Өлкетану сүйенетін деректер

 Лекция жоспары Өлкетанудың деректерімен ұстанымдары Өлкетану зерттеулерінің негізгі кезеңдері Зерттеулер әдістерінің жіктелуі 1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары Туристік-өлкетанулық жұмыстар туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оған туған өлке туралы білім алу, мәліметтерді жинақтай білу, бақылау әдістерін үйрену, алынған мәліметтерді өңдеу дағдылары мен сараптай білу, алынған дағдыларды туристік фирма жұмысының тиімділігін арттыруда қолдана білу жатады. Өлкетанудың ұстанымдары: ғылыми, жүйелілік және реттілік, кешенділік және аймақтылық. Өлкетанудың деректері: әдеби, картографиялық, мұрағаттық, статистикалық, құжаттық (деректік), бақылау. 2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдеріне жатады: 1) Кітапханалардан, ұйымдар мен мекемелерден әртүрлі әдеби және өлкетанулық мәліметтерді жинау, зерттеу және жалпылау. 2) Алдын – ала таңдалған пункте жүйелі түрде бақылаулар жүргізу. 3) Арнайы бағытталған жорықтар мен экскурсиялар кезінде бақылаулар жүргізу, өлкені зерттеу. 4) Алынған мәліметтерді өңдеу (жоспарлар, карталар, графиктер, диаграммалар, коллекциялар және т.б. құру). 5) Алынған мәліметтерді жалпылау және сараптау. 3. Зерттеу әдістерінің жіктелуі Жалпы өлкетанудың негізгі әдістеріне әдеби, картографиялық, статистикалық, далалық бақылаулар, визуалды, сауалнама, салыстырмалы-тарихи және т.б. жатады. 1) Өлкетанулық әдеби деректерін зерттеу өлкетанулық зерттеулердің бірінші кезеңінде, алдын – ала мәлімет алу үшін жүргізіледі. Өлкетанулық мәліметтің деректері: — оқулық пен оқу құралдары, статистикалық анықтамалықтар; — туризм мен өлкетануға байланысты анықтамалық – библиографиялық шолулар; — «Вопросы географии» жинақтары (1930 жылдан бастап 120 шығарылымы болды, мысалы, № 93 «География и туризм», № 110 «Топонимика на службе географии»); — «Преподавание истории в школе», «Преподавание географии в школе», «География және табиғат», «Казакстан мектебi», «Социологические исследования» журналдары; Газет мәліметтері. Қарастыратын баспаларды алдын-ала белгілеп, оның ақпараттық бағытын анықтап, хронологиялық рамкаларын белгілеу керек. Тақырыпқа сәйкес келетін бөлімдерге көңіл аударған жөн. Алынған мәлімет карточкаға енгізілу керек. Үзіндіде автордың аты – жөні, мақаланың атауы, жылы көрсетілген баспаға нақты сілтеме, газет немесе журналдың беттері мен саны көрсетілу қажет. 2) Зерттеудің картографиялық әдісі зерттеліп отырған аумақтың табиғи, шаруашылық, тарихи, археологиялық және т.б. объектілер мен құбылыстардың кеңістікте орналасуын анықтауға бағытталады. Барлық өлкетанулық зерттеулер зерттеліп отырған жердің карта немесе жоспарын құрастырудан басталғаны жөн. Карта — зерттеу нәтижесін түсіретін негіз болып табылады. 3) Далалық зерттеудің негізгі стационарлық және экспедициялық әдістері бар. Бірінші әдіс зерттеушінің тұрғылықты жерінде немесе ұзақ тұрған жерінде жүргізіледі. Ал екінші әдіс саяхат немесе жорық кезінде қысқа мерзімді тұрған жерінде жүргізіледі. Саяхат кезінде бақылау әдісінің ең тиімдісі болып визуалды немесе сауалнама табылады. 4) Статистикалық әдіс сандық көрсеткіштерді іріктеу мен сараптауға негізделеді, оның нәтижесінде карталар, сұлбалар, таблицалар, графиктер, диаграммалар құрастырылады. Өлкетанушылар бұл әдісті өлкенің шаруашылығын, халқын және өзге аумақтармен экономикалық байланыстарын зерттеген кезде кең қолданылады. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар: 1. “Қағида” дегеніміз не? Өлкетанудың қағидалары неде? 2. Түрлі библиографиялық мәліметтер типтерімен жұмыс істеу әдістері қандай? 3. Мемлекеттік архивтерде жұмыс істеу үшін қандай рұқсат құжаттарды алу қажет? 4. Статистикалық бюллетеньдерден туризм бойынша қандай мәліметтерді алуға болады? 5. Сауалнама құрастыру ұстамдары, әлеуметтік сауалнама жүргізу әдістері? 6. Аймақтарда өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің түрлі кезеңдерінде қандай әдістер қолданылады?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *