Экономикалық өсудің модельдері

Экономикалық өсудің модельдері:

—   неокейнсиандық моделі;

—   неоклассикалық моделі;

— В. Леонтьевтің «шығын-өндіру» моделі;

—   «нөлдік экономикалық өсу» концепциясы. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестиция»

және «мультипликатор» категорияларына негізделеді. Экономикалық өсу салынған бастапқы инвестицияның мультипликациялық тиімділік нәтижесі болады.

Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді, ең алдымен, сұраныс факторларымен байланыстырады және мемлекеттің қазыналық және несие – ақша саясаты көмегімен оны, ең алдымен, қысқамерзімді кезеңде реттей алатындығын көрсетті. Сұраныстың басты бөлігі – капитал салымдар мультипликатор көмегімен пайда ұлғаяды. Сонымен қатар, олар пайданың өсуінен туындайды, яғни капитал салымдары пайданың ұлғаюымен анықталынады.

Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» категориясына негізделеді. Тек микро- емес, макро деңгейде барлық өндірістік факторларды (жер, еңбек, капитал, ҒТП) жақсы пайдалану жолдарымен ғана экономикалық өсуге жетуге болады.

Өндірістік функцияның негізінде келесідей қорытынды жасалынады: капитал және еңбек өндіріс факторларының сәйкес шекті өндірушілік негізінде марапатталынады; өндірістік функциялар бір фактор бірлігінің басқаның белгілі бір мөлшерімен технологиялық айырбастауы қоғамға қаншалықты тұратындығын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық өнім өсімінің сол бір көлемі не капитал салымдарының кеңеюімен, не еңбекті пайдаланудың кеңеюімен алынуы мүмкін; өндірісте және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми – техникалық прогрестің сапалық факторларының үлесін айқындау міндеті шешіледі.

В. Леонтьев – ұдайы өндірістің — өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну – барлық фазасында құрылымдық өзара тәуекелділікке негізделген жалпы нарықтық тепе-теңділіктің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі «шығын-өнім» деп аталады және ол шахмат кестесі түрінде құрастырылған.

Біріншіден, жиынтық сұраныс және басқа салалармен (шығындар) ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтердің көрінісі ретінде – бұл, баланстық столбасы (тігінен)?. Екіншіден, жиынтық ұсыныстың және өздері шығарып ұсынатын сатушылардың материалдық игіліктері мен қызметі

  • бұл, баланстың жолы (қатары). Осы кестені талдау негізінде экономикалық өсудің болжауын жасауға болады.

«Нөлдік экономикалық өсу» концепциясы. Бұл концепцияға сәйкес, шикізат, энергия және басқа да ресурстардың шектелуі адамзатқа жақын арада жойылуына әкеледі. Оған жібермес үшін, «нөлдік өсуге» яғни халық пен материалдық игіліктердің жәй өндіріске көшуіміз қажет. «Ескі» өнеркәсіптік мемлекеттер ұзақ соғыс кезеңдерінен кейін жылдам экономикалық өсудің шегіне қол жеткізген жағдайда «нөлдік экономикалық өсу» концепциясының   пайда   болуы   ХХ   ғасырдың   60  жылдардың соңындағы өткен екі онжылдықтың барысында болған экономикалық динамикасының негізгі қарқындарының өзгеруімен байланысты. Ұлттық және әлемдік масштабта тұрақсыздық және белгісіздіктер арта бастады. Әлемдік шаруашылықтың интерұлттандыру үрдістері етек ала бастады.

Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы қажет:

— экономика облысында – бұл, үзілмейтін сандық  өсу  емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету;

— даму әлеуетті мүмкіндіктерді кеңейтуді немесе іске асыруды, толығырақ, қарқындырақ немесе өзінің жағдайын жақсартуды, сапалық тұрғыдан үздік болуын білдіреді;

— адам өмірінің сапасын жоғарылату облысынан. Бұл белгілі шекке дейін өсіру, содан адамдардың жанұясының игілікті тұрмысының тұрақтылығы; жеке қауіпсіздігіне кепіл, сапалы білім, сапалы медициналық қызмет, комфортты қоршаған орта;

ҚР экономикалық өсудің жағдайы болады:

— экономикалық кеңістік жері. Әлемдегі мемлекет территориясы бойынша ҚР – 9 орында;

— пайдалы қазбалардың запасы: энергетикалық ресурс (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудасы, жез рудасы, ұран және т.б.;

— мұнай шығару көлемі – бас стратегиялық шикізат;

— квалификациялық жұмыс күшінің болуы.

ҚР экономикалық өсудің факторлары болады:

— халықаралық нарықтағы мұнай, газ, түсті және қара металдағы ыңғайлы конъюнктура және әлемдік экономиканың өсуі;

  • кәсіпорындар және  халықтағы  төлемқабілетті сұраныстың

 

  • импорттыалмастыру саясатын    жүргізу    және ұлттық

 

өндірушілерді қаскүнемдік бәсекеден сақтау;

  • жақсы инвестициялық климат жасау тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты.

Кейнсиандық модельдер. Доммар мен Харродтың модельдері. Кейнстің бас ғылыми еңбегі “Жалпы жұмысбастылық теориясы, процент және ақша” (1936) кітабы болды. Алдымен

Кейнс неоклассиктердің сендіруіне қарай кризис кезінде автоматты түрде неге толық жұмысбастылық орнамайтынын түсінгісі келді.

Бірақ, кітаптың мазмұны, бастапқы ойлағанынан өте бай болып шықты. Онда, капитализмге толық терең интерпретация берілді, экономикалық ғылымдардың методологиялық аппараты жаңартылды, мемлекеттің кризиске қарсы саясаты жасалды және оның іске асыруға нақты ұсыныстар жасалды. Осының бәрі жаңа теорияны кейнсиан революциясы деп, ал авторына бүкіл әлемдік айқындық әкелді.

Кейнс өз талдауының бас инструменті ретінде

«макроэкономикалық» (яғни жиынтық, агрегаттық, іріленген) деп аталатын көрсеткіштерді қолданды — ұлттық табыс, жинақ және инвестиция тасқыны, жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Сондықтан, Кейнсті макроэкономикалық талдаудың негізін қалаушылардың бірі деп атау алды.

Кейнстің кітабының орталық ойы, кризис жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру және жандандыру туралы шараларды жасаумен ұсыну қажеттілігінде болды. Бұның бәрі Кейнс бойынша өндірісті кеңейтуге және тауар ұсынысына дұрыс әсер етеді, сондықтан да, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты Кейнстің теориясын кейде «сұраныстың тиімділік теориясы» деп атайды.

Тиімді сұраныс – жұмысбастылық көлемін анықтайтын жиынтық сұраныс. Тиімді сұраныс екі бөліктен тұрады — тұтыну және инвестиция (күрделі қаржы). Осы құрастырушылар белгілі арақатынаста болғанда ғана, толық жұмысбастылық мүмкін деп Кейнс санады. Инвестицияның мөлшерін Кейнс тиімді сұраныстың бас факторы деп санады. Себебі инвестицияның өсуі ұлттық табыстың көбеюіне әкеледі және өндіріске қосымша жұмыскерлерді әкелуге, яғни жұмыссыздықты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан инвестицияның нормалды мөлшері – бұл барлық сақталудағы ақшаны күрделі қаржыға айналдыру. Осыдан кең белгілі экономикалық теорияның формуласы мынадай:

І = S

 

 

143

 

Н. А. Маженова

мұндағы І – инвестиция;

S – жинақ.

Кейнс неоклассиктермен келіспеуінің басты себебі, нарықты экономикада жоғары жұмысбастылық жағдай, «автоматты» түрде тепе-теңдік өзінше болмайтынын айтты. Осыдан, Кейнс өз теориясына нәтиже шығарды, нарықты экономикада ұзақ мерзімде жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныспен тепе-теңдікте болады, жұмыссыздық жоғары болса да. Кейнстің айтқаны бойынша, мемлекеттің араласуынсыз нарықтық экономика ол жағдайдан шыға алмайды. Осы жағдайдан экономикалық саясаттың негізгі концепциясы капитализді реттеу концепциясы шықты. Кейнс жұмысында инвестицияны көбейтуге екі негізгі тәсіл ұсынады: ақша-несие және бюджеттік саясат.

Экономикалық өсу теориясы, 50 жылдары Кейнстің ізбасарлары жаңа теория жасады, оның мәні, экономикалық өсудің тұрақты қарқыны механизмін негіздеуге тіркеледі. Экономикалық өсу теориясының бас өкілдері Массачусетс технологиялық институтының профессоры Евсей Домар және Оксфорд университетінің профессоры Роберт Харрод (1890- 1978) болды. Олар, экономиканың үдемелі қозғалысы үшін, экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқыны, қажеттілігі туралы жалпы қорытындыға келеді, сонда еңбек ресурстары және өндіріс қуаттары толық пайдалануға жетеді. Олар, ұзақ кезеңде табыстағы қор жинаудың үлесі және күрделі қаржының орта тиімділігі тұрақты болатын жағдайын мойындайды. Екі автор да, тепе-теңділікке жету және өсудің тұрақтылығы автоматты түрде келмейді, бұнда экономикаға мемлекеттің белсенді араласуы қажет деп санайды. Олар, өндіріс қуатын жоғарылатуда, жұмысбастылықты көбейтуге, өндірістің өсуі және жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік жасайтын инвестицияның рөлін атап өтеді.

 

Қайталауға арналған сұрақтар

 

  1. Нарықтық экономиканың циклдік ауытқуының себептері қандай?
  2. Циклдердің қандай түрлерін білесіз және Н. Кондратьевтің циклдер теориясына қосқан үлесі қандай?
  3. Экономикалық өсу ұғымы астарында нені ұғынасыз?
  4. Экономикалық өсудің мәні қандай?
  5. Экономикалық өсу экономикалық және әлеуметтік дамудың қандай көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады?
  6. Қоғам экономикалық өсумен байланысты қандай әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге тура келеді?
  7. Экономикалық өсу мен қоғамның өндірістік мүмкіндік- терінің қисығы өзара қалай байланысады?
  8. Экономикалық өсудің факторлары өзара қалай байланысады және көрсеткіштері қандай? Экономикалық өсудің әрбір көрсеткішін толығырақ сипаттап беріңіз.

 

Жаңа терминдер мен ұғымдар

 

Цикл Кризис Тоқырау Жандану Өрлеу Бум

Пик

Мемлекеттік циклге қарсы реттеу Экономикалық өсу

Экстенсивті өсу Интенсивті өсу Адам басына табыс

 

Тест сұрақтары

 

  • Экономикалық дамудың экстенсивті факторына жатады:
    1. еңбек өнімділігінің өсуі;
    2. инвестиция көлемінің артуы;
    3. қор қайтымдылығының өсуі;
    4. жұмысшылардың біліктілігінің артуы;
    5. жұмысшылар санының азаюы.
  • Экономикалық дамудың интенсивті факторына жатады:
    1. өндіріс кеңістігінің ұлғаюы;
    2. еңбек өнімділігінің өсуі;
    3. инвестициялардың көбеюі;
    4. жұмысшылар санының көбеюі;
    5. қосымша жұмысшы күші арқылы жүретін өндіріс.

 

  • Экономикалық цикл көрсетеді:
    1. экстенсивті типтегі экономикалық өсуді;
    2. интенсивті типтегі экономикалық өсуді;
    3. аралас типтегі экономикалық өсуді;
    4. экономикалық өсудің және даму барысының процесін;
    5. өсу және төмендеу кезеңін қамтитын экономикалық қозғалыс үрдісін.

 

  • Экономикалық өсудің типтерін атаңыз:
    1. интенсивті, прогрессивті,
    2. экстенсивті, интенсивті, прогрессивті;
    3. экстенсивті, интенсивті;
    4. жылдам, жайлап;
    5. экстенсивті, прогрессивті.

 

  • Экономика құлдырауының    қысқа     мерзімді экономикалық циклін атаңыз:
  1. 50 жылдан жоғары;
  2. 40 жыл;
  3. 30 жыл;
  4. 10 жыл;
  5. 1 жыл.

 

  • Экономика құлдырауының    орта     мерзімді экономикалық циклін атаңыз:
  1. 50 және одан артық жыл;
  2. 30 жыл;
  3. 25 жыл;
  4. 10 жыл;
  5. 1-ден 5 жылға дейін.

 

146

 

Экономикалық теория

  • Экономикалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
    1. дағдарыс — жандану — қырау — өрлеу;
    2. жандану — өрлеу – тоқырау — дағдарыс;
    3. дағдарыс – тоқырау – жандану — өрлеу;
    4. тоқырау – дағдарыс — өрлеу — жандану;
    5. дағдарыс – жандану — өрлеу.

 

  • Экономикалық циклдің себептері:
    1. нарықтық құрылыммен;
    2. ішкі себептері;
    3. ішкі және сыртқы себептері;
    4. сыртқы себептері;
    5. бәсекенің болуы.

 

  • Төмендегілердің экономикалық цикл түрлерінің авторына жатпайды:
  1. К. Жугляр;
  2. Дж. М. Кейнс;
  3. Н. Д. Кондратьев;
  4. С. Кузнец;
  5. Дж. Китчин.

 

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2В, 3Е, 4С, 5D, 6В, 7С, 8С, 9В.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *