Меншік формаларының сипаттамасы

Шаруашылық тәжірибеде меншіктің әртүрлі формаларын кездестіруге болады. Олар меншіктің екі типіне қарай жіктеледі: жеке және қоғамдық.

Жекеменшік екі негізгі форманы қамтиды: азаматтардың өздерінің меншігі және заңды тұлғалармен құрылған меншік (кәсіпорындар,  ұйымдар,  мекемелер).  Мемлекеттік  меншік: а) республикалық мемлекеттік меншік, б) муниципалды меншік

  • қалалық, ауылдық және басқа да муниципалдық құрылуы меншігі.

Бизнесте неғұрлым тиімдісі жекеменшік болып табылады. Жекеменшік әрбір адамның өмірлік негізі қызметін атқарады – оның табыс алу көзі мен еркіндік және тәуелсіздік кепілі. Жекеменшіктің ерекшелігі бұл иемдену, билік ету, басқару, пайдалану және иелік ету құқықтарын жүзеге асырады. Өзінің қорқынышы мен тәуекеліне қарай жасайды. Нарықта қатаң бәсеке мен заңдар орын алады. Нарықтағы табыс меншік иесінің еңбегі болып табылады. Бірақ та нарық та, апат пен анархия да орын алады. Сондықтан, меншік иесі жеңілуі де мүмкін. Бұл өзінің кінәсі. Сондықтан, жекеменшік иесі оқиды,  іздейді, біледі, ойлап табады, сатып алады, ғылыми зерттеулерді қаржыландырады. Қоғамның өндірістік күштері дами бастайды.

Жекеменшіктің прогрессивті мәні мынада – ол адам мүмкіндіктерін, инициативасын, тәжірибесін, мамандығын, білімін максималды түрде шыңдай түседі.

Мемлекеттік меншік жекеменшіктің баламасы ретінде пайда болады.

Қоғамдық меншік бірлесіп ие болуды, билік етуді көздейді. Егер жекеменшік жеке тұлғаға негізделген, әрбір субъект нақты, жауапкершілігі де нақты болса, қоғамдық меншік жалпыға негізделген. Ол «ешкімдікі емес» деген мағынаны білдіреді,

яғни қолдану тиімділігі аз. Барлық қоғам мүшелері ортақ пайдаланады, жеке ешкім қолданбайды. Қоғамдық меншік өндіріс құралдарын қолдануда барлық иелік етушілерді қоғамның барлық мүшелері ретінде теңестіреді.

Олардың бәрі меншік иелері. Бірақ, біреу оны басқару, өндіріске билік жүргізу, өндіріс пропорциясын анықтау тиіс. Сондықтан, «басқару аппараты» құрылады, халық атынан ие болу, билік жүргізу таратылады.

Мемлекеттік меншік ретінде декларацияланған меншік басқару аппаратының меншігіне айналады, ол оның бюрократиялануына әкеп соғады. Бұл оның тарихи немесе әлеуметтік жауапкершілігін көрсетпейді. Әкімшілік жүйесінің басқару механизмінің басты құралы барлық экономикалық кеңістікті икемсіз ететін, әрі тура адрестік реттеуге апарып соғатын тотальдық жоспарлау болып табылады.

Сонымен қатар қоғамдық меншік әскери-өнеркәсіптік, космостық, энергетикалық кешендерде, ғылымда, білімде, денсаулық сақтау салаларында және басқа да облыстарда өте қажет болып саналады.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынас- тарының құрылуына заңдылық қажеттілік болып табылды. Ол мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *