ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат.interior-ішкі)-сыртқы әлеуметтік қызметтің игерілуі арқасында адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А. Валлон және т. б.) енгізді. Символдық интеракционмзмнің өкілдері де интериоризацияны осыған ұқсас мағынада ұқсас ұғымдар психикалық талдауда психиканың ішіне өтетін индивидумаралық қарым-қатынастар құрылымының ықпалымен онтогенез бен филогенезде ұғынылмағаның (индивидумдық не ұжымдық) құрылымы, өз кезегінде сананың құрылымын анықтайтындай болып қалай қалыптасатынын түсіндіру кезінде пайдаланылады. Қазіргі тұрғыда И. Заттық қызмет құрылымының сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі өңдеуі мен сақтауының қандай нысанднрынан болсын ажырата білу керек