Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланы-сын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі — Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. «Ис-фиджаб ірі қала, — деп жазды ол. Оның рабады (кузеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базар-лар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар». Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі — Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жо-лының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі — Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астана-лық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі — Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған
VII ғасырда Тараз «¥лы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, со-нымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған мон-шасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қат-ты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші — Қара-хан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты ба-сқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамты-ған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала — Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.
Бекіту сұрақтар
1.ҮІІІ-ХІІ ғғ. қала мәдениеті, сауда және ақша айналымы.
2.ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар, сауда және ақша айналымы.
3.ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан мәдениеті.
Әдебиеттер
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
- Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
- Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
- Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
- Байпаков. К.М, Нуржанов А.Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.
- Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
- М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
- Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. А., 1993.