Мұражайтану негіздері Мұражай тусінігі Мұражай функциялары 4.Мұражайлардың түрлеріне қарай бөлінуі Қазақстан мұражайларының тарихы «Мұражай» түсінігі адамзаттың мәдени өмірінде екі жарым мың жыл бұрын пайда болды, бірақ олар заттарды жинау түсінігі ретінде қолданған жоқ. Ежелгі гректер алғашында мусейон деп музалар мүсіні орнатылған құрбан шалынатын киелі шырақтарды, атаған. Ол шырақтар бақшада, тау етегінде, бұлақтардың қасында орналасқан. Уақыт өте мусейон деген сөз әдебиет пен, ғылым және ғылыми араласу мен айналысатын адамдардың жиналатын орындарын атай бастады. Мұражайларға екінші өмірді қайта өркендеу дәуірі берді, оны жаңа маңызбен толықтырды. XVI ғасырдың екінші жартысында «мұражай» деп антик уақытының ескерткіштерін, кейінірек табиғат әлемінің үлгілерін және ғажайып немесе сирек кездесетін заттардың жиынтығын және оларды сақтайтын, орындарды атай бастады. Ғылыми білім беру мақсатында құрылған алғашқы ағылшын мұражайы 1683 жылы Оксфорд университетінде ашылды. Ресейде мұражайлардың пайда болуы 1 Петр атымен байланысты. 1714 жылы Петербургта ең алғашқы ресейлік мұражай — кунсткамера ашылды. Дайын коллекцияларды сатып алу, геодезиялық және картографиялық экспедициялар мен ерікті садақа беру арқасында, 1 Петр қысқа мерзім ішінде Еуропадағы ең бай жинаушылардың бірі болды. XIX ғасыр ішінде мұрадай бірте-бірте адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда алғашқы мұражайлар Орыс география қоғамының бөлімшелерімен ашылған. Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшелері Алтынсарин, Карелин, ағайынды Плотниковтар, Дауылбаев болған. Олар Москва, Санкт-Петербург және Казань бөлімшелерімен тығыз байланыста болды. Олардың алдына қойған мақсат: «статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату». Ол үшін түрлі ғылыми экспедициялар, жергілікті статистикалық комитеттер және өлкетанушылар қоғамы жинаған мәліметтерді өңдейтін, сақтайтын, бір жүйеге келтіретін, көпшілікке көрсететін орын қажет болды. Ондай орын әрине мұражай болды. Әйгілі қазақ ағартушысы, демократ И. Алтынсаринның «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың үйлендіру тойы және құда түсу салты» мен «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың өлікті шығару және ас беру салты» сияқты өлкетану-этнографиялық зерттеулері жарық көрді. А.Е. Қайназарованың мәліметтері бойынша 1913 жылға дейін Қазақстанда 5 тарихи-өлкетану мұражайлар болған: Орынборлық, Семейлік, Жетісулық, Оралдық және Верныйлық. Қазақстанның бірінші мұражайына 169 жыл, ол 1831 жылы Орынбор губернаторы граф Сухтеленнің ынтасымен құрылған. Бірақ негізінде оның басты ұйымдастырушысы болған белгілі орыс ғалымы В.И. Даль. Дәрежесі бойынша екінші орында Семейлік мұражай болған. Ол 1883 жылы 11 қыркүйекте Абай Құнанбаевтің көтермелеуімен Е.П. Михаэлиспен құрылды. Орал өлкетану мұражайы жайлы алғашқы мәлімет 1831 жылы атап өтілген. Оны жергілікте мұғалім Курилин ашқан, сол кішкені ғана мұражайдың негізінде 1870 жылы Орал әскери училищесі жанынан жаңа экспозиция ашылады. 1889 жылы мұражайда этнографиялық және археологиялық коллекциясы айтарлықтай үлкен көлемде болған. Ал Орал аймақтық мұражай осы мұражайдың негізінде 1920 жылы ашылады. Осы жылдан бастап мұражайға тарихи, этнографиялық, археологиялық, қазақтардың тұрмысы, мәдениеті жайылы көптеген материалдар жинала бастайды. Совет өкіметі кезінде 1976 ж. мұражайлар саны 39 жетті, Совет өкіметінің Азия бөлігінде саны бойынша бірінші орында болған. Қазақстанда егемендік алғалы мұражай ісі дамуда. Жаңа формалар, мысалы жеке меншік коллекциялардың пайда болуы, жаңа түрлері ашылуда – Семей қаласында прокуратура тарихы мұражайы т.б. Мұражайтану – мұражай пайда болуын, атқаратын қоғамдық функцияларын, мұражай ісінің теориясы мен методикасын зерттейтін қолданбалы ғылыми дербес пән. Халықаралық тәжірибеде Халықаралық мұражайлар кеңесі қабылдаған ұғым қолданылады: «Муражай – ол қоғам мен оның дамуына қызмет ететін, халық үшін ашық, коммерциялық емес мекеме, ол білім беру, танымдық және сауықтыру мақсатымен адамның материалдық құндылықтарын сақтайтын, зерттейтін, танымал қылатын және экспонаттайтын мекеме». Мұражай заты (экспонат) деп ғылыми, көркемдік, тарихи құндылығы бар заттарды атайды, олар мұражайда сақталады. Мұражай заттары халықтың ұлттық мұрасы болып табылады. Мұражай заты атқа ие болу үшін зат күнделікті пайдаланған ортадан алынып, экспонатқа айналу қажет. Мұражай заты әлеуметтік-мәдени, жаратылыстану ақпараттарды таратушы, ұлттық байлықтың бөлігі. “Мұражай заты” терминін ғылыми ортаға 1930 жылдары зерттеуші Н.М. Дружинин енгізген. Мұражай заттарын келесі топтарға бөлуге болады: мемориалды –тарихта із қалдырған адамның немесе бір тарихи оқиғаға арналған заттарының жиынтығы. Оларға сол адамның өзінің жеке заттары (киімі, қол жазбалары, орден, медальдары т. б.) жатады. Мемориалды заттардың ішінен реликвия заттарын бөліп алуға болады, ол эмоционалдық әсері өте жоғары заттар (мысалы әскери тулар) Типтік заттар, көп заттарға ортақ қасиеті бар заттар, мысалы, бидайдың сорты, автокөліктің үлгісі т.б. Кезінде көп болып шығарылып кейіннен азайып кеткен заттар. Типтік зат үникалды (бірегей) затқа айналуы мүмкін, мысалы жалғыз немесе санаулы экземпләрда сақталса. Ал бір мұражайдың заттар жиынтығы мұражай коллекциясы болып саналады. Мұражай заттарының келесі қасиеттері бар: Ақпараттылығы – мәлімет көзі ретінде. Ішкі мәліметтері (зат атауы, оның қолданылуы, көлемі, формасы, материалы, жасау техникасы, жазулар, таңбалары және т.б.); сыртқы мәліметтері (заттың тарихы, шығү тегі, онымен байланысты оқиғалар мен тұлғалар) Тартымдылығы (аттрактивность) – мұражай көрермендері үшін заттың тартымдылығы (заттың сыртқы көрініс қасиеттері арқылы – формасы, көлемі, түсі, безендірілуі). Экспрессивтігі –заттың белгілі оқиғаға, құбылысқа күәгер болғандай әсер беруі, сезім тудыру қасиеті. Мұражай фонды – мұражай меншігіндегі мұражай заттарының жиынтығы. Олар ғылыми-қосалқы материалдар фонды және мұражай заттарының фонды болып бөлінеді. Ал екіншісі негізгі және ауыстырмалы болады. Негізгі фонд – коллекциялық және дублетный деп бөлінеді. Мұражай зерттеушілер мұражай заттарын бір неше түрге бөледі: Заттық – адам қолымен жасалған, қажеттілік функциясы бар заттар; Қөркемөнерлік Жазбаша түрде қалған ескерткіштер; Кино; Сурет. Мұражай функциялары дегеніміз – мүражайдың институт ретінде қоғаммен турлі қарымқатынастары. Мұражайдың негізгі функциялары: — Құжаттау – бұл функция мұражай фондыларымен жұмыс істеу арқылы іске асады. Әр заттың зерттеу тарихы болады. — Ғылыми-зерттеу – мұражай заттарын зерттеу, анализдеу, сол арқылы мұражай затының кезінде атқарған ролі, практикалық пайдалануы туралы қортынды жасау. — Өткен тарихи кезеңдерді «реконструкциялау» — мұражай заты арқылы өткен ғасырларды көруге болады (мысалы алтын адамның киімі, сақ дәүірі) — Мәдени-ағарту – мұражай арқылы адам жаңа білім алалады, өзінің мәдениет денгейін көтереді. — Рекреативті – мұражайға барудың өзі демалыс болып саналады — Адамгершілік тәрбие функциясы – мұражайдың құндылығы адамның патриоттық сезімін тудырады, адамгершілік тәрбие береді. Мұражайларды жүйелеу. Коллекцияларының масштабы бойынша Тақырыбы бойынша; Атқаратын міндеті бойынша Басқа көрсеткіштер бойынша Көбінде мүражайлар келесідей жүйеленеді: Түрі бойынша (ғылыми-ағарту, ғылыми-зерттеу, оқулық) Меншігі бойынша (мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік) Профилі бойынша архитектуралық-ансамбілдік-архитектура ескерткіштері, сарайлы-парктер ансамбілі, шіркеулер (Әулие-Вознесен соборы); жаратылыс тану – биологиялық, геологиялық, медициналық, палеонтологиялық т.б. тарихи – археологиялық, әскери-тарихи, жалпы тарихтық, этнографиялық; көркемөнерлік – декоративті — қолданбалы, халық өнері ғылыми және техника – авиация космонавтика, автокөлік, темір жол көлігі; мемориалды — көбінде тарихы бар орындардағы мемориалды комплекстер. Қазақстанның әр облысында тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Өлкетану зерттеу жүйесінде тарихи-өлкетану мұражайлары екі маңызды мақсаттарды атқарады: барлық табылған материалдарды жинайды; бір өлкені зерттеуінің барлық нәтижесін көрсетеді. Бақылау сұрақтары: Мұражайтанудың негізгі түсініктеріне анықтама беру Мұражайдың негізгі функцияларына сипаттама беру Мұражайлардың пайда болуы мен тарихы. Мұражай фондыларының негізгі турлеріне сипаттама беру. Мұражайлардың профилі, құжаттау тәсілі, меншіктік формасы бойынша жіктелуі.