Салық – бұл, белгіленген мерзімде және белгілі заңмен мөлшерленіп бюджетке түсетін міндетті төлем.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:
- жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;
- тұрақтылық, салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;
- тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
- міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;
- әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық жеңілдігін құру.
Салықтың түрлері:
Салықтандыру объектілері бойынша белгіленеді:
Табысқа салық. Мүлікке салық. Белгілі тауарлар және қызметті сатыпалушылар шығындарына салынатын салық.
Төлету тәсілдері бойынша салықтар бөлінеді:
- Тікелей (мүліктің иелерінен немесе табыс алушылардан тікелей алыну: табыс салығы, меншікке салық).
- Жанама (белгілі тауарлардың бағасына қосылады және сол тауарларды сату кезінде тұтынушылардан алынады – акциздер және кедендік баж).
Салықтың мөлшерін белгілеу үшін үш жүйесін көруге болады:
а) пропорционалды салық табыс, шығын немесе мүлік құнының сомасына тәуелді емес өзгермейтін пайыздық ставкасы бар салық болып табылады; б) табыс өскен сайын ставкасы да өсетін салық прогрессивті деп аталады; в) табыс өскен сайын ставкалары төмендейтін салықтар регрессивті деп аталады.
Салықтар сомасы келіп түсетін бюджет деңгейі бойынша жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Пайдалану тәртібі бойынша: жалпы салықтар – мемлекеттің бірыңғай кассасына түседі, белгілі бір мақсаты бар мақсаттық немесе арнайы салықтар болып бөлінеді.
Қазақстанда ҚР Салық кодексімен бекітілген келесідей салықтар бар:
- Корпоративті табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Акциздер;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық;
- Мүлік салығы.
Салықтардан басқа, бюджетке алымдар да келіп түседі: сауда құқығы, автокөлікті қою құқығы үшін, курорттық алымдар.
Салықтандырудың өзінің шегі болады. Салық ставкалары белгілі бір биіктікке дейін өседі, ал одан кейін төмендейді:
- адамдардың экономикалық белсенділігі төмендейді;
- адамдар салық төлеуден бас тартады;
- көлеңкелі экономика өседі.
Ставкалар және салықтың түсірілу арасындағы өзара байланысты Лаффер қисығы көрсетеді.
L нүктесі N нүктесіне қарағанда артықшылығы бар. Бұнда экономикалық белсенділік жоғары, жұмысбастылық және өндіріс көлемі көп, игілікті тұрмыс деңгейі жоғары.