ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ

 

Г.Т. Кусаинова, Г.К. Кайникенова
Кҿкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
gulshat_k79@mail.ru

Қaрaусыздық, қараусыз ҿткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педагогикaлық бақылау мен қaмқорлықтан шет қалған, қоғамдық ҿмірлері дeнсаулықтарына зиянды жағдайларда ҿмiр сүретiн

жасҿспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) жҽне үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата-аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, ҿзі үлгі кҿрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі[1:28].

Ҽлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың ҿкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы ҽлеуметтік-экономикалық ҽл-ауқатсыздықтың кҿрсеткіші болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тҽртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік ҿмір салтын сүру, ҽлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201-1 бабы бойынша қаңғыбастық ҿмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір-екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту алынып тасталды, ҿйткені ол Республиканың Конституциясында кҿрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.

Жазаны алып тастау, ҽрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда қараусыздық пен қаңғыбастық ҿткір, ҽрі аумақты проблема болып, ҽлеуметтік қызметтер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.

Қараусыз қалған жҽне «бомждарға» айналған жас адамдарға ҽлеуметтік кҿмек кҿрсетуді ұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро жҽне микросоциалдық деңгейде себептерін білу ҿте маңызды.
Ҽлеуметтік-экономикалық себептердің салдары болып есептелетін ҽлеуметтік-психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысулардың кҿбеюімен, ата-анасының бірінен айырылу, отбасындағы кҿңіл-күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, токсикомания, нашақорлық жатады.

Қоғамның дамуының ҿтпелі кезеңінде, ҽлеуметтік-экономикалық ҿмірдің тұрақсыздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бҿлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасҿспірімдердің ҿміріне теріс ҽсер етіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторлар іске қосылады. Ондай факторларға мыналарды жатқызуға болады:

халықтың ҿмір сүру деңгейінің тҿмендеуі, отбасындағы балаларды асырау жағдайының нашарлауы;

нарықтық қатынастар мен мемлекеттің бюджеттік арнайы ақша бҿлуінің қысқаруына байланысты балалар мен жасҿспірімдердің демалыстары мен бос уақыттарын ҿткізуді (спорт мектептері, юннаттар станциясы жҽне т.б.) қамтамасыз ететін инфра құрылымның таратылуы;

балалармен отбасында жҽне интернаттық мекемелерде олардың тағдырларына жауапкершіліктің тҿмендеуіне байланысты қатал қарауының кеңінен тарауы, мемлекет пен қоғам тарапынан олардан алшақтықтың тереңдеуі;

білім беру мен мҽдениет салаларының коммерциялануы.

Барлық осы факторлар қандай да бір дҽрежеде ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да орын алған. Жоғарыда кҿрсетілген факторлардың қалай болса да отбасына келіп тірелетінін байқау қиын емес, себебі осы отбасы қараусыздыққа «жіберудің механизмі» рҿлін орындайды (ерікті түрде не еріксіз түрде).

Қараусыз қалғандардың негізгі психофизикалық қасиеттері үйсіз ҿмірде қалыптасады, мазмұны кҿшедегі қатал күрес пен үлкендердің тҽрбиелік кҿмегі мен қалыпты балалардың ортасының болмауынан қалыптасты. Қараусыз қалғандардың ҿзін-ҿзі сақтау инстинкті ҿте жоғары дамыған, оны ҿзімен жасты балалар мен жасҿспірімдерден байқай алмайсыз. Эмоционалды қозушылық жақсы байқалады, оны кҿбіне жасанды қоздырғыштар: алкоголь, есірткі, тұрмыстық химия заттарын қолдану арқылы күшейтіп отырады[2:32].

ҚР-ның 2004 жылғы шілде айында қабылданған «Кҽмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу жҽне балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:

кҽмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын жҽне мҽдениетін қалыптастыру жҿніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

кҽмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;

кҽмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен жҽне басқа да заңды ҿкілдерімен ҿзара қарым-қатынас жасау;
балаларды оқыту, тҽрбиелеу, емдеу, спорт жҽне ҿзге де мекемелермен тиісті дҽрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

кҽмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;

балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани жҽне имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа жҽне бейбітшілік сүйгіштікке тҽрбиелеуге ықпал етуден тұрады.

Ата-аналар мен жастар арасындағы дау-жанжал жағдайларында, баланың үйден кетіп қалған жағдайларында ҽлеуметтік қызметкер ата-аналарға кеңес беруінің негізгі қағидалары мыналар:

 ата-ана ең алдымен қорқыту, күш қолдану сияқты ҽрекеттерін тоқтатуы керек, олар қарым-қатынасты нашарлатып, жанжалды ушықтыра түседі;

 үйде бала кез-келген уақытта келгенде қорықпайтындай жағдай туғызу керек, ҽйтпесе, үйден тыс жерде еріксіз жүру қараусыздықтың болуына ҽкеп соғады;

 ата-аналары баланың олардан қорықпай, ҿмірінде шынымен де қорқынышты (зорлау жҽне т.б.) бірдеңе бола қалса міндетті түрде олардан кҿмек сұрай алатынын түсіндіріп, олардың шын мҽнінде кҿмектесетініне, сырттан кҿмек іздемеуіне сендіруге күш салулары керек;

 ата-аналарды баланың мінез-құлқының ҿзгеруі бір сҽтте болатын жағдай еместігін, қолайсыз жағдайдың да бір сҽтте пайда болмағанын, олардың пайда болуына ешқандай да «гипнозшының», болмаса «экстрасенстің» қатысы жоқтығын, тек ата-аналар ғана баланың мінезінің ҿзгеруінде негізгі рҿл атқаратынын түсіндіру керек;

 ҿз баласына кҿмектесу үшін ата-аналар оларға қазір кҿмектеспесе де кейінірек міндетті түрде қол жеткізетініне сенімді болуы керек. Ол кҿмектесер жолдарын іздеуі керек: егер осы уақытқа дейін таппаса, ол жоқ немесе оны ешқашан таба алмайды деген сҿз емес;

Келесі кезең – қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жүргізілетін ҽлеуметтік жұмыс. Бұл кезеңде қараусыз қалғандардың тұлғасымен ҽртүрлі құрылымдар жұмыс істейді: полиция, кҽмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция (КТІИ), жасҿспірімдерді уақытша бҿлу, бейімдеу жҽне реабилитация Орталықтары (ЖУББРО), жергілікті басқару органдарының кҽмелетке толмағандар ісімен айналысатын Комиссия жҽне т.б.

Қараусыз қалғандарды анықтаумен ҽдетте полиция айналысады, олар жүйелі түрде арнаулы жедел алдын-алу шараларын мобильдік топтардың қатысуымен жүргізіп отырады, оның құрамына полиция қызметкерлері – участкелік қызметкер, КТІИ инспекторы, ҽлеуметтік қызметкерлер, білім беру департаментінің жҽне медицина қызметкерлерінің ҿкілдері кіреді.

Қараусыз қалғандарды ұстап алғаннан кейін, оларды ЖУББРО ҽкеледі де, оларды толық медициналық тексеруден ҿткізеді. Олардан ата-аналары, қамқоршылары туралы сұрайды, қажет болған жағдайда қосымша медициналық кҿмек кҿрсетеді. Осы жерде оларды тамақтандырады, қажет болған жағдайда киім береді.

Келесі мҽселе баланы қайда орналастыру: үйіне қайтару, басқа отбасына беру, немесе балалар баспанасына, не басқа да ҽлеуметтік қызмет кҿрсету орындарына жіберу сияқты сұрақтар шешіледі. Ҽлеуметтік тҽжірибеде қараусыз қалғандармен жұмыста (ҽсіресе, қараусыздықтың бастапқы кезеңінде) «қысқа уақыттық баспаналар» (егер жас адам ҿзін түсінетін, ақылды ересек адаммен қатынасқа түссе, ол құтқарылады) жҽне мекен-жайға орналастыратын орталықтар (егер жасҿспірім бірден үйге оралғысы келмесе) жақсы үлгі болып келеді. Бұл ұйымдар мен мекемелер ҿз алдарына жасҿспірімге дағдарыстың бастапқы кезінде-ақ кҿмектесуді, дау-жанжалдың ҿсуіне жол бермеуді, үйден қашып кету рецидивінің алдын-алуды, түзелмес алшақтыққа апарып соғатын жанжал жағдайындағы ширығуды босаңсытуды, жҽне мүмкіндігінше екі жақты
– ата-аналар мен балаларды тыныштандыруды мақсат етіп қояды[3:22].

Бірқатар қоғамдық ұйымдар Қазақстанда жетім, тастанды жҽне ата-анасының қарауынсыз қалған балалар қамқорлық кҿрсету, ортаға бейімдеу мақсатында республика бойынша «Наставник» атты жобаны қолға ала бастады. Жобаға ҽзірге Қазақстанның 5 аймағындағы қоғамдық ұйымдар қатыспақ. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы жетімдерге арналған балалар үйінің саны 3 есеге кҿбейген. Ал ата-анасының қарауынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетті деп хабарлайды мемлекеттік емес ұйымдар. Олардың 80 пайызының ата-анасы тірі, олар ҽлеуметтік жетімдер деп есептеледі. Дамыған елдерде жетім балалар мҽселесі қамқорлық жобалар арқылы шешіліп келеді. Осылайша, онда балалар үйінің саны едҽуір азайған. Соның негізінде Қазақстанда қамқорлық жобалар қолға алынып отыр деп хабарлайды «Наставничество» жобасының ұйымдастырушылары. Жаңа жобаға Қазақстанның алты облысындағы балалар үйлерінің 200 тҽрбиеленушісі қатысып отыр.

Педагогикалық жағынан қараусыз жіберілген балаларды қайта тҽрбиелеу практикасы ҽдетте тҽрбиелеумен қатар жүреді. Мінезі қиындардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді жою үшін, ҽсіресе олар да жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін педагогикалық ықпал жасаудың кҽдуілгі ҽдістері жиі қолданылады. Мұнда сендіру мен жаттықтыру, коллектив талабы мен айнала қоршаған адамдардың үлгілі мінез-құлықтары, құптау мен жазалау ерекше роль атқарады. Бірақ кейде «қопару» ҽдісін қолдануға, үзілді-кесілді түрінде талап қоюға тура келеді. Ондайда тҽрбиеленуші күтпеген жағдайда тап болып, ҿзінен-ҿзі ұялатын болады. Мұндай кезде педагогтардың талаптарын коллектив қолдайтын болуға ұмтылудын маңызы үлкен.

Әдебиеттер:

1. Ғазизов Х. Білім жҽне тҽрбие берудің басылым бағыттары
/Кҿкшетау. 2008, 235 б.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика» 2-басылым-Алматы,
2000, 335б.

3. Бұзаубақова К. Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» — Алматы: Жазушы, баспасы 2004, 287 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *