Қоғам қажеттілігі сапа жағынан өседі және өзгереді. Олар тұрғындардың санының өсуіне байланысты артады. Бір уақытта өседі және адамдардың қажеттілігі әртүрлі болып өзгереді. Мұндай объективті процестерді ғылымда «Қажеттіліктердің арту заңы» деп атайды.
Адам саны өсуде, ал олардың қажеттіліктері ұлғаюда, экономика осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті игіліктердің үздіксіз өсімін қамтамасыз етуі керек. Тарих экономикалық жүйенің тіршілікке қабілеттілігі бұл мәселені қандай деңгейде шешу керектігімен анықталынатындығын көрсетті.
Қоғамдық өндіріс масштабындағы экономикалық өсу тауарлар мен қызмет көрсетулердің жылдық өндіріс көлемінің артуымен көрінеді. Сондықтан, экономикалық өсу жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткіштермен өлшенеді. Және осы мақсаттар үшін оның динамикасы қолданылады. Есептеуде тек нақты ЖҰӨ- нің өндірісі есептелінеді. ЖҰӨ номиналды түрінде артуына байланысты экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды.
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмалы шамалармен өлшейді. Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді: экстенсивті және интенсивті.
— Экономикалық өсудің экстенсивті типі оның бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, өндіріс факторларының сандық көбеюіне жеткізеді.
— Экономикалық өсудің интенсивті типі болжайды, өнім өндіру масштабының көбеюін және өндіріс факторларының сапалы жетілдіру жолдарын; өндіріс құралдарын прогресивті және экономикалық еңбек заттарын қолдану, жұмыс күшінің квалификациясын жоғарылату.
Экстенсивті өсу өндірістің қосымша факторлары – жер, еңбек, капитал арқылы артады және олардың сапалық және техникалық деңгейлері өзгеріссіз қалады. Қоғам ресурстары және еңбек ресурстары шексіз болып келмейді.
Интенсивті өсу жетілдірілген техникалық базадағы еңбек өнімділігінің артуы есебінен және өндіріс факторларының тиімді пайдалануымен болады. Бұл жағдайда қоғам алдында өндіретін игіліктердің бір уақытта сандық және сапалық артуымен әртүрлі міндеттерді – қоғам мүшелерінің тұрмысын көтеруді қамтамасыз ету, материалдық негізді құру, ғылыми және мәдениеттің дамуына қаржы салу, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашуға мүмкіндік береді. Осыдан экономикалық интенсивті өсудің артықшылығын көреміз.
Өндірістің дамуында экстенсивті және интенсивті өсу факторлары бірігіп, үйлесіп кетеді. Мысалы бір уақытта еңбек күшінің санымен оның сапасы немесе өндіріс өрісінің кеңеюі және өндірістік процестегі техникалық базаның жетілуін арттырады