Әрбір фирманың мақсаты көбірек табыс алу болады немесе пайданың максимизациясы дейді. Пайданы максимизациялау үшін фирма өндіріс деңгейін анықтауы керек. Алдымен пайданың қалай анықталатынын ойға түсірейік. Пайда жалпы түсіммен жалпы шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Пайда = жалпы түсім – жалпы шығындар. Пайданы максимизациялау ететін өндіріс деңгейін фирма қалай есептейді? Бұл әдіс маргинальный (шектелген талдау) деп аталады. Мәнінің қорытындысы, жаңа өнімнің әрқайсысы қосымша пайда әкелгенінше сол кезге дейін өнім өндіруді жалғай беру керек. Өндірістегі өнімнің қосымша бірлігінен түсетін табысты шектелген табыс (МR) деп атаймыз. Шектелген пайда (МР) шектелген табыс (МR) және шектелген шығындардың (МС) айырмасы ретінде есептелінеді МР = МR – МС.
Шектелген пайда = Шектелген табыс – Шектелген шығын
Өндіріс көлемінің өскен сайын шекті табыс мөлшері азаяды. Себебі, фирмалар өздерінің өнімдерін барынша іске асыру үшін бағаны төмендетуі тиіс. Шекті шығындар бастапқыда азаяды, кейін ұлғаяды. Мұнда фирманың максималды тиімділік нүктесі өнімді өндірудің максималды және минималды деңгейі арасында болады. Белгілі бір сәтке дейін әрбір қосымша өнімге өндіріс шығындары төмендейді, кейін артады.
Фирманың максималды тиімділігінің нүктесі өнім өндірісінің максималды және минималды деңгейінің арасында болады. Максималды тиімділікке жеткеннен кейін, шектелген шығын өсе бастайды. Мұнда азаю табыстылық деген заң әрекет етеді. Пайда максималды болсын деу үшін фирма қалай өндіріс деңгейін анықтайды. Егер өндірістегі өнімнің қосымша бірлігін шығынға қарағанда жалпы табыстың көбеюін үлкен деңгейге әкелетін болса, онда фирма өндіріс арттыруы қажет. Егер керісінше, шығынға қарағанда табыстың көбеюі азырақ деңгейде болса, онда фирма өндірісін арттырмауы қажет.
Сонымен, фирма мына ережені басшылыққа алады: шектелген табыс = шектелген шығындарға (МR = МС).
Қайталауға арналған сұрақтар
- Өндірістің негізгі факторларына сұраныс ерекшеліктері неде? Не себептен оны туынды сұраныс дейміз?
- Өндіріс процесінде өзара алмастыру және өзара толықтыру деген не?
- Жалпы өнім дегеніміз не?
- Өндірістік функцияның мәні неде?
- Изокванта дегеніміз не және нені көрсетеді?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Жеке кәсіпорындар Серіктестік (жолдастық) Акционерлік қоғам (АҚ) Акциялар мен облигациялар
Жалпы өнім Орта өнімді Шекті өнім
Өндірістік функция Ресурстардан түсімнің азаю заңы
Тест сұрақтары
- Өндіріс факторларына сұраныстың басты ерекшелігі мынада, ол;
- өндіріс факторларының бағасынан тәуелді емес;
- тұтыну тауарларының сұранысына қарай тәуелді;
- тұтыну тауарларының сұранысынан тәуелді емес;
- әр уақытта икемді емес;
- әр уақытта тұрақты қысқарады.
- Изокванта көрсетеді:
- жалпы өнім көлемінің қисығын;
- өндірістік функцияны;
- берілген ресурстар санымен өндіруге болатын әр түрлі өнім көлемін;
- орташа өнімнің қисығын;
- шекті өнімнің қисығын.
- Изокванта немесе изокоста орналасқан кез келген нүкте:
- өндірілген өнім санын көрсетеді;
- ақшалай қөріністегі өнім көлемін білдіреді;
- ресурстардың нақты көлемінің комбинациясын қөрсетеді;
- шығындар сомасын;
- өзгермелі шығындардың сомасын.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2В, 3А.