Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы  пәні

 

       1.Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық

ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең — бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері — түркілер — Ашина руының түркілері — Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты — Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.

Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.

Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда «Манас» эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.

Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.

Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды.

Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –Алшын –От-ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.

Дәл осы кезенде халықтың әзі – Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді.

Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды.

 

Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.

Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырында, «Қозы-Көрпеш — Баян-сұлу», «Қыз-Жібек» және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды.

Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды.

Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би –Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі «жеті» санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді.

Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды.

  1. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.

    Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам — өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.

Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.

Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.

Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты.

Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер – өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану.

 

  1. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

Тарихи деректанудьщ жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек.

а) Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы.

Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады:

–   эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар;

  • нумизматика – теңгелердегі жазулар;
  • сфрагистика – мөрлердегі жазулар;
  • геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;
  • полиграфия –жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу;
  • папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;
  • текстология – әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;
  • дипломатика – заң актілерін зерттеу;
  • хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау;
  • метрология – өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;
  • арихи география – өткеннің географиялық тарихын зерттеу;
  • генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.

Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырады.

Дегенмен, арнаулы тарихи пәңдердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әддеқайда шектеулі.

Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең.

Қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады.

  1. Теориялық-әдіснамалық проблемалар:

    – тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;

  • тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, оңдағы субъек-тивтіліктің ара қатынасы;
  • тарихи деректерді жіктеу;

– деректердің ғылыми қүндылығын анықтау принциптері мен тәсілдері жоне т.б.

  1. Нақты-қолтаңбалық проблемалар:

    – деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау және екшеу;

  • нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;

–   деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи індеттерді шешуге пайдалану тәсіддері және т.б.

Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және өдіснамалық саласынан білім беру;
  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
  • тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жүмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және едістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады.

Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

 

 

     Бекіту сұрақтары:

  1. 1. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
  2. Қазақстандағы аграрлық қатынастар қандай кезеңдерге бөлінеді?
  3. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні қай кезеңдердің аралығын қарастырады?

 

Әдебиеттер: Н-1,3,4,5,.Қ-2,3,4,11,14

Бекіту сұрақтары:

1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар  тарихының қамтитын мәселелері қандай?

2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар  тарихының пәндік мақсаты неді?

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *