Ұлғаймалы ұдайы өндіріс, ол сандық және сапалық қатынаста өсуін білдіреді. Капитал мөлшерінің өсуі жинақтау есебінен көбейеді. Капиталдың жинақталуы – ұлғаймалы ұдайы өндіріске кететін ақшалай және материалдық қаржылардың қосылуы.
Мұндай қосымша капитал түрін болашақ салымы деп атаса болады, себебі ол келешек ұрпақтың өмірін жақсартуға жұмсалады.
Жинақтаудың мәні келесілерден тұрады:
- Ең алдымен жеке фирманың өзіндік пайдасы. Олардың барлығы өндірістің ұлғаюына мүдделі. Осының арқасында олар тек өздерінің өмірлік деңгейін ғана емес, өндірістік мәндегі мүліктерді де арттыруға мүмкіндік алады.
- Бәсеке де әсерін тигізеді. Мұнда кім өзінің экономикалық потенциалын арттырады, сол жеңеді. Мысалы, қазіргі кезде
АҚШ-та нарықта тұрақты орын алу үшін бірнеше ондаған миллион доллар капитал болуы керек.
Жинақтаудың екі қайнар көзі болады:
- Пайда бөлігі ұлғаймалы ұдайы өндіріске бөлінген, амортизациялық аударым, қаржы қоры.
- Банктік және басқа да қарыздар.
Өндірістік жинақтау (инвестициялар) өндіріс құралдарының санын арттыруға (өндірістік аймақтар мен жаңа ғимарат, үймерет, станоктар, жабдықтарды кеңейтуге) жұмсалады және экономикадағы капитал, материалдық қорларды арттыруға жұмсалады.
Инвестиция мынадай түрге бөлінеді:
- тәуекелділік (венчурлық);
- тура;
- портфельді;
- аннуитетті.
Венчурлік капитал – тәуелділігі жоғары жаңа сфераларға ақшасы жылдам өтелетін салынатын салымдар.
Тура инвестициялар – басқаруға қатысуға құқық алу үшін компанияның жарғылық капиталына салынатын салымдар.
Портфельді инвестициялар – «портфельдің» (акциялардың, облигациялардың, сақтандыру және т.б. сертификаттары) және бағалы қағазбен басқа активтерді құрылуымен байланысты.
Аннуитетті инвестициялар – салымшыға белгілі бір уақыт мөлшерінде табыс әкелетін өзіндік инвестициялар. Көбінесе бұл қаржылар сақтандыру және зейнетақы қорларына салынады.
Жаңа талаптарға сай жинақтаудың ерекшеліктері төмендегідей:
- Шығындарды ғылыми зерттеуге және тәжірибелік- құрастырушылық өңдеулерге жұмсауды арттыру. Ғылыми сыйымдылығы жоғары прибор жасау, ракета-космостық кешенін салу.
- Өнімді жаңартуға бағытталған (зерттеушілік өңдеу идеялары, жаңа үлгінің нарыққа шығуы).
- Ғылыми-техникалық өңдеулер нарығы, «НОУ-ХАУ» нарығы. Мұндай әзірлемелер іргелі және қолданбалы зерттеулерден кейін туындайды (машинаның жаңа конструкциясы, барынша жетілген технология).
Жаңа заманға сай жинақтау өндіріске жаңа ҒТР-ның жетістіктерін енгізуге бағытталады, жоғары технологиялардың негізінде кәсіпорындарды жабдықтауға бағытталады (информатика, телекоммуникация, биотехнология). Өндірістің жетекші салаларындағы заманауи қор ҒТП жаңа жетістіктерді (информатика, телекоммуникация, биотехнология) өндіріске ендіруге, жаңа технологиялар: аз адамды, адамсыз өндіріс, ресурстарды сақтайтын, экологиялық таза өндірістер негізінде кәсіпорындарды қайта жабдықтауға бағытталған. Өндірістің барынша тиімділігін қамтамасыз ету.
АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция және т.б. секілді ірі мемлекеттер ҚР-ға капитал салатын негізгі инвесторлар болып табылады. Олар инвестициялық климатты жандандырып қана қоймай, отандық экономиканың дамуына жәрдемдеседі.
Экономиканың басты секторы болып келесілер табылады:
- өндірістік инфрақұрылым;
- өңдеуші өнеркәсіп;
- Астана объектілері;
- тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм объектілері;
- ауыл шаруашылығы.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Негізгі капитал дегеніміз не және оның құрылымы?
- Негізгі қорлар қалай бағаланады?
- Капиталдың айналымы мен шеңбер айналымының байланысы қандай?
- Амортизация не үшін қолданылады?
- Инвестиция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Ұдайы өндіріс
Капиталдың ауыспалы айналымы Негізгі капитал
Айналым капитал
Негізгі капиталдың айналымы Өндірістің қорсыйымдылығы Физикалық тозу
Моральдық тозу Амортизация Амортизациялық қоры Амортизация нормасы Капиталдың айналым уақыты Өндіріс уақыты
Жұмыс уақыты Қор жинау Инвестиция
Тест сұрақтары
- Негізгі өндіріс қорлары – бұл:
А) өндірісте көп рет қолданылатын құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады;
В) өндірісте жасалған дайын өнім;
С) бір өндіріс циклінде қолданылатын материалдық құралдар;
- D) ғимараттар, жабдықтар, станоктар; Е) шикізат, материалдар, жұмыс күші.
- Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл:
А) өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі; В) бір жыл ішінде қорлардың жасайтын айналымдар саны; С) өндіріс уақыты;
- D) жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы; Е) айналым уақыты.
- Тұтынылған негізгі капиталды толтыруға жасалған аударма – бұл:
А) амортизация;
В) таза шетелдік инвестиция;
С) жеке-дара қажеттіліктерге арналған қаржы;
- D) таза инвестиция; Е) жалпы инвестиция.
- Инвестор – дегеніміз ол:
- қосымша пайда табу мақсатымен елге немесе шет еліне тауар сатушы;
- саудагер: пайда табу мақсатымен елге немесе шет еліне тауар сатушы;
- делдалшы: пайда табу мақсатымен елге немесе шет еліне тауар көрсетуші адам;
- салымшы: пайда табу мақсатымен кәсіпорынға қаржы салушы.
- ресурстарды тиімді пайдалануды іздестіру.
- Негізгі капиталдың моральдық тозуы:
- машина мен құралдарды пайдалану ұзақтығы мен сапасына қарай;
- ҒТП-тің жоғары қарқынымен;
- өндірістік технология ерекшелігімен;
- атмосфералық жағдайдың әсерімен;
- материалдардың сапасымен.
- Капитал формуласы болып табылады:
- Т – А – Т
- А – Т – А
- А — А
- Т — Т
- А – Т
- Негізгі капитал ол:
- ғимарат;
- шикізат;
- еңбек ақы;
- бағалы қағаздар;
- дайын өнім.
- Капиталдың қозғалысы неден басталады:
- ақша формасынан;
- тауар формасынан;
- өндірістік формадан;
- сауда формасынан;
- коммерциялық формадан.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1А , 2В , 3А , 4D , 5В , 6В , 7А , 8А .