Тарихи деректерді талдау методикасы

 

1.Деректанулық  сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі.

 2.Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника.

 3.Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері.

4.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика).


Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.
Жіктеу – обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу – деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық — фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.

Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.

  • заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;
  • көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;
  • сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;
  • жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;


Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.
Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:

Құжаттық:

  • картографтық
  • статистикалық
  • актілік
  • концелярлық

Баяндаушы:

  • жеке (хаттар, күнделік, заманхат);
  • көркем (очерк, роман, лирика, проза);
  • тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);
  • ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).

 

Деректану методы

1. Деректанулық «сын».
Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді
Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.


Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:
1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.
2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.
Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;

-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;

-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.

Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.

Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:

Обьективтік принціп— тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.

Партиялық принціп — ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.

Тарихи принціп– ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.

Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?

Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.
Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.
Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.

Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.
Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.

 

Әдебиеттер:

  1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
  2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама   жанрын   зерттеу   мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі — Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.     7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *