- Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында.
Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. “Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-VII ғасырларда басталды” деген парадигма жасалды. Қазақ қоғамындағы патриархалдық, феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі туралы пікір таластар негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі — көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі өндіріс құралы жер емес, мал; жерге феодалдық меншік болмаған деген көзқарасты жақтағанда, С.Е. Толыбеков, В.Ф. Шахматов, екіншісі –негізгі өндіріс құралы- жер, жерге ( жайылымдарға ) феодалдық меншік болғаны туралы, пікірді жақтаушылар Л. П. Потанов,С.З.Зиманов, Ә.Ерденов, т.б. Жер мәселесі оның меншік нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мәселе болып келді. Бүгінгі күнде де солай болып қала бермек. Қазақ жерін ресей патша меншігіне нысанына айналдырып алу, мәселесі оны жүзеге асыру жолдары патша үкіметі саясатындағы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ даласындағы империя саясаты мұрағат деректеріндегі, жазбалардағы мәнінде қазақ даласын отарлау ресей патша өкіметі үшін саяси мақсат мұраттары болды. Мақсатты мұраттарына жету жолында, жүз елу жыл бойы саяси шараларын жүзеге асырудың, әкімшілік басқарудың бірнеше тәжіриберелерін қолданып, отарлық мақсаттарына жету жолындағы ізденістерін үнемі тоқтатпай, арнайы комиссиялар құрылып патша үкіметіне есептерін беріп, зерттеу барысындағы өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды. Осындай бір отарлаудағы басты нысана қазақ жері болды. Қазақ жерін империя меншігіне айналдыру, жолдарындағы ізденістеріне тоқталмақпыз. XIX ғ. II жартысында қазақ даласына әкеліп, қоныстандырылған қазақ әскерлерінің қазақ жеріне ие болуларының, өзі көздеген отарлау әрекеттеріндегі мақсаттарына жетудегі қанағаттанарлық іс болмай шықты. Патша үкіметінің комиссиясының пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, қазақ даласынан жерге орналастыруда қоныстандыру үшін еркін бейбіт отарлау мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, отарлау әдіс тәсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға қойды. Сол кездегі шаруашылықтың негізі және басты кәсіпшілік көзі мал шаруашылығын ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда көзі, сауданың негізгі түрі арзан шикізат көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен әр мал басына қазақ әскеріне ақша төледі, 1841 ж Орынбор әскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал басынан түскен пайда Әскерлер пайдасына 4439 р. 10к. Қазақтар пайдасына 578 р.к күміс ақшамен Қазақ даласындағы орыс келімсектерін қоныстандыруға, алынған жерлер қазақтар үшін шаруашылыққа кәсіпке қолайлы, шұрайлы жерлерден айырылу болды. Қоныс аударушы тұрғандар саны көбейген сайын, қазақтар үшін шаруашылыққа қолайлы жерлер қоры қажеттілігі күшее түсті. Осыдан туындаған жағдайларға байланысты қазақтың көшпенділік ата салтында тықыр таянып, отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дәуір кезеңінің тарихи әлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты.
Үкімет комиссиясы кең байтақ қазақ даласының құнарлы жерлерге орыс келімсектерін қоныстандыруды қарастырып, ығыстыруды көздеген. Бұл пікірімізге үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне Семиречинский облысының құрамына кеткен жерлерден тек қана Көкшетау, Атбасар және Семипалатинск округтерінің бөліміндегі жерлері жер шаруашылығы мен егін шаруашылығы мен егін егуден айналысуға тиімді. Ал, даланың азғантай бөлігінен басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген.
Сондықтан егінге қолайсыз жерлерде орналасқан, казактар бірте-бірте жер кәсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кәсіпшілігі тиімсіз болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен қатар сауданы кәсіп еткен, және ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кәсіп еткен.
Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жер, сондықтан Орынбор ведомыстволарының линия бойындағы қазақтары жер кәсіпшілігімен жақсы айналысып, өкімдерін өнімдерін саудаға шығарып, сатып отырған. Сол кездегі жергілікті басқарма бастығының хабарламасы бойынша егіннің көп бөлігі тары өнімі болған саудаға тары өнісін көп шығарған делінген.Бұл жағдай қазақ даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен жақсы айналысып, жер кәсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы таза жермен айналысатын мақсаттағы орыс қоныстанушыларын әкеліп, үлкен жер үлесін қажет ететін және ақшалй жәрдем бөліп өкіметтер аса бір пайда болатынын күтудің қажет болмайтынын түсінген. Қазақ даласындағы қоныстанған орыс тұрғындарының өнеркәсіп пен саудамен айналысқан жағдайларына қарап, саудаға қолайрырақ жағдай бар екендігіне көз жеткізген. Қазақ даласындағы орыс саудагерлерінің сауда да малға айырбас жасайды, сатады сөйтіп өздеріне көп пайда әкелетін болды. Қазақ даласындағы сауданың тиімділігі сондай, тіпті Сібір жеріне қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған.
Солардың ішінен Ақмола қаласының сауда орталығына айналудағы ерекше маңызына тоқталмай кетпей болмайды, 1854 жылдары жылына 200 мың рублдің саудасын жасаған болса, комссияның жинаған анықтамалары бойынша он жылдан кейін, яғни 1864 жылы. 12.500,000 рублдің саудасы жасалған қаладағы және қыстақтағы елді мекендердегі Сібір даласындағы жәрмеңкелердің сауда айналымы жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша – көл маңына жақын жерде үкіметтің қазақ даласының ішкі жағында жәрмеңкелер рұқсат бергенге шейін болған, жәрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жәрмеңкедегі басты, сауда мал саудасы болды. Мұнда 700,000 қой , 60 000-ға дейін жылқы және ірі қара малдар айдап әкеліп саудаға салынып тұрған.
Басқарманың жарлығы мен бірінші рет ашылған 1867 ж. көктемдегі Ойыл өзенінің бойындағы Орынбор даласындағы. (қазіргі Ақтөбе облысының жеріндегі) жәрмеңкеге 250,000 рублдің тауары апарылған оның 100,000 рублден астамы айырбасталып, сатылған жәрмеңкеден 20,000 бас мал түрлері сатып алынған. Қазақ-орыс арасындағы осындай сауданың алғашқы тәжірибелерінің сәттілігі орыс әкімшілігінің қазақ даласындағы экономикалық байлығының берік болатынына көздерін жеткізіп, Сібірдің ішкі жағында да уездік мекемелерді орналастыруда жақсы орындарды дұрыс таңдап сәтті орналасқан жағдайда Сібір даласындада сауда қалалар көбейіп ондағы сауда орталықтарындағы Орынбор даласындағыдай өсіп өркендеп, табыс көзіне айналатынына сенім арттырды.
Патша үкіметі қазақ даласына қоеыстанушыларға сауда жасауға қолайлы аймақтарды таңдап, ол жерлерде жер кәсіпшілігімен де айналысуға мүмкіндігі бар жерлерден жер үлесін бөліп беруді ұйғарды [6]. Қазақ даласындағы жерлерде орыстарды қоныстандыру мақсатын да көп жер аймағын қамтуды жүзеге асыру үшін, қоныстанушыларға шаруашылық үшін орман ағаштарын тегін беру керектігі үкімет комиссия мүшелері ұйғарды.Сонымен қатар Сібір даласындағы қалаларда да қазақ даласына қоныстанушыларға басқада жеңілдіктерді пайдалануға мүмкін беруі қарастырылды.
Орынбор губерниясының құрылуы жөніндегі ережеге сай қазақ даласындағы әскери казактардың бос жатқан жерлеріне қоныстандыруға рұқсат жасалған болатын . 1863ж. наурыздағы патша үкіметінің облыстық басқармасы жалпы кеңесінің қаулысымен әскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған.
Қазақ даласына казактар мен басы байлық құқықтан босаған орыс шаруаларын қоныстандыруға көздеген мұраттарының көп жайды аңғартатын саясатының түпкі нәтижесі мәні жөнінде үкімет комиссиясы пікірі былай: «… Водворение русского населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не возбудить неудовольстия киргизов и будет гораздо полезнее и действительнее земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов».
Патша үкіметінің отарлық саясаттарының ең бір мықты берік айласы қазақ даласына казактар мен крепостнойлық құқықтан босатылған жері жоқ, орыс шаруаларын қазақ даласына орналастыру арқылы Ресей патша өкіметі үшін екі мәселенің шешімін тапты.Бір деректе “В 1867 году образовано Туркестанское генерал-губернаторство. Мы таких образом врезались далеко в глубь средней Азии, стали в непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и установились новые благоприятные условия”. Қазақ даласындағы империя саясатының қорытындысына тоқталсақ:
Біріншіден, басы байлылық құқықтан босаған орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды.
Екіншіден, ресейдің өз жерінде қалып қоныс таба алмайтын үлесті жеріде жоқ, шаруалар “жаңа жерді” игеруге өте ынталы әрі мүдделі болды. Оның үстіне біз жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді.
Үшіншіден, қазақ даласына отарлау мәселесінде қазақ ұлтының тұтастығын бұзды енді қазақ даласы казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне айналды.
Төртіншіден, қазақ жері империя меншігіне айналды. Империя қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол сұғып қана қоймай, көздеген қоныстандыру саясаты қазақ даласындағы империяның мақсаттарын жүзеге асыратын мықты байланыс болатын жағдайдың алғы шарттары жүзеге асатын негізі қазақ жеріне иелік ету құқына ие болу арқылы империялық мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын.
Бесіншіден, патша үкіметі актілерінің заңдылығына “негіздеме ” іздегенде басты дәлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау құқығын алды.
Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы тархандар институтын жойды. Мұнда да жер мәселесі саясатына қатысты құқықтық пәрмені бар тархандарға берілген жеңілдіктер қарастырылған құқықтан айыру болатын. 1869 жылы сенат жарлығымен тархандар институтын жойды. Осылайша қазақ даласындағы тархандар институты өздерінің қызметін тоқтатты.
Жетіншіден, қазақ – орыс арасындағы сауда алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар ақша қатынастарына ауысты. Қазақ даласын арзан шикізат көзіне айналдыруда патша үкіметі көпестер мен саудагерлердің күшін пайдаланды. Бұл мақсаттың түпкі саясаты қазақ даласына экономикалық үстемдік қалыптастыру еді.