы және Сырдария сағасындағы қазақтар саяси жағынан оқшауланып, Әбілхайыр отбасынан және орыс әкімшілігінен тәуелсіз хандарды сайлады. Бұл жерді Қайып ұрпақтары биледі. Оның баласы Батыр және немересі Қайып бір уақытта Хиуа хандары болды. Қайып баласы Әбілғазы Сырым Датұлын белсенді қолдаған. Арынғазы ұзақ уақыт бойы Хиуа сарайында тәрбиеленіп, күшті хан билігінің, мұсылман мәдениетінің және шариғаттың нағыз жақтаушысы болған. Оның әкесі Әбілғазы Хиуадан кетуге мәжбүр болғанда Арынғазы бұл мемлекетке қатысты күрт теріс позицияға ауысты.
Хиуа хандарының Кіші жүз жерлерін жаулап алуы қазақ халқы арасында күштерді шоғырландыру ынтасын туындатты. 1816 жылдың сәуір айында Қаратай саяси қызметтен кеткеннен кейін ру басшыларының съезі Арынғазыны хан етіп сайлады (1816 – 1821 жж.). Өз басқаруының басынан бастап-ақ ол Хиуа мен Қоқандтың жалғасып келе жатқан агрессиясымен соқтығысты. Қазақ рубасылары екі мәрте, 1817 және 1819 жылдары император атына Серғазы ханды ығыстырып, Арынғазыны мойындау туралы сұраныс жасады. Кіші жүздің барлық қазақтары және Орта жүздің бір бөлігі Арынғазы ханды қолдады. Осыны негізге ала отырып, Орынбор губернаторы П.Эссен сұранысты қолдады, бірақ Сыртқы істер министрлігінің Азиялық комитеті Арынғазыны қолдау Ресейдің қазақ даласындағы отарлық жоспарлары үшін қауіпті деп есептеп бұл сұранысты қабылдаған жоқ.
1820 жылы Хиуа әскерлері қайта қазақтарға шабуыл жасады. Арынғазы ауылы талқандалып, оның туыстары тұтқынға алынды, 300-ден астам қазақ өлтірілді, мыңға жуығы тұтқындалды. Көптеген рубасылары Хиуамен күресудің пайдасыз екендігін айтып қобалжи бастады. Бұл жағдайда Арынғазы Ресеймен жақындасуға шешім қабылдады. Ресей өкіметі Арынғазы сияқты қауіпті көршіден құтылуға шешім қабылдады. 1821 жылы ол Петерборға оны қазақ ханы ретінде мойындау туралы келіссөздер жүргізу үшін деп көзбояушылықпен шақырылды. Арынғазы өзінің бір қатар қолдаушыларымен барды, бірақ оның Хиуамен күресте көмек көрсетеді деген үміттері алданды. Ол тұтқындалып, Калугаға айдалды, осы жерде 1833 жылы 55 жаста қайтыс болды.

Арынғазы тұтқындалғаннан кейін Сырдариядағы қазақ жерлері Хиуа билігіне өтті. Азаттық күрес жаңа күшпен бұрқ ете түсіп, оны Арынғазы ханның жақтаушысы, батыр Жоламан Тіленшіұлы басқарды. 1823 жылы Жоламан Ресейге соғыс жариялап, бұл соғыс қазақтардың 1824-1864 жж. отарлыққа қарсы соғысының алғашқы хабаршысы болды.
Жоламан Тіленшіұлының қозғалысында қазақтардың жерді тартып алуға қарсы күресі бейнеленді. Қасымовтар отбасының басшылығымен жүргізілген азаттық қозғалыстың басынан бастап – Абылай ханның ұрпақтары басқарған Қазақ хандығын өмірге қайта келтіру сияқты саяси себептер ерекшеленгенімен, Кенесары ағасы Саржан Қасымұлы басқарған аттанудың негізінде де осы себептер жатты.
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» Саржан басшылығымен жасалған көтеріліске түрткі болды. Саржан Қасымұлы ташкенттік күшбекі қолынан қаза болды, бұл оқиға 1836 жылы орын алды. Саржан Ұлы жүз жеріне шегінді, мұнда ол осы жүз қазақтарын және Сырдария маңындағы қазақтарды отарлаушыларға қарсы күресу үшін біріктіруге тырысты. Бұл ташкенттік күшбекі мүдделеріне қарсы болды, Саржан балаларымен жауыздықпен өлтірілді. 1840 жылы ташкенттіктер Саржан мен Кенесарының әкесін Қасымды да өлтірді. Бірақ Саржан өлімі көтерілісті тоқтатқан жоқ, оны Кенесары жалғастырды.
Патша шенеуніктерінің және Жәңгір-ханның туыстарының тұрақты қыспақтары Бөкей хандығының қазақтарының стихиялық ызалануының өсуіне әкеліп, ол 1837 жылы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және сұлтан Қайыпқали Есімұлы басқарған қарулы көтеріліске айналды. 1838 жылдың көктемінде Кіші жүз мәслихатында Хиуамен одақ құрып, Ресейге қарсы «газават» жариялау туралы шешім қабылданды. 1838 жылдың соңына қарай қазақ жасақтары шамамен 2 мың адамнан құралды. Бастапқы кезеңнің екінші этапында 1824-1837 жж. халық-азаттық соғыс жергілікті әскери аттанулар сипатты болды. Кіші жүзде олар Жоламан Тіленшіұлымен, Бөкей хандығында – Исатай және Махамбетпен, ал орта жүзде – сұлтан Саржан Қасымұлымен басқарылды. Және тек қозғалысты басқаруға сұлтан Кенесары Қасымұлы келгеннен кейін қазақтардың бірікпеген күштері және соғыс жаңа кезеңге кіреді.
Кенесары Қасымұлы – Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның ұлы. Кенесары Қасымов, патша әскерлерінің жаппай аттануларының салдарынан Қазақстанның 1822-1824 жж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғыларының қабылдануына қарамастан саяси оқшауланып отырған аудандарының тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрған кезде атасы Абылай-ханның жалғастырушысы ретінде тарихи алаңға шықты. Сондықтан көтеріліске шыққан сұлтанның басты мақсаты Абылай-ханның кезіндегі Қазақстанның аймақтық шекараларының тұтастығын қалпына келтіру, «дивандарды» қысқарту, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестілігін сақтау болып табылды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтардың барлық бұрынғы ірі көтерілістеріне қарағанда Кенесары көтерілісіне барлық үш жүздің халық бұқаралары қатысты. Кенесарының патша өкіметіне тартылып алынған қазақ

жерлерін қайтару және салынған қамалдарды жою, салық салуды және әр түрлі баждарды алуды тоқтату туралы қойған талаптары, сонымен қатар оның Қоқанд және Хиуа хандықтарымен бұрын қазақтарға тиесілі жерлерді қайтару үшін күресі — қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай келетін.
1840 жылдан бастап қазақ мемлекеттілігінің қайта туындатылуымен байланысты азаттық соғыстың жаңа кезеңі басталды. Қазақ руларының өкілдерінің жиналыстары 1841 жылдың қыркүйек айында Кенесарыны хан етіп сайлаумен және қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілуімен аяқталды. Хан болып сайланғаннан кейін Кенесары мемлекеттегі билікті орталықтандыруды күшейтуге және күресті жалғастыру үшін берік тылды жасауға бағытталған бір қатар әкімшілік және сот реформаларын өткізді. Мемлекеттік құрылыс қайта құрылды. Хан жанында хан кеңесі жұмыс жасады. Хан кеңесі, Кенесарының серіктері кірген жоғарғы ақылдасу органы ретінде, ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар және туыстардан құралды. Ал басты басқару билігі Кенесарының өз қолында қала берді. Салық жиналуына, әскери дайындыққа, дипломатиялық хат-хабарға жауап беретін ведомстволар ұйымдастырылды. Ханның ерекше көмекшілері – жасаулы, әр түрлі руларға бекітіліп, хан жарлықтарының орындалуын бақылап отыруға міндетті болды. Тек Кенесары рұқсат берген билер ғана сот ісімен айналысуға құқылы еді. Хандықта салық жүйесі ретке келтірілді: хандықтың бүкіл көшпелі халқы үшін «зекет» салығы, ал егінші халқы үшін – «үшір» салығы белгіленді. Кенесарыға бағынған қазақ рулары орыс және қоқанд қазынасының пайдасына төленетін салықтардан босатылды.
Реформалар Кенесары әскерін де қамтыды. Оның кезінде қазақтарда артиллерия пайда болды, жаяулар сабы меңгеріле бастады. Тұтқындалған және қашқын сарбаздар мен офицерлерден орыс тактикасының негіздерін қабылдап алды. Ол алғашқы рет ерекшелеу белгілерін және көзге түскен жауынгерлерді марапаттау жүйесін енгізді. Хан құрамына 20 мың адам кіретін, тәртіпке келтірілген, жақсы үйретілген, тез әрекет жасауға дайын тұрған атты әскер құра алды.
Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікке өтуін қолдады. Басқа жағдайларды ескермегенде, бұл патша әкімшілігінің сауда керуендерін бақылауды қатаңдатуы жағдайында көтеріліске шыққан ауылдарды нанмен қамту қажеттілігінен туындады. Көтерілісшілерге арналған нан тәлкіленіп, оларға нанды әкелген саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.
Кенесарының сауда саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Көпестік керуендерден алынған баждар үлкен табыс әкелетіндігіне көзі жеткен хан керуендерді тонауды тоқтатып, кейде керуен-башыларды өзі қабылдап, тауарларын алып өткені үшін баж төлеуден бас тартқан саудагерлерге қосымша салық салды. Арнайы басқару қызметі хан кеңесінің шешімдері мен үндеулерінің ауылдарға таратылып, түсіндіріліп және орындалуын бақылап отыратын. Мемлекетті басқара отырып, Кенесары ерекше жеке қасиеттер көрсеткен тұлғаларды, олардың шығу тегіне қарамастан билікке тартылуын қолдаған.

Хан Ресейдің, Орта Азияның қызметтік тұлғаларына тұрақты түрде хат жолдаған. Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол ерекше маңызды мән берген. Оның хаттары, үндеулері нақты мазмұнымен, талаптарының дәлелденуімен ерекшеленген.
Хандықта биліктің орталықтандырылуының жақтаушысы бола отырып, Кенесары беделді байлар арасындағы ұрыс-керістерді болдырмауға тырысты, барымтаны айыптап, ру аралық қақтығыстар үшін кіналыларды қатаң жазалаған. Кенесары жеке отрядтары әскери кеңес мүшелері, атақты батырлар басқарған соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастыра алды. Жүзге және мыңға бөлінген Кенесары әскерлері ұзаққа созылған дала соғысының жағдайына бейімделген болған. Кенесары енгізген қатаң тәртіп оған салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жауынгерлер жиналуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерлерінде ерекшелеу белгілерін енгізді. Көптеген дерек көздерінің растауынша, көтеріліс басшысының өзі орыс әскерінің алтындалған офицерлік эполеттерін таққан.
Бұл кезге қарай күрес туралы мәселе кейінге қалдырылды. Кенесары жақын адамдарының өлімі үшін Қоқанд ханынан кек алғысы келді және ол осы мақсатпен патша өкіметімен табысу туралы келіссөз жасауға шешім қабылдады. Сондай-ақ патшаның отарлық саясатына қарсы қазақтар көтерілісінің басшыларының бірі сұлтан Саржанның қоқандық билеушілерімен зұлымдықпен өлтірілгені, Қасым-төренің, Есенгелді, Әлжан сұлтандардың және басқа да Абылай ханның ұрпақтарының опасыз жазалануы қозғалыс басшысының қоқандыққа қарсы позициясын күшейте түсті. Кенесары Орынбор губернаторына жолдаған хаттарының бірінде осы туралы жазған. Азаттық күрестің басынан бастап қайтыс болғанына дейін Кенесары ханның Қоқанд хандығына қатысты пікірі айқын болды – қазақтарды қоқандық хандардың езгісінен босату.
Кенесарының белсенді сыртқы саясаты патша әкімшілігінің зәресін алды, одан оңтүстікте әскери әрекеттерін тоқтатуын талап етті, және оған орыс өкіметі оны дербес билеуші ретінде мойындамайтындығын ұқтырды. Уақытша бітім шарттарын бұзып, сібір жасақтары хан ауылдарына шабуыл жасап, жүздеп адам өлтіріп, мүлкілері мен малдарын тартып алды.
1845 жылдың жазы Қоқандпен күресумен өтті. Бұл күресте батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы Кенесары одақтасы болды. Олар бірігіп қоқандтың Созақ, Жүлек, Жаңа қорған және т.б. бекіністерін қамауға алды, бірақ 1846 жылдың басында жағдай өзгерді. Бұл Кенесарыны оңтүстік-шығысқа Балқаш көлінің және Іле өзенінің маңына көшуге мәжбүр етті. Ол өз күштерін қол жетпес түбектерінің бірі Қамалда шоғырландырды. Бірақ Патшалық Ресейдің өкіметі мұнда да оған тыныштық бермеді. Кенесарыға қарсы күресу үшін генерал-майор Вишневский басқарған жасақ жіберілді.
Ал Сібір үкіметі аймаққа Кенесары жасақтарының келуінің алдын алу үшін халықты және малды санаққа аламыз деп көз бояп, Жетісуға артиллериямен ауқымды күштерін жіберді. Басым күштердің қысымымен Кенесары Іле өзенінің оң жағалауына өтіп, сол жақтан қырғыздарға қауіп төндіріп, Алатау етегіне көшті.

Көтерілісшілер қырғыз жерлеріне жақындады. Көтерілістің бастапқы отарлыққа қарсы сипаты өзгеріске ұшырады. Хан солтүстік-қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті, бірақ олар қазақ ханының талаптарын орындаудан бас тартты. Нәтижесінде Кенесары, 32 қазақтың сұлтанымен бірге зұлымдықпен өлтірілді.
Кенесары ханның басшылығымен өткен 1837-1847 жылдардағы қазақтардың көтерілісі Ресей империясының, Қоқанд және Хиуа хандықтарының басып алушылық отарлық экспансиясына қарсы бағытталған әділетті акт — наразылық болды. Бұл мемлекеттілікті қалпына келтіру және қазақтардың ежелгі жерлерінің аймақтық тұтастығын сақтап қалу мақсатымен жүргізілген ұлт-азаттық көтеріліс болды. Кенесары қозғалысы қазақ халқын Дала үшін дәстүрлі билік астында біріктірудің және мемлекеттілікті ең болмаса вассалдық тәуелділік шегінде сақтаудың соңғы талпынысы болды.
Кенесары Қасымов жетекшілігімен өткізілген көтеріліс жоғалтылған мемлекеттілікті қалпына келтірудің талпынысы болып табылады. Бұдан кейін орын алған көтерілістер Қазақстан аймағының жойылған саяси тәуелсіздігінің аясында өтті және отарлыққа қарсы айқын бейнеленген сипатты болды. Ресей империясының отарлық реформаларына наразылықпен басталған үшінші кезеңді осылайша сипаттауға болады. Жаңа «штат» (1868ж. «Уақытша ережені» қазақтар осылай атады) туралы сыбыстар далада оның жариялануына және ұйымдастыру комиссияларының келуіне дейін әлде қайда ерте тарады. 1868 жылдың желтоқсан айында ұйымдастыру комиссиялары «Ережені» жүзеге асыру үшін далаға сапарға шықты. Еңбекші қазақтар «Ереженің» негізгі мағынасын дұрыс түсініп, оны қабылдаудан кесімді бас тартты.
1869 жылдың көктеміне қарай ауылдардың наразылығы көтеріліске айналды. Орал облысының Орал уезінің ұйымдастыру комиссиясы көтерілісшілер топтасқан дала түкпіріне барудан бас тартып, 17 ақпанда Озерный форпостынан Қараағаш шатқалына жол жүрді. 1869 жылдың наурыз айында Орал облысын түгелдей, Торғай облысының батыс және оңтүстік бөлігін халық ашуы биледі. Қазақ кедейлерінің өз «байларына» қарсы күресі әсіресе ұзақ болды. Тіпті қазақтардың арасындағы кез келген күресті барымтаға келтіретін патша әкімшілігінің өзі күрестің саяси сипатын мойындауға мәжбүр болды. Халық көтерілісінің өртін сөндіру үшін және 140 мыңнан астам отбасын қайта бағындыру үшін үкіметке барлық қорларын жұмсауға тура келді. Көтерілісті басу үшін барлық казактардың ауысымды жүздері, Түркістан әскери округінің әскерлерін толтыру үшін бөлінген жас сарбаздар және Орынбор мен Орал казактары жұмылдырылды.
1868 жылдың желтоқсан айынан 1869 жылдың қазан айына дейін 10 айға созылған Орал және Торғай облыстарындағы қазақтар көтерілісі ХІХ ғасырдың екінші жартысының маңызды көтерілістерінің бірі болды. Туындау себебтері, мақсаттары және мәселелері, қозғаушы күштері бойынша 1869 жылғы көтеріліс отарлыққа қарсы крестьян қозғалысы болып табылатын. Бірнешеуін санамағанда, сұлтандар мен ірі байлар көтеріліске қатысқан жоқ.

Көтерілісшілерге қосылған билер мен рубасылары жартылықты танытып, отарлаушылармен бейбіт келіссөздер жүргізу немесе ұнамсыз патша шенеуніктерін жазалау жолына бағыттауға тырысты.
Көтерілістің жеңілуіне тек билер мен феодалдардың сатқындығы ғана емес, жеке рулар арасындағы келіспеушіліктер де әеср етті. Көтерілісшілердің бірігіп әрекет етуіне жер үшін араздықтары кедергі келтірді. Казактар шекараларының бойымен көшіп жүрген, жартылай көшпелі өмір сүрген, қыстаулары, алақандай егістік жері бар, кәсіпшілікпен, отырықшы бекеттермен сауда жасайтын, казак басшыларынан жерді жалға алатын қазақтар қысым көрсетушілерге қарсы белсенді күресе алмайтын. Қарсы жағдайда казак әскерлері бірден олардың жазаларын тарттырар еді. Оның үстіне ұзақ мерзімді күрес жүргізу үшін көтерілісшілердің экономикалық негізі болған жоқ, және де патша әскерлерінің қарланыдырылуы басым болатын.
Маңғышлақта 1868 жылғы «Уақытша ереже» тек 1870 жылы ғана енгізілді, өйткені патша әкімшілігі адайлықтар «Уақытша ережені» қарсылықсыз қабылдамайды деп қауіптенді.
Патшалықтың жер саясаты, атап айтқанда қазақ-адайлықтардың жазғы жайылымдарды пайдалануына тыйым салуы 1870 жылдың жазында Маңғышлақта орын алған толқулардың негізгі себептерінің бірі болды. Сонымен қатар патша әкімшілігі мен байлардың жаңа салықтар жүйесін енгізудегі озбырлықтары да адайлықтардың наразылығын туындатты. Реформаға сәйкес барлық қазақ халқы бір түндіктен 3 рубльдан және земство жиылысына 50 тиыннан төлеу керек болды. Адайлықтар үшін земство жиылысы бір түндікке 1 рубльге дейін жоғарлатылды. Көтеріліс аяусыз басылды, ал билер мен рубасыларынан олардың қоластындағы қазақтардың патша әкімшілігіне шартсыз бағынатындықтары, 14 күн ішінде 3 мың түндіктен 1869 және 1870 жылдар үшін түндік салықты жинап беретіндігі және салықтар толығымен төленбейінше орын ауыстырмайтындықтары туралы жазбаша түрде міндеттеме алынды. Оларға қару ұстауға, адайлықтардың басқа бөлімшелерімен байланыс жасауға және көтеріліс басшыларына пана беруге, олардың малдарын бағуға және т.б. тыйым салынды. Бірақ екі апта өтпей-ақ полковник Новицкийдің жасақтары адайлықтардың ауылдарын қоршауға алып, көтерілісшілердің әкелген «шығындарын» өтеуге салықтар жинап, көтеріліске белсенді қатысушыларды анықтай бастады. Жазалаушылар адайлықтардың барлық Маңғыстау аймағында және Орынбор облысының оңтүстік бөлігінде іздеріне түсіп, тонап, аяусыз жазалады.
1868 – 1873 жж. Торғай, Орал облыстарындағы және Манғышлақ түбегіндегі көтерілістер патшалықтың отаршылдық саясатына және «өз» феодалдарының аяусыз қанауларына қарсы тура бағытталды.
Бұл көтерілістердегі қазақтардың жеңілуі Ресейдің зор экономикалық және техникалық басымдылығымен, байлардың сатқындығымен шартталды, қазақтар нашар ұйымдастырылып, қаруландырылды, олардың берік тылы мен нық экономикалық негіздері болған жоқ. Дегенмен, тіпті сәтсіздікке

ұшыраған 1860 жылдардың соңындағы – 1870 жылдардың басындағы азаттық қозғалыстың өзі ұлттық сана-сезімнің жоғарлауында орасан зор роль атқарды. Маңғышлақтағы көтерілістің басты ерекшелігі оған халықтың салыстырмалы түрде бірдей белсенді кең әлеуметтік топтарының қатысуы болды, ал феодалдыққа қарсы күрес әлсіз бейнеленді.
Қоныс аударушыларға жер бөліктерін берудің көпжылдық тәжірибесі Қазақстан мен Орта Азияда жергілікті көшпелі халықтан ең құнарлы жерлерді әкімшілік тарапынан тартып алу арқылы нақты түрде жүзеге асырылды.
Ұлт-азаттық қозғалыстар дамуының төртінші кезеңінде әлемде және Ресей империясындағы әлеуметтік өзгерістер әсерінен қалыптасқан нақты идеялық мақсаттарымен ерекшеленді.
Қоныс аудару саясатын жүргізу нәтижесінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға 1897-1916 жж. 1 млн. 301 мың крестьян қоныс аударды, қазақтар ең жақсы 40 млн. гектар жерлерінен айырылып, құнарсыз дала мен тауларға ығыстырылды. Оның үстіне патша әкімшілігі 1916 жылы Торғын өзені бойындағы барлық егістікке жарамды жердің және құммен бекіндіру үшін 500 000 десе құмды мекендердің алынуын дайындап жатқан. Қазақ халқына толық кедейлену қауіпі төнді. Тек бір Жетісу облысының өзінде соғыстың бірінші үш жылында ең жақсы жайылым және егістік жерлердің 1800 мың десесі алынды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси терең дағдарыстың толғағы жеткен. Соғыс барысы патшалық Ресейдің экономикалық және техникалық жағынан артта қалғандығын бірден көрсетті. Ел инфляция мен тапшылыққа тап болды. Полицей бақылауы күшейтілді. Шетел кәсіпорындарының меншігіндегі кәсіпорындардың жұмысшылары әсіресе қиын жағдайға түсті. Патшалық Ресейде жетілген революциялық дағдарыстың көріністерінің бірі бүкіл Орта Азияны және Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы отаршылдық пен соғысқа қарсы бағытталған ұлт- азаттық қозғалыс болды.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлар 1916 жылғы көтерілістің басты себебтері болды: отарлық езгінің күшеюі, жерлердің тартып алынуы, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекші халықты қанау, патша өкіметінің қазақтарға және аймақтағы басқа халықтарға қатысты орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты бұқара халықтың жағдайының күрт төмендеуі. І дүниежүзілік соғыс ұлттық және әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың жиынтығының ұшығуына әкеліп соқтырды.
Көтеріліс басталуына патшаның 1916 жылдың 25 маусымындағы Сібір, Орта Азия және Қазақстанның барлық жасы 19-бен 43 арасындағы ерлерін әрекеттегі әскердің аймағындағы қорғаныс құрылыстарын құру жөніндегі жұмыстарға алу туралы жарлығы тікелей себеп болды. Наразыланған халық болыс билеушілерін, ауыл рубасыларын, полицияны, шенеуніктерді стихиялы түрде жазалай бастады. Қозғалыс ауқымынан шошынған патша үкіметі 1916 жылдың 20 шілдесінде әскерге шақырудың астықты жинағанға дейін шегіндірілгенін, ал 30 шілдеде – 1916 жылдың 15 қыркүйегіне дейін шегіндірілгенін жариялады. Бірақ көтеріліс бүкіл Қазақстанға таралып,

ұйымдастырылған ұлт-азаттық қозғалысқа айналып кетті. Көтеріліс патша үкіметінің әскери-отаршыл және кең ауқымды орыстандыру саясатына, елді экономикалық және саяси дағдарысқа әкелген Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарсы бағытталды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың кең бұқара топтары, жергілікті жұмысшылар, батырактар, қолөнершілер болып табылды. Оған қазақ халқының басқа да таптарының өкілдері қатысты: байлар, болыс басқарушылары, билер, сонымен қатар демократиялық зиялы қауым.
Жалпы, Қазақстанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, оңтүстік облыстарды алмағанда (Жетісу және Сырдария облыстары), көпұлтты болды, мұнда көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дунғандар және басқа да елдер өкілдері қатысты. Көп аймақтарда ұлттық- либералды және буржуазиялық-демократиялық зиялы қауымның өкілдері көтерілісшілер жасақтарына басшылық етті: Жетісуда – Т.Бокин, Торғайда – А.Жәнгелдин, Бөкей далаларында – С.Мендешев және т.б.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен мобилизациясына бірнеше көзқарас анықталды. Феодал байлардың бір бөлігі өз отандастарының тыл жұмыстарына жұмылдырылуын сөзсіз қолдады. Сонымен, Жетісудағы әскери губернатор Фольбаум 1916 жылдың шілде айында Верный уезінің болыстарының және байларының жиналысын өткізді. Жиналғандар оған тыл жұмыстарына жұмылдыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге және дайындық жұмыстарын бастауға уәде берді.
Зиялы қауымның радикалды бөлігі, негізінен халықтың төмен таптарынан шыққандар көтерілісшілерге қосылды (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, А.Майқұтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Б.Алманов, А.Жәнгельдин және т.б.). Қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымының өзегі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басшылығымен жағдайды жеңілдетуге, патша әкімшілігін мобилизация мәселесінде асығушылық танытпай, алдымен дайындау шараларын өткізуге көндіруге тырысты.
1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Жетісу облысы көтеріліс өткен ірі аудандардың бірі болды. Көтерілісшілер пошта стансаларына, ауылдарға, болыс басқарушыларына шабуыл жасап, телеграф желілерін жойды.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс тарихында ерекше орын алады. Көтеріліс отарлауға қарсы бағытталып, жалпы қазақтарға ортақ болды, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыды. Торғай облысы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Бұл жердегі қазақ шаруаларының күресі әсіресе табанды және ұзақ болды. Жергілікті ауылдық болыстық әкімшілік басқарудан алынып, билік көтерілісшілер қолына өтті. Көтерілістің Торғай орталығы билік орталықтандырылғандығымен және көтерілісшілер қозғалысын басқару жүйесінің тәртіпке салынғандығымен ерекшеленді. 1916 жылдың шілде- тамыз айларында әр болыста ортақ хан — Әбдіғаппар Жанбосыновқа бағынатын хандар сайланды. Оның ең жақын серіктері Айжарқын Қанаев пен Оспан Шолақов хандар және тамыз айында көтерілісшілер съезінде бас

қолбасшы – сардар болып сайланған Амангелді Үдербайұлы (Иманов) болды. Хандар және сардарлар болыс және уез съездерінде сайланатын сайлаулы қызметтер болды. Көтерілісшілердің барлық хандары қара сүйектен шыққан. Әр ханның кеңесшілері – уәзірлері болған, азаматтық және әскери биліктің барлығы Әбдіғаппар мен Амангелді қолында болды. Олар жеке көтерілісшілер жасақтарының басшыларынан құралған Кеңесті басқарған. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешкен секретариат және сот алқасы жұмыс істеген. Сардардың әскери және азаматтық мәселелер жөнінде екі көмекшісі болған. Патша қазынасына төленетін салықтардың барлығы алынды, оның орнына бітамал енгізілді – бір үйден 4 рубль, бұдан басқа бай қазақ шаруашылықтарына қосымша салықтар салынған. Сонымен, Торғай облысының көтерілісшілері биліктен патша әкімшілігін кетіріп, өздерінің Ақпан революциясына дейін әрекет еткен ұтымды басқару жүйелерін тәртіпке келтірді.
А.Иманов тәртіпке келтірілген, ондық, елулік, жүздік және мыңдық деп бөлінген әскери организм құрды. Әр бөлімше басына сәйкес онбасы, елубасы, жүзбасы және мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшелері де қалыптастырылды.
Генерал Лаврентьев өз хабарламасында көтерілісшілердің жақсы ұйымдастырылғандығын атап өтеді: «Қырғыздар әскери сапқа тұрған, легтері кертпештеп жүреді, лавамен шабуылдайды, демалыстары 25 шақырымға алға жіберілетін сақшы және барлау жасақтарымен күзетіледі». 1916 жылдың қыркүйек айында Торғай уезінде көтерілісшілер жасағы 20 мың адамнан құралған. А.Иманов Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарының көтерілген қазақтарының қатарларын біріктірді. 1916 жылдың қараша айында көтерілісшілер саны 50 мың әскерге жетті. 22 қазанда 15 мың көтерілісші Амангелді басшылығымен Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланың қоршалуы бірнеше күнге созылды. Генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалау корпусының басым күштерінің жақындағаны туралы мәлімет алынғаннан кейін көтерілісшілер қоршауды алып, патша әскерлерінің алдынан шықты. 16 қарашада саны 12 мың адамға жететін көтерілісшілер А.Иманов басшылығымен Торғайға жақындап келе жатқан патша жасағына Түнқойма пошта стансасының жанында шабуыл жасады. Ауыр ұрыстардан кейін патша әскерлері қалаға кіре алды. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі қараша айының екінші жартысында Торғайдан 150 км шегініп, Батпақ-Қара ауданында тұрақтады. Осы жерден 1916 жылдың қараша айының екінші жартысынан 1917 жылдың ақпан айының ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жорықтар жасалып отырды. Амангелді сарбаздары Татыр, Шоқалы қопа, Құйық қопа, Доғал-Үрпек маңындағы ұрысытарда жазалаушылар жасақтарына табанды қарсылық көрсетті. Жазалау жасақтары күштерінің басымдылығының нәтижесінде көтеріліс аяусыз түншықтырылды. Бірақ Торғай өлкесінің көптеген жерлерінде ол Ақпан революциясына дейін жалғасты. Торғай облысындағы көтеріліс тек патша үкіметі тақтан түсірілгеннен кейін ғана тоқтатылды. 1917 жылы наурыз айының ортасында өкіметтен патшаның

тақтан түскендігін және барлық көтерілісшілерге рахымшылық жарияланғандығын естіген Әбдіғаппар хан өзінің Уақытша өкіметті мойындайтығын жариялады.
Қазақстанның басқа өңірлерінде де көтерілісшілер күші басым патшалық жазалау жасақтарымен табанды күресуге мәжбүр болды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалериялық жүздік және 11 күшейтілген жаяу әскерлер роталары әрекет етті.
Ұлт-азаттық қозғалысты тоқтатқаннан кейін патшалық отарлау әкімшілігі тыл жұмыстарына 110 мың адамды күштеп жұмылдырып, 10 мыңын Түркістан шегінде жұмыс жасау үшін қалдырды. Дала өлкесінің 150 мыңнан астам қазағы осы тағдырды бөлісті.
Көтерілістің жеңіліске ұшырағандығының басты себептері оның стихиялығы, ұйымдастырылуының жетіспеушілігі, патша үкіметі жағындағы күштердің басымдылығы, біртұтас басқарушы және ұйымдастырушы орталықтың жоқ болғаны.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихында ерекше орын алады. Көтеріліс отарлауға қарсы бағытталған, жалпы қазақтарға ортақ болды, ол Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып, халықтың ұлттық сана-сезімінің жоғарлауына күшті түрткі болды.
Ұлт-азаттық қозғалыстың әр кезеңінің көтерілісшілердің этникалық және әлеуметтік құрамы, көтеріліс себептері және оқиғалар барысы, жалпы ұйымдастырылуы және идеялық бағытталуы, қорытындылары, жеке әр кезеңнің нәтижелері мен тарихи мағынасы сияқты өзіндік ерекшеліктері болғандығына қарамастан, өткенге қарап, біз дәуірдің ішкі динамикасын және оқиғалардың алғышарттарының жалпылығын көре аламыз.
Емельян Пугачев басшылығымен өткен көтерілістің Ресей тәжі үшін маңыздылығы екі есе орасан зор болды: Империяның кең аймақтарын қамтыған шаруа соғысы ретінде және Сырым Датұлы, сұлтан Қаратай, Арынғазы хан жетекшілігімен өткен ұлт-азаттық қозғалыстың негізі ретінде. Бұл кезеңге қоғам ішіндегі келіспеушілік және хан билігі институтының терең дағдарысы аясында идеялық мақсаттардың босаңдығы тән. Қозғалыстың негізгі мақсаты ежелгі жерлерін қайтарып, көшпелі қоғамның дәстүрлерін сақтап қалу еді. Империя ұйымдастырушылық-стратегиялық және техникалық жағынан көтерілісшілер күшінен басым болып оларды сөзсіз жеңгеніне қарамастан, бұл оқиғалар кейінгі халық-азаттық күресті жалғастырудың негізін қалап, халықтың ұлттық бірлікті ұғынуына қатты ықпал етті.
Екінші кезеңде Кенесары Қасымов жетекшілігімен жүргізілген азаттық соғыстың бірегей ерекшелігі және сипаты тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына келтіру қажеттілігін анық ұғыну болып табылады және бұрынғысынша аймақтық тұтастық идеялары негізгі болып қалады. Көтерілісшілер қатарындағы біркелкі ұйымдастырушылық пен қатаң тәртіпке, сонымен қатар қарулы күрес ауқымдығына қарамастан, көтеріліс жеңіліске ұшырады. Бұл тек көтерілісшілердің техникалық жағынан артта қалғандығымен ғана емес, Империяның өз отарлық иелігін кеңейтуге деген нақты талабымен

түсіндіріледі, ал күрес Кенесары одақтастарының тарапынан жасалған сатқындық әрекеттерімен түбегейлі бүлінді. Мәселе мынада, Ресей империясы берілген аймаққа өзінің аймақтық дәмеленуінде Британ тағымен бақталастығын нақты түрде ұғына отырып, Орталық Азия аймақтарының тез арада отарлануының өткір қажеттілігін түсініп отырды.
Ұлт-азаттық қозғалыстың келесі үш кезеңі отаршылдық саясатқа айқын қарсы сипатты болды, өйткені олар саяси тәуелсіздікті толығымен жоғалту аясында өтті. Айта кететіні, Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы күрес әлемдік әлеуметтік өзгерістер шегінде өтті.
Ұлт-азаттық қозғалыстың қорытынды, бесінші кезеңінің қатысушыларының маңызды идеялық дайындығын ерекше атап өту керек. Күрестің басшылары мен рухтандырушылары ұлттық зиялы қауымның радикалды бағытталған жас өкілдері болғандықтан, бұл көтерілістің сипатын, барысын және нәтижесін айқындады.
Сонымен, әлемде орын алған әлеуметтік және демократиялық өзгерістердің идеялары 1916 жылғы көтеріліске қатысушылар үшін де өзекті болған.
Ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы қорытындылары деп ежелгі жерлердің жартылай қайтарылуын, қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси салада түбегейлі өзгертілгендігін атауға болады, бірақ ең басты нәтиже деп жоғалтылған құқықтары үшін күресте ұлттық сана-сезімнің өсуін атауға болады, жалпы осы оқиғалар біздің елдің тарихында маңызды бөлім болып табылады.
VІІІ-бөлім. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстандағы ағарту ісін және мектеп білімін дамытуда ХІХ ғасырдың екінші жартысының маңызы орасан зор болды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы толығымен аяқталғаннан кейін және 1867-1868 және 1891 жылдардағы әкімшілік реформалар өткізілгеннен кейін Қазақстанда ағарту ісі мен мектеп білімін тек орыс халқы (орыс казактары және қоныс аударған крестьяндар) арасында ғана емес қазақ халқының арасында да дамыту үшін объективті түрде қолайлы жағдай туындады. Егер 60-шы жылдарға дейін Қазақстан аймағында негізінен мұсылмандық конфессионалды мектептер басым болса, ал осыдан кейінгі кезеңде орыс-қазақ мектептері құрылып, дами бастайды.
Патша өкіметінің Орта Азия және Қазақстанның байырғы халықтарына қатысты мектеп саясаты негізінен саяси ойлармен шартталды, ол отаршылдық езгісін және орыстандыруды тереңдетуге тырысты. Орыс- ұлттық мектептер алдына да дәл осы мақсаттар қойылды. Бірақ бұл мектептердің практикалық нәтижелері самодержавие мақсаттарының шегінен тыс шығып кетті. Орыс-ұлттық мектептер, негізінен мұғалімдердің жанқиярлық еңбектерінің арқасында жалпы бастауыш білімді қамтамасыз

етіп, оқытуды орыс тілді оқу орындарында жалғастыруға, мәдени оқшауланудан шығуға мүмкіндік жасалды.
«Араб» мектебі деп аталған қазақ балалары қабылданған алғашқы метеп Омск қаласында ХVІІІ ғасырдың басында-ақ ашылған (1779ж.). Ішкі Ордада орыс-қазақ мектептерінің ұйымдастырылуы Ордада (сұлтан Д.Бөкеевтің хан ставкасы) Қазақстан аймағындағы тұңғыш қазақ балаларына арналған училище ашылуымен 1841 жылы басталған. Қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлық мектеп жеті жылдық оқыту мерзімімен 1850 жылы Орынборда ашылды. Ол қазақ мектептеріне арналған мұғалімдерді дайындайтын. Қызмет еткен 19 жыл ішінде мектеп мұғалім мамандығын алған 48 адамды дайындады. Олардың кейбіреулері аудармашылар болып жұмыс істеді. 1866 жылы үкімет қаулысымен 7 орыс-қазақ учаскелік мектеп ашылуына рұқсат берілді, ал 1896 және 1897 жылдары осындай 14 мектеп ашылды. 1868 жылғы «Ережемен» қазақ балаларына арналған орыс мектептер желісінің кеңейтілуі қарастырылды. Сондықтан бір қатар уез қалалары мен ауылдарында ауылдық бір класты училищелер типті орыс- қазақ мектептері ашылды. Көп мектептер жанында интернаттар болды. Бастауыш мектептер мұғалімдерін дайындау мақсатымен 1883 жылы Орскте қазақ мұғалімдер мектебі ашылды. 1887 жылы Ырғызда, ал 1891-1893 жылдары Торғай мен Қостанайда қазақ әйелдер училищелері ашылды. Қазақстанда әйелдердің білім алуының басталуы осы жылдармен байланыстырылады. 1916 жылы Ішкі Ордада 78 мектеп жұмыс істеп, онда 1942 оқушы білім алды, оның ішінде 1224 оқушы қазақ болды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы халық ағарту ісі өте төмен деңгейде болды. Мемлекеттің халық ағарту ісіне жұмсаған шығындары өте төмен болды. Орыс балаларының 1/3 бөлігі ғана бастауыш оқытумен қамтылды, мектептер мен медреселерде оқытылған қазақ балаларының саны туралы анық мәліметтер жоқ. Бұлардың көпшілігі дәулетті отбасыларының балалары болды. Ауылдағы қазақ мектептері қазақтардың көшпелі өмір салтына ыңғайланған болатын. Мектептегі сабақтар жазғы жайылымнан келгеннен кейін басталып, жазғы жайылымға көшкенде тоқтатылатын. Қазақстанның кейбір аудандарында балалар жаз кезінде де оқытылды: мектептер ауылмен бірге жайлауға көшіп баратын. Сондықтан, Қазақстанның әр түрлі жерлерінде оқу жылы әр түрлі болды. Мектеп жұмысындағы ең үлкен қиындық мұғалімдердің жетіспеушілігі болатын. Ауылдарда балаларды моллалар оқытқан. Мектептердің ең көбірек таралған типтері мекетептер және медреселер — өлкенің ежелгі оқу орындары болған.
Түркістан өлкесінде қыздарға арналған мектептердің саны көп болатын. Әйел мектептерінде діни мәтіндерді оқудан басқа поэзия зерделенді. Мектептер мен жаңа медреселерді ашуға тек генерал-губернаторлар санкциясымен (көңіл аударыңыз!) «сенімді орыс азаматтарына» рұқсат берілетін. Мектептер мен медреселерде орыс цензурасымен рұқсат берілген баспа кітаптарын қолдануға рұқсат берілетін. Оқушылармен ұлты бірдей тұлғалар ғана мұғалім бола алатын. Оқу әкімшілігіне мектептегі сабақтар барысын және орнатылған ережелердің сақталуын бақылау жүктелетін. 1916

жылғы көтерілістен кейін барлық типті конфессионалды (діни) мектептер бақылануы күшейе түсті.
Орыс-ұлттық мектептер ықпалы дәстүрлі мектептер мен медреселерде 1910-1917 жж. ана тілде оқытудың басталуына, дыбыстық оқыту әдісіне көшуге әкеліп соқтырды. ХІХ ғ. соңында түркі тілді халықтардың буржуазиялық элементтерінің зиялы қауымының ортасында буржуазия көзқарастарын қолдайтын жәдітшілердің реформалық ағыны пайда болады. Жәдітшілер (И.Гаспринский, Д.Кильдеев және т.б.) діни мазмұнды және оқытудың схоластикалық әдістері үстем болған ескі әдісті мектептер мен медреселерді сынап шықты. 1910 жылы Халық ағарту министрлігіне «Ресейдегі жоғары және төмен мұсылман мектептерін қайта құру туралы жазбасында» (авторы белгісіз) төмендегілер ұсынылды:
1. бірыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізу;
2. мұсылман мектебін таза діни мектептен жалпы білім беретін мектеп етіп (еуропалық үлгі бойынша) өзгерту, оқу жоспарына заман талабына сай арифметика, география, жаратылыстану, орыс және
жалпы тарих пәндерін енгізу.
3. шектеулі, сауатсыз, фанат моллаларды сәйкес білімі бар
мұғалімдермен алмастыру.
4. ежелгі әріптерді қосу тәсілінің орнына дыбыстық тәсілді енгізу.
5. мектептер мен медреселерді бітірушілер үшін сынақтар өткізіп,
оларға сәйкес куәліктер беріп, әскери міндеткерлігін өтеуде
жеңілдіктер ұсыну.
6. мұсылман мектептерін бақылау өкімет инспекторларына емес,
мұсылман дін басыларына емес, округ қомқоршысына бағынатын
мұсылмандардан сайланатын құрметті азаматтарға табысталсын.
7. мектептерді қажетті оқу жабдықтарымен және оқу құралдарымен
қамтуды, ал мұғалімдерді тұрақты еңбек ақымен қамтдыу ұсыну.
Бірақ, патша өкіметі, жәдітшілер мен кәдімшілер арасында өзара күрестерін жандандырып, жиі жағдайда реакционшыл мұсылман дін басыларының жағын ұстанатын. Дін басылары, таза діни себебтермен, өздері де білместен, өкіметтің өлкедегі мұсылман мектептерін мемлекеттік тұрғыдан жағымсыз ұлттандырылуына қарсы күресінде сыбайласы болып
отырды.
Сонымен, Жетісудың әскери губернаторы П.Фольбаум, барлық
мектептер мен медреселерде орыс тілін енгізу туралы бұйрық беріп, жаңа әдісті мектептердің ашылуына тыйым салды. Қазақстан аймағындағы алғашқы жаңа әдісті мектептер ХІХ ғасырдың соңында ашыла бастады, ал 1917 жылы Түркістан өлкесінде олардың саны 94 жетті. Бұл мектептер мен медреселер енді араб және ана тілдерінде оқытуды бастады. Білім беру мазмұнына шариғат, ислам тарихы, киелі тарих сияқты діни сабақтармен қатар география, арифметика, тарих кейбір мектептерде жаратылыстану тарихы енгізілді. Жаңа әдісті мектептердің пайда болуымен жаңа оқу әдебиетіне деген қажеттілік туындады. Әліппелер, оқуға арналған кітаптар, арифметика, география, тарих, жаратылыстану оқулықтары шығарылды.

Қазақстанда ана тіліне оқыту Ы.Алтынсариннің «Мактубат» оқулығы («Хаттар», — Санкт-Петербург, 1889) бойынша, төмендегі әліппелер бойынша жүзеге асырылды: З.Ерғалиева «Қазақ әліппесі» (Казань, 1910), М.Нұрбаева «Қазақ әліппесі» (Уфа, 1910), К.Сығралина «Әліппе» (Казань, 1913). Атап өтетіні, барлық кітаптар аторлары мектеп мұғалімдері болған.
Көп кешікпей Халық ағарту министрлігі түркі тілді халықтардың орыс- ұлттық мектептерінің желісін бір ізге келтіруге (біркелкілікке) тырысты. Оқыту тілі туралы мәселеде көрсетілгендей, сабақты орыс тілде оқытуға тек өз жазуы мен әдебиеті бар халықтарға ғана рұқсат берілді. Мұндай халықтар қатарында аталғандар: поляк, литва, неміс, татар, латыш, эстон, армян, грузин тілдері. Ал қазақ тіліне келетін болсақ, ол «жазуы мен әдебиеті» жоқ тіл ретінде мектептер мен медреселерге тек оқытудың алғашқы екі жылында жіберілді. Оның үстіне мектептер мен медреселерді ресейлік Халық ағарту Министрлігіне және оның жергілікті органдарына бағындыру ұсынылды.
Хан билігінің жүйесі ыдырағаннан кейін қазақтардың әлеуметтік мәдени өмірі күрт өзгерді және көп қырлы поэзияның туындауына мүмкіндік жасалды, мұнда өткен туралы өкініш идеялары, жоққа кеткен рухани бағалықтар жан жақты бейнеленді.
Өз уақытында М.О.Әуезов сол кезеңнің поэзиясын «қайғы дәуірінің поэзиясы» — «Зар Заман» деп атады. «Қайғы дәуірінің поэзиясының» жарқын өкілдері Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбүбәкір Кердері Шоқанұлы және т.б.
Дулат Бабатайұлы (1802-1871жж.) қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының аймағында туып өскен. Ол патша самодержавиесі басып алып, мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін, Қазақстанда отаршылдық езгіден кейін елді басқару жүйесінде орын алған ірі өзгерістердің (1822 және 1868 жж.) куәсі болды.
Осының барлығы ақынның көз алдында өтіп жатты. Сондықтан да ол осы жылдарда тек халық өмірінде ғана емес, елді басқарған тұлғалар психологиясында да орын алған өзгерістерді терең түсінді. Дулат өлеңдерінде өздерінің ежелгі жерлері мен жайылымдарынан ажырап, толық кедейленуге ұшыраған елдің ауыр жағдайы нақты бейнеленеді, сонымен қатар жаңа билік өкілдерінің халыққа жат теріс қылықтары батыл сыналады. Ақын Қазақстанға бұрынғы хан биліктің қайтып оралғанын армандайды, сол кезде халық мүдделері мен ел тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Еспембет биді көкке көтеріп мадақтайды.
Мұрат Мөнкеұлының (1843 – 1906 жж.) шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда орын алған оқиғалармен тығыз байланысты. Патша хан ұрпақтарына сыйға тартқан жерлерден басқа жердің барлығы Ресей мемлекетінің меншігіне өтті. Халықтан жиналатын салықтардың көлемі өсті. Батыс Қазақстан қазақтары жаңа ережелерге қарсы көтеріліс ашады. «Жиделі Байсын» және «Тескен тау» — арман еткен өлкеге көшу идеясы тарала бастады. Патша өкіметі өз әскерлерін аттандырып, көтерілісті тоқтатты. Мұраттың ақындық қуаты дәл осы кезеңде байқалды. Ол халықтың өз тәуелсіздігі үшін, арман еткен өлкеге көшу үшін күресінде күшті жаршысына

айналады. «Үш қиян» өлеңінде Мұрат қазақтардың Қазақстанды басып алу және отарлау жағдайындағы ащы өмірінің суретін бейнелейді. Бұл өлеңінде ол Асан Қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора және Исатай сияқты туған өлкесінде бақытты өмір сүре алмай, бұл өмірден бастарынан бақыт кешірмей өтіп кеткен қаһармандар туралы жазады.
Әбүбәкір Кердері Шоқанұлы (1858 – 1903 жж.) өлеңдері де осындай тақырыпқа жазылған. Бұл өлеңдерде зар заман дәуірі келгеннен өзгерген адамдардың мінез-құлқындағы, өміріндегі жағымсыз құбылыстар – ежелгі дәстүрлерді сақтамауы, оларға немғұрайлы қарауы, жастардың үлкендерді сыйламауы және тағы басқалары соққыланады. Ақын адамдардың білім алуын және үйлесімді дамуын насихаттайды.
Өнердегі әлеуметтік-адамгершілік мәселелердің бейнеленуі әр қашан қоғамдағы келешек түбегейлі өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Қатыгез болмыспен қақтығыс нәтижесінде туындайтын идеалды іздеуге талпыныс дәстүрі тек «Зар Заман» дәуірінің қазақ ақындарының ғана емес, ХІХ және ХХ ғасырлардың әлемдік мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығында да орын алған.
Қазақ халқының тарихында Шоқан Уәлихановтың (Мұхамед Қанапия) алатын орны ерекше. Шоқан дарыны тек ағартушылық майданда ғана емес, ғылым саласында да ашылды десе болады.
Ш.Уәлиханов өзінің ғылыми қызметін кадет корпусының тәрбиеленушісі бола тұрып бастаған. Ш.Уәлиханов Жалайырдың «Жамиғат тауарихынан» көлемді үзінділер алып, оның негізгі бөлімдерін алғашқы рет орыс тіліне аударды, шығыс терминдерінің сөздігіне түсінік беріп, оны аудармаға қосымша берді. Ол Әбілғазының «Шейбани-намасынан», «Түркі шежіресінен» (И.Н.Березин басылымы бойынша) көлемді үзінділер жасап, осылардың негізінде кейіннен теориялық жағынан маңызды «Қырғыз шежіресін» жасады.
1856 – 1858 жж. Уәлиханов үшін ғылыми тұрғыда әсіресе жемісті болды. Бұл кезеңге оның Ыстық Көлге, Құлжаға, Қашғарға жасаған сапарлары туралы тамаша күнделіктері, «Құқотай-ханның өлімі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жөнінде естеліктер» жатады.
Шоқанның ғылыми еңбектері арасында оның Жетісуды, Ыстық Көлді, Тянь-Шаньді және Шығыс Түркістанды тарихи-географиялық шолуға арналған зерттеулері үлкен қызығушылық туындатады («Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б.).
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша зерттеулерінің, сонымен қатар қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси қатынастарға тиісті мақалаларының маңызды ғылыми бағалығы бар. Бұл – «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Ежелгі замандағы қырғыздардың қарулануы және олардың әскери қару-жарақтары», «Шұна-батыр», «Сот реформасы туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы бақсылық туралы», «Қырғыздардың көшуі туралы» және т.б. Ш.Уәлиханов бірқатар жұмыстарында тек тарихшы және этнограф қана емес, әдебиетші, публицист, тамаша сөз шебері ретінде көрінді. Оның қазақ халық поэзиясы

және «Манас» қырғыз эпосы бойынша жасаған аяқталмаған зерттеулері өте қызықты. Ш.Уәлихановтың күнделіктері кейде үлкен лирикалық шегіністермен әдеби очерктер стилінде жазылған («Құлжаға сапарындағы күнделігі», «Қашқарияға сапарындағы күнделігі»). Бұл күнделіктерге табиғаттың бейнелі және көз тартатын сипатталуының халық өмірі туралы терең біліммен үйлесуі тән. Құлжа күнделігінде Батыс Қытай халықтарының тарихының негізгі кезеңдері, мәдениеті, тұрмысы, олардың ежелгі заманнан ХІХ ғасырға дейінгі мәдени өзара қатынастары көрсетілген. Ш.Уәлиханов сонымен қатар Қазақстанды және Орта Азияны мекендеген халықтардың ауызша аңыздарын, сирек жазбаларын, нумизматика, сфрагистика ескерткіштерін, қолданбалы өнер үлгілерін қажымас жинаушы ретінде белгілі. Уәлихановтың Орта Азия және Шығыс Түркістан зерттеушісі ретінде ғылыми еңбектерін әлемдік ғылым мойындаған. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шығарылған. Бұл еңбектерді көптеген ғалымдар және олардың ішінде ең алдымен П.П.Семенов-Тян-Шанский, И.В.Мушкетов, М.И.Венюков, Н.А.Аристов лайықты бағалады. И.В.Мушкетовтың белгілеуінше, Уәлихановтың Тянь- Шань және Жетісу географиясы бойынша еңбектері «маңызды ғылыми қызығушылық туындатады және автор бойындағы кең білім мен сирек байқағыштықты аңғартады».
«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану майданында жарқын метеор тәрізді жылт етіп өтті, — деп жазды белгілі ғалым Н.И.Веселовский. – Орыс ориенталисттері оның тұлғасында феноменалды құбылысты мойындап, одан түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар күтті». Ресейдің ірі ғалым-шығыстанушыларының бірімен айтылған осы толқытатын сөздер Уәлихановтың еңбегіне деген көпшілікпен мойындалған баға болды.
Қазақтың ірі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінің қоғамдық ой тарихында көрнекті педагог- жаңашыл және жаңа мектептер ұйымдастырушысы, этнограф, фольклорист, ақын, прозашы және орыс классиктерінің шығармаларының, атап айтқанда Крылов мысалдарының аудармашысы ретінде кең танымал. 1851 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанында қазақ балаларына арнап ашылған мектепке барды. Мектепті аяқатғаннан кейін ол 3 жыл шамасында (1857 – 1860 жж.) өз атасының жанында кеңсе хатшысы болып, ал одан кейін Орынбор басқармасында аудармашы ретінде жұмыс істеді. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды және өзін орыс тіл мұғалімі ретінде тағайындады. Ағартушылық идеялармен жігерленіп, ол ауылдарды аралап, халыққа дүниелік білімнің маңынасын түсіндірді, оларды қаржы бөлуге насихаттады. Қазақ халқынан қаржы жинап, ол мектеп құрылысына кірісті. 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің салтанатты ашылуы өтті. Оқуға 16 ер бала жазылды. Мектеп жанында интернат ашылды. 1869 жылы Алтынсарин Торғай уезінің басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке тұрып, осыдан кейін уез бастығының аға көмекшісі міндеттерін атқарды және уез судьясының міндеттерін уақытша орындады. 1879 жылы ол Торғай

облысы бойынша мектептер инспекторы қызметіне тағайындалды. Алтынсарин бастамасымен Қазақстанда халықтық дүниелік мектептер желісі ашылды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдердің білім алуының ұйымдастырылуының бастамасына көп еңбек сіңірді, оның қолдауымен осындай мектеп Ырғызда ашылды. Кейін интернаты бар әйелдер училищелері Торғайда 1891ж., Қостанайда 1893 ж., Ақтөбеде 1896 ж. ашылды. Жалпы ол төрт екі класты орталық «орыс-қырғыз» училищесін, бір қолөнерлік училище, бір әйелдер училещесін, бес болыс училищелерін, екі орыс балаларға арналған училищелер ашты. Оқу-қосалқы құралдар ретінде Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдеріне орыс педагогтары мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын ұсынды. Орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін оның өзі екі оқу қыралын жазды: «Қырғыз хрестоматиясы» және «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуде бастауыш нұсқаулық».
Ы.Алтынсарин жан-жақты білім алған тұлға болған. Оның ғылыми қызығушылықтарына этнографиямен айналасуда кірген. 1868 жылдың наурыз айында ол Орыс Географиялық Қоғамның Орынбор бөлімінің отырысында өзінің «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың құда түсу және той жасау салттарының очеркісін» оқып сөз сөйледі. Мақала көпшілікпен мақұлданып, көп ұзамай жарыққа шықты. Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқының көрнекті ағартушысы ретіндегі еңбегін асыра бағалау мүмкін емес. Дәл осы тұлға әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу негіздерін салып, көшпелі дәстүрлердің күйреп жатқан жағдайында өзінің халқына жаңа тарихи болмысқа бейімделуде көмек көрсетті.
Абай Құнанбаев Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының рубасы болған. Алғашқы бастауыш білімін молладан үйде алып, Абай Семей имамы Ахмет-Ризаның медресесіне жіберілді. Бірақ Абайға қаладағы оқуын аяқтатпай, әкесі оны ауылға қайтарып, бірте-бірте сот қызметіне және болашақ рубасының әкімшілік қызметіне дайындай бастады. Абай қаруы шешендік, өткір тілдік және тапқырлық болатын сөз сайыстарын жүргізу тәсілдерін меңгерді. 1886 жылы 40 жасқа толғанда, Абай тамаша «Жаз» өлеңін жазады, өмірінің қалған жиырма жылы мазмұнды шығармашылық, ақындық қызметте өтеді. Абай өлеңдер, прозалы қара сөздер, «Ескендір», «Масғұд», «Әзім туралы аңыз» жазды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша өкіметінің отаршылдық саясатының және езгінің күшейтілуінің нәтижесінде халық жағдайының күрт нашарлауы және қазақ шаруаларының кедейленуі орын алды. Малынан ажыраған, белгілі ісі жоқ қазақтар саны күннен күнге көбейіп жатты. Осы қазақтарға қамқоршылық жасап, Абай оларға күн көру жолын көрсетіп, жалпы еңбектің прогрессивті формасы ретінде жалдамалы еңбектен бас тартпауға шақырды.
Абай халықтың шығармашылық күштеріне нық сенді және сол заманның қоғамдық өмірі жағдайында халық таптары өз еңбектерінің жемістерін толық

пайдалану мүмкідігінен айырылғандығын түсінетін. Барлық деңгейдегі байлар, билер, рубасыларының және басшылардың қарапайым халыққа қатысты көзқарастары бір. Абай халыққа қосылмайтындарға деген жек көрушілігі мен өшпенділігінің себептерін жасырмайтын.
Абай заманындағы қоғамның қайшылықтары оның дін басыларына деген қатынасынан көрінді. Дінге терең сенген, «құдайға әділеттілік пен сүйіспеншілік тән» деп есептеген Абай сол уақытта Қазақстанда бұл сенім қызметкерлері – тағайындалған моллалар — әділеттілік пен абыройдан алыс адамдар екендігін көретін.
Тікелей өндірісте жұмыс істейтін адамдардың өмірін жақсарту жолын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуде көрген. Қазақтардың прогрессивті дамуын Абай егіншілік, қолөнер және сауда дамуымен байланыстырған. Экономика дамуының осы үш саласына қазақ ағартушысы үнемі көңіл аударып отырған, оның ойынша төменгі әлеуметтік топтар осыларға бағытталуы керек. Қазақстандағы халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналсқанына қарамастан, Абай кейінгі экономикалық дамуды егіншіліктің кеңейтілуімен және жақсартылуымен байланыстырған. Тек егіншілік қазақ шаруаларының ырыс-берекесінің сенімді негізін қамтамасыз етіп, жұмсалған еңбекті үйіп-төгіп қайтарып бере алатын еді. Егіншілік қазақ даласының климаттық жағдайына байланысты кездейсоқтықтарға көп шалдықпайды деп Абай дұрыс есептеген.
Қоғамның экономикалық дамуындағы қолөнердің мәні мен орнын анықтай отыра, Абай тура айтады: «Қолөнерді үйрену қажет», өйткені «қолөнер қашанда қолда қалады, және өз қолымен жасалғанды алдамай сататын қолөнерші – қазақтардың ең жақсысы». Сонымен қатар адал қолөнершінің жасаған тауарларын сату жолында қаншама кедергі тұрғандығын да көретін.
Абайдың барлық шығармашылығы жалқаулық пен жалған ұятқа келіспеушілік идеяларына толы. Оның ойынша адамның мінез-құлқы тек қиындықтармен күресуде, сол қиындықтарды жеңе білуде шынығады.
ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетінде көптеген ақындардың аттары белгілі. Олардың ішінде Жанақ, Шөже, Шортанбай, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан-сал, Бақтыбай, Әсет сияқты белгілі ақындармен қатар Сара, Рысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала деген ақын қыздардың аттарын атауға болады.
Түрі мен мазмұны бойынша барлық айтыстар біріне бірі ұқсай бермейді. Егер олардың бірінде негізгі мазмұны халықтың өмірі, оның шаруашылық- тұрмыстық мәселелері, дәстүрлер, рулық қауымдастық ерекшеліктері болса, Біржан-сал мен Сараның ақындық айтысында бірінші орынға қазақ әйелдеріне жеке еркіндік беру мәселелері көтеріледі. Жамбыл мен Сүйінбай өздерінің ақындармен айтыстарында бақталастарына қарағанда байлар мен билік шенеуніктерін емес, өз елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен нағыз батырларын, халық мүдделерін қорғаған қадірлі ұлдарын мақтанышпен дәріптеген.

Жыршы-ақындар Біржан-сал, Сегіз-сері, Ақан-сері, Мұхит, Әсет, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ және басқалары қазақ әдебиетінің прогрессивті бағытына үндесіп үн қатады, халықтың ежелгі армандарын дәріптейді, өлеңдерінде қарапайым халықтың мұңы мен қайғысы жарқын естілетін. Шығармашылықтарының басты тақырыбы ретінде қоғамдық өмірдің маңызды әлеуметтік мәселелері, адамдардың күнделікті тұрмысының оқиғалары, жастар махаббаты, қазақ әйелдерінің жеке еркіндігі шығармаларында қызыл жіптей көрінеді. Біраж-салдың «Жан бота», Ақан- серінің «Құлагер», Жаяу Мұсаның «Хаулау» өлеңдері олардың қоғамдық- әлеуметтік әділетсіздіктің бетін ашып, бұл зұлымдықпен күресуге шақыра алғандықтарының дәлелі болып табылады. Осы арқылы жыршы-ақындар өздерінің шығармашылығымен қазақ әдебиетіндегі бостандықты сүю және адамгершілік идеяларын байыта түсті.
Музыкалық өнер. ХІХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда музыкалық өнердің өркендеу кезеңі болды.
Құрманғазы Сағырбаев (1806 – 1879 жж.) Бөкей Ордасының Жиделі шатқалында дүниеге келген. Оның 60-тан астам күйлері сақталған (кейбіреулері әр түрлі нұсқада). «Балбырауын» күйінде халық мерекесі беріледі; «Сарыарқа» музыкалық суреттемесі тындаушыларды туған даланың кең байтағына апарады. Басқа күйлері халықтың ащы тағдыры туралы толғандырады. Өзінің бірінші шығармаларының бірін – «Кішкентай» күйін ол Исатай Таймановтың көтерілісіне арнады. Көтеріліс қатысушысы бола тұра, ол осы күйде халықтың феодал-байлардың езгісінен және отаршылдық кісенінен азаттану ынтасын нақтылы түрде көрсетеді. Байлар мен патша шенеуніктері Құрманғазының әрекеттері мен шығармаларын қарсылық көрсетуге үндеу деп көріп, оның ізіне түсіп, түрмелерде қамады.
Дәулеткерей Шиғаев та (1820 – 1887 жж.) көрнекті композитор болған. Оның қырыққа жуық күйлері сақталған. Олардың барлығы лирикалық мазмұнды, көрнекті және мәнерлі. Оларға форма қисындылығы, стиль тұтастығы тән. Патетикалық толықсу Дәулеткерейдің «Жігер» күйінде беріледі, «Бұлбұл», «Керілме» күйлері терең жүрек сезімдерін туындатады. «Желдірме» күйінен нағыз халықтық рухы сезіледі. Бұл халықтық дәстүрлі ат жарысын бейнелейтін әсерлі, ритмі бойынша шапшаң пьеса.
Тәттімбет Қазанғаповтың (1817 – 1860 жж.) шығармашылығы ХІХ ғ. аспаптық музыкасына қосылған ірі үлес болып табылады. Оның домбыраға арналған «шертпе» стиліндегі шығармалардың авторы және орындаушысы ретінде атағы шықты. Оның күйлерінің көпшілігі жалынды, лирикалық- көтеріңкі сипатты. Мұнда Тәттімбет туған өлкесінің сұлулығын дәріптеген – «Саржайлау», «Сары өзен»; жануарлардың мінездері мен қылықтарының әдеби көркемделуін берді – «Ерке атан», «Бозайғыр» және т.б.
Ықылас Дүкеновтың (1843 – 1916 жж.) композиторлық дарыны мен орындаушылық шеберлігі қобыз классикасының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Эпостық аңыздар мазмұнының негізінде ол әдеби тұтастығы бойынша бірқатар көрнекті программалық күйлер жасады. Бұл «Қорқыт-күй», «Қамбар-күй», «Қазан-күй» және т.б. Ықылас тәкаппар патша шенеуніктері

мен байлар туалы сатиралық күйлер де жазған – «Жарым-патша», «Бес- төре». Ықылас күйлерінде өмір туралы, халықтың қайғы-қасіреті туралы толғаулар бейнеленген – «Жалғыз аяқ», «Жез киік».
Бүгінгі күнде қазақтардың рухани мұрасы, ең бірінші кезекте, оның дүниетанымдық мазмұны әлемдік тарих пен мәдениет контексінде қарастырылады. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық пікір өз дамуында аяқталған формаға жетпесе де, қазақтың халықтық шығармашылығының озат өкілдерінің ғылыми және әдеби шығармашылығы терең философиялық идеяларға толы және сол замандағы қоғамның рухани ізденістердің бейнеленуі болып табылады.
ІХ-бөлім. ХІХ-ХХ ғасыр аралығындағы қоғамдық-саяси өмір
Бірінші орыс революциясының басталуына қарай дала өлкесі отарланған шет аймақ құқығымен ресейлік мемлекеттің экономикалық және саяси қатынастар жүйесіне нық енді. 18 ғасырдың бірінші жартысында басталған оның құқықтық жағдайын рәсімдеу процесі аяқталды десе болады. Сондықтан Ресей империясындағы кез келген саяси оқиғалар оның далалық түкпірлеріне бірден жететін.
Қазақстанда революция қарсаңында өмірдің жеке салаларында оның құрылымында болып жатқан терең ішкі өзгерістерді дәлелдейтін жаңа құбылыстар туындай бастады. Әсіресе бұл өзгерістер, экономикалық өмірге қарағанда, жаңа қалыптасып жатқан қатынастарға қатты әсер ететін көшпелі қоғамның рухани өміріне тиісті болды.
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы Ресей империясының қазақ және басқа да түркі халықтарының ұлттық санасының күрт өсуінің уақыты болды, бұл қоғамдық-саяси өмірдің белсендендірілуінен, мәдени прогрестен, ұлттық тілдердің, әдебиет пен баспасөздің орнығуы мен дамуынан, реформалық қозғалыстардың (жәдітшілдік), жаңа идеологиялық тұжырымдамаларының (түркішілдік, исламшылдық, тұраншылдық) таралуынан және т.б. көрінді. ХХ ғасырдың басында қазақтардың этникалық сана сезімінің қалыптасуына, мәдени және әлеуметтік-саяси шоғырлануына жалпыресейлік сұлба бойынша басқару жүйесін орталықтандыру, бір ізге келтіру процестері, қазақ элитасының салыстырмалы түрде маңызды білімді таптарының қалыптасуы және қарқынды қоныс аудару саясатының, жер пайдаланудың дәстүрлі жүйесінің бұзылуының, ежелгі тұрғындардан жерлердің тартып алынуының нәтижесінде халық жағдайының нашарлауы шешуші ықпал етті. Сол уақытта мемлекеттің интеграциялық саясаты тек жалпыресейлік басқару органдарының ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени

нормалардың да енгізілуіне мүмкіндік туғызды. Бұл қоғамның ойшыл бөлігінің адамның экономикалық, саяси, мәдени, оның ішінде діни құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын тездетті.
Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мәселелерін шешу үшін Дала өлкесінде білім мен мәдениет саласын кеңейтуге мәжбүр болды, өйткені оның табиғи қорларын өңдеу үшін білімді мамандар, сауатты қосалқы шенеуніктер аппараты және жергілікті тұрғындар санынан жалдамалы жұмысшылар қажет болды. Рухани саладағы белсенділік, барлық өкілдерін бірдей байытатын әр түрлі мәдениеттер түйісетін ірі облыстық орталықтарда оқитын немесе жұмыс істейтін қазақ жастары арасынан байқалды. Қазақтың ұлттық зиялы қауымы сыртқы және ішкі факторлардың өзара ықпалдасуында өзінің орнығуын осылайша бастаған.
Өзінің құрамы мен бағыты бойынша, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты бойынша зиялы қауым әр түрлі топтарды біріктірді, бірақ оның негізгі бөлігін отаршыл әкімшілік өкілдері, оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар және т.б. құрады.
Жергілікті зиялы қауымның қатарлары өздерінің көзқарастары мен әрекеттері бойынша айрықшаланатын. Олардың кейбіреулері, негізінен төменнен шыққандар, социалистік идеяларды ұстанды, өздері социал- демократтар, эсерлер болды немесе олармен бірігіп қызмет етті. Қазақтың зиялы қауымының екінші, саны жағынан емес, ықпалы жағынан маңызды бөлігі либерал-демократиялық жолын ұстанды. Бұл негізінен даланың ақсүйектер таптарының өкілдері болды (Ә.Бүкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақпаев және т.б.), дегенмен олардың арасында ауылдың орта және төменгі таптарының өкілдері де кездесіп отырды (А.Байтұрсынов және т.б.).
Батыс ойшылдарынан алынған либерализм және демократия туралы классикалық идеялардан басқа ұлттық зиялы қауым өз идеялық қаруы ретінде исламшылдық пен түркішілдіктің теориялық негіздерін алды.
Исламшылдық (панисламизм) (ежелгі грек тілінде Pan – «барлығы» және араб. Islam – «ислам») – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі түсініктер жатыр:
— әлеуметтік, ұлттық және мемлекеттік тиістілігіне қарамастан, бүкіл әлем мұсылмандарының рухани бірлігі туралы;
— және олардың жоғары дін басшысының (халифтің) қоластында саяси бірігу қажеттілігі туралы.
Қазақтар арасында ислам тамырлануы тек ХVІІІ ғасырдың соңында басталғанына, ал бұл уақытқа дейін халық «тәңір» (аспанға табыну) дініне негізделген ежелгі дін салттарын орындап, ислам догматтарынан алыс болғанына қарамастан, ХІХ ғасырдың соңында – ХХ ғасырдың басында сопылық мәнді ислам қазақ қоғамының өмірінің бөлінбес бөлігіне айналған. Олардың санасындағы және ұлт-азаттық қозғалыстағы мұсылмандық ынтымақтастық, «діндегі бірлік» идеясы

түркі халықтарының туыстығы, тағдырларының тарихи ортақтығы туралы түсініктер кешенімен тығыз шиеленіседі.
Еуразиялық кеңстіктік тұтастығы теориясы суперэтникалық «тұрандық» ортақтастыққа келтірілетін «тұраншылдық» идеяларында бейнелеген. «Тұран» түсінігі «Иран» — парсы мәдениеті үстем болған ел антиподы ретінде пайда болған. Ираннан солтүстікке қарай жоғары және Кавказдан Саянға дейін көлденеңінен жайылған «Тұранның» ауқымды кеңістігі орал-алтай тілдік әулетінің барлық этностары жатқызылған «тұрандық» халықтардың арғы отаны ретінде қарастырылған. Және бұл жерде түркі әлемі осы ауқымды «Тұранның» осі ретінде шамаланды – осыған сәйкес түркішілдік тым кеңірек және тым көмескі бұлдыр тұраншылдықтың шоғырланған көрінісі ретінде бейнеленді.
Түркішілдік тамырлары өлкелік зиялы қауымның мәдени- либералдық қозғалысы ретінде 1880 жылдарға шыңдалады. Түркішілдік теориясының және одан бөлінбес мұсылмандық ағарту жүйесін (жәдітшілдік) жаңарту бағдарламасы крым-татар ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің (1851 – 1914) қоғамдық және ғылыми қызметімен өте тығыз байланысты. Ол барлық түркі халықтарының шоғырлануы идеясын алғашқы рет ұсынып, дамытуға тырысты. Гаспринский барлық түркі тілдерін түрік тілінің ықшамдалған түрін парсы және араб тілдерінен келген сөздерден тазарту арқылы бір ізге келтіру бағытында алғашқы қадамдар жасады. Осыдан кейін түркішілдік идеологиясы Орта Азиядағы патша өкіметіне қарсы көтерілістердің маңызды негізі болды.
Осы идеяларға негізделе отырып, ұлттық зиялы қауым өкілдері 1905 ж. желтоқсан айында Оралда бес облыстың қазақ халқының делегаттарының съезін өткізді және өз партияларын – Ресейдің конституциялық- демократиялық партиясының жергілікті бөлімшесін құруға ынталанды, бұл партия патшаның 17 қазандағы манифестімен ұсынылған еркіндіктер шегінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғау керек болатын.
1906 ж. ақпан айында Семейде қазақтардың екінші съезі өтті, ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, бірақ оған өлкеге крестьяндардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін жергілікті халықтың меншігі деп мойындау, ұлттық мектептер ашу туралы және т.б. талаптар енгізді. Бұл саяси ағым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев сияқты және басқа да қазақтың зиялы қауымының көрнекті қайраткерлерімен басқарылды. Олар дін тұту еркіндігі үшін, әсіресе өкімет пен жергілікті органдардың мұсылмандарға қарсы істеріне қарсы, ұлттық мәдениеттің дамуы, сонымен қатар қазақ тілінің Қазақстанда басқа тілдермен бірдей таралуы үшін шықты.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде саяси партиялардың сайлаушылар дауыстары үшін күресі өрістеген Мемлекеттік Думаға сайлау өткізілуі белгілі роль атқарды.

І Мемлекеттік Думаға (1906 ж. 8 шілдесінде таратылды) Қазақстаннан 9 депутат сайланды, оның ішінде 4 миллион қазақ халқынан — 4: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Кәлменов, Б.Құлманов.
Патшамен халықтың көңілін алдау үшін шақыртылған І Мемлекеттік Дума оның сенімін ақтамады, ал оның трибунасын партиялар өз мақсаттарында пайдаланды.
Елдегі революциялық аттанулардың төмендегендігін пайдаланып, 1906 ж. 8 шілдесінде патша Думаны таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің Выборгтағы кадеттермен, еңбекшілермен, социал-демократтармен шақырылған жиналысына қатысты, бұл жиналыста халыққа салықтарды төлемеуге, үкіметке қарыз және жаңа солдаттар бермеуге үндеу жасалды. Бұл үшін Санкт-Петербордың сот палатасымен Ә.Бөкейханов 3 ай мерзімге түрмеге қамалуға кесіліп, Семей түрмесіне қамалды, одан кейін Самараға айдалды.
ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау 1905 ж. 6 тамызында және 11 желтоқсанында қабылданған сайлау заңдарының негізінде өткізілді: оның құрамына қазақтың зиялы қауымының келесі өкілдері енгізілді Ш.Кощегулов, Х.Нороконев, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Аллабергенов, М.Тынышпаев.
ІІ Мемлекеттік Думаның қазақ-депутаттары патша өкіметінің қоныс аудару саясатына үнемі қарсы шықты. Сөйтіп, депутат Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Кощегулов, Х.Нороконевтар патша өкіметінің қоныс аудару саясатына белсенді түрде әсер етуге тырысты. Бірақ олар қоныс аудару істері жөніндегі ведомствоның басқарушысы князь Васильчиковтан толық жауап алды: «ХХ ғасырда қырғыздардың көшпелі өмір салтын тоқтату керек, бұл үшін қоныс аударушыларды жіберу керек».
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшейтілуі, патша өкіметінің аграрлы саясаты, өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынастардың енуі қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне әкелді. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті болған жоқ, оның ішінде түрлі идеялық-саяси ағымдар орын алды, ал өзегі деп ұлттық зиялы қауым өкілдерін, Петербор, Мәскеу, Казань, Томск, Орынбор университеттері мен училищелерінің бітірушілерін атауға болады. Ұлттық зиялы қауымның түрлі идеялық-саяси ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті болды.
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы – Мұхамеджан Сералин (1871 – 1929 жж.), Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл журналда Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин және т.б. қызметтес болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық қатынастар, ағарту және білім беру, ақша-тауарлық қатынастарының даму мәселелері ашылып, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді. «Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе болды, яғни жер қатынастары, көшпенділердің отырықшы өмірге өтуі, аграрлық мәдениет мәселелері, шаруашылық жүргізу түрлерінің өзгеруі және т.б. «Айқап»

беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың даму мәселелеріне, мал шаруашылығының қарқындылық мәселелеріне, қазақ шаруашылығының нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру қажеттілігіне және т.б. ерекше орын бөлінетін.
1912 — 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал- демократиялық бағыттағы идеяларды көрсеткен. Бұл газетте қазақтың конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының көсемі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. қызметтес болған. Басты аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) жою, оны қазақтар меншігіне беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Қазақ шаруаларының көшпелі шаруашылығы кезеңінде мал шаруашылығының дамуы туралы мәселеде «Қазақ» газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының ролі туралы, мал шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс және т.б. туралы мақалалар жазылды.
Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы көзқарастарының әр түрлігіне қарамастан «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете білді.
1910 — 1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты, Қазақстанда ереуіл қозғалысы жандана бастайды. 1911 жылдың мамыр айында Перовск және Түркістан станцияларының теміржол шеберханаларының жұмыскерлері, «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамының кен орындарындағы кеншілер жұмыстарын тоқтатты. Соңғылардың ереуіліне шамамен 300 адам қатысты, олар еңбекақының жоғарлатылуын талап етті.
1912 жылдың 28 сәуірінде Орынборда және оның бойында РСДРП қалалық комитетінің үгіт қағаздары таратылды, олар Бірінші мамырды тойлауға шақырды, сонымен қатар 8-сағаттық жұмыс күнін, саяси бостандықты, әскерді таратуды және оны халықтық милициямен алмастыруды талап етті. 1912 жылдың 1 мамырында Орынбор-Ташкент темір жолының бас шеберханаларында жұмысшылардың қысқа мерзімді ереуілі орын алды. 1912 ж. жазында Орынбор-Ташкент теміржолының Ташкент бөлігінде сондай-ақ 300 жұмысшының ереуілдері орын алады. 1912 ж. 12 мамырында төмен еңбекақы, ауыр еңбек жағдайының салдарынан Спаск мыс балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. Келіссөздер нәтижесінде завод иелері жұмысшылардың талаптарын орындауға келісті. 1912 ж. шілдесінде Эмба мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары ереуілге шықты. 1913 ж. маусымында Орынбор-Орск теміржолының жұмысшы- құрылысшылары, Доссор мұнайшылары ереуілге шықты. Қыркүйекте «Атбасар мыс кендері» қоғамының Торғай уезіндегі Шоқпаркүл көмір кендерінде жұмысшылар ереуілдері орын алды.
Жұмысшылар экономикалық жағдайдың жақсартылуын, әлеуметтік мәселелердің шешілуін талап етті, саяси сананың дамуы үшін және өз құқықтары үшін күрестегі батылдық үшін өте маңызды болған саяси талаптар ұсынды. Өлкенің жұмысшыларының бас көтеруі патша өкіметіне

қарсы шаруа ереуілдерінің өсуіне, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына ықпалын тигізді.
Революциялық өрлеу жағдайында Қазақстандағы социал-демократиялық ұйымдар мен топтар өз қызметтерін бірте-бірте қайта бастайды. Өскеменде, Павлодарда, Қазалыда, Верныйда және т.б. қалаларда социал-демократиялық ұйымдар халық арасында саяси үгіт-насихатты белсендендіреді, Мәскеу, Омск, Петербор және т.б. қалалардың РСДРП комитеттерімен байланыстарды қайта орнатады. Азаттық қозғалыстың түрлі формаларының кейінгі дамуына Бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі келтірді.
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, халықтың жұтауы мен саяси тұрақсыздықты туындатқан соғыс заманының қиыншылықтары Ресейді 1917 жылдың басында әлеуметтік және саяси қайшылықтардың күрт ұшығуына әкелді, олар революциялық жағдай туындатып, 1917 жылдың ақпан айында революциялық жарылысқа әкелді.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанда үлкен шаттықпен қарсы алынды. Бүкіл Қазақстанда митинг, жиын, жиналыстар толқыны өтті. Патшаның биліктен бас тартуын және Ақпан буржуазиялық- демократиялық революция жеңісін қазақ қоғамының көсемдері жігерлікпен қарсы алады, өйткені олар билікке орыс либералдарының (Милюков П.Н., Чхеидзе Н.С., Керенский А.Ф.) келуімен өздерінің тәуелсіздік алуға деген үміттерін байланыстырды. Ресейдегі ақпан революциясының басты өзгешілігі қос билік орнауы болып табылады: 1) жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Советтерін білдіретін пролетариат пен шаруалар билігі; 2) Уақытша үкіметті білдіретін буржуазия мен помещиктер билігі.
Жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері Қазақстанда Ресейдің Орталық аудандарына қарағанда біршама кештеу пайда болды. 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында барлық жерлерде жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері құрылды, оның ішінде Омскіде, Ташкентте, Семейде, Верныйда, Петропавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде және т.б. қалаларда.
Қазақстанда Советтер ықпалы шамалы болды және 1917 жылдың көктемінде халықтың көпшілігі Уақытша үкіметпен тағайындалған билік органдарын қолдады. Уақытша үкімет ресми түрде Петроградта 1917ж. 2 наурызда құрылды. 3 наурызда жарияланған үкімет бағдарламасы (декларациясы) Ресейді прогрессивті тенденциялар жағына бұратын, қала және ауыл халқының жоғары және орта таптарының ынтасымен қолданған шаралар жиынтығын ұсынды. Қоғамдық құрылыстың ұсынылған үлгісінде әлеуметтік даулар ұшықтырылмай, күйзеліссіз, ел индустрияланған және урбанизацияланған сайын әлеуметтік құрылымы бірте-бірте өзгеріп, елдің тұрақты дамуы болжамдалды. Халықтың барлық таптарының демократиялық бостандығының жариялануы бұл жолдағы алғашқы ірі қадам болды. Сөз, баспа, ереуілдер және жиналыстар еркіндігі орнады. Ұлттық саясат саласында Уақытша үкімет елдің ұлттық буржуазиясының көну жағына кейбір қозғалыстарын куәландыратын бір қатар шаралар өткізді.

1917 ж. 7 сәуірінде Уақытша үкіметтің генерал-губернаторды алмастырған Түркістан комитетінің құрылуы туралы қаулысы жарияланды. Оның құрамына И.И.Щепкин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Н.Мақсутов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, О.А.Шкапский, П.В.Преображенский, А.А.Давлетшин енді. Облыс және уез деңгейіндегі басқару алғашқы рет қазақ халқының өкілдеріне табысталды. Комиссарлар ретінде Торғай облысында — Ә.Бөкейханов, Жетісу облысында – М.Тынышпаев, Орал облысында – Х.Досмухамедов, Түркістанда – М.Шоқаев тағайындалды, бірақ олар жергілікті қазақ халқының мәселелерін шеше алмайтын еді, өйткені олар шын мәнінде отаршыл әкімшілік шенеуніктері болатын.
1917 ж. 9 наурызында Ташкентте Шуро-Исламия (ислам кеңесі) құрылды, ол Ташкент атқару комитетіне және қаланың жергілікті бөлігін басқару жөніндегі комитетке екі өкілін сайлады. 1917 ж. 16-23 сәуірінде Шуро-Исламияның І съезінде мұсылмандардың Өлкелік Кеңесі сайланды, оның құрамына М.Шоқай кірді. 1917 ж. сәуір-мамырында бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік қазақ съездері өтті. 1917 ж. көктемінде съезде ұлттық облыс комитеттері сайланды. Олардың көпшілігінің басшылығына қоғамдық-саяси қызметте тәжірибесі бар зиялы қауым қайраткерлері қойылды. Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы болып Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Р.Марсеков, Оралда – Д.Досмухамедов, Жетісуда – И.Жайнақов тағайындалды. Қазақ комитеттерінің уездік буындарының жетекшілері болып С.Сейфуллин, М.Әйпенов, Х.Досмухамедов, Ж.Алдонғаров сайланды. Түркістан аймақтық қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы болып М.Шоқай тағайындалды.
Қоғамның саяси саласындағы демократияландыру ескі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қайта туындауына және жаңаларының пайда болуына әкелді. 1917 ж. наурыз айында Қазақстанның облыстық және уездік орталықтарында заңды социал-демократиялық ұйымдар рәсімделді: Омскте, Орынборда, Оралда, Ташкентте, Верныйда. 1917 жылы күзге қарай РСДРП большевиктер мен меньшевиктерге бөліну процесі аяқталды. Бұл кезде большевиктер партиясына кіргендер: А.Әсілбеков. С.Мендешев, Б.Серікбаев, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов. Ірі қалаларда, уездерде, бірқатар болыс орталықтарында пайда болған эсерлер ұйымдары Қазақстан халқынан орасан зор қолдауға ие болды. Өздерінің «жер – бүкіл халықтың меншігі», «жерді оны өңдейтіндерге беру керек» деген ұрандарымен эсерлер қоғамның жері жоқ таптарын өздеріне тарта алды. 1917 жылдың жазына қарай олардың Советтегі үстемдігі айқын болды, олар сондай-ақ кәсіподақтар мен басқа да көпшілік ұйымдарда өзекті орындарды иеленді.
Халықтың қиыншылықтары мен қайғы-қасіреттері, ашаршылық қауіпі, соғыс, экономикалық және саяси дағдарыс қоғамдағы шыдамдылық деңгейін төмендетті, бұл қоғамның үкіметтің пісіп жетілген мәселелерді тиімді және тез шеше алатындығына сенімі төмендей түсті. ХХ ғасырдың басына тән болған өлкенің экономикалық және әлеуметтік артта қалуы қазақ қоғамының ойшылдарын үрейлендірді және өзіндік ұлттық мемлекет және саяси ұйым құру деген ой туындатты. Қазақ халқын қорғау идеялары негізінен Ресей мен

Еуропада (Мәскеу, Петербор, Томск, Омск, Варшава) оқып, білім алған оқыған қазақтардың ойын бірте-бірте билей бастады. Ұлттық демократиялық зиялы қауым басында шынғысшыл, жоғары білікті заңгер, көсемсөзші, Мемлекеттік думаның екі шақырылымының депутаты, бұрын кадет партиясының ОК мүшесі болған Әліхан Бөкейханов тұрды. Оның пікірлестері мен серіктері көрнекті ағартушы және демократтар, революциялық қозғалыстың белсенді қатысушылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Ермеков, Ж. және Х.Досмухамедовтар, Ж.Ақбаев және т.б. болды.
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізін дала элитасының мүдделерін бейнелейтін, капиталистік даму жолына бағытталған зиялы қауым құрды. Олар кең оппозициялық демократиялық көпшіліктің – шаруа, жұмысшы, қалалық демократияның мүдделерін көрсетті. Қозғалыстың басты идеясы – тәуелсіз автономды ұлттық мемлекет құру. Қозғалыс саяси жолының басында ресейлік азаттық қозғалыстың либерал қанатына, атап айтқанда кадеттерге жеткілікті мөлшерде жақын болды. Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмірдің толық суретін алу үшін қазақтың зиялы қауымының жарқын өкілдерінің өмірбаяндарымен танысу керек.
Шағармашлық элитаның танымал жетекшісі Мұхамеджан Сералин болған, ол 1872 жылы Торғай облысының Қостанай уезінде дүниеге келген. Жастық шағында медресе аяқтап, Орынбор мұғалімдер семинарясына оқуға түсті, бірақ оны материалдық жағдайына байланысты аяқтай алмады. 1900 жылдан бастап ол Троицкіге көшіп, осы жерде көпес Яушевте приказчик болып жұмыс істеді. М.Сералиннің бір қарағанда көрнексіз өмірбаянында шын мәнінде дарынды және жоғары білімді тұлға тағдыры жасырылған. Сералиннің өмірінде және оның идеялық-саяси қалыптасуында Троицк қаласы орасан зор мағыналы болды. Осы жерде ол орыс және татар ағартушыларының идеяларына қосылып, білімді қазақ жастарымен байланыс орнатты, олардың жетекшісіне айналды.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай облысында Сартөбек шатқалында дүниеге келген. Ерте балалық шағында бастапқы мұсылмандық білім алып, 1886 жылы Торғай орыс-қырғыз екі класты училищесін аяқтады. Кейіннен Орынборда 1895 жылы ол мұғалімдік мектеп курсын аяқтады. Осы кезеңнен бастап оның педагогтық қызметі басталады. Өзінің саналы өмірі бойы Ахмет Байтұрсынов Шығыс, Еуропа, Ресейдің үздік ойшылдарына сүйене отырып, білімін жетілдіреді. Байтұрсынов ақын және әдебиетші болды. Бірте бірте оның тұлғасынан күшті қоғам қайраткері шықты. «Қазақ» газетінің бірінші санында ол былай деп жазады: «тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге бар күшімізбен ағарту мен мәдениетке тартылу керек… тек өз тілінде сөйлейтін, өзінің әдебиеті бар халық қана тәуелсіз өмірге талаптануға құқылы». Байтұрсынов өз өмірін осы басты идеяға – ағарту ісіне арнады, ол «Қазақ» газетінен жарқын бейнеленуін тапты. Байтұрсынов пен оның серіктерінің жанқиярлық еңбегі арқасында бұл баспа органы бірінші жылдың өзінде тұрақты үш мың жазылушыға ие болып 1918 жылға дейін қызмет етті. Баспа нөмірлері көп рет тұтқындалып,

айыппұл салынды, бірақ шебер дипломатия арқасында газет сақталып қалды және мұндағы көп еңбек Байтұрсыновқа тиесілі болды.
Алаш-Орда автономиясы таратылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов Қазақстанның Халықтың ағарту комитетінде жұмыс істеп, халық игілігіне еңбек етті, бірақ 30-шы жылдардағы сталиндік жазалау Байтұрсыновтың және оның көптеген серіктерінің өмірін қиып кетті.
Жақып Ақбаев 1876 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 1898 жылы ол Томск гимназиясын аяқтап, сол жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсті, оны 1903 жылы аяқтады. Айта кететіні, бірінші курста оқып жүріп, Ақбаев Археология институтынан да білім алып жүрді, бұған Ресейде 19 ғасырдың соңында универститет жарғыларымен рұқсат берілетін. 1903 жылы ол заңгер-қазақтардың ішінен бірінші болып құқық магистрі дипломын алып, Омск қаласына бітістіруші судья қызметіне жіберіледі.
Қазақтың зиялы қауымы аздығына қарамастан, өз дәуірінің тарихында өшірілмес таңба қалдырған жарқын тұлғалар түрінде ұсынылды. Әрине, олардың қатарлары әр келкі болды, бұл осы зиялы қауым тәрбиеленген әлеуметтік салаға, араласу ортасына, сол кезеңдегі аймақтағы саяси күштердің орналастырылуына байланысты болды, бұл оның қазақ қоғамының белгілі бір мәселелеріне көзқарасының әр түрлілігін шарттайтын. Мұны бөлектену деп атау дұрыс емес болар еді, керісінше бұл қазақ қоғамының идеялық-саяси өмірінің алуан түрлілігін ерекшелейді. Ұлттық зиялы қауымның Қазақстан халқы тәуелсіздік пен өркендеуге жетуіндегі мақсаттары бір болды. Ал тәсілдеріне келсек олар әр түрлі болды, мысалы, «Қазақ» газетінің маңында топталған демократтар елде буржуазиялық реформалар жолымен өзгеріске қол жеткізуге үміттенді, ал «Айқап» журналының ұжымы революциялық идеяларды ұстанды. Біз келтірген қазақ интеллигенттерінің тағдырлары халыққа қызмет ету жолында өзін құрбан еткендіктерін көрсетіп және еліктеуге тамаша үлгі болып табылады. Біз бүгінде қол жеткізген демократия да осыларға қарыздар.
Ұлттық либералды зиялы қауым бірте-бірте беделін жоғалтып жатқан конституциялық-демократиялық қанаттан бас тартып, «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясынан кетуін және «Алаш» партиясын ұйымдастыру ынтасын көпшілікке мәлім етті.
Бірінші жалпы қазақтар съезінде шын мәнінде ұлттық-демократиялық партиясының құрылуы аяқталды. Съез ұйымдастырушылары 1917 ж. 5 қазанда қабылданған шешім туралы «Қазақ» газетінде хабарлады: «Шілде съезінің қаулысы барлығына белгілі, партиямызға ата-бабалар есімін береміз – Алаш». Өз идеяларын насихаттау жөніндегі ұйымдастырушылардың белсенді жұмысы, іс-әрекеттеріндегі мақсаттылығы оларды халық арасында өте танымал етті.
«Алаш» партиясының қызметі өте күрделі жағдайда дамыды. Ресейде 1917 ж. тамыз айында генерал Л.Г.Корниловтың жүзеге аспай қалған әскери төңкерісі саяси жағдайды айтарлықтай өзгертті. Көтерілісті басуға белсенді қатысқан большевиктердің беделі едәуір өсті. Олардың Советтегі және

әскердегі ықпалы күрт күшейді. Қазақстанда Уақытша үкіметке деген наразылық өсе бастады.
1917ж. тамыз айының соңында Перов Советі барлық билікті Советтерге беру туралы шешім қабылдады. 5 қыркүйекте Семейдегі жұмысшы және солдат депутаттарының Советі биліктің Советтер қолына өтуі туралы қарар қабылдады. Верный және Әулие-Ата Советтері де осындай пікір ұстанды. 1917ж. 12 қыркүйегінде Ташкенттің жұмысшылары мен солдаттары көпшілік митингіде Уақытша үкімет өкілдерінің шұғыл түрде қуылуы туралы қаулы қабылдап, Уақытша революциялық комитет сайлады. Торғай, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында, Бөкей даласында қазақ шаруалары қоныс аударған шаруалар жаппай көтеріліп жатты. 1917 ж. күзінде Перовск, Түркістан, Черняев, Әулие-Ата және Петропавл станцияларында жұмысшылардың жауынгерлік жасақтары қалыптасты. Большевистік ілімнің прагматизмі мен антигуманистігін «Алаш» жетекшілері ерте-ақ түсініп, саналы түрде Совет өкіметіне қарсы шықты.
1917 ж. қазан айының басында «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына дайындық туралы хабарлайды және былай деп түсіндіреді: «Қызрғыз съезінің қаулыларын және жеке қырғыз саяси партиясын қолдайтындардың барлығы жиналыстағы кандидаттар тізімін Алаш партиясының тізімі деп атау керек». Бұл арада Ресейдегі оқиғалар күтілмеген бетбұрыс алды: Құрылтай жиналысы кейінге шегеріліп жатты, 1917ж. қазан айында билікті большевиктер басып алды. «Алаш» партиясының жетекшілеріне де оқиғаларды тездетуге тура келді. 1917ж. 21 қарашасында «Қазақ» гезетінің беттерінде партия бағдарламасының жобасы жарияланады. Бағдарлама жобасы 10 пункттен құралды. Бағдарлама жобасының бірінші параграфында былай деп көрсетілген: «Ресей демократиялық федеративті республика болуы керек. Федеративті республикадағы әр жеке мемлекет автономды және өз- өзін бірдей құқықтар мен мүдделерде басқарады. Үкімет басында Құрылтай жиналысы тұрады, аралығында – белгілі мерзімге Құрылтай жиналысымен және Мемлекеттік думамен сайланатын президент. Президент Министрлер Кеңесі арқылы басқарады, құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік дума алдында жауапты. Заң шығару билігі тек үкіметті басқару құқығына ие болатын Мемлекеттік дума қолында шоғырланады. Шығу тегіне, дініне және жынысына қарамастан барлығы сайлау құқығына ие болады. Депутаттар сайлауы тура тең және жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
1. Қырғыз (қазақ) автономиясы облыстардан құралады және басқа халықтармен қатар Ресей федерациясының құрамына кіреді.
2. Ресей федерациясында тең құқықтық, жеке тұлғаның дербестігіне қол сұқпаушылық, сөз, баспа және одақтар еркіндігі қолданылады.
3. Дін мемлекеттен жеке болу керек. Барлығы еркін және тең болу керек.
4. Барлық халықтар сот алдында тең құқылы және егер де іс халықтың құрамында қырғыздар бар жерде қарастырылатын болса, ол қырғыз тілінде өту керек.
5. Салықтар байлық дәрежесіне және жалпы мүліктік әл-ауқатына қарай алынуы керек: бай көбірек, кедей азырақ төлеу керек.

6. Жұмысшылар заңдары жұмысшылар пайдасына қарай шығарылуы керек.
7. Халықтық білім беру барлығына тиесілі болу керек. Барлық білім беру орындарында оқыту тегін. Бастауыш мектепте оқыту ана тілінде жүргізілу керек. Қырғыздардың өздерінің орта және жоғары білім беру орындары, оның ішінде университеттері болу керек».
Соңғы пункт сол уақыттың талаптарын көрсететін, ол кезде қазақтар, басқа да көптеген ұлттармен қатар білім беруден мүлдем шеттетілген болатын.
Және соңғы 8 параграф: «Құрылтай жиналыста жер туралы заңды шығару кезінде жерді үлестіру мәселесі қаралып және ең бірінші кезекте жергілікті тұрғындар жерге бөленуі керек. Жергілікті тұрғындар толығымен жерге бөленбей, қоныс аударған крестьяндарға жер берілмеу керек. Жерді сатуға тыйым салынады. Жердің барлық байлықтары: үлкен ормандар, өзендер – мемлекет меншігінде болып, земствомен басқарылады».
Большевиктердің қарама-қарсы келгендеріне қарамастан «Алаш» партиясы қазақтар автономиясы идеясын ұстанудан бас тартпайды: 1917ж. 5- 13 желтоқсанында Орынборда Екінші жалпы қазақтық съез өтеді. Съезді Б.Құлманов, К.Кенесарин, Г.Қараш, М.Дулатов басқарды. Ә.Бөкейханов және Х.Габбасов баяндама жасады. Отырыстарда съез келесі мәселелерді қарастырды: 1) Сібір, Түркістан және Оңтүстік-шығыс одағы автономиясына қатынасы туралы; 2) қырғыз облыстарының автономиясы, ұлттық қор, халықтық сот, азық-түлік мәселесі.
Бұл съезд өтіп, орташа шешім қабылдады: бүкілресейлік Құрылтай жиналысымен Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылысы мәселесі үзілді- кесілді шешілгенше, Қырғыз Өлкесі Сібірге де, Түркістанға да қосылмай, тәуелсіз автономиясына ие болады.
«Алаштың» бағдарламалық мақсаттары большевик көсемдерінен түсіністік таппады. Және бұл түсінікті де, өйткені зиялы қауым өкілдері демократиялық Федеративті Ресей республикасының құрамындағы ұлттық автономия туралы мәселе қозғады ғой. Большевиктер федеративті құрылым идеясын уақытша конструкция деп, шалғайдағы құрылымдарға орталықтан қатаң бақылау жасайтын орталықтандырылған советтік мемлекет құру жолындағы өтпелі кезең деп қарастырған. Большевиктер тек Советтер делегаттарын жіберіп, ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын жариялады. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерінде большевиктер «жалпы әлемдік таптық мүдделердің тар буржуазиялық-ұлттық мүдделерінен» басым болу тұрғысын ұстанды.
Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін
Революцияға дейін қалыптасқан барлық ұлттық элитамен қатар қазақ автономдығының тағдыры советтік кезеңде большевиктердің ұлттық-коммунистік курсымен анықталды. 30-шы жылдары пайда болған ГУЛАГ басынан жаңа әлемдік тәртіпті жасаудың негізгі құралы болды ма, немесе сол уақытта ол большевиктердің билік үшін шиеленіскен күресімен бұйырылған сол билікті ұстап қалудағы және

соңғы мақсатқа жетудегі ең ыңғайлы жолды іздеудің нәтижесі болды ма? Мүмкін, тез арада екінші біріншіге айналған шығар. Қоғамның әлеуметтік бірлігі үшін күрес және жаңа идеология бекінуі ұлттық сана- сезімді басындырумен және ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін біркелкілеумен жалғасты. Олардың тек коммунистік идеялық қабықшадағы сыртқы көріністері барынша құпталса да, және бұл жерде ССРО халықтарының жаңартылуының анық және сөзге келмес табыстарын міндетті түрде ескеру керек, советтік адамдардың этникалық өмірі жасырын және көп жағдайда өзгертілген түрде өтіп жатты.
ССРО-да еңбек еткен әлеуметтік табиғаты бойынша бір текті «социалистік ұлттарды» жасау процесі бір жағынан ұлттардың ішіндегі «буржуазиялық элементтерге» қарсы репрессиялармен, ал екінші жағынан – «жергіліктендіру» саясатымен қамтамасыз етілді. Репрессиялар және айрықша құқықтық, жаңа элитаның орталықтан қатаң бақылануы шалғайдағы елдердің тиімді бақылануын сақтап отыруға мүмкіндік берді.
Х-бөлім. Кеңестік модернизация
20-30-шы жылдар – кеңес тарихындағы ең күрделі, шиеленіскен, тіпті қайғылы кезеңдерінің бірі. Берілген тақырыптың өзекті мәселелері: Қазақ АССР құрылуы, капитализмнен өтіп, социализмге өту мәселесі; сол кезеңде Қазақстанда жүзеге асырылған саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, мәдени революция, Қазақстанның индустрияландырылуы, командалық-әкімшілік жүйенің қалыптасуы; ауылды күшпен ұжымдастыру және оның нәтижелері; Қазақстандағы 30-шы жылдардағы саяси репрессиялар.
Ауыл шаруашылығының, сонымен қатар өнеркәсіптің қалпына келтірілуі артта қалды. Мал санын қалпына келтіру барысы үміт туғызатын. 1925 жылы республикадағы барлық мал түрінің саны 25 млн. асты. 1925 ж. Қазақстан үшін идеялық-саяси тұрғыдан межелі болды. 1925ж. қыркүйек айында Қазақстанға партияның Қазақтың өлкелік комитетінің 1-ші хатшысы қызметіне Голощекин келді. Сол 1925 жылдың желтоқсан айында ол баяндама жасап, өлкелік партиялық конференция өткізеді. Ол баяндамада және сөйлеген сөздерінде Қазақстанда Қазан болмаған, ол Қазақстаннан тыс өтіп кеткен деген «жаңалық» ашты. Бұл жерден ол Қазақстанға «Кіші Қазан» керек деген қорытынды шығарды.

Қазақстанға келгеннен кейін ол «ауылды кеңестендіру» кампаниясын бастайды, ауылда 8 жыл бойы Кеңес үкіметі болмағандай. Бұл кампанияның мақсаты саяси келіспеушіліктерді жандандырып, берілген кеңеске сәйкес «советтерді «дұшпан» бай элементтерінен және олардың «құйыршықтарынан» тазартып», Советтердің қайта сайлануын өткізу. Сөзсіз қажет шаралар қоғамдағы тайталастарды өшіктіріп, артығынан саясаттаныдырыла бастады. Бір сөзбен айтқанда, конференцияда қоғамдық өмірдегі бай элементтер деп аталғандардың рөлі және олардың советтерге деген ықпалы асырылып көрсетілді. Кейіннен бұл кеңестік тарихтың өзінде де мойындалды.
Конференцияда бүкіл ұлттық зиялы қауымға ұлтшылдық белгісін жабыстыру қате деп танылғанымен, оның резолюциясында «конференция буржуазиялық ұлтшылдық идеологиясына қарсы күресті және оның болашақ практикалық жұмыста қажеттілігін жоққа шығармайды» деп жазылды. Бұл алда республикадағы идеялық күрес шиелінісе түсетіндігін білдірді.
Кеңес тарихын кезеңдендіру бойынша 1925 жылдың желтоқсан айында өткен БКП (б) ХІХ съезі ССРО индустрияландыру кезеңіне кіргендігін білдірді. Қазақстанда да, ССРО құрылымдық бөлігі ретінде, индустрияландыру басталды. Қоғамтанушылар арасында қазірде де индустрияландыруды қарама-қарсы бағалаулар кездеседі. Қайсысы оң болғанын, қайсысы теріс болғанын кейіннен атап өтуге болады. Бірақ бірінші кезекте оның сөзсіз қажеттілігін мойындау керек. Әрине, Қазақстанның индустрияландырылуы орталық нұсқауларымен жүзеге асырылды. Индустрияландыру нәтижесінде республика біржақты болып қалды, оның ауыр зардаптарын тәуелсіз Қазақстан қазірдің өзінде сезінуде.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда халық шаруашылығының қалпына келтірілу қарқыны орталыққа қарағанда баяуырақ болды. Сондықтан республиканың индустриялануы да орталыққа қарағанда біршама кешірек басталып, бірінші бес жылдықпен сәйкес келді (1928 – 1932жж.). Сондықтан Қазақстанның индустриялануын республиканың 30-шы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму кешенінде қарстырған жөн болады.
Днепрогэс, Магнитогор металлургия комбинаты және Түрксіб индустрияландыру символдары деп саналған. Көрініп тұрғандай, үш символдың біреуі Қазақстанда орналасқан. Бұл алыптардың құрылысы туралы шешім биліктің жоғары органдарында бір уақытта қабылданды, дәлірек айтқанда 1926 жылы, олардың құрылысына да бір уақытта кірісті – 1927 жылы. Сметаларға жүгінетін болсақ бұл құрылыстардың өлшемдері де тең болған — әр қайсысы 200 млн. рубль. Түрксіб ұзақтығы шамамен 1,5 мың км. Барлық ұзындығы Қазақстан аймағынан өткен. Оның құрылысы жоғарыда айтылғандай 1927 жылы солтүстіктен – Аягөз станциясынан және оңтүстіктен – «Луговая» станциясынан басталды. Түрксібтегі жұмыстар ең жоғарғы шыңына жеткенде 1929 жылы онда 55 мың жұмысшы жұмыс істеді. Күніне 5 км жол салынды. Жол рекордтық-қысқа мерзімде – жобаланған 5 жылдың орнына 3 жыл ішінде пайдалануға берілді. 1930 жылы 1 мамырда

Айнабұлақ станциясында солтүстік және оңүстік бөліктердің рельстері түйістірілді, Түрксібте тура жүретін поездар қозғалысы ашылды.
Тек 1-ші және 2-ші бес жылдық ішінде Қазақстанда Риддер қорғасын- мырыш комбинатының кәсіпорындар кешені, Қарсақпай мыс балқыту заводы іске қосылды, Балқаш мыс балқыту, Ащысай полиметалдық, Ақтөбе химиялық комбинаттары; Шымкент қорғасын заводы және сол кезде Еуропада теңі болмаған Семей ет комбинаты сияқты алыптардың құрылысы басталды. Қарағанды ССРО үшінші көмір базасына айналды.
Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан Ұлы Отан соғысының алдында-ақ елдің қуатты өнеркәсіптік арсеналына айналды. Сол кездің өзінде жалпы одақтық көлемде 80% қорғасынды Шымкент қорғасын заводы, ал мыстың жартысын – Балқаш мыс балқыту комбинаты берген. Қазақстан Одақта түсті металдарды өндіру бойынша екінші орынға шығып, көмір өндіру бойынша үшінші орынға, мұнай өндіру бойынша – Ресей мен Азербайжаннан кейінгі орында тұрды.
Қазақстан индустрияландырылуының бір қатар ірі әлеуметтік- экономикалық мағынасы болды, оның ішінде ең бірінші кезекте оның аграрлықтан индустриалы-аграрлыққа айналуы, қалалардың және қала тұрғындарының меншікті салмағының өсуі, жұмысшы таптың, әсіресе оның ұлттық кадрларының қалыптасуы, инженерлік-техникалық зиялы қауымның құрылуының басталуы және т.б. Өнеркәсіп республика экономикасының басым саласына айналды. Оның меншікті салмағы 1934 жылы 58,9% құрады. 1939 жылы Қазақстанда 81 қала және қала типті кенттер болды. Бұрынғы Қарағанды, Риддер, Аягөз, Балқаш, Степняк, Арал кенттері қалаларға айналды. Индустрияландыруға дейін 8,2 % құраған қала тұрғындары индустрияландырудан кейін 28 % құрады.
Қазақстандағы индустрияландырудың ірі теріс салдары деп барлық салынған және салынып жатқан өнеркәсіп кәсіпорындары табиғи шикізаттарды өндіру және алғашқы өңдеу кәсіпорындары болғандығын атауға болады. Сонымен, Қазақстанда өнеркәсіптің шикізаттық сипаты бұрынғыдан да күшейе түсті.
Индустрияландыру аса ірі қаржы қорларын талап етті. Оны жүзеге асыруға бет бұру кезінде бұл қорлардың бірі крестьяндық сектор болып табылатындығы ашық айтылатын. Бірақ ол көздердің біріне емес, негізгісіне айналды. Бұл көз мол болуы үшін ауыл шаруашылық өнімдеріне адам айтқысыз төмен сатып алу бағалары қойылды. ССРО шет елге ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ең бірінші кезекте бидайдың ауқымды көлемдерін сатып жатты. Бұл Қазақстандағы 1931-1932жж. және 1933 ж. Украина мен Ресей оңтүстігіндегі аяусыз ашаршылыққа қарамастан орын алып жатты.
Индустрияландыруға кеткен аса ірі шығындарды жабу үшін бидайдың экспортын ұлғайту қажеттілігі және оның шаруалардан адам айтқысыз төмен бағалармен алынуы бір жақтан және тағы сол индустрияландыруға байланысты қала тұрғындарының санының күрт өсуінің салдарынан ішкі тұтынудың жоғарылауы екінші жағынан кеңес тарихында қарапайым ғана

«нан қиындықтары» деп аталған қиындықтарды туындатты, бұл шын мәнінде билік дағдарысы болған. Нан «қиындықтары» Кеңес үкіметіне соңғы соғыс ашуға шешім қабылдаған кулактардың себебтері деп жарияланды. Директивті құжаттарда айтылғандай, кулактар қарсыластығын басу үшін оған қатысты ең соңғы репрессивті шаралар қолдануға шешім қабылданды, мысалы, РСФСР ҚК 107-бабы, оған сәйкес кулак мүлкі тәлкіленетін.
Осыдан кейін жақын арада ауылдағы жаңа курс жарияланды, оның енгізілуі, ресми түрде мойындалғандай, нан дайындықтарының қиындықтарымен тездетілді. Бұл ауыл шаруашылығын ұжымдастыру немесе ауылдағы колхоздық құрылыс. Қазақстанға, қазақ халқына төнген қасіреттер қатарында 30-шы жылдардағы зорлап ұжымдастыру ең ауыры болды. Қазақстанда Голощекин тұлғасымен байланысты жағдайдың төндірілуі, тым ұшықтырылған саяси кампанияларды өткізу өзгешелігі жоғарыда да айтылды. Қазақстанда жаппай ұжымдастыру басталмастан бұрын, «Кіші Қазан» жоспарында ресми түрде жартылай феодалдар деп аталатын ірі байлардан мал тәлкіленуі орын алды.
Жалпы, зорлап ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда репрессияға 100 мыңнан астам адам ұшырады. Зорлап ұжымдастыруға байланысты 1,5-2 млн. қазақтың ашаршылық өлімнен қайтыс болғаны халық есінде жазылмайтын жара болып сақталуда. Бұл нағыз геноцидтің өзі болған. Мұның нәтижесінде республикада орын алған демографиялық өзгерістер жоғарыда көрсетілді. 1926 жылға дейінгі санын қазақ халқы тек соғыстан кейінгі 60-шы жылдары ғана қалпына келтіре алды.
20-30 жж. кеңес тарихында сөзсіз жетістіктердің бірі халықтың мәдени дамуы болып табылады. 20-30 жж. мәдени құрылыстың өріс алуы оны мәдени революция деп атауға болатындай болды.
Сауатсыздықты жою туралы Декретке Ленин 1919ж. 26 желтоқсанында қол қойды. Осыдан кейін берілген декрет бойынша орталық, республикалық және жергілікті органдар көптеген шешімдер қабылдады. Сауатсыздықты жою кампаниясына қосылған көптеген ұйымдар өз ынталарымен мектептер мен кружоктар ашып, апталықтар, айлықтар, сауатсыздықты жою жорықтарын ұйымдастырды. Бірақ бұл істің ауқымы мен ауыртпалығы бір- екі жылда орындалмайтындай болды. Дегенмен, алдыға қойылған мәселені шешуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді, 1932 жылы Қазақстан халқының сауаттылығы 42 % құрады. Сол кезде 98 % қазақтар сауаты жоқ деп есептелінген, бірақ іс жүзінде араб графикасын және латын жазуын білетіндер де сауатсыз деп есептелінген.
1926 жылдың мамыр айында республика Үкіметі «Қазақ АССР-де бірыңғай алдыңғы қатарлы мектеп Жарғысын» қабылдады. Берілген құжат бойынша республикада 4-класты бастауыш мектептер мен екі сатылы жеті жылдық мектептер ашылды. Бұлармен қатар толық орта білім беретін тоғыз жылдық мектептер де болды.
Қазақ тілінде білім беру дамытылуына ұлттық зиялы қауымның көрнекті қайраткерлері, ағартушы-демократтар А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Садвақасов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, К.Кеменгеров және т.б. үлкен үлес

қосты. Бұлардың арасында А.Байтұрсыновтың орны ерекше. Қазақ тілі туралы ғылымның негізін салушы, алғашқы қазақ грамматикасын жасаушы, ол енді қазақ тілінде оқуға арналған кітап шығарды.
Қазақ тілінде оқулықтарды дайындау мемлекеттік баспаның редакциялық коллегиясының мүшелері қолынан өтті: Ә.Бөкейханов, С.Садвақасов, Ж.Аймаутов және т.б. Алгебраны қазақ тілінде сол кезде Томск технологиялық институтының студенті Қ.Сәтпаев, география оқулығын — Ә.Бөкейханов, жаратылыстану оқулығын – К.Кеменгеров жазып шығарды.
Білім беру процесінің қарқынды дамуына байланысты жаңа қазақ зиялы қауымының негізін педагог кадрлар құрады. 1925 жылы республикада бірнеше халықтық білім беру институттары болды. Бірақ оларды әлі де жоғары оқу орындары деп атауға болмайтын еді. Республикадағы алғашқы жоғары оқу орны 1928 жылы Ташкенттен ауыстырылған халықтық білім беру институтының негізінде құрылды. Бұл – Абай атындағы педагогтық институт (қазіргі Абай атындағы педагогтық университет).
Одан кейін 1929 жылы Алматыда зооветеринарлық институт, 1930 жылы – ауыл шаруашылық, 1931 жылы – медициналық институттар ашылды. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылып, сол жылы таукен- металлургиялық институты ашылды. Республикадағы жоғары білім берудің берік негізі осылайша салынды. Республикада жоғары білім берудің дамытылуына, оның алғашқы жоғары оқу орындарының жұмысының ұйымдастырылуына елдің басқа жоғары оқу орындарынан және ғылыми- зерттеу институттарынан келген мамандар бағаланбас үлес қосты. Бірінші кезекте қазақтың зиялы қауымының бірінші буынының еңбектерін ерекше атап өту керек: С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, А.Ермеков, С.Сейфуллин, У.Жандосов, М,Әуезов, К.Жұбанов және т.б.
Қазақстанда ғылым негіздері де салынып жатты. 1919 жылы Орынборда өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеуге арналып ашылған тарихи- статистикалық бөлім Қазақстанда ғылыми орталық ашудың бірінші талпынысы болды. ҚазССР құрылғаннан кейін халықтық білім беру комитетінің жанынан ғылым, өнер және мұрағат мәселелерімен арнайы айналысатын бөлім құрылды. Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге 1920 жылы құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамының энтузиасттары С.Асфендияров пен А.П.Чулочников үлкен үлестерін қосты.
Қазақстандық ғылым негізін салуда Қазақстанға 20-шы жылдары табиғи байлықтары мен өндіріс күштерінің даму болашағын Губкин, Ферсман, Русаков, Гапеев және т.б. ірі ғалымдар жетекшілігімен зерттеуге жіберілген арнайы экспедициялар үлкен роль атқарды. Олармен бірге қазақстандық ғылымда сол кезде саны аз қазақ ғалымдары да аянбай еңбек етті. Бұл – А.Байтурсынов, Ә.Бөкейханов, А.Ермеков, С.Асфендияров, М.Тынышпаев, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, К.Жұбанов және т.б.
Нәтижесінде 1932 жылы Қазақстанда ССРО ҒА (1938 жылдан филиал) базасы ашылды, ол республикадағы ғылым дамуының орталығына айналды.

20-шы жылдар, қаншама қиын болса да, қазақ әдебиетінің бұрын болмаған өрлеуін туындатты. Бұл идеялық сана-сезімнің белсендендірілуімен және қанықтырылуымен және болашаққа деген үлкен үмітпен байланысты болды. Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев, М.Жұмабаев сияқты ұлы Абай мұрасын жалғастырушылар қатарына С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, Ж.Аймаутов, И.Жансүгіров, С.Мұқанов, И.Байзақов сияқты және т.б. дарынды сөз шеберлерінің үлкен тобы қосылды.
Егер бұрындары, оның ішінде ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде кең таралған жанрлар поэзия мен проза болса, енді қазақ әдебиетінде барлық жанрлар, оның ішінде драматургия дамытылуын тапты.
20-30 жылдары әдебиетпен қатар өнер де өрлей бастады. Мұнда бірінші кезекте сценалық өнердің орнығуы мен дамуын атап өту керек, бұл бұрын дәстүрлі қазақ мәдениетінде болмаған. Өткеннің халықтық өнерінде сценалық өнердің тек элементтері ғана болған, ал кәсіптік сценалық өнер болған жоқ.
К.Қуанышбаев, Э.Қошаубаев, С.Қожамқұлов, К.Жандарбеков, К.Бадыров, И.Байзақов, Ш.Жиенқұлова, Е.Өмірзақов сияқты және т.б. дарындары қазақтың сценалық өнерінің негізін салушылар болды. Алғашқы кезде өз өнерлерін олар партияның Қазақ өлкелік комитетімен ұйымдастырылған көпшілік шараларда, немесе көп адам жиналатын жерлерде, мысалы, Қоянды жәрменкесінде көрсететін. Бір кездері олармен бірге тірі кездерінде аңызға айналған Қажы Мұқан мен Майра Валеевалар (Павлодарлық) өнер көрсеткен.
1926 жылдың қаңтар айында, қазіргі кезде М.Әуезов атымен аталған, осы кісінің «Еңлік-Кебек» пьесасын қойып және концерт беріп алғашқы кәсіби қазақ театрының салтанатты ашылуы болды.
Жиырмасыншы жылдар қазақ музыкалық өнер тағдыры мен болашағы үшін ерекше болды. Бұл бірінші кезекте бірегей музыкатанушы және композитор Александр Викторович Затаевичтың шынайы батыл әрекетімен байланысты болды. Көптеген жылдар бойы революцияға дейінгі уақыттан бастап, әсіресе 20-шы жылдары ол көліктің барлық түрлерімен, ал кейде жаяу, аймағы өте үлкен Қазақстанның барлық аймақтарын шарлап, қазақ халқының музыкалық шығармашылығын жазып алған. Нәтижесінде 1925 жылы оның «Қазақ халқының 1000 өлеңі» атты жинағы шықты, бұл жинақ туралы М.Горький былай деп айтты: «Бұл болашақ Моцарт, Бетховен, Шопен және Григтер үшін таптырмас байлық». Затаевич жинағы – «мыңжылдық мәдени мұра» — деп жазды Б.Астафьев.
Бұрынғы ССРО халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихындағы басқа қайғылы кезең 30-шы жылдардағы саяси репрессиялар. Репрессиялар – тоталитарлық режимнің тіршілік ету түрі. Тоталитарлық режим басқаша ойлауға төзбейтін болғандықтан тоталитарлық деп аталады. Большевизмнің кез келген басқаша ойлауға төзбейтіндігі туралы Ленин өзінің «Не істеу керек» деген жұмысында сөз қылған. Бірақ басқаша ойлаумен күрес оппозицияға қатысты жазалау шараларын қолдануға

айналды, әсіресе, Сталин 1922 жылы партияның ОК Бас Хатшысы болғаннан кейін. Түрлі оппозициялық топтарға әр түрлі атақтар тағып қою кеңінен қолдана бастады: троцкисттерге – социал-демократиялық уклонды, бухаралықтарға – оң уклонды, барлық националдарға – ұлтшылдық.
Ұлтшылдармен күрес партияның үлттық мәселедегі ұстанымынан шығатын. Мұнда формальды түрде партияға ұлттық мәселеге қатысты екі жақты күрес жүргізу керек деп жарияланатын: ұлтшылдыққа қарсы және ұлы державалық шовинизмге қарсы. Бірақ іс жүзінде партия тарихынан біз бірде- бір ұлы державалық көзқарасы немесе әрекеті үшін жауапкершілікке тартылғаны туралы естіген емеспіз, ал ұлтшылдық күнәсі кез келген ұлтыққа жабыстырылатын. Партияның жоғарғы жағында отырғандардың мұндай позициясын түрлі дәрежедегі функционерлер баяғыда-ақ танып, ұлтшылдықпен күрес – ұтылмайтын карта, ол үшін әр қашан марапат пен мадақ алуға болатындығын түсінді.
30-шы жылдардағы репрессиялар бұрын соңды болмаған ауқымға жетіп, он, жүз мыңдаған қарапайым адамдар оның құрбандарына айналған. Бірақ 20-шы жылдардың басында репрессияларға ең алдымен идеялық-саяси себептермен, ал нақты айтқанда «Алаш» партиясының жетекшілері ұшырайтын. Түрлі сылтаулармен республикадан танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері шығарылып жіберілді – Н.Нұрманов, Т.Рысқұлов, С.Ходжанов, М.Мұрзағалиев. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, ағарту халық комиссары С.Садвақасов, егін шаруашылығы халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және т.б. қызметтерінен алынды. Қазақ жұмысшыларының көпшілігі топтық күресте айыпталды, мұны VІ-шы өлкелік партконференция растайды (1927ж. қараша). Бірақ басты «топтастырушылардың» бірі С.Садвақасовтың ісімен арнайы айналысқан ВКП (б) Орталық Комитеті мұндай топ анықтаған жоқ.
20-шы жылдардың соңына қарай жағдай шиеленісуі мен күдіктену жаппай орын алды. Орталықта троцкий-зиновьев оппозициясымен және ұлттық республикаларда «оң оппортунистермен» күрестің шиеленісуі ұлт- азаттық қозғалыстың өкілдерін жазалаудан байқалды. 1928ж. соңында жалған айыппен 44 адам тұтқындалды, олардың ішінде «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталған Алаш Ордасының бұрынғы қайраткерлері де бар – А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Х.Габбасов және т.б. құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақпаев және т.б. бар басқа ұлттық зиялық қауым тобы (40 адамға жуық) 1930ж. қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды.
20-шы жылдар соңында 30-шы жылдар басында ССРО әлеуметтік- экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленіскен сайын бүлдіргіш антисоветтік элементтерді және астыртын ұйымдарды іздеу қарқыны жоғарылай бастады. Орталықтағыдай сияқты («проартиясы» және «шарулар партиясы» ісінің қаралуы) Қазақстанда ұлттық нұсқада жауларды іздеу басталды. Кәсіпорындар шахталарындағы кездейсоқ апаттарды, колхоздар мен совхоздардағы мал өлімін, өрт және басқа да апаттарды таптық жаулар себептерімен түсіндіретін. 1932ж. Семейде, осы облыстың Абралы,

Шынғыстау, Кувск аудандарында орталығы Алматыда орналасқан іс жүзінде жоқ «Қазақстанның шаруалар партиясының» филиалы «ашылды».
Мәскеулік процестерге ұқсас жергілікті жерлерде «ашық» сот жиналыстары ұйымдастырылды, мұнда айыпкерлерден мойындау «түсініктері» сығып алынатын. 1937ж. мұндай процестер Урджар, Пресновск және т.б. аудандарда өткізілді. Бұрынғы Қарқаралы округінің жетекші партиялық-советтік жұмысшыларына жүргізілген қылмыстық іс үлкен резонанс тудырды. 1937-38жж. жалған айыппен Т.Рысқұлов, Н.Нұрманов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, У.Жандосов, А.Досов, Асылбеков, Ж.Садвақасов, Л.Мирзоян, А.Сарабеков, Ж.Сұлтанбеков, Т.Жүргенов, Н.Сырғабеков, З.Төреғожин сияқты және көптеген басқа да Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері репрессияға ұшырады. Қазақ ғылымы мен мәдениетіндегі орны толмас қаза. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, К.Жұбанов, Ж.Шанин, К.Кемегеров және көптеген басқалары репрессия құрбандарына айналды.
Сонымен, 30-шы жылдардың соңында тоталитарлық режим қоғамдық саяси өмірдің барлық салаларында бекінді. Оның көріністері Қазақстанда аса көріксіз түрде бейнеленіп, зорлап коллективтендіру және 1937-1938жж. саяси репрессиялар кезеңдерінің қайғылы оқиғаларымен жалғасты.
Өлкеде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанға одақтық республика мәртебесінің берілуі, мәдени құрылыс, халықтық білім беру және ғылым салаларындағы табыстар тоталитарлық режимнің қатаң идеологиялық қыспағымен орын алып жатты. Осының барлығы Қазақстанның ССРО құрамында әрі қарай дамуының алдын алды.
Шынайы тарихты қалпына келтіру – бұл мыңдаған жазықсыз құрбандардың естелігін құрметтеу және болашаққа тағлым. Қазіргі кезде бұл шын мәнінде халықтық іске айналуда. Сондықтан 1997 жыл қоғамдық келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жарияланды.
Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша көптеген әдебиет баршылық, оның ішінде көп томдық Ұлы Отан соғысының тарихы. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия опасыздықпен, соғыс жарияламай Совет Одағына шабуыл жасады. 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы барлық кеңес халықтары үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін өте ауыр сынаққа айналды. Ол әр отбасына қайғы-қасірет әкелді. Кеңес халқы жеңіске жету жолында 20 млн. адам өмірін құрбан етті. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысын, оның жеке эпизодтары мен оқиғаларын бұрмалау жиі кездесуде, бұл тура қорлаушылықтың өзі. Кеңес халқы өз болашағын қорғаған. Жаңа әлем жасап, оның нәтижелерін көріп отырған халық соғысты. Соғыс алдындағы жылдарда жүргізілген фашисттерге қарсы насихат халыққа орасан зор ықпалын тигізді. Сандырақ идеялары кернеген фашист басшылары қандай мемлекет құрып жатқандығын кеңес халқы түсінген. Азаматтық соғыс кезеңіндегі Республика тарихымен танысу барысында, негізінен ел алдында

тұрған стратегиялық мәселелерді шешуде Қазақстанның үлесі мен атқарған ролін анықтап алу керек: жауға тойтарыс беру, жұмылдыру жұмысы, халық пен кәсіпорындарды фронт маңындағы облыстардан шығысқа қарай көшіру, мықты тылды жасау, барлық қорларды фронт қажеттіліктеріне шоғырландыру.
Соғыс басталғаннан кейін жедел түрде жоғары Төтенше орган – Мемлекеттік қорғау комитеті құрылды. Бүкіл ел өмірі – партиялық, мемлекеттік, шаруашылық органдардың жұмысы әскери салаға көшірілді. Жаппай мобилизация жарияланды. Соғыстың алғашқы күндері әскери қызметке бір уақытта әр түрлі 19 жас ішіндегі адамдар шақырылды. 1939ж. халық санағы бойынша Қазақстан халқы 6,2 млн. адам құраған. Соғысып жатқан әскер қатарына шамамен 1,2 млн. адам және еңбектік әскерге тағы 700 мың адам шақырылды. Сонымен, әр үшінші қазақстандық Отанды қорғауға шықты.
Қазақстандықтардың көпшілігі қызметтегі әскерге марштық толықтыру ретінде енді және шамамен үштен бірі республикада қалыптасып жатқан құрамалар мен бөлімдерге алынды. Бұл 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиялары болды. Әр түрлі әскерлер түрлерінен 7 атқыштар бригадасы, шамамен 50 жеке полк және батальон. Оның ішінде 3 кавалериялық дивизия және 2 атқыштар бригадалары қазақ ұлттық құрамалары ретінде қалыптастырылды. Қазақстанда қалыптастырылған бөлімдер мен құрамалар соғыстың алғашқы күндері мен апталарынан ұрысқа кірісті. Бұл 310, 312, 316, 238, 391, 387 атқыш дивизиялар 39-шы атқыштар және 74, 75-ші теңіз атқыштар бригадалары. Соғыс аяқталғанға дейін сақталған барлық 12 дивизия құрметті атақтар алып, 5 – бір, 4 – екі, ал 2 – үш орденмен марапатталды. Қазақстандықтар барлық фронттарда, барлық шешуші ұрыстарда – Мәскеу маңында, Сталинградта, Курск доғасында ерлікпен шайқасты; Еуропа елдерін босатып, жауды ұясына дейін талқандады. 28 панфиловтықтардың ерлігі мен табандылығы бүкіл әлемге танымал болды.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғаушылар ішінде де болды; жасақтар мен құрамаларды Т.Ахмедияров, К.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.О.Түлешев, В.И.Шаруда сияқты қазақстандықтар басқарды.
Рейхстаг ғимаратына жеңіс туын қазақстандық Р.Қошқарбаев біріншілердің бірі болып орнатты. Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болған қазақстандық екі жас қыз М.Мәметова және Ә.Молдағұлова Кеңес Шығысының жалғыз әйелдері болды. Ұшқыш-штурмовик Н.Әбдіров – Н.Гастеллоның ерлігін қайталағандар ішінде бірінші болды.
497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, ал 4 ұшқыш: Т.Я.Бегельдінов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский бұл атаққа екі мәрте ие болды. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерліктері халық есінде мәңгі сақталады.
Жауды жеңуде Қазақстан экономикасының ролін асырта бағалау мүмкін емес. Қ.Сәтпаевтың еңбегі арқасында Жезді марганецті кен орны 38 күн ішінде іске қосылды. Бұл қиын-қыстау кезеңде, Никипольдегі жалғыз сенімді марганец кен орны жау басып алған аймақта қалғанда орындалған іс. Қара

металлургия заводтарының тоқтап қалу қауіпі төнді. Қазақстанға фронт маңындағы облыстардан 220 кәсіпорын көшірілді. Өте қысқа мерзім ішінде олардың барлығы іске қосылды. Көптеген кәсіпорындар қару-жарақ өндіруге келтірілді.
Донбассты уақытша жоғалтып алу жағдайында Қарағанды көмір бассейнінің ролі ерекше жоғарылады. 4 жылға созылған соғыста Қарағанды кеншілері 34 млн. тонна көмір өндірді – бұл бассейннің жалпы жұмыс істеген жылдарының барлығын қосқандағы мөлшерден 3 млн. тоннаға артық. Соғыстың бүкіл оттық металы (85%) Шымкент қорғасын заводында өндірілді. Республикадағы басқа да түсті металлургия кәсіпорындары осындай шешуші роль атқарды. Орал-Ембі мұнай өндіру аудандарының кәсіпорындарындағы сұйық отынды өндіру 39% артты.
Республиканың ауыл шаруашылығында да өнеркәсіптегідей қиын жағдай соғыс аяқталғанға дейін сақталып отырды. Барлық ер халық, қолда бар тапшы автотехника, жылқылардың бір бөлігі жаппай жұмылдырылу жағдайында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірілуін ұлғайту қажеттілігі аса қиын мәселе болды. Бұрын соңды болмаған күштердің жұмылдырылуымен ауыл еңбеккерлері фронттың және тылдың қажеттіліктерін бекітілген нормалар бойынша қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ азық-түлік өнімдерінің, бірінші кезекте нанның және басқа да бірінші қажеттілік тауарларының нормаланып бөлінуі бекітілді.
Ғылым мен мәдениет те фронт қажеттіліктеріне қызмет етті. 1942 жылдың наурыз айында ғалымдар халық шаруашылық және қорғаныс мәселелерінің 150 тақырыбы бойынша ұсыныстар мен әзірлемелер енгізді. ССРО ҒА, Мәскеу және Ленинград киностудияларының Алма-Атаға көшірілуі Қазақстанның ғылымы мен өнерін өрлетті. Республикада аттары әлемге әйгілі ғалымдар еңбек етті: И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратов, А.А.Скачинский, аты шыққан балерина Г.Уланова және т.б. Қоршауға алынып, оқ жаудырылып жатқан Ленинградтың көшелері мен алаңдарында 100 жасқа келген Жамбылдың «Ленинградтықтар, балаларым менің!» үндеу сөздері таралып жатты. Майдан мен тылдың бірлігі халықтың майданға жаппай көмек көрсетуімен, қаржы жинаумен және Ұлы Отан соғысының майдандарына республика делегацияларының шығуымен бейнеленді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның сол Ұлы Отан соғысының бір бөлігі ретіндегі тарихы, халық сын жылдарда жоғары рух беріктігін танытып, кез-келген қиындықтарға төзе алатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, ол алдынғы кезеңдердің қарама-қайшылықтарын да көрсетеді, бұл кезде қайғылы теріс құбылыстарға қарамастан, жолында құрбан болып, аянбай қорғайтын дүниелер көп болды.
Қазақстан 15 одақтық республикалардың бірі ретінде бұл кезеңде мұнда өткізілген шаралардың сипаты мен мазмұнына қарай әр түрлі атаулармен аталды: алып АӨК құрылыстарының ауқымына қарай ұлы коммунизм құрылысының республикасы, этно-демографиялық процестерге байланысты

нтернацианолизм зертханасы, Қазақстанда бірегей құрылыс объектілерінің орналасуына қарай социалистік лагерьдің ракеталық-ядролық қалқасы.
Елді 30-шы жылдары билеген қорқыныштың артта қалып, жойылуы соғыстың және жеңістің маңызды моральды-психологиялық нәтижесі болды. 30-шы жылдардағы рецидив қайталанбайтындай көрінді. Өкінішке орай жағдай басқаша болды. Іс жүзінде кеңестік құрылыс сыртқы және ішкі жауларсыз өмір сүре алмайтын болып шықты. Кезекті әлемдік үстемдікке үміткер АҚШ жаңа сыртқы жау ретінде аталды, ал оған дем берушілердің барлығы – ішкі жау деп танылды. Соғыс аяқталысымен-ақ космополитизмге «ғылымдағы буржуаздық объективизмге» қарсы күрес компаниясы басталды. Идеологиялық мәселелер бойынша, оның ішінде «Жұлдыз» және «Ленинград» ленинградтық әдеби журналдар бойынша БКП (б) Орталық Комитеті бір қатар қаулылар қабылдады; ғылым мәселелері бойынша бір қатар талқылаулар өткізілді. Ғылым және мәдениет қайраткерлері космополитизмде, Батысқа табынуда, советтік болмысты бұрмалауда, буржуаздық объективизмде айыпталды. Компаниялар бүкіл одақты қамтыды. Яғни, жолдан тайғандарды жергілікті жерлерден де ұлттық нұсқада іздеу керек болған. Мұндайлар кешікпей-ақ табылды. Саны көп емес тарихшы- қазақтардың бірі – Ермұхан Бекмаханов бұлардың ішіндегі біріншісі болды.
1950ж. «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін марксистік- лениндік тұрғыдан түсіндіру үшін» атты мақала шықты, мұнда Бекмахановтың «Қазақстан ХІХғ. 20-40-шы жылдарында» атты монографиясына ұлтшылдық деп айып тағылды. Авторы репрессияларға ұшырады, бұл мақала 1951 жылдың сәуір және маусым айларында 2 мәрте Қазақстанның КП ОК қаралды. Түбегейлі қарастырылғаннан кейін Бекмаханов Ғылымдар Академиясынан шығарылды, ал 1952 жылдың желтоқсан айында ҚазССР Жоғары Сотының сот коллегиясымен 25 жылға сотталды. Тек И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана Бекмаханов ісі қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ деп танылып, тоқтатылды.
«Бекмаханов ісі» 40-50-шы жылдардың басында жалғыз іс болған жоқ. Республиканың танымал ғалым қоғамтанушылары А.Жұбанов, Х.Жұмашев, Б.Сүлейменов, Е.Исмаилов, дарынды жазушы Ю.Л.Домбровский осындай әділетсіз саяси айыптардың құрбандарына айналды. А.Әбішев, К.Аманжолов, К.Бекхожин, С.Бегалин және басқа да әйгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жасады деп негізсіз айыпталған. Құғынға ұшыраған Қазақ ССР ҒА Президенті Қ.Сәтпаев және әйгілі ғалым және жазушы М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
Бірақ СОКП ХХ-съезіндегі (1956ж. ақпан айы) жеке адамға табынудың айыпталуына қоғамның бір бөлігі «хрущев оттепелі» деп баға берді. Бірақ командалық-әкімшілік жүйе негіздері әлсіреген жоқ. «Хрущев оттепелі» кезеңіндегі ел басқарылуы бір шектен екінші шекке шексіз жалт бұрылу деп сипатталады. СОКП ОК Қазан Пленумына (1964) қатысушылардың бірі тауып айтқандай, Хрущевті ұйымдастырушылық қышуы кернеген. Ұйымдастырушылық қайта құрулар қоғамдық өмірдің барлық жақтарын, әсіресе ауыл шаруашылығын жанап өтті.

Тікелей Қазақстанға тиісті болған ауыл шаруашылығы саласындағы ірі шаралардың бірі шаруашылық айналымға тың жерлердің үлкен массивтерін алу – тың жерді иегру болып табылды. Тың жерлерді игеруге кірісудің қарсаңында кадрлық өзгерістер жасалды. Қазақстан Компартиясының VІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметіне П.К.Пономаренко, хатшысы қызметіне Л.И.Брежнев сайланды. Шаяхметовты ығыстыру туралы мәселе Қазақстанның партиялық ұйымымен келісілмей, коммунистер кеңесісіз Кремльде шешілген.
Ақпан-наурыз пленумында (1954ж.) 1954-1955жж. өзінде ел шығысында, негізінен Қазақстанда 13 млн. га кем емес жерді игеру көзделген. Осыдан кейін, 1956ж. тапсырма қайта қаралды. Енді қосымша 25-30 млн. га кем емес жерді игеру көзделген. Бұл ауданның жартысына жуығы Қазақстан үлесіне келген. Тың жерлерді игеру дәстүрлі түрде кезекті шулы компания ретінде өтті. Қарбалас жағдайда жергілікті жалған белсенділермен астық шаруашылығына мүлдем жарамайтын, бірақ ғасырлар бойы жайылымдар ретінде пайдаланылған миллиондаған гектар жер айдалды. Жел эрозиясы мәселесі туындады. Республика халқының кезекті этнодемографиялық жағдайының бұзылуы орын алды. Қазақстанға жүз мыңдаған тың игерушілер қаптап кетті. 1954 жылдың наурыз айында Қазақстанға негізінен РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан ұйымдастырып жинау бойынша 250 мың тың игерушілері келді. Бақыланбайтын көші-қон республикадағы байырғы халықтың меншікті салмағының 30% төмендегеніне әкеліп соқтырды. Нәтижесінде қазақ халқының тіліне және әлеуметтік мәдени институттарына объективті қауіп төнді.
Экономикаға келетін болсақ, берілген бөлімде жоғарыда айтылғандай, соғыстан кейінгі бес жылдықтарда Қазақстанда алға басу қарқыны сақталып отырды. 60-70-ші жылдарда аймақтардың өндіруші күштерін кешенді дамыту, АӨК – аймақтық өндіріс кешендерін құру идеясы пайда болды. Қазақстанда осындай бірнеше кешен құрылды: Қарағанды, Павлодар- Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және т.б. Қарағанды металлургия комбинаты, Екібастұз көмір кеніші және арзан Екібастұз көмірінің негізінде алып қуатты ЖЭЦ, Ертіс-Қарағанды арнасы, республика оңтүстігіндегі химиялық өнеркәсіп және түсті металлургия кәсіпорындары сияқты алыптар құрылып және құрылыстары жүріп жатты. Республикада ауқымды құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өнеркәсібі құрылды. Бірақ олардың барлығы әлі де болса шикізат салаларының кәсіпорындары болды. Қазақстандық индустрияның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсті. Экологиялық қауіп төнді. Екібастұз ЖЭЦ түтінді ізі Монғолиядан анықталды. Арал, Балқаш апатқа ұшырады, шаң дауылы және жел эрозиясы туралы жоғарыда айтылып кетті.
Республикадағы экологиялық апат Қазақстанда әлемдік социалистік лагерьдің «ракеталық-ядролық қалқасын» құрумен байланысты болды. Семей полигонындағы алғашқы ядролық жарылыс 1949ж. жасалды.
Барлығы 500-ге жуық жарылыс жасалды. Тұңғыш кеңестік жасанды Жер серігі Байқоныр космодромынан 1957ж. 4 қазанда жіберілді. Қазақстан

жеріне тек космоновтар қонып қана қоймай, қазақстандықтар басына апатқа ұшыраған космостық объектілердің сынықтары түсіп жатты. Семей полигонына, Арал маңына, Азғыр полигонына таяу аймақтарда тұрған миллиондаған халықтың денсаулығына қауіпті зиян келтірілді. Олар сынақтар құрбандарына айналды. Кеңестік жүйенің қарама-қайшылықтар шұмағы 70-ші жылдар аяғында 80-ші жылдар басында шарасыз үлкейіп жатты. Экономикадағы, экономикалық дамудағы тоқырау осының алғашқы және көрнекті көрінісі болды.
8-ші бес жылдықтан бастап экономика өсімінің, бірінші кезекте өнеркәсіптік өнімнің ұдайы төмендеуі байқалды. Егер 8-ші бес жылдықта ол 7-8% құраса, кейінгі 9-10-шы бес жылдықтарда ол 4-5% төмендеді, ал 11-ші бес жылдық жоспары орындалған жоқ. Бұл өсім әр жолы жаңа, өсірілген негізде жүзеге асатындығымен түсіндіріліп, жартылай ақталды. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығында орын алған дағдарыс құбылыстар басшылықты реформалар жасауға мәжбүр етті. Өнеркәсіптегі және құрылыстағы бірінші жарияланған ірі экономикалық реформа 60-70-ші жылдары өткізілді, сол кезде ауыл шаруашылығында да орын алды. Ол басқарудың жаңа жүйесіне көшу, экономикалық ынталандыруды жоспарлау деп аталды. Бірақ күтілген тиімділікті реформа ақтаған жоқ. Өйткені командалық-әкімшілік жүйе өзгеріссіз қалды. Бұл кезде 1979ж. басталған екінші, қосымша реформа қажет болды.
Кеңес экономикасы өзіндік құн, энергия сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, тауарлар сапасы деген сияқты сапалы көрсеткіштерде әлемдік экономикадан бірнеше ретке артта қалды. 10-шы бес жылдық тиімділік бес жылдығы деп, ал 11-ші бес жылдық тиімділік және сапа бес жылдығы деп жарияланғанына қарамастан, жағдай өзгерген жоқ. Ұрандармен іс түзетілмейтіні, маңызды шаралар қажет екендігі анық болды. Тек кейіннен ғана, қайта құру жағдайында экономикалық қиындықтар панацеясын үш «Ө»-ден іздей бастады: өзін-өзі өтеушілік, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару. Еңбек ұйымдастырылуында бригадалық мердігерлік енгізілуі насихатталды. Өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру үшін өзін-өзі басқару қажет екендігі анық. Бірақ ол болған жоқ. Сонымен қатар өзін-өзі билеу жұбанышы бағаларды өсіру арқылы пайда түсіру үшін қолданылды. Күрделі экономикалық қиындықтар туралы СОКП ХХVІІ съезінде ашық айтылды. Тоқырау құбылыстары қоғамдық өмірдің барлық салаларын, бірінші кезекте экономиканы қамтығанын, бұл стратегиялық апатқа әкелетіндігін мойындап, съезд стратегиялық курс жариялады – тоқырауды үдету жолымен жеңу. Дәл үдету арқылы. СОКП ХVІІ съезінде қайта құру туралы сөз де болған жоқ. Бірақ үдету орындалмай жатты. 1986ж. шамалы жанданудан кейін экономика депрессия фазасына енді, ал кейбір жерлерде тіпті артқа шегіну де орын алды. Сонда, 1986ж. жазында басшылық бірінші рет қайта құру қажеттілігі туралы, басқаруды демократизациялау арқылы қайта құру, төменгі басқару құрылымдарының өзін-өзі басқаруын кеңейту туралы сөз қозғады. ХІХ Бүкіл одақтық партиялық конференция – соғыстан кейінгі кезеңдегі алғашқы партиялық

конференция (1988) осы кампанияның кемеліне айналды. Әлеуметтік салада өткір қарама-қайшылықтар сақталып отырды. Соғыстан кейінгі бес жылдықтарда, әсіресе 70-ші жылдары еңбекақының минимум мөлшері айына 70 рубльге дейін көтеру, зейнетақының орташа мөлшерін 51,1 рубльдан 93,3 рубльге дейін көтеру сияқты ірі әлеуметтік шаралар жүзеге асырылғандығына қарамастан, өсіп келе жатқан құнсыздану және аты шулы тапшылық үшін нақты еңбекақы төмендеп, 1985 жылы «қайта құру» басталған кезеңде рубль 60-шы жылдардың ортасындағы 54 тиынына тең болды.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағынуы, әлеуметтік-мәдени сала мәселелерінің дұрыс бағаланбауы, халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан жалпы одақтық көрсеткіштерден артта қалуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей полигоны әсер ету аймағында, Арал маңында орналасқан аудандар апатты жағдайда болды. Көпшілігі тұрғылықты халық тұратын ондаған алыстатылған ауыл аудандары қалыпты медициналық көмекпен, ауыз сумен, көкөністермен, жемістермен қамтылмады, бала бақшалар, кітапханалар жетіспеді.
Соғыстан кейінгі кезең, әсіресе 60-70-ші жылдар ұлттық мәдениеттің күшейіп келе жатқан құлдырауымен сипатталады. Ұлтаралық қатынастар тілі – орыс тілі деп, бұл тіл кеңес адамдары үшін екінші ана тіліне айналды, мұнда орыс тілі жаңа тарихи ортақтық белгілерінің бірінің расталуын табады деп көз бояды, ал шын мәнінде мемлекеттік орыстандыру саясаты өткізілді. Қазақ мектептері жабылды немесе олар орыс тілде оқытуға көшірілді. Өсіп келе жатқан ұрпақты ана тілінен айыру бүкіл ұлттық мәдениет тамырларын үзді.
1979 ж. оқиғалары ұлттық қатынастарда үдеп келе жатқан қайшылықтардың көрінісі болды. Целиноградта қабылданған – Қазақстан аймағында неміс тәуелсіз облысын құру туралы шешім халықтың 1979ж. 16 маусымдағы наразылық акцияларын туындатты. Жарияланған қайта құруға қарамастан, жүйе өзінің стратегиялық ұстанымдарын өзгертпейтіндігін республикадағы 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғалары көрсетті. 30- шы жылдардың ең нашар үлгілерінде орындалған республикалық басшылықты ауыстыру тәсілі озбырлықтың кез-келген көрінісіне тез әсер ететін жастардың наразылығын туындатты.
Қазақ жастарының 1986ж. шығуы ұлтшылдық болған жоқ. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталған жоқ. Шеру бейбітшіл және саяси сипатты болды, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ. Дегенмен, республиканың және орталықтың партиялық- бюрократтық құрылымдар тарапынан бұл шеру жастардың ұлтшылдыққа бағытталған экстремистік бөлігінің көтерілісі деп бағаланды. Үкімет шеруге шыққандарды алаңда аяусыз жазалаумен шектелмей, жастардың көп бөлігін сот құғынына ұшыратты. СОКП ОК қазақ ұлтшылдығы туралы масқаралы қаулысы шықты, тұтас бір ел ұлтшылдықта айыпталды, бұл айыптау тек

қазақстандық делегация бұл мәселені ССРО халық депутаттарының І- съезінде күн тәртібіне қойғаннан кейін ғана алынды.
80-ші жылдардың соңы Кеңес мемлекетінің ыдырауының басталуымен ерекшеленді. Халық депутаттарының І-ші съезінің өзінде суверенитет, экономикалық дербестілік, өкілеттікті орталық пен федерация субъектілері арасында бөлу, жаңа одақтық келісім жасау идеялары талқыланды. Жаңа болмысты ескеріп, Одақты реформалау идеясы автономиялар жағынан кең қолдауын тапты. Қазақ ССР-де республиканың өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру концепциясы әзірленді. Республика тәуелсіздігін экономикалық және саяси салаларда нақты толықтыру қажеттілігі туралы шешімді айтылды.
ХІХ партиялық конференциядан кейінгі кезең, 80-шы жылдар соңы қоғамның шапшаң саясаттаныдырылу кезеңі. Жиі жағдайда үкіметке қарсы келетін жаңа қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. Шахтерлер, оның ішінде қарағандылық шахтерлердің көтерілістері қоғамды дүрліктірді. ССРО халық депутаттарының І-ші съезі қоғам саясаттаныдырылуына қуатты импульс берді, бұл съез отырыстарының көрсетілімі көп миллионды аудитория зейінін аулады. Өкімет жағдайды бақылай алмады. Елде мемлекеттік билік жүйесінің және экономиканың қарқынды күйреп жатқан жағдайында Қазақстанда президенттік басқаруды енгізу заңдылық болды. 1990ж. 24 сәуірде республиканың Жоғары Кеңесімен Қазақ ССР Президенті посты құрылды және парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде бұл қызметке Н.Ә.Назарбаев тағайындалды. Президенттің Семей ядролық полигонында сынақтарды тоқтату туралы, ҰОС қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің өзіндік елеулі кезеңдеріне айналды. Республиканың Жоғары Кеңес Президиумы Алма-Атыда 1986ж. 17-18 желтоқсанында орын алған оқиғаларға байланысты жағдайлардың қорытынды бағалануы бойынша арнайы комиссия құрды.
1990ж. 25 қазанында республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. 1991ж. ортасына қарай Қазақстан басқа да республикалар қатарында орталыққа оппозиция құрды. Қазақстан бастамасымен Белоруссия, Украина, Ресей және басқа да республикалармен бір-бірінің тәуелсіздігін, өзара тиімді экономикалық байланыстар орнататын қалыптасқан шекараларды мойындайтын екі жақты келісімдер жасалды. 1990ж. желтоқсан айында төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы ұсыныс жасады. Жаңа огарлық келісім жасау бойынша біріккен жұмыс басталды.
1991ж. тамыз оқиғалары бұл жұмысты тоқтатып, ССРО ыдырауын және бұрынғы одақтық республикалардың, оның ішінде Қазақстанның тәуелсізденуін тездетті. Осындай күрделі жағдайда қазақстандық мемлекеттілікті демократизациялау шегінде ҚазССР Президентіне республикада жоғары атқарушы және жарлықшы өкіметінің басшысы ретінде жеткілікті өкілеттілік беру қажеттілігі туындады. Бұл өкілеттілік

1991 ж. 20 қарашада Жоғары Кеңеспен қабылданған Қазақ ССР «Қазақ ССР мемлекеттік өкімет және басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ ССР Конституциясына (негізгі заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен ұсынылды. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттілік дамуының динамикалық процесі басталды. 1991ж. 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында бүкіл халықтық тұңғыш Президент сайлауы өтті. Халықтың демократиялық еркін білдіру нәтижесінде Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Республикада өзгертулер жасалды: құқық қорғау органдарының департизациясы. Президент Жарлығымен мемлекеттік кәсіпорындар және одаққа бағынышты ұйымдар Қазақ ССР Үкіметінің құзырына берілді. Республиканың сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, Қазақстанда алтын және алмаз қорларын жасау туралы жарлықтар шығарылды.
1991ж. 10 желтоқсанда бүкіл халықпен сайланған тұңғыш Президент қызметіне кірісті. Республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР-ді Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы шешім қабылдады. 1991ж. 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аймағында толық билікке ие, сыртқы және ішкі саясатын өз бетімен анықтап, жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
ХІ-бөлім. Тұрғын халық және демографиялық процестер (ХІХ-ХХғғ.)
Қазақстан Республикасы этникалық, ұлттық және конфессионалды құрамы жағынан бірегей құбылыс түрінде ұсынылады. Бүгінгі күнде республикада 131 ұлт өкілдері тұрады. Осындай әр тектілік орта ғасырларда да өзекті болған. Тіпті Қазақ хандығының өзі бастапқыда бөлініп шыққан тайпалар конгомератын құрған. Дегенмен соңғы 150 жыл ішінде Қазақстан Республикасы аймағында орын алған демографиялық өзгерістерді ерекше деп есептеуге болады. Біздің ел сияқты, кезінде сорлаған, қуылғандар үшін туған жерге айналған Бразилия, АҚШ және басқа да көптеген елдермен қатарластыра салыстыру өзінен-өзі ойға келеді.
Қазақстан Республикасындағы демографиялық процестер бір-бірінен сапалы түрде ерекшеленетін бірнеше кезеңде өтті:
-Бірінші кезең патша үкіметінің 1917 жылға дейінгі көші-қон саясатымен байланысты.
-Екінші кезең анағұрлым күрделі болады және 1917 жылғы революциядан басталады, тоталитарлық жүйе үстемділігі кезеңінде жарқын көрініп, біздің тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі болып табылады.
-Ауқымды аграрлық миграция, урбанизация және көптеген басқа құбылыстар үшінші кезеңге тән болды.
— Демографиялық өзгерістердің төртінші кезеңі «тоқырау» дәуірінің белгісін алып, қайта құрудан туындаған.

— Қазіргі заманғы — бесінші кезең бүгінгі Қазақстанның болмысын бейнелейді.
Халық санағының мәліметтері, әрине, демографиялық өзгерістерді зерттеудің негізгі көздері болып табылады. ХІХғ. аяғына дейін Ресей империясындағы жүйеленбеген демографиялық ақпарат (Қазақстан оның бір бөлігі болған) біріншіден, полицейлік-әкімшілік есеп материалдарында, екіншіден, шіркеу есебінің құжаттарында, үшіншіден, түндік салық мәліметтерінде, төртіншіден экспедициялар материалдарында сақталған.
1897ж. Қазақстан Ресей империясында өткізілген 1-ші Бүкіл ресейлік санаққа енгізілді. Ресей империясындағы бірінші және жалғыз жалпы санақ 1897 жылдың 9 ақпанына өткізілді. Санақтың бір қатар маңызды кемшіліктеріне қарамастан, дегенмен, оның мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы қозғалыс туралы айтуға болады. 1897-1917 жылдар аралығында қазақ халқы 1 млн. 200 мың адамға ұлғайды, бірақ оның меншікті салмағы азайды. 1897-1917жж. аралығында демографиялық процестерге әсер еткен негізгі факторлар:
1. Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты: 2 көші-қон толқындары (бірінші – ХІХ ғасырдың екінші жартысында және екінші – ХХ ғасыр басында). 1871-1917 жылдарда өлкеде 1,6 млн. астам адам қоныстанды, олардың көпшілігі Қазақстанға 1907-1916жж. келді.
2. Жоғары балалар өлімі және жеткіліксіз медициналық көмек.
3. Қазақ халқының орта жылдық өсімінің төмендігі.
ХІХ ғасырдың соңына қарай халықтың көпшілігі Сырдария; ең азы —
Торғай облысына келетін. Ел ең тығыз орналасқан уездер – Орал, Петропавл, Қостанай және Семей уездері. 1881-83жж. Петербор келісіміне сәйкес (1881ж. 12 ақпан) 45373 ұйғыр және 4682 дунған Жетісу облысына көшті. Сол кезде шетелден 25 мыңнан астам қазақ көшіп келді. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда 60 ұлт өкілдері өмір сүрді, олардың арасында түркі тілді халықтардан басқа (қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт және т.б.) неміс, поляк, мордва, дунған, тәжік, еврей және т.б. халықтар тұрған.
Екінші кезең басталысымен тұрғылықты халықтың тек пайыздық емес, сонымен қатар сандық жағынан да күрт төмендеуі байқалады. 1917ж. екі революция (ақпан және қазан), азаматтық соғыс, 1918 жылы Түркістан АССР құрылуы (және оның құрамына қазақтың екі облсының – Жетісу және Сырдария облыстарының енгізілуі), 1920ж. кеңеске қарсы бүліктер және олардан кейінгі жазалау экспидициялары этникалық және әлеуметтік құрамға теріс әсерін тигізді. Бірақ қайғылы оқиғалар қатары осымен аяқталған жоқ. 1920ж. қазан айында ҚАССР жарияланды (РСФСР бөлігі ретінде), оның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді (мұнда орыс халқы басым болған). 1921ж. 28 ақпанда ҚазОАК қалымды және көп әйел алуды жою туралы Декрет қабылданды. 1921-22жж. – қатты құрғақшылық жаппай ашаршылыққа әкелді, оның нәтижесінде 1114 мыңнан астам қазақ қайтыс болды.

1924ж. – Орта Азия республикаларының ұлт-аймақтық бөлінуі, оның нәтижесінде ТүркістанАССР қзақ аудандары Қазақстан құрамына кірді. Орынбор губерниясы Ресейге берілді. Бірте-бірте урбанизация процесі орын алады, және де қала тұрғындарының саны 1897 жылдағы 265,4 мыңнан 1926 жылы 520,5 мыңға дейін жоғарылайды. Ең көбірек қалаландырылған халықтар – татарлар, өзбектер, орыстар және ұйғырлар; ең аз қалаландырылғаны – қазақтар, украиндар, немістер, бірақ ауыл тұрғындарының саны қала тұрғынадрының санынан күрт басым болды. Кейіннен, демографиялық өзгерістердің екінші кезеңінде мынадай тенденциялар байқалды:
Түрксіб құрылысы, Қарағанды көмір бассейнінің өндірісі және Балқаш мыс балқыту заводының құрылысы одақтың басқа елдерінен көптеген мамандардың қатысуын талап етті, өз кезегінде Қазақстаннан халықтың бір бөлігі ССРО құрылыстарына қоныс аударды: Магнитогор металлургиялық заводының құрылысына – 4,5 мыс отбасы (35-37 мың адам), Батыс Сібір кәсіпорындарына – 30 мыңнан астам қазақ және т.б. 1918ж. наурыз айынан коммуналар құрылысы үшін қозғалыс басталады (Қазақстанға Петербордан, Мәскеуден және т.б. жұмысшылар келеді). 1921 ж. басына қарай қоныс аударушылардан құралған 150 коммуна құрылды. 1921-22жж. ашаршылықтан кейін Қазақстанда қоныс аударғандардың бірқатары Ресейге көшіп кетеді.
Қазақстанда жаппай ұжымдастыру және зорлап седентарлау өткізу нәтижесінде 1932-1933 жылдардағы ашаршылық келді.
Демографиялық процестерге Қазақстанда ГУЛАГ жүйесінің қалыптасуы, 1920-1930 жж. репрессиялар және жер аудару процестері маңызды әсер етті.
Сонымен қатар Қазақстандағы демографиялық процестерге Ұлы Отан соғысының нәтижелері әсер етті. 1941-1945жж. ішінде Қазақстанда (1995ж. мәліметтер бойынша) тікелей майдандарда қаза болғандардың саны 601 011 адамды құрады.
Үшінші кезең басталысымен 1954-62жж. Қазақстанға негізінен ССРО еуропалық бөлігінен 2 млн. адам келді. Урбанизация процестері жалғасуда және де қала тұрғындарының саны негізінен көші-қон есебінен ұлғаюда. Үшінші кезең кезінде туу жоғарылап, некеге тұру жасы төмендейді, өлім азайып, жағымды көші-қон жағымсыз көші-қоннан басым болады.
Төртінші кезеңде күрт өзгерістер орын алады, бұл кезде миграциялық ағымдар үш негізгі бағытта байқалады: халықаралық, республика аралық, республика ішінде. 1980-ші жылдарға жағымсыз миграциялық баланс тән. 1981-85жж. эмигранттар саны иммигранттар санына 320 мың адамға; 1986- 89жж. – 481 мың адамға басым болды. Бұл Қазақстандағы жағымсыз саяси процестер себебінен және ССРО-дан көшуге тыйым алынғаннан кейін (1988) орыстардың Ресейге кетуімен байланысты болды.
Соңғы – бесінші кезеңде жалпы қазақ халқы санының, сонымен қатар жеке халықтардың санының азаюы орын алды. Тек қазақ халқының абсолютты саны салыстырмалы түрде шамалы жоғарлауында меншікті

салмағы 5% артты, ал басқа халықтардың саны айтарлықтай қысқарды: орыстар — 5%, украиндықтар – 1,2%, өзбек, неміс, татар және басқа да халықтардың меншікті салмағы шамалы ғана қысқарды. Қоғамда саяси тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді сақтау үшін мемлекет басшысының жарлығымен ұлттық саясат мәселелерін шешу үшін Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Осы мақсатпен 2003 жылы Қазақстан Республикасында планетаның барлық діндерінің өкілдері қатысқан бірінші съез өткізілді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дін қайраткерлерінің кездесулерін өткізіп, адамзат дамуының ең маңызды мәселелерін талқылау бастамасы барлық діни басшылардың мақұлдауын тапты.
Қазақстандағы демографиялық жағдай бірқатар себептермен қолайсыз деп танылуда: Туу көрсеткіштерінің нашарлауы; Өлім жоғарылауы; жалпы республика, облыстар және жеке этникалық топтар бойынша халық өсімінің төмендеуі; Туу көрсеткіштеріне жақсы тұрмыс жағдайы және қалаландыру деңгейі әсер етеді; Балалары аз отбасыларынан шыққан жастар балалары аз отбасына бағдарланады; Алғашқы ауылдан шыққандар, қаладан шыққандарға қарағанда бала көптігіне бағдарланған.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында өлімді төмендетуге және халық денсаулығын жақсартуға, балалар санын жоғарылатуға және жағымсыз миграцияны төмендетуге бағдарланған демографиялық саясатты қалыптастыру бастамалары, көздері салынуда. Осындай сипатты мәселелердің шешілмегендігі бүгінгі күнде болашақта жағдайдың одан әрі тереңдетілуіне және әлеуметтік болмыстың ұшығуына әкеледі.
ХІІ-бөлім. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Кеңес Одағында орын алған тоталитарлық-коммунистік режим одақтас республикалардағы қоғамдық өмірдің барлық салаларының орталықтан қатаң реттелуіне негізделген. ХХғ. 80-ші жылдарының соңы – Шығыс Еуропа елдерінде социалситік идеологияның күйреу кезеңі. Одақтың өзінде экономикалық дағдарыс өсіп келе жатты, өндіріс төмендеуі күшейіп, тұтыну тауарларының жаппай тапшылығы пайда болды. ССРО билік жүйесі өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Үстем идеологиялардың бірі күйреуге ұшырап жатты. Одақтас республикалар ССРО тәуелсіз мемлекеттер одағына қайта құрылуын дайындап жатты.
1990ж. 25 қазанында Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларацияны» қабылдады. Декларацияны қабылдаудың негізгі мақсаты Одақтық келісімді жасау үшін саяси-құқықтық көз жасау болатын. Бұл құжат мемлекеттің ел ішінде мемлекеттік биліктің үстемдігі және сыртқы саяси қатынастарда тәуелсіздігі туралы алғашқы ресми

бағдарламалық мәлімдемесі болып табылды. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация Қазақстан тәуелсіздігінің заңды бекітілуінің бастамасын салды. Мұнда мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді:
1. Қазақстан аймағының бөлінбейтіндігі және қол сұғылмайтындығы туралы (3-бап);
2. Азаматтық институтын енгізу туралы (5-бап);
3. Одаққа өз еркімен берілген мәселелерден басқа, Конституцияның
және Қазақ ССР заңдарының басшылығы туралы (7-бап);
4. Жерге, жер қойнауына, суға, әуе кеңістігіне, өсімдік және жануарлар әлеміне, басқа да табиғи қорларға, халықтың мәдени және тарихи құндылықтарына, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуетке
деген ерекше меншік туралы (8-бап);
5. республика үлесіне сәйкес, жалпы одақтық мүліктегі, оның ішінде
алмаз және алтын қордағы өзіңнің үлесіңе деген құқық туралы (9-
бап);
6. республикада тұратын ұлттар мен халықтардың барлыө өкілдерінің
құқықтық теңдігі туралы (11-бап).
Декларация тәуелсіз Қазақстанның заңдарын құруға негіз болып, кейіннен 1993 және 1995 жж. Конституциядан бейнеленуін тапты.
1991ж. 19 тамызда елде төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) құрылуы туралы жарияланды. ТЖМК басшылары 1991ж. 20 тамыздағы кеңестік ресбуликалар басшыларының бұрынғы Одақтың қайта құрылуы туралы Жаңа Огарева келісіміне қарсы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты. Бүлік болған жоқ, қастандықтың белсенді мүшелері тұтқындалды. 19 тамызда болған оқиғалар Кеңес Одағының ыдырауын тездетті.
Одақ күйреуінің алғашқы тенденциялары Эстония, Латвия және Литва ССРО құрамынан ресми түрде шығып, тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін пайда болды. Олар әлемдік бірлестікпен тәуелсіз мемлекеттер, халықаралық құқық субъектілері ретінде мойындалды. Балтика маңындағы республикалардан кейін басқа да одақтас республикалар тәуелсіз мемлекеттер құру туралы мәлімдемелер жасай бастады. Тұтас мемлекет шегінде тек Қазақстан мен Ресей ғана қалды.
Қазақстан барлығы ССРО құрамынан шыққаннан кейін, өз тәуелсіздігін соңғы болып жариялады.
1991ж. 29 тамызда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа қол қойды. 1991ж. 8 желтоқсанында үш славян мемлекеттерінің – Ресей, Украина, Белоруссия басшылары Беловеж пущасында 1922ж. ССРО құрылуы туралы Келісімді жойды және Тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД) құрылуы туралы Келісімге қол қойды. 4 күннен кейін 13 желтоқсанда Ашхабадта Қазақстан және ортаазиялық мемлекеттер: Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан, Тәжікістан басшыларының кездесуі өтті. Бұл мемлекеттер басшыларының

мәлімдемесінде Достықтың тең құқылы құрылтайшылары болуға дайындығы туралы айтылды.
1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен бұрынғы 11 одақтас республикалардың басшылары келді. Бұл кездесудің нәтижесінде ТМД құру туралы Келісімі туралы хаттамаға қол қойылды, мұнда Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікістан Республикасы, Түркменістан, Өзбекістан Республикасы, Украина тең құқықпен және жоғары келісуші тараптар ретінде Тәуелсіз мемлекеттер достығын құрайтындығы көрсетілді. Сонымен, ТМД пайда болды, ТМД құрамына Қазақстан бұл кезде әлемнің көптеген мемлекеттерімен мойындалған, тәуелсіз мемлекет ретінде кірді.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы бұрынғы партиялық- кеңестік жүйенің қайта жөнделуіне және елдің қоғамдық-саяси өмірінің реформаларының кезеңдеп өткізілуіне әкелді. Бір партияның саяси монополиясы жойылды. 1991ж. 7 қыркүйекте Қазақстанның коммунистік партиясының кезектен тыс съезі өтті, бұл съезде өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданды.
1991ж. 16 қазанда «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заң қабылданды. Сайлау заңы алғашқы рет мемлекет басшысының «жасырын дауыс беру арқылы жалпы, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде» сайлануын бекітті. Бұл принциптер көпшіліктің саяси белсенділігін жоғарлатты, және әр азаматтың құқықтық санасында бейнеленуін тапты. Ел президентін сайлау туралы заң Конституция қабылдануына, сайлау механизмнің кейінгі демократияландырылуына әсер етті. Президентті сайлау заңы бойынша мемлекет басшысына көп құқықтар берілетін: ол республика аймағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуының, Коснтитуция және заңдар кепілі болып табылады; тәуелсіздікті, қауіпсіздікті және республиканың аймақтық тұтастығын қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдайды; Қазақстанды халықаралық қатынастарда ұсынады.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің «Қазақ ССР Президентінің сайлауын тағайындау туралы» Қаулысына сәйкес президенттікке үміткерлерді тіркеу 1991ж. 10 қарашаға дейін өткізілді, ал сайлау 1991ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Алғашқы жалпы халықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев ел президенті болып сайланды.
Президенттік басқару түрін таңдау мемлекеттік биліктің күшті және нығайтылған жүйесінің қажеттілігімен шартталды. Президент мәртебесі жоғары төреші ретінде, қоғамның саяси және экономикалық салаларының келісілген қызмет етуін, табысты реформалануын қамтамасыз етті. 1993ж. Конституция бойынша Президент мемлекет басшысы болып табылады және атқарушы органдардың тұтас жүйесін басқарады. Мұндай позиция 1995ж. жаңа Конституциясында күшейтілді. Мұнда Президенттің Конституцияның, адамның және азаматтың еркіндігінің символы және кепілі болып табылатын, мемлекеттік биліктің бүкіл тармақтарының келісілген қызмет етуін

қамтамасыз ететін мемлекет басшысы ретінде жаңа мәртебесі бекітілді. 1991ж. 10 желтоқсанда, өзінің қызметке кіріскен күні Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақ Советтік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта аталуы туралы заңға қол қойды.
1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіз даму жолымен жүретіндігін растап, мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны негізге ала отырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізідігі туралы» Конститциялық заң қабылдады, мұнда президенттік республикаға өту желісі жойылды.
Заң Конституция түрінде тәуелсіз мемлекеттік дамудың «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация» негізін салған алғашқы кезеңдерді рәсімдеді, оларды нақтылап, дамытты.
Елтаңба, ту және әнұран кез келген тәуелсіз мемлекеттің міндетті атрибуттері болып табылады. 1992ж. 4 маусымда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Мемлекеттік әнұранды музакалық редакциялау туралы» заңымен Қазақстанның мемлекеттік символдары: ту, елтаңба және әнұран бекітілді.
Әнұран – күрделі, музыкалық-поэтикалық шығарма. Әнұранның негізгі бөлігі Ш.Қалдаяқовпен шығарылған. 2006 жылға дейін халық әні деген атағы болған әнұран мәтіні елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен өзгертілді. Ақын М.Әлімбаев, К.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібиевалар және композитор М.Түлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамидилер шығарған ескі әнұран өзінің тарихи мәнін жоғалтқан жоқ.
Қазақстанның жаңа елтаңбасын таңдау критерийлері ретінде тарихи дәстүрлер мен фольклорлық мотивтер алынды. Сәулетші Ш.Уәлиханов және Ж.Мәлібекованың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы жасалды. Мемлекеттік елтаңба көк түсте мифтік аттар қанаттарымен жиектелген жан-жағына күн сәулелері тәрізді уықтар жіберілген шаңырақ бейнесі түрінде ұсынылады. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бесжұлдыз, ал төменгі бөлігінде – «Қазақстан» жазуы бар. Халықтың мәдени-тарихи құндылықтары, дүниетанымы елтаңбада бейнеленеді.
Атақты суретші Ш.Ниязбеков мемлекеттік ту авторы болды. «Мемлекеттік ту, күн сәулелері астында қалықтап тұрған бүркіт, саптың қасында ұлттық ою бейнеленген көк түсті тікбұрышты желкен түрінде ұсынылады. Күн сәулелері, бүркіт, ою алтын түспен бейнеленген».
Республикадағы партиялық жүйенің орнығуы және дамуы күрделі жағдайда өтті. Саяси бірлестіктерге деген сенімсіздік, саяси плюрализмге дайынсыздық партия сипатына әсер етті.
Дегенмен, айта кететіні, республикада көп партиялы жүйе негіздері 80- ші жылдар соңында қалыптасқан, бұл кезде әлемдегі және ССРО саяси оқиғалар Қазақстанда дамып келе жатқан демократиялық принциптер үшін деген күреске тікелей әсерін тигізді. Ерікті қоғамдық-саяси қозғалыстардың

қалыптасу мүмкіндігі қоғамды табысты демократияландырудың кепілі болды.
1989ж. көктемінде атақты ақын және қоғам қайраткері О.Сүлейменовтың жетекшілігімен пайда болған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы қоғамдық-саяси бірлестіктер ішінде алғашқылардың бірі болды. Кейіннен бұл қозғалыс центристік мағыналы партия – Қазақстанның Халықтық Конгрессі болып түрлендірілді. Қазақстан халықтарының бірлігі партиясы болып түрлендірілген, бұрынғы Қазақстан халықтары бірлігінің Одағы (ҚХБО) қоғамдық-саяси қозғалысы да осы центристтер бағытына жатады.
1990ж. жазда ұйымдастырылған «Азат» азаматтық қозғалысы республиканың ССРО құрамынан шығуы, нақты тәуелсіздікке қол жеткізу, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде әлемдік бірлестікке енуі, жеке әскер құру туралы бірқатар әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. «Азат», «Желтоқсан» қоғамдық-саяси қозғалыстар, «Алаш» партиясы қазақтардың ұлттық бірігу, олардың түркі тілді елдермен жақындасу идеясының маңыздылығын ерекшеледі. Социалистік партия Қазақстанның коммунистік партиясының мұрагері болды.
Қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларын кезеңдеп демократияландыру бір партиялы диктатурадан көп партиялыққа көшу мүмкіндігін берді. Бұл азаматтардың құқықтары мен еріктерінің қамтамасыз етілуі, тәуелсіз БАҚ дамуы, азаматтық қоғам құрылымының қалыптасуының салдары болды. Адамдар санасында әлеуметтік-саяси текшелерді бірте-бірте толтыра отырып, саяси партиялар республиканың қоғамдық өмірінің нақты факторларына айналып, Қазақстанда саяси процестердің дамуына белгілі ықпалын тигізе бастады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында пропорционалды сайлау жүйесі қызмет етуде, яғни Қазақстан Республикасының әр партиясы халық арасында қаншалықты танымал болса, парламенттен соншалықты орын алады. Бүгінгі күні ең мықты саяси партиялар: «НұрОтан», «Ақжол», «ҚСДП», «ҚКП» және т.б. болып табылады, бірақ айта кететіні, партиялық құрылыстағы көптеген оңтайлы жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі әлі де өзгертілуін талап етеді.
1992ж. 30 қыркүйекте Алматыда бірінші Бүкіл әлемдік қазақтар Құрылтайы өтті, оған әлемнің 13 елінен қазақ диаспораларының өкілдері келіп қатысты, ТМД елдерінің георгафиясы кеңінен ұсынылды. Барлығы форумға 1000 астам адам қатысты. Екі күндік конференцияда республика тәуелсіздігін нығайту және осыған байланысты қазақтардың тарихи отанына оралуы туралы мәселелер өзекті болды. Қоныс аударған және шетелде тұратын қазақ диаспоралары балалырына жоғары және арнайы орта оқу орындарына түсу үшін квота бөлу туралы қарар қабылданды.
1992ж. 7 мамырда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы 1993ж. 28 қарашада ҚР Жоғары Кеңесінің ХІІ шақырылымының тоғызыншы сессиясында қабылданды. Ол мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының негізін

салды. Бірақ, мемлекеттілік сипатына, тіл мәселелеріне, жер жеке меншігіне және азаматтық мәселелеріне тиісті Конституцияның кейбір тұжырымдамалары пікірталастар туындатты. ҚР жаңа Конституциясы бүкіл халықтық референдумде 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы:
— адам, оның өмірі мен еркіндігі ең жоғарғы құндылықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет. Республикадағы мемлекетік билік біртұтас, оның заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принциптеріне сәйкес Конституция және заңдар негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамда саяси тұрақтылықты және республикада ұлтаралық келісімді сақтау үшін мемлекет басшысының жарлығымен ұлттық саясат мәселелерін шешу үшін Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның мәдени-ағартушылық қызметіне мыналар енеді: ұлттық тілді, дәстүрлерді қалпына келтіру және насихаттау, қазақ ұлтжандылығын қалыптастыру, ұлттық бірлікті және келісімді нығайту. Бұдан басқа, бүгінгі күнде Ассамблея конституциялық негізде Қазақстан Республикасының Парламентінде ұсынылған.
Қазақстан тәуелсіздігі әлемнің көптеген мемлекеттерімен мойындалған, дипломатиялық қатынастар орнатылған. Республикада шет ел дипломатиялық өкілеттіліктері мен миссиялары қызмет етуде. Ел Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) кеңесінің, әлемдік және Еуропалық қайта құру және дамыту банктерінің қатысушысы болды.
БҰҰ ГА 47-ші сессиясының барысында Қазақстан Президенті Азияда өзара әрекеттестік және сенім шаралары бойынша Кеңес қалыптастыру ынтасын білдірді. 7 жылдан кейін (1999ж. қыркүйек) Алматыда 15 мемлекет СВМДА мүшелерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті, бұл кездесу барысында СВМДА мүше болатын мемлекеттер арасында қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясына қол қойылды. Аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен саяси қауіпсіздігін және Қазақстанның, Орта Азия елдерінің, Ресей Федерациясының және Қытай халық республикасының тиімді әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды.
Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті және тұрақтылықты сақтау жөніндегі міндеттері мен мақсаттары әр түрлі деңгейдегі мемлекет аралық шарттар мен келісімдер шегінде жүзеге асырылады. Көп жақты ынтымақтастық арнасында жұмсалып жатқан ұжымдық күштер қауіпсіздік кепілі болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін республика Үкіметі мемлекеттің социалистік негіздерін өзгертуге кірісті. Берілген саясаттың басты аспектілері: ұлттық экономиканың жоспарлау экономикасынан нарықтық қатынастар экономикасына ауысуы және экономикалық дағдарыстан шығу. 1992ж. басында бағалар ырықтандырылуы өткізілді және ақша массасын қысу әрекеті жасалды, бұл гиперинфляцияға

әкеліп соқтырды. Бәсекелес нарықтық бастамалар қалыптастырылуын талап еткен жаңа экономикалық қатынастар салдарынан бағалар ырықтандырылуын жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Бұл кезеңде үкімет мемлекеттік органдардың қызметтерін шектейтін бірқатар шаралар қабылдады: өнім мен қызмет көрсету түрлерінің көпшілігі бойынша мемлекеттік бағаларды реттеу жойылды, мемлекеттің шаруашылық субъектілер істеріне араласуы қысқартылды. Банк жүйесін және кеден қызметін құру туралы шешім пісіп жетілді.
1990ж. «ҚазССР банк және банк қызметі туралы» заң банк жүйесін реформалаудың негізін салды. Бұрынғы ССРО және осыған сәйкес Қазақстанда бір деңгейлі банк жүйесі болған, оның құрамына мемлекеттік банк, сыртқы сауда банкі және құрылыс банкі енген. Мемлекеттік банк елдің бас банкі және ақша-несие саясатын әдістемелік басқарудың орталығы болған.
1991ж. бастап ССРО екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптастырылуы басталды. Мемлекеттік салалық банктердің қайта құрылуы жүзеге асып жатты, ССРО мемлекеттік банкінің республикалық бөлімдері тәуелсіз мемлекеттің орталық банктері қызметтеріне ие болды, осы кезеңде алғашқы коммерциялық банктер пайда болады. ҚР «ҚР ұлттық банкі туралы» жаңа заңы 1993ж. сәуір айында қабылданды, бұл заңда Ұлттық банкінің міндеттері мен қызмет ету принциптері, өкілеттігі мен мәртебесі, оның банк жүйесіндегі ролі мен орны, ҚР мемлекеттік құрылымдарымен әрекеттестігі белгіленді. Ұлттық валюта енгізілген уақытқа қарай Қазақстанның банк жүйесі екі деңгейлі банк жүйесімен ұсынылған. Арнайыландырылған банктер акционерлік банктер болып түрлендірілді, ал Ұлттық банк орталық банк қызметін атқарды. Бұл дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігін берді.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстан экономикасы шиказатқа бағытталған. Республикадан мұнай, кен, металл, жүн, тері, бидай шығарылды, осының нәтижесінде Қазақстанда өзінің өндірістік өнеркәсібі болған жоқ, дайын өнім шығарылған жоқ және ол Ресеймен тығыз байланыста болды. Осы объективті фактор рубль аймағынан шығуға мүмкіндік бермей отырды.
1993ж. 26 шілдеде Ресей 1961-1992 жж. үлгідегі ақшаны бір жақты тәртіпте ауыстырып жіберді. Республикада әлеуметтік және қаржы дағдарысы жетілді. Осыдан кейін қазақстандық рубль тез құнсыздана бастады, төленбеген еңбекақы бойынша қарыздар өсіп жатты. Қазақстан үкіметінде жұмыс екі бағытта жүргізіліп жатты: рубль аймағына кіру, сонымен қатар өз валютамызды қабылдау балама нұсқалары қарастырылды. Валютаны атау туралы мәселе Жоғары Кеңесте талқылау кезінде шешілді, бұл жерде Жоғары Кеңестің экономикалық реформа, қаржы және бюджет жөніндегі Комитет төрағасы С.Тәкежановтың ұлттық валютаны – теңге деп, оның жүз еселі бөлігін – тиын деп атау туралы ұсынысы қабылданды. Теңге дизайынын құрамына Г.Сүлейменов, М.Әлін, А.Дүгельхановтар кірген авторлық ұжым әзірледі. Ақша бетіне қазақ халқының ұлы тарихи тұлғаларының және сәулет ескерткіштерінің бейнелерін көрсету шешімі

қабылданды. 1993ж. басына қарай Англияда «Харрисон и Сыновья» фирмасында қазақ валютасын дайындау бойынша жұмыстар басталды. 1993ж. 15 қарашасында Қазақстан тарихында алғашқы рет ұлттық валюта – теңге енгізілді. 2007 жылы ақша дизайны өзгертіліп және жасанды ақшадан қорғау тәсілдері күшейтіліп ақша реформасы өткізілді. Сонымен қатар теңге символы қабылданды.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты тәуелсіздік алған сәттен бастап, негізінен, өзінің сыртқы экономикалық қызметін бірте- бірте ырықтандыруға бағытталуымен және жалпы отандық экономиканың ашықтығымен сипатталады. Өтпелі кезең жағдайында инвестициялық саясат басым сипатты болды, өйткені бастапқы кезеңде елде қажетті қаржы қорлары болған жоқ.
Қазақстанның алтын өндіру саласында біртұтас экономикалық, ғылыми- техникалық және инвестициялық саясатын өткізу ұйымдастырылған «Қазақалтын» консорциумына жүктелді. Кен өндіру және өңдеу бойынша жаңа әлеуеттіліктер енгізілді, зергерлік бұйымдар өндіру жөніндегі жаңа, ірі заводтар құрылысы басталды.
Сонымен, ұлттық валюта – теңге енгізілген сәттен бастап, экономика саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Тұрақты банк жүйесі жасалды, құнды қағаздар нарығы жұмысының механизмі құрылды, төлеу жүйесі, қор нарығы табысты қызмет етуде, ұлттық банктерде халықтың ақша салымдарын қорғау механизмі жасалуда, Ұлттық банк және Үкімет валюталық спекуляцияларға жол бермеу мақсатымен дербес ақшал-несиелік және валюталық саясат жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *