Деректанудың қалыптасуы және дамуы

 

1.Деректанудын, ғылым ретінде пайда болуьшың және қалыптасуының алғышарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлецер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), франңуз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. — деректану ғылымының негізін қалаушылар.

 2.XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген өсері. Г.Ф.фон Штейннің «Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын» құруы. «Герман тарихының ескерткіштері» сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813-1886) жөне оның «Германия тарихының деректануы».

3.Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген кажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.Э.Бернгеймнің (1850-1942) «Тарих ғылымына кіріспе» атты оқулығындағы методология, методика, түсініктер және сьшыптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньо-бостың (1854-1942) «Тарихи зерттеуге кіріспе» атты еңбектер-нің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану — тарихи деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым.

4.Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуы ның   негізгі   кезеңдері   жәпе   деректану   пәнін   оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар.

 

Әдебиеттер:

  1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
  2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама   жанрын   зерттеу   мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі — Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.     7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *