Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы

Ландшафтық-географиялық синтездің тағы да бір жаңалығы-аудандастыру болып табылады. Оның практикалық  мақсатта мәні зор екендігін ғалымдар мойындаған еді.

ХІХ ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген – жерді, табиғи байлықты, су жӘне орман шаруашылығын зерттеу жұмысынтары нӘтижесінде климотология, геоморфология,биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттіейді деген ұғым туды. Бұл сала бойынша ғалымдардың көптеген пікірлері қалыптасты.

Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болды. Оның негізін қалаушы – В.В.Докучаев (1846 – 1903). Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстан,жылудың, ылғалдың, рельефтің жӘне тірі организмдердің қарым-қатынасы кезінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы жӘне оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.

1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да Әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы.

1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий-ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нӘтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нӘтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымғы физгеографиялық аудандастыру термині енді.

1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физзгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай түбегейлі аудандастыру географиялық ізщденістер физгеографиялық дифференция заңдылықтарының себебін шешуге  бағытталды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрорельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне. Осындай Әр жерде Әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға Әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтң терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы «ландшафтң деген еді. Ол ландшафтқа рельефі, климаты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сӘйкес біртұтас территория деп анықтама берді.

1914 жылы Р.И.Аболин шарының комплекстік ландшафтық қабықшасы деген ұғым енгізді.

Ландшафттық-гаографиялық идеялардың екінші бағыты – бұл түбегейлі ландшафтық экспедициялар ұйымдастыру еді. Ландшафтық съемкалар ірі масштабта жүргізіліп табиғи территориялық комплекстер болды. Ландшафтық съемкалар кезінде табиғи компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы ізденітер нӘтижесі ол ландшафтардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы.

Соғыстан кейінгі ландшафтану ғылымының дамуы ландшафтық съемкаларды олар Әрі өрістету еді Бұл жұмыс Н.А.Солнцевтің басқаруымен МӘскеу университетінің ғалымдарының жүргізуімен болды. Солнцевтің анықтамасы бойынша табиғи территориялық комплекстер қатарында ландшафт негізгі таксономиялық бірлік қоныстар мен фациялардың заңдылықты түрде үйлескен құрамасы.

1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты.

Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс Әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында. Ландшафттық ізденістер екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде де жалғастырылды. Оның ішінде К.Тролдың ландшафттың жаратылыста өз шекарасы бар табиғи бірлік екені, ландшафттардың морфологиясы мен экологиясын ажыратудың, фацияның синонимі ретінде «экотопң терминін енгізуін атап кетуге болмайды. Ландшафт экологиясы ұғымының АҚШ-та Польшада. Канадада, Австралияда дамуы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *