Егер біз дәл қазіргі уақытта бұл шешімді қабылдасақ, ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескеріп отырмыз. Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы – дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде. Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді. «Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады. Ал егер оқушылардың кейбірінде мектеп формасы болса, онда киюіне мархабат», — деді ол. Еске сала кетсек Асхат Аймағамбетов Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін хабарлаған еді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sheshim-bukil-oku-zhyly-boyy-kushinde-bolady-ministr-mektep-formasynyn-mindettelmeui-zhayly_a3671714