Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа бағадан басқа әсер ететін факторлар

Сұраныс – бұл ақшамен қамтамасыз етілген тұтынушылық. Сұраныс заңы ол, баға және сатып алынатын тауарлардың арасындағы кері тәуелділікті көрсетеді. Егер тауардың бағасы өссе, онда сұраныс көлемінің азаюына әкеледі. Және керісінше, егер баға төмендесе, онда сол тауардың сату көлемі көбейеді.

Бұндай тәуелділіктер туатыны, тауардың  тапшылығы пайда болғандықтан және баға өсе бастағандықтан. Немесе нарықта артық тауарлар болғанда, ал оларды сату мүмкіндігі  тек бағаның төмендеген жағдайында болады.

Сұраныс заңы тағы басқа маңызды кезеңді көрсетеді – ол, сұранысының қанағаттанған салдарында болатын тұтынушылық, біртіндеп сұраныстың төмендеуі. Сұраныстың азаюы болатын себебі, ол, біртіндеп сатып алынатын тауар, тұтынушыға аздаған қанағаттандырушылық әкеледі. Бұл жағдайда сұраныс заңы экономикалық игіліктің шектелген пайдалылығы азаюының заңның әрекетімен кездеседі. Әрбір қосымша тауардың бірлігін тек оларды төменгі бағамен сату мүмкіндігінде ғана болады. Тұтынушылар сол тауарды тек бағасы төмендегенде ғана қосымша сатып алады. Тауардың бағасы және оның сатылу санының арасындағы кері тәуелділікті сұраныс қисығымен көрсетуге болады.

 

Р (баға)

 

 

 

 

 

 

 

 

А

В

D

Q (мөлшері)

 

1.5-сурет. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы теріс еңкіште болады, себебі ол екі ауыспалының — баға және тауардың сатылу көлемінің санының арасындағы кері сызықтық тәуелділікті бейнелейді (суреттейді), тағы да оның бағасының төмендеуімен түсіндірілетін, осы тауардың әрбір қосымша сатылуының төмендетілген шектелген пайдалылығымен байқалады.

А және В әрбір нүктесі екі белгілі мағынасына сәйкес: баға және сатылу көлемі. D қисығы өзгермейді, оның сол немесе басқа жаққа қозғалуы болған жоқ. Бұл дегеніміз, сұраныс өзгермеді. Ол орында қалды. Бағаның өзгеруі тек тауардың сатылу көлемін өзгертті, ал сұранысы өзгерген жоқ.

Сұранысқа бағадан басқа әсер ететін факторлар болады. Сол кезде сұраныс қисығы «жоғары» немесе «төмен» орнынан жылжиды.

  1. Тұтынушылардың талғамының өзгеруі. Мысалы, егер салауатты өмір жүргізсе, онда табак, алкоголь өнімдеріне сұраныс төмендейді, ал велосипед және туристік жабдықтарға сұраныс өседі.
  2. Сатып алушылардың санының өзгеруі. Мысалы, бала туудың қысқаруы, балалар тауарына сұранысты төмендетуге әкеледі, ал адам өмірінің ұзаруы медициналық қызметке сұраныстың көбеюіне әкеледі.
  3. Тұтынушылар табысының өзгеруі. Жоғарғы категориядағы тауарлар бар, оларды тағы да «дұрыс» тауарлар дейді және төменгі категориядағы тауарлар – оларды Гиффен тауарлары дейді. Мысалы, егер табыс өссе, онда адамдар өте жұғымды тағамдарды тұтынады: көп ет және сүт өнімдері, төменгі категориялы тауарларды аз тұтынады: нан және картоп. Тауарларға бағаның төмендеуіне қарай нақты табыс бар көбеюі мүмкін. Мысалы, ақшалай табыс 200 ақшалай бірлік, тауардың бағасы 10 ақшалай бірлік, онда тауардың 20 бірлігін сатып алуға болады. Егер тауардың бағасы 5 ақшалай бірлікке дейін төмендесе, онда өткендегі 20 бірлікті 100 ақшалай бірлікке сатып алуға болады. Ал қалған 100 ақшалай бірлікке қосымша сондай тауарлар сатып алуға болады. Нақты табыстың мұндай көбеюін және тұтынушылар сұранысының тауардың бағасының төмендеуінен өсуін табыстың тиімділігі деп атайды.
  1. Қос тауарларға бағаның өзгеруі. Қос деп тауарлардың келесі екі түрін айтады:

Өзара айырбастайтын тауарлар бұл сол және сондай қажеттілікті қанағаттандыратын тауарлардың тобы (шәй және кофе, май және маргарин, әуе және теміржол тасылымдары). Бұнда бірінші тауардың бағасы мен екінші айырбастайтын тауардың сұранысына тікелей байланыс бар. Мысалы, сиыр етіне бағаның төмендеуі, құс етіне сұранысты төмендетеді. Бұнда орын басу тиімділігі деп аталатын құбылыс әрекет жасай бастайды. Сиыр етінің арзандауы оны өте тартымды жасайды және тұтынушылар онымен басқа қос өнімдерге ауыстырады.

Өзара толықтырушы тауарлар – бұл, бір-бірінен

«айырылмайтын» тауарлар, оларға сұраныс бір уақытта болады. Бұлар фотоаппарат пен фотопленка, автомобиль мен бензин, т.б. Мұнда бір тауардың бағасы мен келесісіне сұранысының арасында кері байланыс бар. 5. Халықтың сол тауарды тұтынушылығындағы қанағаттандырушылық деңгейі: ол жоғарылаған сайын, оған сәйкес сұраныс төмендейді. Осыған байланысты, шектелген пайдалылықтың азаюы деп аталатын заңға тұтынушылық бағынады. Заттың пайдалылығы – бұл адамның бірден бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі. Шектелген пайдалылық – бұл, тұтынушының сол тауардың әрбір жәңасын сатып алудағы қанағаттанушылық. Шектелген пайдалылықтың азаюы заңы, әрбір келесі, немесе сол басқа өнімнің пайдалылығының төмендейтінін көрсетеді. Тұтынушыға сол тауардың сатып алуын көбейту үшін оның бағасын төмендету керек. Мысалы, бір бөлмедегі телевизор және басқа бөлмелерге телевизор алуы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *