Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық.

Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық.

А) Курстың оқыту пәні және әдісі

Б) Ежелгі Вавилон

В) Ежелгі Қытай

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :

тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;
салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді :
жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;
статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.

Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.

Оқулық негізінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда жеке елдердің мемлекеттік-құқықтық  құбылыстарын хронологиялық сипатта, 4 негізгі кезеңдер шеңберінде : ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі замандағы тарихы мазмұндалған.

Оқулық шеңберінде зерттелініп отырған елдердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамту мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқықтың «қоғамдық құрылыс», «мемлекеттік  құрылыс» (басқару және мемлекеттік құрылыс формасы, билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының құрылысы мен өкілеттіктері, олардың арақатынасы) және «құқық» (құқықтық қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, неке-отбасының және мұрагерлік құқық, қылмыстар мен жазалар, сот процесі) сияқты ұғымдарымен ашылатын негізгі аспектілері ғана қарастырылады.

Ежелгі Вавилон

Мемлекет және құқық туралы ілімдер алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздардаадамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озенаралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті кызғыштай қорғайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды. Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх  жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» — «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдыңаузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында «Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар» деп айтылады.

    «Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігіненкөрінеді.

 Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы саналады. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтарыанықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өздәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға «дао» жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана

Ежелгі Қытай.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттіңпатриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден «Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақылсөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Кьггай жерінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық касиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді.Конфуций бойынша «ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, ең алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді».  Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

 Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді КІМ жеңетіндігі» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, «халық,өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады».

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шараларыарқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді.

 

Студенттердің өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. 1)МҚТ пәні түсінігі?
2. 2)МҚТ пәнінің әдістемелерін атаңыз?

3)МҚТ пәнінің кезеңдерін атаңыз?

4)Ежелгі Вавилондағы мемлекет пен құқық туралы ойлардың пайда болу ерекшеліктері;

5) Хаммурапи заңдарының ерекшеліктері;

6) Ману заңы және оның саяси құқықтық ерекшеліктері

7) Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ролі