ҒЫЛЫМ — 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай – ақ , алғышарт, құрал – жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай – ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны.