Меншік құқығының теориясы

Меншіктің заңдылық мәні құқықтық қабілетпен сипатталады. Меншіктік құқық – бұл адамдар арасындағы қалыптасатын экономикалық игіліктерді пайдалануынабайланысты билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқығын жүзеге асыру үшін меншік құқығын мамандандырудың маңызы зор.

Меншік құқығын мамандандыру – бұл меншіктің субъектісі мен объектісін және меншіктің иегерінің құқығын анықтау.

Меншіктің заңдық мазмұны оның субъектілерінің құқығы арқылы анықталады.

Меншіктік құқықтың экономикалық теориясы бойынша, ресурс өздігінен меншік бола алмайды, ресурстарды пайдалануға байланысты «құқықтардың шоғыры» немесе үлесі болады.

Толық «құқықтар шоғыры» келесі 11 элементтен тұрады:

  • иемдену құқығы, яғни игіліктерді физикалық бақылау құқығы;
  • пайдалану құқығы,   өзі   үшін игіліктердің   пайдалы қасиеттерін пайдалану құқығы;
  • басқару құқығы, бұл шешу құқығы, игіліктерді кім және қалай қамтамасыз ету керектігі анықталады;
  • табыс алу құқығы, ол пайдаланылған игіліктерден нәтижелерді иемдену құқығы;
  • суверен  (егемен)     құқығы, яғни игілікті жатсыну, иемдену, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;
  • қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті экспроприациядан және сыртқы орта зияндарынан қорғау құқығы;
  • игілікті мұрагерліккке беру құқығы;
  • игілікті мерзімсіз пайдалану құқығы;
  • сыртқы ортаға зиян келтіретін тәсілдерді пайдалануға тиым салу құқығы;
  • төлету түрінде жауапкершілік құқығы;
  • қалдықтық сипаттағы құқық.

Меншік қатынастары – бұл материалды және материалды емес ресурстарға қол жеткізуден туындайтын шектеулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуге шектеу қойылмаса, олар ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі емес немесе барлығына бірдей тиесілі, болмаса оған қол жеткізу еркіндігі берілмеген. Меншіктің объектісі әрқашан шектеулі экономикалық ресурстар болып  табылады. Басқалардың ресурстарға еркін қол жеткізуінешектеу қою – оларға деген құқыққа мамандандыруды білдіреді. Мамандандырудың мәні мен мақсаты – ресурстарды жоғары бағалайтын, олардан көбірек пайда табуға қабілетті адамдармен ресурстарға меншік құқығын қалыптастыру үшін шарттар жасау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *