ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ

                   ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ (Беседа) – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты;  2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында  ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына  енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық  эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге  дейін алуан түрде өтеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде “экспериментке кірістіру” – іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы “эксперименттік әңгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *