Англия буржуазиялық мемлекеті. XVII ғасырдағы Византия мемлекеті және құқығы

Англия буржуазиялық мемлекеті. XVII ғасырдағы  Византия мемлекеті және құқығы

а ) Мемлекеттік құрлым

б) Мемлекет, шіркеу, феодалдық құқық

в)Англиядағы буржуазиялық мемлекеттің шығуы.

г) XVII – басы XVIII ғасырдағы конституциялық актілер.

ІХ ғ. Басында УЭС корольдығы өзіне англосаксондық мемлекеттен басқасын қаратып алады да, Англия деп аталатын біріңғай англосаксондық мемлекетін құрайды.

Мемлекет басында – король тұрады. Ол заң шығару билігіне, әскери билігіне ие болды және жоғарғы сот.

Атқарушы орган – Даналар кеңесі – витана гемот. Оның құрамына король, корольдың ер баласы, епископтар, ірі феодалдар және тэн-р- ақсүйектер өкілі. Витанагелиоттардың қызметі біртіндеп құлдырайды, өйткені король сарайы басқару орталығына айналады. Король жанындағылар мемлекеттің жоғарыдағы лазазымды тұлғалары болады. Олар:

камерарий – король мүлкі мен қаржысына есеп берді;

маршал – король атты әскерін басқарды;
капеллан – король канцнляриясын меңгерді.

Әскер.

Әскер сарбаздар мен халықтық жасақтардан тұрды. Оған қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар енгізілді.

Жергілікті басқару.

Негізгі территориялық бірлік – графтық болды. Оны олдермен басқарды. Олдерменді король ақсүйектер ішінен тағайындады. Графтық жүздіктерге бөлінді. Ең төменгі территориялық бірлік – ауылдық қауым болды. Қауымдар ондықтарға бөлінді және олардың жауаптылығы бірдей болды.

Сот.

Мемлекеттегі жоғарғы сот – король соты болды. Ол мемлекеттік сатқындық, король вассаларының арасындағы дауды шешу және жер иелігіндегі жөніндегі дауларды шеші сияқты істерді қарады. Жергілікті жерлерде қылмыстық және азаматтық юрисдикция жиналыс қолында болды.

Ағылшын феодализмінің қалыптасуы.

1066 жылы норман герцогі Вильгельм үлкен әскермен аралды басып алып, англосаксон әскерін жеңіп, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы меншік иесімін деп жариялап және барлық ерікті жер иелеріне оған ант берсін деп талап етті.

Қоғамдық құрылыс.

Феодалдық шаруашылықтың негізі – феодалдық жер иеліктерінің жиынтығы – манор болды. Негізгі антогонистік топтар : феодалдар және олармен қаналушы басыбайлы шаруалар. Қалаларда саудагерлермен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады.

Мемлекеттік құрылыс.

Норман герцогі Вильгельм Англияны жаулап алғаннан кейін ол қуатты король билігі бар орталықтанған мемлекет болды. Жоғарғы заң шығарушы билікті король корольдік куриямен бірге жүзеге асырды. Корольдік куриядан тек қана мемлекеттің қаржысын басқаратын орган –Шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұл орган жоғарғы есеп палатасы және тек қана қаржы ведомствасының шенеуніктері жасаған қылмыстарды қарастыратын сот органы болды. Бұл кездегі мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлғалар : маршал – әскер басшысы ; камерарий король мүліктері мен жер иеліктерін басқарды ; канцлер – мемлекеттік канцелярияның басқарушысы және юстициарий-корольдің бірінші көмекшісі.

Жергілікті басқару.

Жаулап алынғаннан кейін де Англиядағы графтықтарға, жүздіктерге және қауымдарға бөліну сақталды. Графтықтардың басында – олдермен тұрды, бірақ шын мәніндегі билік жоғарғы қаржы, сот, әскери және полицейлік билік иесі – шерифқа көшті.

Сот.

Сот жүйесін қайта құрудың негізін Генрих ІІ-ң ассиздері (нормативтік актілері) қалады. Ол 6 округке институт құруды қарастырды. әор округке 3 разъездік судья тағайындалды. Оларға сот функциясымен қатар, сонымен бірге жергілікті жерлердегі шенеуніктерінің қызметін бақылау және салық жинау міндеттері жүктелді. 1176 жылы Нортгемптондық ассизда 12 рыцарь және өзге де толық құқылы азаматтардан құралған сот құру көзделген. Разъездік судьялар институтын құрудан кейін Корольдік куриядан ерекше бөлім – корольдік орындық соты құрылды.

Сословиелік -өкілетті монархия.

Қоғамдық құрылыс.

Экономикадағы өзгерістер елдің таптық құрылысына да елеуші өзгерістер әкелді : нормандық және англосаксондық феодалдар арасындағы айырмашылық жойылып, олар бірігеді ; үстем тап құрамында ірі феодалдың ақсүйектер қабатына бөліну күшейе түседі : лордтар мен ұсақ және орта жер иелері – рыцарьлар арасында. Феодалдар мен шаруалар арасындағы қатынастарға келетін болсақ, натуралды борыш ақшалай борышқа – коммутацияға ауысады.

Мемлекеттік құрылыс.

ХІІ ғасырдың басында Англияда король билігін шектеуге қарсы және король шенеуніктерінің өкілеттігін де шектеуге қарсы күшті күрес туады. Бұл сословиелік өкілетті монархияның орнығуына себепші болды. 1215 жылы Иоан Безземельный бірінші конституциялық актіге қол қояды (Великая Хартия вольностей). Онда негізінен король билігін салық жинау мәселесі бойынша шектейтін корольдік кеңесін құру қарастырылған. Бұның нәтижесі – сословиелік өкілетті мекеме парламенттің құрылуы.

1258 жылы қаруланған барондар корольді Оксфорд азық түліктерін қабылдауын мәжбүр етті. Ол король бірде-бір маңызды шешімді 15 барон кеңесінің келісімінсіз қабылдай лмайды дегенді қарастырды.

1263 жылы корольдің жақтаушылары мен Симон де Монфор бастаған олардың қарсыластары арасында азаматтық соғыс басталды.

1264 жылы король әскері жеңіліп, мемлекеттік билік Симон де Монфордың қолында болды. Оның қызметіндегі ең маңыздысы сол, Англия тарихында алғаш рет Парламент шақырылды (1265 ж.) Оның құрамына король ірі (зайырлы) және рухани феодалдар, әр қаланың 2 өкілі кірді. ХІVғасырдың ІІ жартысында парламент 2 палатаға бөлінді: жоғарғы – лордтар палатасы, төменгі – қауым палатасы.

Жергілікті басқару

Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгі өзгеріс графтықтың ескі соты мен жиналысының рөлі бірден түсіп, олардың функциясы жаңа лауазымды тұлғалар мен разъездік судьяларға көшті.

Сот жүйесі.

1. Корольдік орындық соты қылмыстық істерді және қауіпсіздікті сақтау істерін қарастырды.
2. Жалпы дау соты – корона құқықтары мен мүдделеріне байланысты емес азаматтық істерді қарады.
3. Қазыналық сот – қаржымен байланысты істерді қарады.
4. Лорд-канцлер соты – алдындағы үшеуіне қарағанда «әділеттікпен» істерді шешті.
5. Ассиздер соты – разъездік судья басшылығындағы істерді қарады.
6. Алқа билер соты (Суд присяжных) – үлкен және кіші жюрийлерден тұрды, үлкен – айыптаушы, кіші – істі қарап, вердикт шығарды.

Абсолюттік монархия

1. Жаңа дворяндық – джентри

2. Қалалықтар

3.Шаруалар: копигольдер – ескі шаруалардың ұрпақтары және фригольдер –    жердің ерікті меншік иесі болып бөлінеді.

Мемлекеттік құрылыс

Англияда абсолюттік монархия феодализм ыдырап, капиталистік өндіріс қатынастары пайда болғандақалыптасты. Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі сол, ол толық аяқталмады, яғни күшті король билігімен қатар парламент те әрекет етіп тұрды.

Мемлекеттік билік пен басқарудың ең жоғарғы органы – король — өзіне бағынышты органдармен көмегімен заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін жүзеге асырды. Жасырын кеңес – мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды: лорд-канцлер, лорд қазынашы, жеке мөрді сақтаушы лорд, лорд-адмирал. Парламент – сословиелік өкілеттік органы.

Жергілікті басқару

Графтықтар сақталды, бірақ ең төменгі территориялық бірлік – приход болды.

Сот жүйесі

Вестминстерлік соттармен бірге төтенше соттар (Звездная палата) пайда болды.

Құқығының негізгі белгілері:

Англиядағы құқықтың негізгі қайнар көздері:

1. әдет – ғұрыптар

2. нормативиік актілер (мысалы, 1017 ж. Кунт заңдары)

3. разъездік соттың «жалпы құқықтары»

4. даудың, айтыс – тартыстың жинағы деп аталатын сот мәжілісі барысында толтырылатын хаттамалар

Сөйтіп, маңызды сот ісінің «жылнамаларда» басылатын болды. Сөйтіп, жалпы құқықтың негізгі принципі қалыптасты: «дау – дамайлар жинағында» жазылған жоғары тұрған соттың шешімі ұқсас істерде немесе төмен тұрған соттарда міндетті түрде қаралуы тиіс. Сөйтіп, сот президенті пайда болды.

Ұқсас шешім болмаған жағдайда – құқықтың жалпы принциптері немесе соттың еркін қаралуы

«әділеттік құқығы» — тұлға өз мүддесінің «жалпы құқық» соттарынын қорғалуын таппағанда, ол өз ісін «ар — ұятына қарай» шешуін өтініп, корольден «қайыр» сұраған.
статуттар – орталық биліктің заң шығарушы актілері, яғни король мен парламент қабылдаған актілер.

Англосаксондық құқық жүйесіне тән белгілер: сот процестіне негізделген «жалпы құқық» және «әділеттік құқығының» пайда болуы;

«Жалпы құқық» жерді феодалдық ұстаумен байланысты ғана мәселелерді қарастырды. «әділеттік құқығы» негізінде копигольдер және лордтар арасындағы азаматтық істерді ғана қарастырды.

XII – XII ғ.ғ. ағылшын құқығында бұрын – соңды болмаған – сенімгерлік меншік институты пайда болды. Оның мәні мынада: бір тұлға екінші тұлғаға басқаның мүддесі үшін өз мүлкін сеніп тапсырады, береді.

Міндеттеменің негізгі қайнар көзі шарт және құқық бұзушылықтар болды. Англосаксондық құқық шартының барлық түрлерін білді.

Некеге отыру, оны бұзу және ерлі – зайыптылардың қатынастары жөніндегі мәселелер канондық құқық құзіретінде. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қатынас «жалпы құқықпен» реттелді.

Барлық қылмыстар 3 топқа бөлінді : тризна-сатқындық (дарға асу жолымен өлім жазасына кесілді); фелония –ауыр қылмыстар (өлім жазасына кесілді) ;

  мисдиминор  — терісқылықтар (мүлкі тәркіленген).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

2.Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары

3.Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс

4.Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *