ЖҰӨ-ді ағымды бағамен есептегенде бұл номиналды ЖҰӨ болады. ЖҰӨ — өсу деңгейіне қарай экономиканың динамикасы бағаланады. Тауар мен қызмет көп болған сайын ЖҰӨ-де көп болады. Бірақ мұндай әрқашан бола бермейді. ЖҰӨ — құндық мөлшері өскенде, өнімнің физикалық көлемі төмендейді, яғни онда тауарлар өндірісінен олардың бағасы жылдам өседі. Сондықтан салыстырмалы базистік бағада есептелінетін нақты ЖҰӨ анықтайды. ЖҰӨ нақты мөлшерін көрсету үшін дефлятор қолданылады. Дефлятор көмегімен ҰЕЖ барлық маңызды көрсеткіштері қайта есептелінеді. Дефлятор – бұл есептік кезеңге құндық көрсеткіш мәнін базистік кезеңнің құндық көрсеткіштеріне аударатын коэффициент.
Егер ЖҰӨ инфляциядан тазартатын болсақ онда оның нақты мағынасын табамыз. Нақты ЖҰӨ – бұл баға деңгейіндегі өзгеріске байланысты ЖҰӨ. Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ- ге қатынасы, оның бағасының өсуі ретінде ұлғайғаны көрсетіледі де, ол дефлятор деп аталады.
Сонымен, ЖҰӨ дефляторы, ол ЖҰӨ нақты көлемін анықтау үшін қолданылатын баға индексі.
Осы жылдың ЖҰӨ баға деңгейі
Дефлятор = ───────────────────────── • 100% Базалық жылдың ЖҰӨ баға деңгейі
Номиналды ЖҰӨ Дефлятор = ──────────────
Нақты ЖҰӨ
Дефлятор ЖҰӨ мөлшерінің барлық бағалық (инфляциялық) бұрмалануын еңсереді. Мысалы, 2011 ж. нақты ЖҰӨ мынадай формуламен белгілейміз:
Нақты ЖҰӨ2011= Q2011 • Id
Q2011 – тауардың саны; Id – индекс дефлятор.
Индекс — дефляторлар жалпы халық шаруашылығы, жеке аймақтар, әртүрлі тауарлы топтар, экономиканың салалары және т.б. бойынша анықталынады.
Егер, нақты ЖҰӨ жылдық өсімі 4%-дан артса, онда экономика жағдайы қанағатты, ал 4%-дан төмен болса, онда өндірістің деңгейі төмендеу және жұмыссыздық өседі.
ҰЕЖ қарастырылған барлық көрсеткіштерін жиынтық ретінде ғана емес, сонымен қатар, жан басына шаққанда есептеу қажет. Бұл көрсеткіш мемлекет дамуының деңгейін, оның халқының ауқаттылығының деңгейін сипаттайды. Қытай өндіріс көлемі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бірақ егер өндірісті жан басына шаққандағыдай есептесе, онда Қытай көшбасшылықтан ары, тоғызыншы ондықта болар. Бұл көрсеткіштер бойынша жетекші орында Швейцария, Швеция, Голландия, Скандинав елдері болады.
Бір адам басына келетін ЖІӨ ҚР 2011 ж. 11000 долл. болды. Сонымен қаралған макроэкономикалық көрсеткіштер негізі – елдердің экономикасының әртүрлі жағын көрсетеді.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Макроэкономика нені зерттейді?
- Қандай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бар?
- ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында қандай айырмашылық бар?
- Ұлттық табыс нені көрсетеді және қалай анықталады?
- ЖҰӨ қандай әдістермен өлшенеді?
- Ұлттық есеп жүргізушілік не үшін қажет?
- ЖҰӨ дефляторы мәні қалай анықталады?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Жалпы Ұлттық өнім Жалпы ішкі өнім Ұлттық табыс
Таза ұлттық өнім Жеке табыс Тиісті табыс Ұлттық байлық Таза экспорт Қосымша құн
Еселі есеп Трансферттік төлемдер
Таза экономикалық тұрмыс жағдай Индекс-дефлятор
Тест сұрақтары
- Мына көрсетілгендердің қайсысы таза экспорт есебімен ЖҰӨ көлемін бейнелейді:
- ЖҰӨ = С + І + G – NX;
- ЖҰӨ = C – І – G + NX;
- ЖҰӨ = C + І – G + X;
- ЖҰӨ = C + І + G + X + N;
- ЖҰӨ = C + І + G +
- Нарықтық шаруашылықтың негізгі тұлғалары:
А) үй шаруашылықтары, бизнес және үкімет; В) өнеркәсіп, сауда және қаржы капиталистері;
С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;
- D) өндіріс факторларының иелері;
Е) кәсіподақтар, кәсіпкерлер бірлестіктері, мемлекеттік институттар.
- Номиналды ЖҰӨ өлшенеді:
- экспортты бағада;
- ағымды бағада;
- базалық өзгермейтін бағада;
- өткен кезең бағасында;
- әлемдік бағада.
- Дефлятор дегеніміз – бұл:
- тиімділік көрсеткіші;
- ЖҰӨ мен ұлттық пайда арасындағы айырмашылық;
- номиналды және нақты ЖҰӨ арасындағы қатынас;
- елдің экономикасына капитал салу көрсеткіші;
- экономикалық циклдің фазаларының бір көрсеткіші.
5) Ұлттық табыс – бұл:
- жоспарлы түрде ұйымдастырылған еңбек пен жасалған таза өнім;
- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдері;
- кәсіпорындардың белгілі уақыт ішінде шығарған өнім мөлшері;
- қоғамдық жиынтық өнімнің жаңа құн түріндегі өндірілген бөлігі;
- барлық тұтынылған тауарлар мен қызмет көрсету саласы.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1Е, 2А, 3В, 4С, 5D .