Маркетингтің қоршаған ортасы

  1. Маркетинг ортасының түсінігі
  2. Микроорта және оның негізгі факторлары.
  3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
  4. Бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлеріне бөлінеді: макроорта және микроорта. Макрорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Макроортаның негізгі факторлары:

Демографиялық фактор (тұрғындардың саны, аумаққа қарай орналасуы, халық тығыздығы, миграциялық бағыттары, өсім құрылымы, тууы, өлуі, неке және ажырасу саны).

Экономикалық фактор (тұрғындардың сатып алу қабілеті, инфляция деңгейі, мемлекеттің қаржы қаражат жағдайы, жалпы шаруашылық коньюктурасы, салық жүйесі).

Табиғи фактор (энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы, қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері).

Ғылыми-техникалық фактор (шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны, фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлеуеті).

Саяси-құқық фактор (кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы, мемлекеттің экономикалық саясаты, сыртқы саясаттың нарығының дамуына әсері).

Мәдени фактор (тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүі, мәдениет түрлері).

Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Микроотаның субъектілері:

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар.

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуғаа көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары.

Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады.

Клиенттер тауарды тұтыну үшін сатып алушыларды айтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *