Кәсіпкерлік табыс

Пайда кәсіпкерліктің қозғаушы күші ретінде көрінеді. Кәсіпкерлер өндіріс құралдарына ие болып, өздері өндірісті ұйымдастырып, техникалық прогресті еңгізеді, сондықтан да пайда алуға олар құқықты. Меншік иесі өндіріс факторларының (капитал) өз табысын пайда түрінде алады, жұмысшы өз еңбегі үшін жалақы алады, жер иесі – жер рентасын алады.

Пайда кәсіпкердің көзқарасы бойынша нені көрсетеді? Олар үшін пайда өндірістің барлық күрделі факторларының туындысы болып табылады, себебі оларсыз пайда жасау мүмкін емес. Пайданың мөлшері, барлық өткерілген тауарлардың өндіріс шығындарын алып тастағанға тең. Егер барлық түсімнен айқын шығындарды алсақ, онда бухгалтерлік пайданы табамыз. Сонымен қатар фирманың айқын емес шығындары бар, олардың мөлшері                  барынша маңызды және бухгалтерлік пайданың құрамына енеді. Айқын емес шығындар нормалды пайда деп те аталады. Егер бухгалтерлік пайдадан айқын емес шығынды шегерсек, онда кәсіпорынның экономикалық пайдасын табамыз. Айқын емес шығынның мәні мынада, фирма пайда бөлігін өндірістің                  қолданған       факторларына                  табыс      ретінде        алады. Мысалы, жер үшін жалға төлеу пайдамен  айналады, себебі олар өз меншігіндегі жер.  Жаңа желі  жіберу үшін, жаңа өндіргішті станок орнату үшін, кәсіпкер терін төгіп жұмыс істейді. Фирма бұл жағдайда менеджерге төлеген жалақысы да айқын емес шығыны                  болады. Егер бір фирманың иемденушісі психолог болса, онда мұндай қызмет алдын ала ұйымдастырылады, оларға психологты жалдаудың қажеті болмайды. Сонымен, жалға төлеудің  шығыны,   өндіргіш станок орнату үшін, менеджерге жалақы, психологиялық қызмет ұйымдастыру – бұның бәрі

айқын емес шығындар, сондықтан олар нақты табысқа айналады.

Кәсіпорын пайдасын өндіріс шығындарымен салыстыра отырып, өндіріс рентабельдігін анықтауға болады, яғни табыстылық дәрежесі. Бұл үшін пайда нормасын есептейді, ол пайданы өндіріс шығынына пайыздық қатынасымен есептелінеді.

Еліміздің экономикасының нақты  секторындағы, кәсіпорын пайдасынан алынған салық, бұл мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің көзі. Пайданың бөлінуі фирманың тек ішкі мәселесі ғана болмайды. Ол оның әлеуметтік және саяси сипаты бар және елдегі заңдылықпен реттеледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *