Өлкетанулық зерттеулер Пәннің міндеті, мақсаты Өлкетанудың түрлері мен формалары Қазақстанда өлкетанулық зерттеулердің кезеңдері
Академик С.В. Колесниктің анықтамасы бойынша, өлкетану – кіші территорияларды жан-жақты зерттейтін пән. Жеке бақылауларды және зерттеулерді, экскурсияларды жүргізу және түрлі материалдар жинау үшін кіші территория ең қол жетерлік болып табылады. Бұл территорияда зерттеу құбылыстары таза жергілікті, үнемі өзгеріп тұратын жағдайлармен анық байланысы байқалады, сондықтан табиғат ерекшеліктерін, сонымен бірге халықтың өмірі мен іс-әрекетін толық анықтауға мүмкіндік бар. Кіші территория (өз жерің) – адам өмір сүретін әкімшілік аудан, қала, кент. Кіші отан – адам туылған, елді мекен. Отан – адам туылған, сонымен бірге, туылған мемлекет, адамның тамыры, ата-бабалары шыққан, тағдырына өзінің рухани ортақтығын сезетін жер. Нағыз Отан – ол адам, өзін сол жердің бір бөлігі болып сезетін жер. Жасына және жағдайларға қарамастан, адам қайта оралуға ұмтылатын мемлекет. Отан – біз оны сақтап, қорғап, аялауға тырысатын, және өзімізді жақсы және еркін сезетін орын. Отанды сүйю және қорғау – ол әр адамның міндеті. Оны анықтайтын ұлт немесе тұратын орын емес, ол ішкі сезім. Қазақ жері жайлы алғашқы мәліметтер. Қазақстанды мекендеген халықтардың мәдениетінің ежелгілігіне қарамастан, оның географиясы және табиғи жағдайлары жайлы әдебиет деректері өте тапшы болды. Ежелгі кезде қазақ жері жайлы ең құнды географиялық мәліметтерді көрші араб және азиаттық халықтар алған. Европалықтар Орта Азия мен Қазақстанды зерттеушілер ретінде, тек XIII ғасырдан бастап пайда болады. Бұл кезең Қазақстан географиясы, өлкенің табиғаты жайлы алғашқы мәліметтерінің жиналуына, үлкен әсер етті. Кемшілігі – бұл жерде тек оңтүстік-батыс, және оңтүстік бөліктері – Каспий, Арал теңіздері, Ілі, Талас, Шу, Сырдарья өзендері жайлы мәлеметтер ғана көрсетілген. Қазақстан халқының мәдени өмірінде ежелгі және ортағасырлық қолжазба кітаптарының үлкен әсері болған, солар арқылы ортағасырлық мектептер мен медреселерде оқушылардың сауытын ашқан. Мүсылман мектептерінде аль-Фарабидің, Ұлықбектің, Баласағұнидың, Ясауидің қолжазба шығармалары,трактаттары таралған. Ортаазиялық қолжазбаларының ерекшелігі – көп алфивитті және көп тілді болған, сондықтан оларды зерттеу қиынға түскен. Уақыты бойынша кейініректері, араб алфавиті мен жазылған. Ондай қолжазбалардың алғашқысын XI ғ. жазылған Юсуф Баласағунидің «Құтадгу билік» еңбегін атауға болады. Көптеген қолжазбалардың арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты, ежелгі қолжазбаларда бар. Сондай ескерткіштерге «Огуз-Наме», Қарқыт ата жайлы әңгімелер мен аңыздар, Алпамыс поэмасы, Манас эпосы т.б., және ойшыл, ақын Ясауидің, тюрколог Махмут Қашғаридің еңбектері де жатады. Орыс-қазақ байланыстарының орнатылған кезіндегі Қазақстанның географиялық тануы (XVI ғ. — XIX ғ.). Осы кезеңде қазақ жерлерінің табиғи жағдайларын сипаттайтын көлемді материалдар жиналды. Бұған орыс-қазақ байланыстары себепші болды. Географиялық саяхаттардың мәліметтері арқасында, дүниежүзілік ғылым Орынбор өлкесі, Арал-Капий бассейні, Ілі Алатау жайлы көлемді және анық географиялық мәлеметтерге ие болды. XVI ғ. аяғында- XVII ғ. басында, алғашында Мәскеуде, кейін Қасымов қаласында өмір сүрген, қазақ Қадырғали Хошум Жалаири «Джами ат-таварих» («Сборник летописей») кітабын шығарады – қазақ халқы және оның жері туралы құжат. Кітап Борис Годуновтың сұрауы бойынша жазылған. Қолжазба Қазан университетінде сақталған, тек 1854 жылы профессор И.Н. Березинмен жарыққа шығарылған. 19 ғ. 30-шы жылдарына дейін Қазақстанның табиғат жағдайы туралы жиналған көлемді материалды – Орыс География Қоғамын құрушылардың бірі, А.И. Левшин жинақтауға тырысты. 1832 жылы ол өзінің «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Географиялық орнын қарастыратын, Туранның табиғи шекарасын және «қырғыз даласының» ландшафттық сипаттамасын беруге ұмтылатын географиялық бөлімі үлкен қызуғышылық тудырады. Туранды ол: Алтай, Ертіс, Тобол, Ұйыл, Орал, Каспий, Арал, қытай шекарасы радиусында жатқан үлкен кеңістік деп түсінеді. Осы кеңістікті, негізіне климаттық ерекшеліктері мен топырақ сипаттамасын алып, автор 7 алапқа (зонаға) бөледі. Кітапта «қырғыз казактарына және Түркістанға жататын жерлер картасы» берілген. А.И. Левшиннің кітабы Қазақстанның географиялық зерттеулерінің 19 ғ. 30-шы жылдарына сәйкес жалпы денгейді көрсетіп, үлкен мағынаға ие болды. Сонымен қатар, Левшиннің кітабы букіл Қазақстан жайлы географиялық мәліметтерінің толық еместігін де көрсетті. 1845 жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) құрылды, құрылғанына екі жыл болмай олар Орта Азия мен Қазақстан территориясының географиялық зерттеуіне аса көңіл аударды. Жүйеге келтіру және Орынбор мен Петербург архивтерінде сақталған Қазақстан және Орта Азия географиясы және халқының тарихы туралы бай материалдарды өңдеу барысында, сол кездегі, әйгілі орыс географтары, Я.В.Ханыков пен М.И.Иванин 1847-1861 жылдары қазақ халқы туралы көптеген материалдарды жарыққа шығарды . Я.В.Ханыков – дарынды географ, картограф 15 жыл аралығында Қазақстан жерін зерттеумен айналысқан. 1839 жылы оның «Орынбор өлкесіне географиялық шолу» атты бірінші жұмысы жарық көрді, бұл еңбегінде географиялық орны, статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. 1841 жылы «Ішкі Қырғыздар ордасының күйі жайлы очерк» — батыс Қазақстан бойынша саяхаты туралы жол очеркі жарық көрді. 40-50 жылдары ол картографиялық және баспа жұмыстарымен айналысып «Арал теңізі мен Хива хандығы, оның айналасы», (1851 ж.), «Қырғыз жерінің Ішкі және Кіші ордасының картасы» (1845), «Орта Азияның солтүстік-батыс бөлігінің картасы, қосымшасымен» атты карталарды құрастырды. М.И. Иванин – Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі (1801-1874) Орынбор өлкесінде 1835-1855 жылдары жергілікті офицер корпусында, Ішкі Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі және басқарушысы болып қызмет етті. 1846 жылы ол Манғыстау түбегінің көп бөлігін зерттеп мұнай, глаубер тұзы, құрылысқа жарамды әктастың бары туралы айтты. Жұмысына түбектің картасын тіркеді. Оны кіші жүз қазақтарының рухани мәдениеті қызықтырды – қонақжайлылығы, ұлттық дәстүрлері, медициналық білімдері, діні. Қазақстанда өлкетанудың пайда болуы мен дамуы. Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулердің тарихы ұзақ та қызықты. Қазақстанда өлкетану қозғалысының тарихы 3 кезеңге бөлінеді: Революцияға дейінгі кезең. Бұл Ресейдің шет жақтарында ұйірмелер, қоғамдар және мұражайлардың пайда болу кезеңі. Жергілікті тарихты зерттеумен алдыңғы қатардағы орыс ғалымдары, саяхатшылары (И.К. Кириллов, А.И.Тевкелев, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.А. Северцов, И.В.Мушкетов, В.В. Радлов, Л.Мейер, М.Красовский, А.И.Добросмыслов, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд, П.П.Румянцев, В.Даль, С.У. Ремезов); саяси жер аударылушылар, поляк жер аударылушылар, декабристер, народоволецтер айналысты. 1917 жылдан бастап 20-шы ғасырдың ортасына дейін өлкетанудың пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңі. Бұл кезеңде өлкетану жаңа қоғамдық ғылыми-мәдени қозғалыс ретінде болды. 20-шы ғасырдың ортасынан 30-шы жылдардың ортасына дейін көпшілік өлкетанулық қозғалыстың қалыптасуы. Осы кезеңде Қазақстанда тарихи өлкетанудың негізі қаланды. Революцияға дейінгі кезең. Қазақстан жерінде ұйымдастырылған өлкетанулық зерттеу, Орыс География Қоғамының бөлімімен, ғылым Академиясымен, Орыс Археология қоғамының Шығыс бөлімімен, жаратылыстану, антропология және этнография сүйюшілер Қоғамымен XIX ғасырдың аяғында басталады. Қазақстан территориясын орыс ғалымдарымен қарқынды зерттеуі, 60 жылдардың аяғында, жергілікті ғылыми қоғамдардың бөлімдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызды. 1867 жылы бірінші болып Орыс География Қоғамының Орынбор бөлімі құрылды, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерін ғылыми зерттеуін қолға алды. 1870 жылы Ташкентте Жаратылыстану, Антропология және Этнография сүйюшілер қоғамы, 1877 жылы Омбыда — Орыс География Қоғамының Батыс-Сібір бөлімі құрылды. Орта Азияны толығырақ зерттеу мақсатымен 1897 жылдың ақпанында Орыс География Қоғамының Түркістан бөлімі ашылды. 1902 жылы Қазақстан территориясында Орыс География Қоғамының Орынбор, Батыс-Сібір, Түркістан бөлімдерімен бірге Семей бөлімшесі жұмыс істеді. XX ғ. басында Геология комитеті мен Қоныс аудару басқармасы дала зерттеу жұмыстарына кірісті. XIX ғ. аяғында Қазақстанның облыс орталықтарында статистикалық комитеттер құрылады, олар өлкенің экономикасын, географиясын және тарихын зерттеуде айтарлықтай үлесін қосты. Орыс ғалымдары, әкімшілік мекемелердің чиновниктері мен офицерлері осы қоғамдарды ұйымдастырып, солардың жұмысына белсенді қатысты. Әйгілі өлкетанушылар Ш. Уалиханов, Н. М. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. Алтынсарин. Н. Бекчурин, Г. С. Карелин, Н.Н және В. Н. Белослюдовтар ОГҚ мүшелері болды. 19 ғ. екінші жартысында Қазақстанның территориясын географиялық зерттеуі нәтижелі жетістіктермен белгілінді. Таулы және жазық аудандардың, көлдер мен теңіздердің карталар мен атластары құрастырылды. Физикалық-географиялық зерттеулер жүйелі және кешенді жолға қойылды. Осы кезеңде Балқаш, Арал, Каспий теңіздері, Тянь-Шань таулары зерттелді. Саяхатшы ғалымдар көңілдерін Тянь-Шань мәселелеріне бөлді. П. П. Семенов, Ч. Уалиханов, И. А. Северцов, И. В. Мушкетовтардың зерттеулері бойынша Тянь-Шаньнің орографиялық және геологиялық құрылысының ғылыми дәлелденген схемасы жасалды. 1887 жылдың желтоқсанында Орынборлық ғылыми мұрағаттық комиссия құрылды. Комиссияның мақсаты – генерал-губернатордың канцеляриясында жатқан мұрағаттық құжаттарды реттеу және ғылыми зерттеуге дайындау. Мұрағаттық комиссияның әрекетінің күрделі бағыты, Орынборда мұражай ашу болды. Бірақ Орынборда мұражай ашу ойын губерндік статистикалық комитет іске асырды, 1888 ж. ол қалада тарихи-археологиялық мұражай ашу жайлы қаулыс қабылдады. Орынбор ғылыми мұрағатық комиссияның ең белсенді мүшесі И. Катанье болды. Ол өзінің ғылыми әрекетін екі бағытта өткізді: қазба жұмыстарын жүргізді және қазақ даласының ежелгі мәдениет ескерткіштерінің тізімін жасаумен айналысты. Әсіресе оның қазақ даласының археологиясы бойынша мәліметтерді жүйелеу жұмысы табысты болды. Көп жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстанның барлық облыстарының ескерткіштері сипатталған еңбегі болды. Орта Азиядағы жалғыз тарихи-ғылыми мекеме – Туркістандық археологияны сүйюші ұйірмесі Қазақстанның оңтүстік бөлігін археология жағынан нәтижелі зерттеді, ол 1895 жылы желтоқсан айында ашылды. Қазақ ғалымдарының, ағартушылардың туған өлкені зерттеудегі рөлі. Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуші ретінде Ш. Уалихановтың ғылыми еңбегі дүниежүзілік ғылыммен танылған. Еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шыққан. Ол тарих, география және этнографияға арналған бірқатар құнды еңбектерді жазып үлгерген. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, жазушы, қоғамдық қайраткер, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және европа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Ыбрай Алтынсарин — қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар арасындағы Торғай облысының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін, 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды. Өлкетанудың пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. Совет өкіметі орнағаннан кейін барлық сәулет ескерткіштері, кітапханалар, мұрағаттар ұлттандырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда өлкетанулық қозғалыс кең көлемде жүргізіле бастады. 1920 жылы «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» құрылды. Құрылтайшылық жиналасы 1920 жылдың 15 қазанында өтті, қоғамның төрағасы болып, қазақ халқының тарихы туралы алғашқы жұмыстардың авторы А.П. Чулошников тағайындалды. Сол, Республикада мемлекеттік ғылыми мекемелер болмаған кезде, Қазақстанды зерттеу Қоғамының қатарында зиялы қауымның басым бөлігі біріккен болатын. Қоғамда С.Д. Асфендияров, А.Диваев, А.Л.Мелков, С.Сейфуллин, Т.Рыскулов, Калмыков, М. Ауэзовтер қызмет атқарды. Осы жылдары жалпыресейлік өлкетану жұмысының ғылыми-методикалық орталығы пайда болды – өлкетанудың Орталық бюросы (ӨОБ), ғылым Академиясы жанынан. Ол 1921 жылы бірінші Бүкілресейлік өлкетану конференциясында құрылды. ӨОБ мүшелері болып сол уақыттың әйгілі ғалымдары Д.Н.Анучин, Н.Я. Марр, А.Е.Ферсман, П.Г.Смидовичтер болды. Советтік өлкетанудың ұйымдастырушыларының бірінші қатарында педагогтар А.П. Пинкевич и С.Т. Шацкийлер де болды. ӨОБ-ның облыстарда бөлімшелері болды, өлкетанулық журналдармен, жинақтары шығарылып тұрды. 1923 жылдан бастап «Краеведение» журналы шыға бастады, ал 1925 ж. – «Известия ЦБК». 1930 ж. олар «Советское краеведение» журналы болып бірікті (1936 ж. дейін шығып тұрды). 1937 ж. ӨОБ жойылды. Оның ресми жабылуы 1932 жылы Ғылым Академияның қазақстандық базасының пайда болуымен байланысты. Өлкетану зерттеулер орталығының ролін одан ары География қоғамының өлкетану комиссиясы өз қол астына алды. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар 1. “Өлкетану”, “туған өлке”, “кіші аумақ” түсініктеріне анықтама беру. Туризм мамандары үшін туристік-өлкетану жұмыстарының мағынасы неде? Өлкетанудың түрлері қандай негізде бөлінеді, оларды атап сипатамасын беру? Өлкетанудың формалары қандай негізде бөлінеді, оларды атап сипатамасын беру? Ресейдің өлкетану зерттеулерінің негізін қалаушысы деп кімді санайды? Неліктен Ш. Валихановты қазақтың бірінші өлкетанушысы деп санайды? Ұлы қазан төңкерілісіне дейін Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттеді? Ұлы қазан төңкерілісінен кейін Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттеді? Қазақстанда мектеп өлкетануының кезеңдерін анықтаңдар Кәзіргі кезде Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттейді?