Аутогендік жаттығу (грек.autos — өзім, genos – шығу тегі, пайда болу)-емделушіні бұлшық еттік релаксацияға,өзін-өзі иландыруға,адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып – үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсы іспетті мынадай екі сатысы бар: — ауырлықты, ыстық-суықты, жылылықты сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал – ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін — өзі тәрбиелеуде қолданылады