Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі белгілі орны мен рөлі бар:
- қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі;
- қоғамның әлеуметтік жағдайын анықтайды;
- меншік ауысуының екі жолы бар: эволюциялық және революциялық;
- меншіктің барлық нысандарының өзара байланысы мен қатынасы;
- тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Меншікті екі жағдайда бөліп қарастырған жөн:
Бірінші жағдайда меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік дегеніміз – өндіріс нәтижесі мен құралдарын иемденуге қатысты адамдар арасындағы қатынас.
Екінші жағдайда меншікті барлық қоғамның экономикалық жүйесінің талдауы арқылы сипаттайды.
Меншік барлық қоғамдық құрылымға енетін қатыныс ретінде қарауға болады. Меншік қатынастарының жүйесі ретінде, ол:
- иемдену қатынастары;
- мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;
- меншікті экономикалық жүзеге асырудың қатынастары.