ЗИЯТТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІ (ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; IQ символымен белгіленетін бұл қатынас мына формула бойынша анықталады:
АЖ/ШЖ*100%=IQ
Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде логикалық , логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі.