Әлеуметтік қорғау саясаты

Табыстар деп түсінетініміз – жеке тұтынуға байланысты қызметтер және игіліктерге ие болуға арналған, белгілі уақыт арасында алатын қаржы құралдарының ақшасы.

Қаржы табыстарының үш басты қайнар көзін белгілеуге болады:

  • жалақы;
  • меншіктен түсетін табыстар (рента, % дивиденд);
  • әлеуметтік төлемдер (зейнетақысы, жәрдем ақшалар).

Яғни,    қоғамның   бастауыш   ұясы   жанұя   болады,   ол көрсеткіш жанұя табысының жиынтығымен есептелінеді. Әртүрлі жанұялар үшін, әртүрлі табыстардың мәнділігі әр түрлі. Сондықтан,   халықтың   өмір   сүру   деңгейінің,   сенімді суреттемесін алуға болады. Бұл мақсат үшін Лоренц қисығы деп

аталынатын қисық пайдаланылады.

       Жанұя пайызы      

 

1.24-сурет. Лоренц кисығы

 

Лоренц қисығы – бұл халық топтарына қарай табыстардың бөлінуін  көрсететін  қисық.  Егер,  халақтың  10%-дың  10%-ға табысы бар деп, ал 20%-дың 20% табысқа, 30%-дың 30% табысқа және тағы басқа деп болжамдасақ, онда бұл график ОА биссектрисасы түріндегі түзуді көрсетеді.

Ал өмірде басқаша: халықтың 10%-ы барлық табыстың  50% алатын болса, халықтың 50%-ы барлық табыстың 20% алатын болса, онда біз Лоренц қисығы деп аталатын қисықты алар едік. L-ОА түзуінен қашығырақ орын алса, онда сол қоғамда табыстар біркелкі болып бөлінбегені.

Жиынтық табыстың қандай үлесі бай және ең кедейлерге келетіні талданады. Ресейде халықтың жоғары 10% (жаңа орыстар) төменгі 10% -нан бай болды. Мәселен:

1989 жылы 7 есе;

1991 жылы 10 есе;

1993 жылы 16 есе;

1994 жылы 20 есе;

1995 жылы 26 есе;

1998 жылы 30 есе;

2003 жылы 14 есе, экономиканың тұрақтануымен алшақтық қысқара бастады. Әсіресе жоғарыдағылар үшін әлеуметтік тыныштық бір сәттік олжаға қарағанда маңыздырақ.

1960 жылы Батыс елдері мен Жапонияда табыстардың жалпы сомасында жалақы үлесі орташа шамамен 40%, 2000 жылы 65% құрады. Ең бай және ең кедейлер арасындағы айырмашылық ақырындап 6-7 еселік мөлшерді құрайды. Батыста 9-еселік деңгей айырмасы шекті болып саналады. Дереу әлеуметтік қорғаныстың барлық түрлері, трансферттің әр түрі, мемлекеттік реттеудің барлық жүйесі іске қосылады. Білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын үй құрылысына (қоғамдық қызметтерге) АҚШ және Жапонияда ЖҰӨ- нің 20%, Германияда 31%, Англияда 27% құрады.

Табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесінің басқа көрсеткіші Джини (Италия экономисі 1884-1965) коэффициенті болады. Бұл индекс 0-ден жалпы теңділіктен 1-ге (жалпы теңсіздікке) дейін өзгереді. Индекс 1-ге жақындаған сайын, табысты бөлудегі теңсіздік көп болады.

Адамдар дамуының индексі (АДИ) өзіне көрсеткіштер жүйесін қосатын жалпылама өлшем: өмірдің ұзақтығы, білім деңгейі, адам басына келетін ЖҰӨ.

Нарық    идеалды   болмайды   және    бұнда   мемлекеттің әлеуметтік саясаты қажет.

ҚР әлеуметтік саясат келесі екі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • еңбек және кәсіпкершілік үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

-қоғамның барлық мүшелері үшін белгілі стандарттағы игілікті тұрмысты қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік    және     еңбек    үшін    қолайлы    жағдайды қамтамасыз ету үшін төмендегілер қажет:

  • заң шегінде кәсіпкерліктің толық еркіндігі;
  • шағын бизнесті   ынталандыру  (несиелер,   салықтық жеңілдіктер);
  • жұмысбастылықты ұстап тұру (жұмыс орындары, қайта біліктендіру, жұмысқа орналастыру);
  • еңбек қатынастарын реттеу (еңбекақыны төлеу, жұмыс уақытының, демалыстардың ұзақтылығы, еңбекті қорғау);

Қоғамның   барлық   мүшелері   үшін   әл-ауқаттылықтың белгілі бір стандартын қамтамасыз ету:

  • қоғамда табысты  қайта  бөлу бюджет есебінен жүзеге асырылады;
  • еңбекке жарамсыз, аз қамтылған және жұмыссыздарға зейнетақы, жәрдемақы;
  • барлығы үшін    жалпы    білім   беру   және    қажетті медициналық көмек.

 

Қайталауға арналған сұрақтар

 

  1. Қаржы жүйесінің мәні неде?
  2. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет табысы мен шығындарының негізгі баптарын атаңыз?
  3. Бюджет тапшылығы дегеніміз не? Мемлекет қарыз жөнінде не білесіз?
  4. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы нені көрсетеді?
  5. Салық салу принциптерін атаңыз.
  6. Фискалдық саясат дегеніміз не?
  7. Әлеуметтік саясатты қалай түсінесіз?
  8. Трансфеттік төлем деген не?
  9. Адамдар дамуының индексі (АДИ) деген не?
  10. Джини (Италия экономисі 1884-1965) коэффициенті нені көрсетеді?

 

Жаңа терминдер мен ұғымдар

 

Қаржы қатынас Мемлекеттік бюджет Фискалдық саясат Салық Салықтандыру Салық түрлері Лаффер кисығы

Адамдар дамуының индексі (АДИ) Лоренц кисығы

 

Тест сұрақтары

 

  • Шығындар мен салық төлемдері бойынша үкіметтік саясат:
  1. қаржылық жоспар;
  2. ақша теориясының санына негізделген саясат;
  3. монетарлық саясат;
  4. кірісті қайта бөлу саясат;
  5. фискалдық саясат.

 

  • Лаффер қисығы не көрсетеді:
  1. бюджетке түсетін салық сомасының табыс салығы ставкасынан тәуелділігін;
  2. салықтардың бөлінуін;
  3. табыстардың бөлінуін;
  4. мемлекет бюджеттің тапшылық деңгейін;
  5. инфляция деңгейін.

 

  • Әлеуметтік саясаттың мәнін мыналардан қандай анықтама бейнелейді:
  1. A) әлеуметтік теңділікті қамтамасыз ететін саясат;
  2. өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын саясат;
  3. білімділік деңгейін жоғарылататын саясат;
  4. өмір деңгейін және сапа деңгейін өзгертуге бағытталған саясат;
  5. адамдардың қаржы қатынасы.

 

  • Лоренц қисығы көрсетеді:
    1. салықтандыру деңгейін;
    2. алынатын салық түрлерін;
    3. салықтандыру ставкасын;
    4. халықтың топтары бойынша табыстың бөлінуі;
    5. инфляция деңгейін.

 

  • Теңге курсының шетел валютасына (АҚШ, Россия) қарай төмендеуі экспорт және импорттың табиғи көлеміне қалай әсер етеді:
  1. экспорт және импорт өседі;
  2. экспорт өседі, импорт төмендейді;
  3. экспорт және импорт төмендейді;
  4. экспорт төмендейді, импорт өседі;
  5. экспортқа да, импортқа да әсер етпейді.

 

  • Валюталық курс көрсетеді:
    1. ұлттық валютаның алтындық мазмұнын;
    2. бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен бағалау;
    3. әлем нарығындағы валютаға сұранысты;
    4. әлем нарығындағы валютаға ұсынысты;
    5. валюталы саудаға мемлекеттік араласу.

 

  • Ұлттық валюта курсының төмендеуі тиімді:
    1. экспортерларға;
    2. импортерларға;
    3. тұтынушыларға;
    4. тұрақты табысы бар адамдарға;
    5. мемлекетте ешкім пайда таппайды.

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1Е, 2А, 3D, 4D, 5В, 6В, 7А .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *