Фирманың шығындары пайдаланатын ресурстар санынан тәуелді. Көп ресурстардың саны, мысалы, шикізат, материал,жұмыс күші жеңіл және жылдам өзгеруі мүмкін. Басқа ресурстар игеру үшін көп уақытты қажет етеді, мысалы өндіріс орнын өзгерту мен пайдалынатын құралдардың санын. Сондықтан қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерді бөледі. Қысқа мерзімді кезең – бұл өлшемді қуаттылық. Бұл кезде тек өзгермелі шығындар өзгереді. Кәсіпорын өзінің өндіріс қуатын өзгерту үшін уақыт кезеңі өте қысқа. Бірақ, өндіріс қөлемі шикізат, материал және жұмыс күшін өзгерту жолымен өзгеруі мүмкін.
Ұзақ мерзімді кезең – ауыспалы қуаттылық. Бұл кезде тұрақты мен өзгермелі шығындар өзгереді. Бұл кезең кейбір фирмалардың осы салаға кіруіне, өндірістік алаңын және техника мен технологияны өзгерту уақытты қажет етеді.
Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың тәртібін қарайық. Бұл үшін графикті қараймыз, ол фирманың пайданы максимизациялау және фирманың шекарасының мүмкіндігін көрсетеді.
1.14-сурет. Шығындардың орта мөлшері
Бұнда әртүрлі шығындардың орта мөлшері бойынша мәліметтер келтірілген:
- орта тұрақты шығындар төмендейді;
- орта өзгермелі шығындар төмендейді, бұнда басында масштаб тиімділігі әрекет жасайды, содан кейін түсімнің азаю заңының әрекеті болады.
Графикте көрсетілгендей, шектелген шығындар (МС) орта шығындардан (АТС) төмен. Мұнда орта шығындардың азаю кезі. b нүктеде шектелген шығын оны төменгі орынымен қиып өтеді. b нүктеде нарықтық баға орта жалпы шығындарға тең. Бұл нүкте шығынсыз нүкте деп аталады, яғни өндірістің қиын- қыстау көлемі. b нүктеден оңға қарай шығындар өсе бастайды. a нүктеде барлық шығындар өтелмейді, фирма банкрот деп жарияланады. Нарықты баға b нүктесінен төмендеген кезде кәсіпорын саланы тастай бастайды. Егер олар басқа өнімдерді шығаруды игерсе өндірісті жалғастыруы мүмкін.
Ұзақ мерзімді кезеңде барлық шығындар өзгермелі болады. Жалпы шығындар, қысқа мерзімді кезеңде сияқты, алдымен азаяды, содан кейін көбейеді. Бұнда да масштаб тиімділігі әрекет жасайды.
1.15-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
LATC жалпы шығындардың мөлшерін көрсетеді. Сынық қисықтағы қөрініс, LATC қисығы түріндегі жалпы шығындар. Бұл қисық фирманың таңдауы қисығы. Жағдай өзгерсе, фирма қуатын көбейту немесе азайтуға тиіс.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Экономикалық шығындар дегеніміз не?
- Шығынның түрлері? Жіктелу негізіне не салынған?
- Пайданы максимизациялау үшін қандай шығындарды азайту ең маңызды?
- Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердің арасындағы айырмашылық неде?
- Өндіріс кеңейтілген кезде өзгермелі шығындар қалай өзгереді?
- Қалыпты пайда дегеніміз не? Ол фирма иесінің тәуекелділігінің компенсациясы (орынын толықтыру) қаралауына бола ма?
- Шығындардың орта қисығын қиып өтетін МС қисығының мәні неде?
- Неге өзгермелі шығындар қисығы U формасында болады, ал тұрақты шығындар қисығы төменге еңкейген?
- Не себептен ұзақ мерзімде тұрақты шығындардың болмауы.
- Өндіріс шығындардын минимизациялау әдістері
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Шығындар
Өндіріс шығындарының түрлері: Нақты шығындар (сыртқы) Нақты емес шығындар (ішкі) Тұрақты шығындар (FC) Өзгермелі шығындар (VC) Жалпы шығындар (ТC)
Орта шығындар (AC) Шектелген шығындар (MC) Шектелген өнім (MR) Қысқа мерзімді кезең
Ұзақ мерзімді кезең
Тест сұрақтары
- Осы шығындардың ішінен өзгермелі шығындарды көрсетіңіз:
- басқару персоналының жалақы шығындары;
- электроэнергия, отын, шикізат шығындары;
- ренталық төлемдер;
- банк пайызы төленетін шығындар;
- фирманың шектелген шығындары.
- Фирманың тұрақты шығындары – бұл:
- алынған ресурстарға кеткен шығындар;
- кез келген өнім көлемін өндірудің төменгі шығындары;
- өнім өндірмеген жағдайында да фирмада болатын шығындар;
- нақты емес шығындар;
- нақты шығындар.
- Фирманың шектелген шығындары – бұл:
- өнімдердің санына өзгермелі шығындардың қатынасы;
- факторларды сатып алуға кеткен шығындары;
- қосымша бір өнім өндіруіне кеткен қосымша шығындар;
- фирманың жалпы шығындары;
- нақты емес шығындар.
- Қысқа мерзімді кезеңде фирма 500 дана өнім өндіреді. Орта өзгермелі шығындар 2 долл., орта тұрақты шығындары 0.5 долл. Жалпы шығындарды есептеңіз:
- 25 долл.;
- 1250 долл.;
- 750 долл.;
- 1100 долл.;
- есептеу мүмкін емес.
- Ұзақ мерзімді кезеңде:
- барлық шығындар өзгермелі болады;
- барлық шығындар тұрақты болады;
- барлық шығындар тұрақты және өзгермелі болады;
- тұрақтыға қарағанда, ауыспалы шығындар жылдам өседі;
- ауыспалыға қарағанда, тұрақты шығындар жылдам өседі.
- Қысқа мерзімді кезеңде:
- барлық шығындар тұрақты;
- барлық шығындар өзгермелі;
- тұрақты шығындарға қарағанда өзгермелі шығындар тезірек өседі;
- өзгермелі шығындарға қарағанда тұрақты шығындар тезірек өседі;
- өзгермелі және тұрақты шығындар болып бөлінеді.
- Тауар саны –50, бірлікке баға – 6, шығындары – 70% құрайды, пайданы есептеңіз:
- A) 210;
- B) 300;
- C) 90;
- D) 70;
- E) 420.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4В, 5А, 6Е, 7С.