Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы

Экономикалық қатынастар ауылшаруашылығында олар өндіріс факторларының табиғи өндірістің ұдайы өндірілмейтін себебі бойынша туындайтын ерекшелігімен ажыратылады. Олар жерді, пайдалы қазбаларды және жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайда болады және ренттік деп аталады.
Экономикалық рента – жалға алушымен жерді пайдаланғаны және табыс алғаны үшін жер иесіне төлейтін баға.
Ауылшаруашылықтағы экономикалық қатынастардың ерекшелігі олар үш тұлға: жер иесі, жалға алушы және жалдамалы жұмысшы арасында туындайтындығында. Ауылшаруашылықтағы ерекшелік оның маусымдылығында жатыр. Жыл басынан бірте-бірте шығындар жұмсалады, егінді бір жылда бір рет қана алады. Өндіріс кезеңі жұмыс кезеңінен едәуір көп болады. Ауылшаруашылық техникасын қолдану тиімділігінің төмендеуі орын алады, өндіріс шығындары артады. Сондықтан азық-түлік орташа шамада өнеркәсіп өнімдерінен құны бойынша қымбат болады. Ауылшаруашылық өндірісі ешқашан өнеркәсіпте орташа еңбектің қормен жарақтандырылуына да жете алмайды.
Құнарлығы мен орналасу орны бойынша жақсы жерлер шектелген болғандықтан, шаруашылық айналымға жердің нашар учаскелері де тартылады. Қоғам экономикалық тұрғыдан оларсыз қанағаттана алмайды, себебі өнеркәсіп үшін шикізат керек, ал халық үшін азық-түлік қажет. Қоғам өндірушілерге өндіріс шығындарын нашар учаскелерінде де өтеуге міндетті. Ауыл шаруашылығында өнім бағасы ең нашар учаскенің өндіріс жағдайлары бойынша қалыптасады. Сондықтан, жақсы және орташа жер учаскелері бар жер иелері, бірдей шығындар кезінде, дифференциалдық рента 1 деп аталатын қосымша табыс алады. Егер де жерді жақсартса, яғни минералды тыңайтқыштарды қосу, суландыру жүргізсе, каналдар құрса, батпақты құрғатса, өзге сөзбен айтсақ, жерге капитал салса, жер барынша құнарлы бола бастайды. Келешекте бұл жер барынша құнарлы болады және дифференциалды рента 2 деп аталатын қосымша табыс беретін болады.
Жер иелері табыс алу (рента) мақсатында жерді жалға беретіндіктен, онда олар оны алуға тиіс. Бірі қалмай, барлығы, соның ішінде нашар жер иесі де алуға тиіс. Тиісінше, рентаның экономикалық негізі жерге жекеменшік болып табылады. Ауылшаруашылығында жұмыс күшінің бірлігі өнеркәсіпке қарағанда, техниканың барынша аз саны ғана қызмет көрсетеді. Мұнан, ауыл шаруашылық өнімінің жоғары құны шығады. Рентаның бұл түрін бірі қалмай барлығы алады және абсолютті деп аталады, соның ішінде нашар жер учаскесі де. Сандық тұрғыда ол оңай анықталынады. Ауылшаруашылықтың жалпы құнынан (ол жоғары) оның өндіріс бағасы (ол кішігірім) шегеріледі.
Жер рентасы табиғи және ұдайы өндірілмейтін өндіріс факторын қолданудың нәтижесі болғандықтан, мұндай фактор болған барлық жерде туындайды: құрылыста, өнеркәсіптің өңдеуші салаларында т.с.с.
Жер де сатылады және сатып алынады. Негізінде, жердің өзі емес, ол алып келетін табыс сатып алынады. Осыдан шыға, жер бағасы келесі формуламен есептелінеді:
Rn
Vp = x 100%,
Банк, %
мұндағы – Vp – жер бағасы; Rn – жер рентасы.
Пайыз нормасынан тәуелді рентаны есептеуі жер, оның ресурстары немесе оның үстінде жылжымайтын мүліктер орналасқан секілді капиталдық активтерді дисконттаудың әртүрлілігін білдіреді.
Рентаның дисконтталған мөлшері белгілі бір кезеңге өндірістің осы факторларын қолдану туралы келісім-шартты жасасу кезінде қажет.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Өндіріс факторлар нарығына не кіреді?
2. Әр түрлі өндіріс факторларының табыстары мен түрлері қандай?
3. Еңбектің жұмысшы күшінен айырмасы бар ма? Нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
4. Номиналды және нақты жалақының арасындағы айырманы қалай түсінесіз, өз өміріңізден соған мысал келтіре аласыз ба?5. Еңбек нарығындағы тепе-теңділік толық жұмысбастылықты көрсете ме? Елімізде толық жұмыссыздықты жоюға ұмтылуымыз керек пе? Теріс және дұрыс жауаптарын дәлелдеңіз.
6. Халықтың қандай топтары жалақы, кәсіпкерлік пайда, жер рентасы, қарыздық пайыз алады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың табысын экономикалық мазмұнын түсіндіру керек.
7. Кәсіпкерлік табыс көзін түсіндіріңіз. Оның көзі не болады: еңбек, кәсіпкерлік рух, тәуекелділік немесе күту?
8. Қарыз капиталының пайда болу қажеттілігін айтыңыз? Қарыз капиталының бағасы ретінде қарыз пайызының мазмұнын ашу керек.
9. Қарыз пайыздың ставкасы мөлшеріне қандай факторлар әсер етеді.
10. Дисконтілеу экономикалық мазмұны нені тұжырымдайды?
11. Ауылшаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері неден тұрады?
12. Жер рентасының пайда болу жағдайы.
13. Қай салаларда рента пайда болады?
14. Дифференциалды рентаның әртүрлі формалары және құрылу схемасы қандай?
15. Абсолютті рента неге пайда болады?
16. Жердің бағасы қалай белгіленеді?
17. Жер учаскесінің бағасын анықтау үшін қандай формула қолданасыз?

Жаңа терминдер мен ұғымдар

Жалақы:
— номиналды
— нақты
Кесімді және мерзімді жалақы Пайда
Орта пайда Қарыз капиталы Дисконттілеу Рента
Дифференциалды рента
Абсолюттік рента Жердің бағасы

Тест сұрақтары

1) Номиналды еңбекақы – бұл:
А) белгілі бар уақыт мерзіміне төленген ақша сомасы; В) елдегі орташа еңбекақы;
С) баға индексі;
D) ақшалай еңбекақының сатып алу мүмкіншілігі;
Е) еңбекақыға сатып алынған тауарлар мен қызметтер.

2) Нақты жалақы дегеніміз – бұл:
A) жұмысшы және оның жанұясының тіршілік қаржысының сомасы;
B) жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне қажетті қызмет және тауарлардың саны;
C) жұмысшы өзінің номиналды жалақысына сатып ала алатын тұтынушылық құндардың жиынтығы;
D) жұмысшыға ақшалай төлемдердің сомасы;
E) барлық табысқа келетін тауарлар.

3) Еңбекақының негізгі түрлерін атаңыз:
A) нақты, номиналды, кесімді, мерзімді;
B) мерзімді, кесімді;
C) нақты;
D) номиналды;
E) салық төлегеннен кейін алынған.

4) Ауылшаруашылық өндірісінде қандай жерлер пайдаланылады:
A) жақсы;
B) орташа, нашар;
C) нашар;
D) аталғандардың бәрі;
E) жақсы, нашар.5) Дифференциалды рента 2 пайда болады:
A) ең жақсы табиғи жағдайлардан;
B) ең жақсы орын жағдайынан;
C) қосымша капитал салудан;
D) мемлекет меншік жерінен;
E) жекеменшік жерінен.

6) Дифференциалды рента 1-ді иемденеді:
A) жер иесі;
B) жалгер;
C) мемлекеттік және жергілікті үкімет органы;
D) жергілікті үкімет органы;
E) мемлекет.

7) Жер учаскесі жыл сайын 1000$ табыс әкеледі, ставка пайызы 4% тең. Жер учаскісінің бағасы тең:
A) 20.000$;
B) 16.000$;
C) 25.000$;
D) 40.000$;
E) 50.000$.

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4В, 5А, 6Е, 7С.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *