Ұлттық есеп жүйесінің жалпы сипаттамасы

Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, кәсіпорындарды және т. б. Олар қарастыратындар: бағалар, шығын, пайда және басқа табыстар. Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Экономикаға толығымен нарықтық түсінік беру керек еді.
Бұл мәселені көрнекті ағылшын экономисі Джон М. Кейнс шешті, ол біздің ғасырдың 30 жылдары макроэкономикалық теорияның негізін қалады, яғни экономиканың заңды қозғалысы макронарық деп түсінеді.
Макроэкономикада экономикалық көрсеткіштерін жинақтау ірілендірген түрінде көрсетіледі. Макроэкономиканың қарайтын мәселелері мынадай:
— жұмысбастылық мәселесі;
— ұлттық табыстың мөлшері;
— инфляция табиғаты;
— әлеуметтік шаруашылық;
— экономикалық өсу.
Ұлттық экономиканың қызмет етуі төрт субъекттің (мемлекет, кәсіпкерлер, үй шаруашылығы, шетелдік серік) шаруашылық қызметтерінің түрінде көрініс алады.
Нарықтық экономика тек қана нарық жүйесі бола алады. Дж. М. Кейнс оның төрт негізгі нарығын білдіреді: тауар нарығы, еңбек нарығы, ақша нарығы, құнды қағаздар нарығы. Бұлардың әрқайсысы белгілі орын алады және ерекше қызмет атқарады. Бұл нарық арасындағы өзара байланыс, макроэкономикалық қозғалыс механизмін құрайды және барлық макроэкономикалық модельдерде көрінеді. Бұл макронарықта, келесі макроэкономикалық байланыс және бір нарыққа біріктіруге болады:
— фирмалар мен үй шаруашылығы мемлекетке салық төлейді;- мемлекет фирмаларға дотация жасап және халыққа трансферттік төлем жасайды;
— фирмалар пайдасының бөлігін инвестицияға айналдырады, ал жанұя табыстарының бөлігін жинақтауға айналдырады;
— мемлекет бюджеттің бөлігін бюджет сферасына жібереді;
— мемлекет шет елдермен несие қатынастарында болады. Ашық экономика ұлттық экономиканың шетелдік мемлекетпен өзара қарым-қатынасын жобалайды, бұл төлем балансының сальдосы ретінде таза экспорт көрсеткішінде қамтып көрсетеді.
Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары макродеңгейде байқалады және макроэкономикалық құралдармен шешіледі. Бұл жеті макроэкономикалық параметрлер: жұмысбастылық, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, ұлттық табыс, инфляция, экономикалық өсу, іскерлік цикл. Барлық елдерде макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтығын
«ұлттық шоттар жүйесі» деп атау қабылданған.
Жуырдағы уақытқа дейін макроэкономикалық көрсеткіштер әрбір мемлекетте ұлттық тұрғыда ерекше болды, дегенмен де бір-біріне ұқсады. Бұл көрсеткіштер бір үрдістерді көрсетті.
Ұлттық есеп көрсеткіштерімен (ҰЕЖ) үкімет экономиканың барлық жағдайын анықтайды. ҰЕЖ – біріккен ұлттар ұйымында 1953 жылы қабылданып, көптеген елдерде қолданылады және халықаралық статистикалық ұйымдарда стандарт ретінде қаралады.
Заманауи ҰЕЖ құрушылары американдық экономист С. Кузнец және ағылшын Р. Стоун болып табылады. Осы дайындамалары үшін олар 1984 жылы Нобель сыйлығын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *