Қоғамдық өндіріс қозғалысындағы белгілі уақыт аралығында жиі қайталанып тұратын тербеліс, оның дамуының «циклдік» сипатын білдіреді. Бір цикл деген экономикалық бір кризистен басқасына қозғалысын немесе бір ұшу нүктесінен басқасына қозғалысын қамтиды. Экономикалық даму барысындағы мұндай өзгеріс себебі әр түрлі түсіндіріледі.
Көптеген қазіргі экономистер циклдік қозғалыс себебі – нарықтық экономика қозғалысына әсер ететін көп түрлі күштер мен факторлардың күрделі де қайшылықты сипатына байланысты деп жалпылай көрсетуімен шектеледі.
Циклдік тербелісті экстералды және интералды теориямен түсіндіреді:
- Экстералды теория экономикалық циклді негізінен
сыртқы факторлардың болуымен түсіндіреді.
- Интералды теория экономикалық циклді экономикалық жүйенің өзіне тиісті факторларын іштен тудыратыны ретінде түсіндіреді.
Сыртқы себептерге экономикалық жүйенің сыртында жатқан және экономикалық жағдайларды кезеңдік қайталануын шақыратын объективті және субъективті жағдайлардың жатуы мүмкін.
Сыртқы себептер, ол:
- соғыс, революция және басқа саяси сілкіністер;
- алтын, ұран, мұнай және басқа бағалы ресурстардың ірі кен орындарының ашылуы;
- жаңа территориялардың игерілуі және оған байланысты халықтың көші-қоны, жер шарындағы халық санындағы тербелістер:
- қоғамдық өндіріс құрылымдағы түбірлік өзгеріске мүмкіндік беретін технология, қуатты ашылулар, өнертабу және инновация.
— Экономикалық циклді тудыратын ішкі себептер:
— негізгі капиталдың қызмет мерзімі;
— өндіріс көлеміне қысқаруына немесе өсуіне әсер ететін жеке тұтынушылық;
— өндіріске, сұраныс және тұтынуға тікелей және жанама әсер ететін мемлекеттің экономикалық саясаты.