Амал, Тәсіл (Способ) – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді