Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңнің күрделі және әрқашан жағымды әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларда қалыптасады. Әртүрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар  оның  динамикалық  тұрғыда  дамуына   кедергі келтіреді. Мәселелер, экономиканың жалпы дағдарыстық жағдайымен және бюджет тапшылығымен, кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына үлкен импульс беру үшін қаржылық ресурстардың жетіспеушілігімен, барынша жетілген өнім мен қызметтерді өндіруді реттеу есебінен толыққанды тапшылығы жоқ нарық жағдайында өз қуысын таба алмау қабілеттілігімен, іскерліктің болмауымен, заманның менеджмент және маркетингтің әдістерін білмеуімен байланысты.

Әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес Америкада бизнесмендерді келесідей кәсіпкерлік мәселелер қатты толғандырады: пайда  алу, бизнес өсуін басқару және қолдау, ақша ағындарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды мәселелердің ішінен – ел экономикасының жағдайы туралы мәселе 5 орында, капиталға қолжетімділік – 11 орында, сыбайлас жемқорлық және инфляция мүлдем көрсетілмеді.

Қазақстанда – бірінші орында салықтық саясат, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығы, үшінші орында – несиелік саясат, одан кейін өткізу, шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері, соңғы орында – мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік.

Осының барлығы мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек керек қажеттілігін көрсетеді.

Кәсіпкерлік қажетті нарықтық құрылымның құрылуынсыз және өзара байланыссыз қалыпты әрекет ете алмайды. Бұл қатынаста біздің экономикаға бірқатар мәселелерді шешу керек. Біріншіден, экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесінің күйзелісі жағдайында мемлекеттік органдардың және әртүрлі деңгейдегі аппараттың филиалданған бөліктерінің үстемдігінен кәсіпкерлерді қорғауды қамтамасыз ету керек. Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңес беру фирма және өзге де мекемелер түрінде кәсіпкерлік инфрақұрылымын құру қажет. Үшіншіден, кәсіпкерліктің мотивациялық базасын құру үшін экономиканың қызмет етуінің бәсекелестік-сайыстық тәртібі керек. Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай құру туралы айта отыра, заңнамалық және шаруашылық функция арқылы оның қалыптасуында мемлекеттің елеулі рөлін ұмытпау қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *