Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратын факторлар

Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешсндерінін, жеке бөліктсрін құрамдас бөлік деп атайды. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктермеи бірге энергетикалық құрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді.

Территориялық табиғат кешендерін қурайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын — заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы курделілене түседі. Демек, оларды тек даму процесі арқылы ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғаш-қы тірі ағзалар су, ауа және минералды заттармен қоректеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейіннен даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты тірі ағзалар — жануарлар пайда болғаи. Бұл айтылған мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің — алдыңғы, күрделілерінің — соңғы орында тұратындығын, бірнеше қарапайым құрамдас бөліктердің өзара әрскеттесуінен күрделі бір құрамдас бөліктің пайда болатынын, құрамдас бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғыну қиынемес. Ғалымдардың тұжырымдалган пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін қүрайтын құрамдас бөліктерді төмендсгіше жіктеуге болады.

Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы, ауа, су;

энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы;

биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.

Осы құрамдас боліктердің түрліше өлшемдегі территориялық бөлшектері әр түрлі сатыдағы немесе таксономиялық бірлік дәрежесінде территориялық табиғат ке-шендерімен қабысады. Табиғаттың қүрамдас бөліктері өздеріне тән зандылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әре-кеттесу арқылы тұтас бір затгық жүйеге бірігеді. Алайда қүрамдас бөліктің қайсысына қандай күщпен әрекет ететіні туралы және оның территориялық табиғат кешендерінің қалыптасуында қандай рөл атқаратындығы туралы әлі күнге дейін ғалымдар арасында нақты пікір жоқ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *