ҚИЫН БАЛАЛАР

ҚИЫН БАЛАЛАР— тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты  тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *